Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экс.текс на каз 2012.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
23.09.2019
Размер:
2.45 Mб
Скачать

№8 Шығыс қазақстан облысы

Құрылған мерзімі – 1932 жыл.

Жер аумағы – 283,3 мың шар. шақ.

Халқының саны –1518,8мың.

Әкімшілік орталығы – Өскемен қаласы.

Облыс аумағында 14 аудан, 10 қала, 874 ауыл бар.

Шығыс Қазақстан облысы Алматы, Қарағанды, Павлодар облыстарымен, Қытай, Ресей мемлекеттерімен шекаралас жатыр.

Облыс территориясының көптеген жері таулы болып келеді. Оның шығыс жағында Кенді Алтай жоталары жатса, оңтүстігінде Тарбағатай жотасы жатыр. Алтай тауында Марқакөл қорығы құрылған. Аймақ су қорымен жеткілікті қамтамасыз етілген. Ертіс өзенінде Бұқтырма және Өскемен су қоймалары салынған. Ең үлкен өзені – Ертіс. Ірі көлдері: Зайсан, Алакөл, Сасықкөл, Марқакөл. Облыста кен орындары көп, олардан қорғасын, мырыш, қалайы, вольфрам, молибден алынады. Облыста 22,7 млн гектар ауылшаруашылыққа арналған жер бар, оның 0,9 млн гектар жері егін егуге арналған. Облыста 506,1 мың ірі қара мал бар. Пайдаланылатын темір жол ұзындығы 1331 шақырымды құрайды.

№8.1 Бұқтырма сэс-і

Бұқтырма СЭС-і 1969 жылы ашылған. Бұқтырма су электр станциясы – Алтай және Қазақстан энергетикалық жүйелері ішіндегі қуатты су электр станциясы. Оның құрылысын 1952 жылы “Иртышгэстрой” бас мердігерлік арнаулы құрылыс-монтаждау басқармасы бастады. Ал, СЭС плотинасының құрылысы 1956 жылы жазда басталған болатын. Отандық су құрылысында тұңғыш рет бөгеудің бірден жағалаудан басталатын жаңа тәсілі қолданылды. Бетон төсеудің жаңа технологиясы іске асырылды. Әлемде тұңғыш рет құрылысшылар құбырды аспалы тәсілмен монтаждады. Құрылысқа барлығы 1180 текше метр бетон және темір-бетон жұмсалды. Бөгеудің нәтижесінде Зайсан көлінің деңгейі 7-8 метр көтеріліп, көлемі 49,7 текше метр бөген пайда болды.

8.2 ӨСКЕМЕН СЭС-і

Өскемен СЭС-і Қазақстан және Сібір гидроэнергетикасының алғашқысы. Құрылысы 1939 жылы басталған, 1952 жылы бірінші агрегаты іске қосылды. СЭС-тің құрамына енген темірбетондық плотинасы мен бір камералық шлюз шахтасының ауданы 37 шаршы метр, көлемі 655 млн текше метр. Өскемен СЭС-ін салуда тұңғыш рет судағы металл конструкцияларды тазалаудың гидроқұмды әдісі және лак, бояумен қаптау, қарсы құрамдағы күшті қысымдағы құбырларды эпоксид негіздегі шайырлар негізінде коррозиядан қорғау технологиясы қолданылды.

8.3 ШҮЛБІ СЭС-і

Шүлбі СЭС-і Ертіс өзенінің орта ағысында, Семей қаласынан 70 шақырым жоғарыда орналасқан. Гидроэлектр станциясының құрылысы 1976 жылы басталды, алғашқы гидроагрегат 1987 жылы 23 желтоқсанда өнеркәсіптік пайдалануға берілді, соңғы алты гидроагрегат 1994 жылы 19 желтоқсанда іске қосылды. Гидроторап имаратының өткізу қабілеті су тасқынының ең жоғары ықтимал асуы 1 % 7770 м3/сек. Болғанда қалыпты тежеу деңгейі 240 м, ең жоғары тежеу деңгейі 243 м 0,01 % болғанда, қамтамасыз етуі – 8770 м3/сек. Су өткізуге есептелген. Шүлбі СЭС-і құрылысы: СЭС ғимараты, жер бөгет, кеме жүретін шлюз, су қоймасы, жанасып тұрған ғимараттар, 220 кв ашық бөлу құрылғысынан тұрады.

№8.4 Ұлттық ядролық орталық

Ұлттық ядролық орталық – ғылыми-зерттеулік мекемесі. ҚР Президентінің қаулысымен 1992 жылы бұрынғы Семей полигоны әскери-өндірістік кешені, сондай-ақ республика аумағындағы осы салаға қатысты басқа да мекемелер мен нысандар негізінде құрылған. 1957 жылы құрылған Ядролық физика институты 1992 жылы Ұлттық ядролық орталық құрамына енді. Институт қызметінің негізгі бағыттары: ядролық физика, қатты дене және материалтану саласында іргелі зерттеулер жүргізу, радиоэкологияның ядролық-физикалық әдістерін дамыту, жоғары санатты мамандар даярлау. Атом энергиясы институты 1992 жылы Ресей Федерациясы Атом энергиясы министрлігінің «Луч» ғылыми-өндірістік бірлестігінің негізінде құрылған. Институттың басты мақсаты – ҚР-да атомдық энергетика саласын дамыту үшін ғылыми-зерттеулік және тәжірибе-конструкторлық жұмыстарын, атом станциясы құрылыстарындағы атомдық және термоядролық энергетика, ғарыштық ядролық энергетикалық қондырғылар, радиациялық қатты дене физикасы мен реакторлық материалтану қауіпсіздігіне техникалық-экономикалық негіздеуді жүргізу. Институт ядролық сынақтарға бақылау жасау, олардың зардаптарын геологиялық-геофизикалық тұрғыдан зерттеу, инженерлік-геологиялық, гидрогеологиялық зерттеулер жүргізу, т.б. мәселелермен айналысады.