Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kaz_yaz_bilety2.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
19.09.2019
Размер:
54.05 Кб
Скачать
  1. Берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жаса:

Адам баласы пайда болғалы білімге ұмтылып келеді. Білім, ғылымды игерсең, еш қор болмайсың. 1)Хабарлы,жай,жайылма,жақты,толымды. 2)Хабарлы,құрмалас,сабақтас,шартты бағ.

11-билет

  1. Тіл тұралы өленді жатқа айтып бер.

Ана тілі

Ананың құнар сүті ғой,

Ғұмыр бойы сен еметін.

Ана тілі

Халқыңның ырыс-құты ғой,

Игілігіңе кенелетін.

Мұзафар Әлімбаев

  1. Мәтінде оқып,түсіндір.(17-бет, 4-тапсырма, т.М. Артықова)

Сенің ана тілің-шексіз бай, тегеуріні мықты тіл, қымбатты балам!

Ең жақсы бала-ана тілін құрметтеген ұл мен қыз. Бұл сенің басқа тілді меңгеруіңе бөгеу болмайды, қайта сені адамгершілікке,шын патриот болуға жетелейді. Өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіңе басты себепкер-сол-ана тілің.

Ана тілін білу-ол туған жерді, елді, Отанды, атамекенді сүйе білу деген сөз. Кім ана тілін айрықша бағаламайды дейсің, бірақ қазақ халқы бұған ерекше мән берген. «Ойнап айтсаң да-әділ айт», «Ақылың болса, сөз тыңда» деп отырады ғой аталарың.

Ана тілінің байлығын пайдалана алмаған адам-пақыр, күлкіге ұшырайтын жан.

  1. Мақалда оқып, қазақ тіліне аудар:

Нет земли лучше, чем родина, Өз жеріңдей жер болмас,

Нет людей лучше, чем на родине. Өз еліңдей ел болмас.

На родной стороне и лук слаще. Отанның жуасы да тәттi.

12-билет

  1. Қазақ халқының салт-дәстүрлері.

Шілдехана-жаңа туған нәресиенің құрметіне жасалатын той. Дастарқан жайылып, жастар домбыра тартып, ән салып, ұлттық ойындар ойналады. Шілдехана думанды болса, сәби сергек, қызықты өмір сүреді деген сенім бар.

Қырқынан шығару-нәрестенің туған күніне қырық күн толған соң, ыдысқа қырық бір қасық су құйып, соған шомылдырады. Сәбидің қарын шашын, тырнағын алады. Ит жейдесін шешіп алып, сақтап қояды. Мерекелік дастарқан жайылады.

Бесікке салу-халқымызда бесік-қасиетті, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі. Бесікті отпен аластап, баланы бөлейді. Бұл-халқымыздың елеулі үлкен дәстүрі. Бесікке салу жолы жасы үлкен немесе елдің құрметті, өнегелі адамына жүктеледі. Мерекелік дастарқан жайылып, бесікке салған адамға кәде беріледі.

  1. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі.

Қазақ тілінде әліпбеде 42 әріп, 37 дыбыс бар. Олар дауысты және дауысыз болып бөленеді. Дауыстылар әріптен 15, дыбыстары 12. Дауыссыздар әрпі мен дыбысы 25. Дауыстылар тілдін қатысуына қарай жуан, жіңішке, еріннің қатысына қарай еріндік, езулік, жақты қатысына қарай ашық, қысан болады. Жуан: а,ы,ұ,о,у. Жіңішке: ә,і,ү,ө,е,у,и. Еріндік: ұ,ү,ө,о,у. Езулік: а,ә,ы,і,и,е. Ашық: а,ә,о,ө,е. Қысан: ы,і,и,у,ұ,ү. Дауыссыз: қатан 11:п,т,к,қ,с,ш,ч,щ,ф,х,ц; үнді 7: л,м,н,ң,р,й,у. Ұян 8:б,в,г,ғ,д,ж,з,һ.

  1. Берілген сөздерге фонетикалық талдау жаса:

Тәуелсіздік-11әріп,11дыбыс, 6д/сыз, 5д/ты, 5буын

т-т-д/сыз, қатан;

ә-ә-д/ты,жіңішке, езулік, ашық;

у-у-д/ты,жіңішке, еріндік, қысан;

е-е-д/ты,жіңішке, езулік, ашық;

л-л-д/сыз,үнді;

с-с-д/сыз,қатан;

і-і-д/ты,жіңішке,езулік, қысан;

з-з-д/сыз,ұян;

д-д-д/сыз,ұян;

і-і-д/ты,жіңішке,езулік,қысан;

к-к-д/сыз,қатан.

Рәміздер-8эріп,8дыбыс,5д/сыз,3д/ты, 3буын.

р-р-д/сыз,үнді;

ә-ә-д/ты, жіңішке, езулік, ашық;

м-м-д/сыз,үнді;

і-і-д/ты,жіңішке,езулік,қысан;

з-з-д/сыз,ұян;

д-д-д/сыз,ұян

е-е-д/ты,жіңішке, езулік, ашық;

р-р-д/сыз,үнді.

Құрметтеу-9 әріп, 9дыбыс, 5д/сыз, 4д/ты, 4буын.

қ-қ-д/сыз,қатан;

ұ-ұ-д/ты,жуан,еріндік,қысан;

р-р-д/сыз,үнді;

м-м-д/сыз,үнді;

е-е-д/ты,жіңішке, езулік, ашық;

т-т-д/сыз, қатан;

т-т-д/сыз, қатан;

е-е-д/ты,жіңішке, езулік, ашық;

у-у-д/ты,жіңішке, еріндік, қысан.

13-билет

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]