Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экс.текс на каз 2012.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
23.09.2019
Размер:
2.45 Mб
Скачать

№2.17 “Астана” әмбебабы

Бұл ғимаратты кезінде қоныс аударушы шаруалар тұрғызды. Олар – XX ғасырдың басында Орлов губерниясындағы Осьмонь аулынан Ақмола уезіне келгендер еді. Бұл ғимараттан петерболық стильдің ізі айқын аңғарылады. Алғашқыда ғимарат жер асты жолы арқылы көпес Кубрин үйімен байланысқан. Бізге жеткен мәлімет бойынша дүкен мен үй және оның жер асты жолдары бір уақытта және бір ғана шеберлердің қолымен салынған көрінеді.

Астана дүкені қаланың келбетін қалыптастыруда архитектуралық сапалылық және стилдік жағынан айрықша мәнге ие болды. Сөйтіп, қала үшін тарихи маңызы бар “Радуга” дүкені қазіргі “Астана” 1981 жылы сол кездегі облыстық атқару комитетінің №2/28 шешіміне сәйкес мәдени және тарихи ескерткіштер қатарына қосылды.

2.18 «ҚАЗАҚСТАН» СПОРТ КЕШЕНІ

Спорт кешені 2001 жылы салынды. Құрылысты «Серік» ЖШС жүргізген болатын. Архитекторлары: В.Лаптев, В.Гладков, Керутис. 5 мың адамға арналған хоккей мұз алаңы бар. 50 мертлік 8 жолақты бассейні халықаралық стандарттарға сай келеді. Кешен 2 бөліктен тұрады: бірі – мұз алаңы, екіншісі – жүзу бассейндері. «Қазақстан» спорт кешені әртүрлі бағытта қызмет атқарады. Кешеннің бассейні халықаралық стандартқа сай келеді.

2.19 ОТАН-АНА МОНУМЕНТІ

Монумент 2001 жылдың 9 мамырында ашылды. Ескерткіш Ұлы Отан соғысында құрбан болған жауынгерлерге арналған. Қола стеллада «Мәңгі алау» жанып тұр. Алғаш рет, мұндай мемориалдық кешенде мұңайып, жоқтап тұрған «әйел» емес, келісім мен бірлікке күлімдеп шақырып тұрған «әйел» бейнеленген. Стелланың биіктігі – 40 м. Монумент Қазақстанда тұрып жатқан барлық ұлттардың бірлігін бейнелейтін 101 мақсаттан тұрады.

2.20 БӨГЕНБАЙ БАТЫР ЕСКЕРТКІШІ

2007 жылы 5 шілде Астана күні қарсаңында елордадағы Сарыарқа мен Бөгенбай батыр көшелерінің қиылысында қазақ халқының даңқты қолбасшыларының бірі, жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресін ұйымдастырушы, Абылай хан заманындағы атақты тұлға – Бөгенбай батырдың (1680-1775) ескерткіші ашылды. Қала күніне орайластырылған салтанатты шараға Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев, Парламент Сенатының депутаты Өмірбек Байгелді және Кәкімбек Салықов, Алдан Смайлов, Мырзатай Жолдасбеков сынды жазушылар қатысып сөз сөйледі. Қаракөк граниттен жасалған ескерткіштің жалпы биіктігі – 11,3 метр. Ескерткіштің авторы – мүсінші, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Тоқтар Ермеков. Қазақ даласын басқыншылардан қорғауда ерлігімен көзге түскен Бөгенбай батыр, ұлт тәуелсіздігі жолында талай қанды айқастарға қатысқан. Батырдың қалмақтармен және қытай әскерлерімен болған қиян-кескі шайқастарда көрсеткен ерлігі мен қайраты сол кезеңдегі жорық жырауларының толғауларында өшпес өлең тілімен өрнектелді. Бөгенбай батырдың ХVIII ғасырда Қазақ халқына көршілес елдермен келіссөздер жүргізу мәселесіне де етене араласқаны тарихтан белгілі. Ол Қытай империясы мен Қазақ хандығы арасындағы келісімге, қазақтар мен орыстар арасындағы мәселелерге де кеңінен араласқан ұлы тұлға. Бөгенбай 1710 жылы бүкіл біріккен қазақ елі жасағының бас қолбасшысы болып бірауыздан сайланған. Батыр 50 жыл бойы қазақ жасақтарын басқарып, басқыншыларға қарсы 100-ден астам соғыстарға қатысты.

2.21 Ц И Р К

2005 жылы 14 желтоқсанда астаналық цирктің ашылу рәсімі өтті. Көру залы аренасының классикалық диаметрі – 13 м, зал 2 мың көрерменге арналған. Сонымен қатар, цирктің әкімшілік-шаруашылық блогі бар. Оған цирктің әкімшілігі, әртістер бөлмелері, жаттығу манежі, жануарларға арналған орын, шеберханалар және басқа да қосалқы үй-жай орындары кіреді. Астаналық цирк ғимараты басқа планеталықтардың ғарыштық аппараттарына ұксайды деуге де болады. «Ұшатын тәрелкені» көру және онда болу – әркімнің арманы.

2.22 КӨПІР

8 жолақты көпір 2006 жылы салынды. Қазақстандық архитекторлар А.Тортаев, А.Шықанаев, Б.Тортаевтың эскиздік және «Мостовик» фирмасының жоспарымен Турцияның «Джейлан Лимитед» фирмасы құрылысты жүргізді. Ені – 40 метр. Көпір Есіл өзенінің сол жағалауы мен оң жағалауын байланыстырып тұр.