Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экс.текс на каз 2012.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
23.09.2019
Размер:
2.45 Mб
Скачать

№17.15 Атырау мұнай өндеу зауыты

Атырау мұнай өндеу зауыты 1945 жылы қыркүйек айында іске қосылған. Көлемі – 240 гектар. 80-ші жылдары зауыттың барлық технологиялық қондырғылары өндірістен алынып тасталынды. Өйткені, олар әбден тозғандықтан, одан әрі пайдалануға жарамсыз болды. Қазіргі қолданылып жүрген технологиялық жабдықтар – кеңестік өндіріс қондырғылары. Зауыттың алғашқы қуаты 800 мың тонна болды. Зауыт бүгінгі таңда жылына бірнеше млн тонна мұнай өңдейді.

17.16 АҚМЫШТАУ

Ақмыштау Қоқалы жерінде орналасқан. Ақмыштау бес таудың ортасында орналасқан. Шыңның ұзындығы 150-170 метрді құрайды. Жеке дара жоталары да бар. Таудың кейбір тегіс жерлерінде петроглифтер кездеседі. Петроглифтер тауға қашап жазылған. Жергілікті аймақ шөлді болып келеді. Нысан шерқалы тауынан 10 шақырым жерде орналасқан.

17.17 КОНКРЕЦИИ – ДОМАЛАҚ ТАСТАРЫ

Маңғыстау тауында конкреции тастары кездеседі. Конкреция латынның concretio – жетілдіру, тұтастыру, қалпына келтіру деген мағына береді. Домалақ тастардың көлемі әртүрлі болып келеді. Тіпті 3 метрге жететін тастар да кездеседі. Тек көлемі ғана емес, сонымен қатар принциптері де әртүрлі болып келеді.

17.18 «ҚАШАҒАН» КЕСЕНЕСІ

Қашаған Күржіманұлы (1841, Түрікменстан, Ташховуз облысы Мырзабасы ауылында – 1929, Маңғыстау облысының, Құлат ауылы Қырықкезде жерленді) – ақын. Әкеден жастайынан жетім қалып, 15-16 жасында ағасы Сәрсенбай үйімен Атырауға келеді. 16-17 жасынан ақын атанған. Ол Маңғыстау, Хорезм аймағы, Еділ, Жайық, Жем, Сағызелді мекендерде болып, ақын-күйшілермен (Ақтан, Мұрат, Бала Ораз, Қоспақ, Құрманғазы, Нұрым, Өмір, Ығылман) кездесті. 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейін шығармалары ел арасына ауызша тараған. Ақынның құрметіне Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде табылған мұнай мен газдың алып кен орнын Қашаған кен орны деп атады. Қашаған кен орны әлемдегі соңғы 40 жыл ішінде ашылған ең ірі кен орындарының бірі болып табылады.

17.19 БОЗЖЫРА

Бозжыра аумағы Үстіртте орналасқан. Үстірт Арал мен Каспий теңізінің аралығын алып жатыр. Үстіртің абсолюттік биіктігі 300 метрді, кейбір жерлері 370 метрді құрайды. Кристалл гипстері күн сәулесіне шағылысып, жарық сәуле береді.

17.20 ШОПАН АТА ҚҰДЫҒЫ

Маңғыстау аймағында 362 әулиелер жерленген. Осы аймақтар киелі саналады. Мыңнан аса архитектуралық ескерткіштер орнатылған. Осындай киелі жерлердің бірі – Үлкенқұдық. Құдық Шопан атаның жерленген жерінен алыс емес. Ақтау облысының орталығынан оңтүстік-шығысқа қарай 210 шақырым жерде орналасқан.

Құдық еліміз үшін аса киелі. Көптеген сенуші адамдар осы құдықтан дәм татуға аса құштар болып келеді. Емдік қасиеті бар құдық суы ерекше шипалы.

17.21 ОТПАН ТАУ

Отпан тау тарихи-мәдени кешені Маңғыстау тауының ең жоғарғы шыңында орналасқан. Кешеннің ашылуы тәуелсіз елдің ұлттық бірлігін көрсетеді. Ертеректе Маңғыстау облысындағы адайлықтар Отпан тауына өздерінің тайпаластарына келе жатқан қауіпті ескерту үшін от жаққан екен.

Ал Отпан таудың өзі Қаратаудың шыңында орналасқан. Оның биіктігі – 35 метр.

Жергілікті халық туған жерінің, ата-бабаларының тарихын білу үшін кешен ішіне мұражай мен кітапхана ашу жоспарлануда. Кешен жанына қасқырдың ескерткіші қойылған. Ол күштің символын білдіреді.

17.22 ШАҚПАҚ АТА ЖЕРАСТЫ МЕШІТІ

Шақпақ ата жер асты мешіті – ескілікті сәулет өнерінің ескерткіші. Түпқараған ауданы Таушық ауылынан 25 км қашықтықта, Каспий теңізінің Сарытас-Қошақ шығанағына жақын Оңғазы (Өңеже) тауының етегінде (Шиліқұдық алқабы) орналасқан. Кезінде мешіт құрылысына А.Г.Медоев (1966-68) және М.Меңдіқұлов (1975) зерттеу жұмыстарын жүргізген. Мешіттің ішкі бөлмелері орталық зал арқылы шаңбақ (крест тәріздес) үлгісінде орналасып, солтүстік, оңтүстік, шығыс және батысқа қарай бағытталып салынған. Мешіттің шығысындағы кіреберісі үш бұрышты арка іспетті; арканың сыртқы босағасының екі жағын тастан қашалған қабірханалар алып жатыр. Есіктен кіргеннен кейін үлкен зал (4,5х3,22 м), төрт бұрышында қабырғадан қашалған төрт ұстын бар. Ұстындар арасына арка тәрізді маңдайша қашалған. Күмбездің төбесінен диаметрі 1,2 метр, биіктігі 5 метр ойық тесілген. Ойық аузында мешітті жауын-шашыннан, желден қорғайтын биіктігі 3,9 метр құрылғы тұрғызылған. Зал төрінен айналма сатылы есік шығарылған. Ортасы намаз оқылатын бөлменің (биіктігі 3 м-дей) төрт бұрышынан сәнді, ою-өрнекпен безендірілген әрі тіреу міндетін атқаратын жұмыр бағаналар қашалған. Қабырғаның әр жерінде кітап қоятын сөрелер, шырақ орындары мен шымылдық (перде) ілетін қуыстар қашалған. Кіреберіс қаптал мен қабырғаларында араб әрпімен жазылған адам аттары, құран сүрелері, сопылық өлең мәтіндері, адамның қолы (бес саусағы), ат, өгіздің сұлбалары бейнеленген. Мешіттің батыс жағында Шақпақ атаның атымен аталатын қорым (ХІҮ ғ.) бар. Қорымның оңтүстік-батыс жағында ортағасырлық (ХІІІ-ХҮІІ ғ.) түркімен ескерткіштері – қойтастар, сандықтастар, тас қоршаулар сақталған. Солтүстік жағында ХҮІІІ-ХІХ ғасырларға жататын қазақ ескерткіштері – құлпытастар мен тас қоршаулар бар. Мұнда адай тайпасының бірқатар белгілі адамдары жерленген. Шақпақ ата қорымында Бектеміс Ержан хазіреттің кесенесі де (ХХғ.) салынған. Жер асты мешіті 1982 жылы республикалық дәрежеде мемлекеттік қорғауға алынды.