Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экс.текс на каз 2012.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
23.09.2019
Размер:
2.45 Mб
Скачать

№9.6 «Ертіс-қарағанды» насос станциясы

Ертіс-Қарағанды каналы – Қазақстандағы аса ірі су құрылыстарының бірі. Ол – Павлодар, Қарағанды, Жезқазған облыстарының жерін қамтиды. Канал құрылысы 1962 жылы басталып, 1974 жылы іске қосылған. Ертіс өзенінің сол тармағындағы плотинадан және су көтергіш насос станциядан басталды. Канал алабында 11 су торабы, 22 су көтергіш насос станциясы, 2 бөген, 17 көпір, автомобиль жолы жасалған. Әрбір насос станцияда қысымы 20-22 метрлік 4 агрегат бар. Олар әр секунд сайын 17-20 текше метр су айдайды. Канал жүйесі 34 жеке тармақтарға бөлінеді. Екібастұз көмір бассейнін игеруде және Қарағанды, Теміртау, т.б. өнеркәсіп орталықтарын суға деген мұқтажын өтеуде каналдың рөлі өте зор. Шағын қуатты насос станциясы республиканың елді мекендерінде, суландыру жүйелерінде пайдаланылады.

№9.7 Баянауыл ұлттық паркі

Баянауыл ұлттық табиғи паркі 1985 жылы 12 тамызда құрылған. Парк мемлекеттің бақылауында болғандықтан ерекше қорғауға алынған. Оның территориясы 54 мың гектар жерді алып жатыр. Парк табиғаты туризм және демалыс үшін өте қолайлы. Мұнда 3800 адамға арналған 18 демалыс және туризм мекемесі орналасқан.

Баянауыл таулы өңірінің ғажайып табиғаты өзге өлкеге ұқсай бермейтіндей ерекше жаратылған. Ежелгі заманнан бұл өлке “Жерұйық” ретінде бүкіл қазақ даласына аян. Сондықтан, қазіргі уақытта Қазақстанда бірінші болып мемлекеттік табиғи ұлттық парк дәрежесінде бүкіл Баянауыл таулы өлкесінің табиғат комплексін ерекше сақтап, қорғау және халық мүддесіне пайдалану айрықша заң жүзінде ұйымдастырылған. Баянауыл тауларындағы Сабындыкөл, Жасыбай және Торайғыр көлдері, шығыстағы “Бүркітті көл”, “Жарлыкөл”, батысында жатқан “Саумалкөл”, “Батпақкөл” – тұщы көлдер. Бұл көлдердің аумағы 2-5 шаршы шақырым шамасында, орташа тереңдіктері 7-17 метрге дейін болып келеді.

9.8 СОБОР

Павлодардағы орыс Православ шіркеуінің кафедралды соборы 1999 жылы 23 қазанда ашылды. Ең басты крестінің биіктігі – 51 метр. Храмда барлығы 9 шіркеу қоңырауы бар. Ең үлкені – 1024 кг, ең кішісі – 4 кг жетеді. Собордың жан-жағы саябақтармен қоршалған.

9.9 ОБЛЫСТЫҚ АКИМАТ

Қаланың қарқынды дамуына байланысты 50-ші жылдары бүкіл қаланың жобасы жасалынды. 1956-58 жылдары қалада Кеңес Үйі тұрғызылды. Қазір осы мекеме Павлодар қаласының облыс әкімшілігіне берілді.

9.10 УНИВЕРСИТЕТ

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Қазақстанның беделді университтерінің бірі. Университет 1996 жылы мамыр айында индустриалды институт ретінде пайда болды. Университет 8 факультеттен, 11 ғылыми-практикалық орталықтан тұрады.

№9.11 “МӘШҺҮР ЖҮСІП” МЕШІТІ

“Мәшһүр Жүсіп” Павлодар қаласының орталық мешіті 2001 жылы толық салынып бітіп, пайдалануға берілді. Мешіт ғимараты орналасқан алаң 6,2 гектар жерді қамтиды. Ол – қала орталығындағы М.Қайырбаев, Кутузов, Пахомов көшелерінің аралығында орын тепкен. Алаңға алуан түрлі тоғай өсіріліп, көз тартарлықтай көгалдандырылған.

Мешіт аумағы – 48х48 метр. Сегіз қырлы 4 мұнара бар және әрқайсысының биіктігі – 63 метрден тұрады. Мешіт күмбезінің биіктігі (айды қоса алғанда) – 54 метрді құрайды. Айдың ұзындығы – 1,20 метр. Мешіттің жалпы ауданы – 7170 шаршы метрді алып жатыр.

Ғимарат үш қабаттан тұрады. Бірінші қабатында Құран оқу курсы шәкірттеріне арналған дәріс және демалыс бөлмелері, сүндетке отырғызу бөлмесі, 400 орындық асхана және оның қосалқы бөлмелері орналасқан. Сонымен қатар, 500 орындық әйелдер бөлімі, оның ішінде дәрісхана, кітапхана, киім ілетін бөлмелер, вестибюльдер бар. 4 күмбезге сай 4 қанаттағы сәнді баспалдақтар екінші қабатқа, одан кейін Орталық есікке баруға ыңғайлы.

Мешіттің екінші қабатында ер адамдар намаз оқитын 2000 орындық бөлме, балкон, Ислам дінінің және мешіт тарихының мұражайы, рухани қорға бай кітапхана, бейне зал, имамның қабылдау бөлмесі, наиб имамның бөлмесі, мәжіліс бөлме, есеп-қисап бөлме, неке қию және сәбиге азан шақырып, есім беру, Құран оқу бөлмелері мен гардероб, үлкен холл орналасқан. Мешіттің үшінші қабатында айнала балкон орналасқан. Одан екінші қабаттың шынылы дәлізін, орталық есікті, 3,5 тонна салмағы мен 434 шамы бар люстраны тамашалауға болады. Бүгінгі уақыт талабына сай бой көтерген мешіттің жан-жақты қызметі облыс жұртшылығы мен республика халқының, қала берді шет мемлекеттерден келушілердің көңілдерінен шығады.

10 СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

Құрылған мерзімі – 1932 жыл.

Жер аумағы – 98 мың шаршы шақырым.

Халқының саны – 715,7 мың адам

Әкімшілік орталығы – Петропавл қаласы.

Облыс аумағында 13 аудан, 5 қала, 744 ауылдар бар.

Солүстік Қазақстан облысы 1963 жылы құрылған. Солтүстігінде, солтүстік-батысында және солтүстік-шығысында – Ресеймен, батысында – Қостанай, оңтүстігінде – Ақмола облыстарымен шектеседі. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл жазығының солтүстік бөлігін алып жатыр. Оңтүстік жағы Сарыарқаға ұласады. Облыс жері көлге бай, сәл белесті, жонды келеді. Қойнауынан құрылыс материалдары, жер асты суының қорлары анықталды. Климаты континенттік, қысы – суық, қарлы, аязды.

Ең ірі көлдер: Сілетітеңіз, Үлкенқараой, Шағалалытеңіз.

Облыстың солтүстік жағында ормандық сұр, қара топырақ, оңтүстігінде құнарлығы орташа кәдімгі қара топырақ тараған.

Жалпы облыс кәсіпорындары автоматизация аспаптарын, радио және магнитофон аппаратурасын, түрлі двигателдер, автотранспорт, егіске тыңайтқыш шашатын тіркемелерін, мал фермаларының жабдықтарын, балалар велосипедтерін, ет консервілерін, сүт, кондитерлік тағамдарын т.б. шығарады.