- •«Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешені
- •Қазақстан Республикасы
- •Бұл қалашықта шет мемлекеттердің елшіліктері орналасқан. Есіл өзенінің сол жағына салынған ғимарат.
- •№1.41 Транспорт-тауэр
- •№2.6 Конгресс-холл
- •№2.17 “Астана” әмбебабы
- •№3 Алматы қаласы
- •№3.1 Алматы қаласының әкімшілігі
- •№3.4 Тәуелсіздік монументі
- •№4.4 Шоқан уәлихановтың мемориалдық кешені
- •№4.5 Қапшағай су қоймасы
- •№4.6 Қапшағай сэс-і.
- •Мәдениет сарайы Тәуелсіздік көшесінде орналасқан. Ғимарат 1963 жылы салынды. Жалпы көлемі – 3563 ш.М. Құрайды. 500 орынға арналған мәдениет сарайы.
- •№8 Шығыс қазақстан облысы
- •№8.1 Бұқтырма сэс-і
- •№8.4 Ұлттық ядролық орталық
- •№8.5 Абай мен шәкәрім мемориалдық кешені
- •№8.6 Ертіс өзенінің бойындағы көпір
- •№8.8 Алтай тауы
- •№8.12 Еңлік-кебек кесенесі
- •№9.1 «Қазақстан алюминий» зауыты
- •№9.2 Ақсу ферроқорытпа зауыты
- •№9.6 «Ертіс-қарағанды» насос станциясы
- •№9.7 Баянауыл ұлттық паркі
- •№10.1 Қасиетті апостолдар петр мен павел шіркеуі
- •№10.4 Преснов бекінісі
- •№11. Қостанай облысы
- •№11.1 Соколов-сарыбай кен байыту комбинаты
- •№11.2 Темір жол вокзалы
- •№11.3 Торғай ауылындағы мешіт
- •№11.4 Шақшақ жәнібек атындағы мұражай
- •№11.6 «Қостанай-асбест» комбинаты
- •№12 Ақмола облысы
- •«Қазхром» транспорттық компаниясы
- •Кеншілердің мәдениет сарайы
- •Қобыланды батыр атындағы орталық стадион
- •«Восход-ориель» тау-кен байыту комбинаты
- •Ақтөбе мыс компаниясы
- •Ақтөбемұңайгаз
- •Ғ.Жұбанов атындағы облыстық филормония
- •«Батыс европа-батыс қытай» автострадасы
- •Ақтөбе халықаралық әуежайы
- •Әбілқайыр хан ескерткіші
- •Киелі николь ғибадатханасы
- •Қобыланды батыр мемориалдық кешені
- •«Нұр-ғасыр» орталық мешіті
- •№14.14 Қарқаралы тауы
- •14.18 Бұхар-жырау кесенесі
- •№16 Атырау облысы
- •№16.1 Облыс әкімшілігі мен сұлтан бейбарыс ескерткіші
- •№16.4 Көпір «европа-азия»
- •№16.6 Н.Тілендиев атындағы кіші өнер академиясы
- •№16.7 «Сұңқар» жүзбелі мұнай платформасы
- •№16.8 Денешынықтыру-сауықтыру кешені
- •№16.10 Тарихи-өлкетану мұражайы
- •№16.11 Атыраудағы мешіт
- •№16.12 Облыстық драма театры
- •№17 Маңғыстау облысы
- •№17.2 Шопан –ата жерасты мешіті
- •№17.3 Бекет-ата жерасты мешіті
- •№17.4 “Қазақстан” сауда орталығы
- •№17.5 Маякты тұрғын үй
- •№17.6 Омар-тур кесенесі
- •№17.15 Атырау мұнай өндеу зауыты
№1.41 Транспорт-тауэр
Комплекс 2003 жылы ашылған. «Транспорт Тауэр» - транспорттық ведомсволар ғимараты. Есілдің сол жағалауында орналасқан. Бұл сәулім ғимаратты қазақстандық құрылысшылар тұрғызғаны мәлім («Базис - А» корпорациясы). Астаналық ең биік бұл ғимараттың биіктігі – 155 м. Ғимаратта транспорт және коммуникация, Сауда және индустрия министрліктері, байланыс және информатизация агенттігі орналасқан.
№1.42 «ДИПЛОМАТ» ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІ
«Дипломат» тұрғын үй кешені Астана қаласының әкімшілік орталығында орналасқан. Тұрғын үй 333 пәтерден тұрады. «Ақ ауыл» корпорациясы кешен құрылысында жаңа материал – пеноблокты қолданды. Құрылыс жұмыстары екі жылға созылды. Нысан 2006 жылы қолдануға берілді.
№1.43 «ЭКСПОЦЕНТР»
«Экспоцентр» - көпфунционалды көрме кешені. Есіл өзенінің сол жағалауында орналасқан. Кешен жобасының авторы итальян сәулетшісі Максимилиано Фукасо. Жалпы ауданы 200 мың шаршы метрді құрайды.
№1.44 «БҰЛТТАР ҮЙІ» ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІ
70 қабатты ғимарат. 5 секция арқылы бұлт формасын келтіріп тұр. АО «корпорация KUAT» арқылы тұрғызылған ғимарат. Архитекторы – Ш.Матайбеков. 2008 жылы «Лучший Порект Года» номинациясымен жеңіске жетті.
№1.45 «АСТАНА ЖҰЛДЫЗЫ» МОНУМЕНТІ
«Астана жұлдызы» монументі 2007 жылы ашылды. Монументтің салтанатты ашылу рәсіміне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Монументтің жобасы Мәскеуде ойластырылып, Қазақстанда жасалды. 40 метрлік стелланың төменгі бөлігінде орналасқан әдемі тулпарлар ерекше көрініс береді. Осы монумент Астананың дамуының символы.
№1.46 БЕЙБІТШІЛІК ЖӘНЕ КЕЛІСІМ САРАЙЫ
2004 жылы Бейбітшілік және Келісім Сарайын атақты британдық сәулетші Норман Фостер жобалады. Сарай ғимараты – елорданың жаңа әкімшілік орталығының орталық бөлігінде, президенттік сарайға апаратын жолдың кіндігінде орналасқан. Сарай – пирамида түрінде салынған. Төменгі деңгейін 1500 орындық опера театры алып жатыр. 25 қабатты ғимараттың биіктігі – 62 м, оның іргетасының аумағы да осындай. Ғимараттың ішінде – жиналыстар мен конференциялар өткізетін бөлмелер, үш қабатты мұражай, көрме және концерт залдар, кітапхана, діни конфессиялардың кеңселері, ал Пирамиданың ұшар басында – әртүрлі діндер мен конфессиялар көшбасшылары жиналыстарын өткізетін 200 орындық дөңгелек зал орналасқан.
№1.47 «ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ» МОНУМЕНТІ
2003 жылы бой көтерген бұл монументтің авторы – белгілі мүсінші Сәкен Нарынов. Елдік пен достықтың белгісіне айналған ол биіктігі сегіз метр болатын үш бейнеден тұрады. Монументте тарихи тағдыр біріктірген адамдардың ынтымағы өзара байланысқан үш қол арқылы өрнектелген. Басы мен шегі жоқ мұндай тораптар ұзақ өмірді, шексіз бақытты және тонның ішкі бауындай жарасымдылықты білдіреді. Мүсіннің жанындағы субұрқақтардан орман тәрізді композиция жасалған. Әр субұрқақ орташа мөлшердегі гранитті тақталардың қиылысында орын тепкен. Сәкен Нарыновтың айтуынша, бұрқақтар елімізде қалыптасқан көптүрлі мәдениет үйлесімділігін меңзейді.
№1.48 «ҚАЗАҚ ЕЛІ» МОНУМЕНТІ
"Қазақ елі" монументін ҚР Президенті Н.Назарбаев қазақ елінің елордасы - Астананың 10 жылдық торқалы тойына орай 2008 жылғы шілденің 6-сында салтанатты түрде ашқан болатын. Ел Тәуелсіздігін бейнелейтін ескерткіш-стелланы идеологиялық-көркемдік тұрғыда одан әрі байытып, кеңейту барысында мамандар тарапынан ұсыныс-пікірлер түскен соң, оны жаңа композициялармен толықтыру туралы шешім қабылданды. Жаңа кейіпте ұсынылғалы отырған кешеннің жоғарғы жағында самұрық құсы, ал іргесінде бір-бірін өзара толықтыратын төрт жеке мүсіндік барельеф бейнеленген. Олар - "Президент және Қазақстан халқы", "Қаһармандық", "Жасампаздық" және "Болашақ". Олардың ортақ тақырыбы - үзілмей келе жатқан ұрпақтар сабақтастығы мен өшпейтін өміршеңдік пен мұратшылдық. Монументтің биіктігі - 91 метр. Бұл Қазақстанның Тәуелсіздігі жарияланған 1991 жылдың ел тарихындағы маңыздылығын нақтылай түседі. Монументтің ұшар басында самұрық құс бейнеленген. Ол еркіндік пен күш қуаттың символы.
№1.49 «ХАЙВИЛ-АСТАНА» ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІ
«Хайвил» компаниясының тұрғын үй кешені ең көрікті жерде – Президент Сарайы, Үкімет үйі ғимараты, Парламент үйі, Жоғарғы Сот, Шетел мемлекеттерінің Елшіліктері, жаңа Әкімшілік кешені орналасқан ауданда тұрғызылды. Көлемі 1 млн. шаршы метр. «Хайвил» - жаңа қаладағы қалашық. Ол – Астана қаласындағы еркін арнайы экономикалық аймақ. Оның ішіне халықаралық кездесулерге арналған бизнес-орталығы, халықаралық мектеп, Сауда орталығы, үлкен парк және т.б. кіреді. Тұрғын үй кешенінде қолданылатын тұрмыстық қондырғылар құрылғылары алғы технологиялар бойынша құрылған және сандық жүйелермен жарақтанған. Кешенге фитнес-клуб, моншалар, ойын алаңдары мен бала бақша, түрлі парктер, супер-маркет, аурухана т.б. кіреді.
№1.50 «ШАБЫТ» ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ САРАЙЫ
«Шабыт» шығармашылық сарайы Есіл өзенінің оң жақ жағалауында Астананың жаңа әкімшілік орталығында, Конгресс-Холл ғимаратының жанында орналасқан. Еліміздің жаңа тарихынан орын алған бұл ғимарат трибуналары – тренажер жарақтары бар спорт залдарынан, 300 және 500 орынға арналған әмбебап концерт залдарынан, көрме кешендерінен, репетиция бөлмелерінен, кітапханадан, сазгерлер мен суретшілердің шығармашылық үй-жайынан, хореография алаңдарынан, балалар шығармашылығы сыныптарынан, баспасөз залдарынан, дәмханалар мен әкімшілік жайлардан тұрады. Мұнда балалардың музыка, кинематография, сахна өнері, детектив мектептері, «Өнер» мектебінің сыныптары, «Номад» арт-орталығы, журналистердің, сәулетшілердің, дизайнерлердің шығармашылық одақтары да бар. «Шабыт» шығармашылық орталығы – Тәуелсіз елдің барлық талантты да шығармашыл адамдарының басын қосатын ең ірі, бірегей кешен. Сарайдың жалпы аумағы – 30 мың шаршы метр. Ғимарат Астанадағы Қазақ ұлттық өнер университетінің қарамағына берілген. Шалқар шабыт орталығы 2010 жылдың маусым айында Елбасының қатысуымен ашылды.
№1.51 ТӘУЕЛСІЗДІК САРАЙЫ
Тәуелсіздік сарайы – халықаралық деңгейде ірі конференциялар мен саммиттер, әртүрлі деңгейдегі жиындар мен көрмелер, концерттер мен мерекелік шаралар өткізуге болатын әмбебап сарай. Астана қаласында орналасқан. Оның құрылысы 2007 жылдың желтоқсан айында басталып, 2008 жылдың күзінде аяқталды. Салтанатты ашылу рәсімі 2008 жылы 15 желтоқсанда өтті. Тәуелсіздік сарайы үш қабаттан тұрады. Сарайдың бірінші-екінші қабатында баспасөз орталығы, мейрамхана, мәжіліс залдары, салтанатты кештер өткізуге арналған сахна алаңы, залдар мен көрме залдары, өнер және Қазақстан тарихы мұражайлары, қолөнер мен этнография, археология және антропология галереясы орналасқан. Ал үшінші қабатта кинотеатр, 30-дан астам кеңселер, қоймалар, технология мұражайы мен Астана қаласының шағын макеті бар.
№1.52 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТ
Астанада халықаралық деңгейдегі жаңа жоғары оқу орны ашылды. Бұдан бұрынырақта Елбасы Астанада ұлттық бiлiм беру жүйесiнiң барлық артықшылықтары мен үздiк әлемдiк ғылыми бiлiм беру тәжiрибесiн үйлесiмдi қамтитын, Қазақстанның ұлттық брэндiне айналатын ерекше үлгiдегi халықаралық жаңа университеттiң құрылатындығын айтқан еді. Өркениетті білім жүйесінің барлық талаптарына сай етіп салынған оқу ордасының ашылу салтанатына Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі қатысты. Университет ғимараты Есіл өзенінің сол жағалауындағы Астананың жаңа әкімшілік орталығындағы 80 гектар жерді алып жатыр. Онда университеттің оқу ғимараты, студенттер жатақханасы, профессорлық-мұғалімдер құрамына арналған тұрғын үйлермен қоса өзге де ғимараттар орын тепкен. Жалпы ғимараттар мен құрылыстың бірінші кезегінің жалпы аумағы 143 мың шаршы метрді құрайды.
№1.53 ЖАБЫҚ СТАДИОН
Отыз мың адамды құшағына еркін сыйдыратын «Астана-Арена» Еуропадағы ең үздік, сапасы жоғары бес стадионның қатарына кіреді. Сондай-ақ, төбесі ашылып-жабылатын қарт құрлықтағы алтыншы стадион. Алып стадионның 20 минутта ашылып жабылатын шатырының көлемі 10 000 шаршы метрді құрайды. Сопақша болып салынған спорт нысаны жалпы аумағы 232 485 шаршы метрлік үшбұрышты жер телімінде орналасқан. Ал, стадионның метал конструкциялары «Бюро Хапполд» компаниясында әзірленді. Стадиондағы 30 000 орындық екі санатқа бөлінеді. Бірінші деңгейде 16 000, екінші деңгейде 14 000 орындық бар. Сонымен қатар, құрметті қонақтарға арнайы дайындалған орындарды стадионның төменгі секциясынан көруге болады. Итальяндық жасанды шөппен көмкерілген жасыл алаң, жоғары сапалы табло мен отыз мың адамға арналған орындықтар Еуропа Футбол одағы бекіткен талаптарға түгелдей жауап береді. «Астана Арена» 2009 жылы 3 шілдеде ашылған болатын. Осы уақыт ішінде мұнда футболдан республикаішілік, халықаралық матчтар, Қысқы Азия ойындарының ашылу салтанаты өткізіліп келеді.
№1.54 АДМИНИСТРАТИВТІК ТҰРҒЫН ҮЙ КОМПЛЕКСІ
Астананың ең керемет ауданы, Есіл өзенінің сол жағалауы, Президент сарайының маңында орналасқан 13 қабатты административтік тұрғын үй комплексі 2007 жылы қолданысқа беріле бастады. 280 балаға арналған балабақшасы бар. Ғимараттың салыну архитектурасы мен сәулеті ерекше.
№1.55 «ДИПЛОМАТ» БИЗНЕС ОРТАЛЫҒЫ
Қазіргі заманғы «Дипломат Отелі және Бизнес Орталығы» кешені Астананың сол жағалауында орналасқан. Ол елорданың басты назар аударатын орны «Бәйтерек» монументіне жақын. Қаланың әсем сәулеттерімен келісті көркемделіп, зәулім ғимараттармен ұштасып кетті. «Дипломат» отелі қаланың орталығында орын тепкен. Астана қаласының халықаралық әуежайы мен қонақ үйдің арақашықтығы 30 минуттан аспайды. «Дипломат» отелінің қонақтарына стильді бөлмелер өзінің жылуы мен әдемілігін ұсына отырып, үлкен терезелері қаланың көрікті көрінісін тамашалауға мүмкіндік береді. Отелде – нөмірдің құнына кіретін 77 жабдықталған жайлы бөлмелері, room service және таңғы ас ұсынылады. Барлық бөлмелерде кабельді теледидар, демалыс орны, шағын бары мен халат бар. «Дипломат» отелі іскери демалыс орны.
№1.56 «ЛУКОЙЛ» АДМИНИСТРАТИВТІК МЕКЕМЕ
17 қабатты бизнес орталықтың жалпы ауданы 43 мың шаршы метрді құрайды. Қызметкерлердің жағдайын жақсарту үшін барлық қолайлы жағдайлар ұсынылған. Мекемеге техниканың соңғы жетістіктерімен жасалған құрал-жабдықтар, терминалдар, 500 адамға арналған конференц залдар, фитнес орталықтар орналастырылған.
№1.57 «БОЛАШАҚ» БИЗНЕС ОРТАЛЫҒЫ
«Болашақ» бизнес орталығы сол жағалауда орналасқан. Ол Астананың 10 жылдығына орай ашылған болатын. Құрылысты қазақстандық «Базис А» компаниясы жүргізді.
№1.58 «МЕГА» САУДА, ОЙЫН-САУЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Қазақстанның бас қаласы Астанада MEGA сауда, ойын-сауық орталығы ашылған. MEGA Aстана сауда, ойын-сауық орталығы қаланың жаңа бөлігінде, үлкен жолдың күретамырына орналасқан. Астананың әлеуметтік ірі құрылыс нысандары цирк, неке сарайы, океанариум, сауықтыру орталығы, сәулетті тұрғын үй кешендерімен иықтас орналасуы оның жедел дамуына оң ықпалын тигізуде. MEGA – Қазақстанның әлемдік деңгейдегі ірі сауда, ойын-сауық орталығы. Ол – қазіргі және болашақ Қазақстанның бөлінбес бөлігі, қаланың қонақжай орталығы, бет-бейнесі. MEGA сауда, ойын-сауық орталығының құрылысын дамытумен Astana Group холдингі айналысады. Ол түрлі бағыттағы компанияларды табысты басқаратын республикадағы жетекші девелопер (дамытушы) әрі отандық инвестор. MEGA орталығының жобасын сауда, ойын-сауық нысандарын жобалауға маманданған, халықаралық деңгейде жұмыс істеуде отыз жылдық тәжірибесі бар француздың Design Architectural компаниясы жасаған. Кешен құрылысы қазіргі заманғы әлемдік стандартқа сай, мегаполис тұрғындарының жоғары эстетикалық талаптарына орай жабдықталған. V-Ratio Business Consulting Company өткізген зерттеу нәтижесі бойынша, 2009 жылы қаңтарда MEGA брендінің құны 62,8 млн. долларға бағаланған. 2008 жылы 1 қаңтардағы мәлімет бойынша бренд бағасы 439 % өскен. Exclusive журналының мәліметі бойынша MEGA 2009 жылдың ақпанында отандық ТОР-50 (жоғары санатты) компанияларының қатарына енген (14-орын, 2009 жылы қаңтарда – 27- орын), 2008 жылы 1 наурызда Қазақстан тұтынушылар Лигасының «Мінсіз» сыйлығының иегері атанды.
№1.59 «ШАХНАЗ» БИЗНЕС ОРТАЛЫҒЫ
15 қабатты «Шахназ» бизнес орталығы Астана қаласының көрікті ауданында орналасқан. Мекеменің сыртқы көрінісі және қызықты архитектуралық құрылысы Астана тұрғындарын және қала қонақтарын таң қалдыруда.
№1.66 КӨПІР
Көпір қаланың орталық бөлігінде орналасқан. Көпірдің құрылысы 2007 жылдың мамыр айында басталды. Көпір бұрынғы көпірден қарағанда 2 есе кең. Тәулігіне 50 мың автомобил жүреді. Ені 25,5 метрді құрайтын 6 жол торабы бар. Ұзындығы 242 метрден асады. Жолға бөгет болмайтындай етіп жолаушыларға арналған кішкене жол да орналасқан.
№1.67 ОРТАЛЫҚ КӨПІР
Есіл өзенінің үстінен салынған көпір. Бұл көпірдің ашылуын астаналықтар көптен күткен еді. Астана қаласының көлік қозғалысының жақсартылуына үлес қосатын осы маңызды нысанның ашылуына Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі қатысты.
№2.1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ МҰРАЖАЙЫ
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Мұражайы – Қазақстанның қазіргі тарихының мұражайы. Мұражай Президент Жарлығымен 2004 жылдың 28 тамызында құрылған. Мемлекет Басшысының бұрынғы Резиденциясы болған. 1997-2004 жылдар аралығында, 7 жыл бойы осы ғимаратта жұмыс істеді. Мұражай алғашқы келушілерді 2005 жылдың наурызында қабылдады. Оның экспозицияларында бейнеленген негізгі идея – республиканың мемлекеттік егемендігінің қалыптасуы және Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың тәуелсіз демократиялық мемлекет құрудағы тарихи рөлі.
№2.2 ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ
Құрылыспен «Қазжолқұрылыс» компаниясы айналысты. Астананың ескі алаңында орналасқан. Ескі орталықтың сәнін келтіріп тұрған бұл еңселі ғимарат бұған дейін Парламент болғанын көбі біледі. Бұл ғимарат бұрын тың өлкесіндегі қалалар мен ауылдардың нысандарын жобалау жөніндегі мемлекеттік жобалау институты болған екен. 1997 жылдан бастап бұл ғимаратқа депутаттар кіріп, Қазақстан Республикасының Парламенті етті. Депутаттарға жеке орынжай салынғаннан кейін олардың орнын Туризм және спорт министрлігі басты.
№2.3 ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ ҒИМАРАТЫ
2004 жылы желтоқсанда Астана қаласының қалалық әкімшілік ғимаратының ашылуы болды. Ғимараттың кілтін Президентке Кувейт Араб экономикалық қорының бас директорының орынбасары Абдуллаахаб Эл-Бедер тапсырды. Ғимарат Кувейт үкіметінің гранты бойынша салынды. Ғимарат 16 қабаттан тұрады, жалпы көлемі – 12500 шаршы метр, бөлмелер саны – 166. Екінші қабатта 300 орындық мәжіліс залы орналасқан.
№2.4 «АЗИЯ» БИЗНЕС-ОРТАЛЫҒЫ
«Азия» бизнес-орталығы қаланың дәл ортасында, қалалық акиматтың, атақты Конгресс-холлдың және басқа да әкімшілік ғимараттарының жанында орналасқан. Жоба халық аралық «А» класстық офистерінде қолданылатын нормаларға сәйкес келеді. Бұл сәйкестік кешен сәулеті шешімдерінде, сонымен бірге оның инфроқұрылымында және техникалық мінездемелерінде байқалады. Бизнес-орталығы қазіргі заман талабына сай инженерлік жүйелермен жабдықталған. Бизнес-орталығын және оның айналысындағы аумақты күзету көп қырлы электрондық қауіпсіздік жүйесімен жүзеге асырылады.
№2.5 БЕЛОРУСЬ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕЛШІЛІК МЕКЕМЕСІ
2005 жылы 19 мамырда Беларус Республикасының Қазақстандағы елшілігі ғимаратының ашылу рәсімі болды. Беларусь елшілігінің ғимаратын жаңалау жұмыстары 2003 жылдың қазаны мен 2004 жылдың қараша айлары аралығында жүргізілді. Екі қабатты ғимарат 363,5 шаршы метр аумақты алып жатыр. Дипломатиялық өкілдік орналасқан ғимарат ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы сәулет өнерінің ескерткіші болып саналады.