Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
практика.doc
Скачиваний:
43
Добавлен:
15.02.2015
Размер:
292.35 Кб
Скачать

Ауқымды компьютерлік желі интернет

Интернет – ауқымды ақпараттық инфрақұрылым. Қазіргі уақытта 20-дан аса ауқымды желіліер бар, бірақ солардың ең танымалдысы – Интернет желісі.

10

Интернет – бір-бірімен байланыс каналдары және бірегей қабылдау, мәліметтерді беру стандарттары арқылы өзара байланысқан компьютерлер мен компьютер желілерінің жиынтығы. Ол деген жер шарын қамтып жатқан ауқымды бүкіл әлемдік ақпарат жүйесі болып отыр. Алғашқыда интернетті құру мақсаты - әртүрлі типтегі компьютерлік желілерді біріктіру болып табылады. Қазіргі уақытта компьютер мен телекоммуникация аймақтарында ғана емес, сонымен бірге әрбір адам өзіне қажетті ақпаратты тауып, оған қажетті дегенді бере алады. Соның нәтижесінде интернет ақпарат ресурстарымен үздіксіз толығып отырады.

1965 жылы Массачусет технологиялық институтындағы компьютер Калифорнияның телефон байланысына қосылды. Интернет 1969 жылы АҚШ-та осы елдің қорғаныс министрлігінің тапсырысы бойынша жасалған ARPANET желісінен пайда болды.  ARPANET желісі оқу орындарын, әскерлер мен әскери мәдігерлерді біріктіретін желі еді. Ол о баста зерттеушілердің ақпарат алмасуына көмек ретінде, сондай-ақ ядролық шабуыл кезінде қалай байланыс жасау керектігін зерттеу үшін жасалған.

ARPANET алғашқыда ғалымдарға тек жүйеге енуге және қашықтағы компьютерге программа енгізуге мүмкіндік берді. Ұзамай бұған файлдарды, электронды почтаны және жөнелту тізімін беру мүмкіндіктері қосылды. Мұндағы мақсат бір мәселемен айналысып жүрген зерттеушілердің ақпарат алмасуларына мүмкіндік ашу болатын. Бірақ ARPANET-тің өсуіне орай және басқа желілерде дамып, оларды бір-бірімен жалғастыру қажеттігі туындады. Осылай бір-бірімен жалғасқан желілерден тұратын Интернет дүниеге келді.

1971-1972 жылдары ARPANET желілеріне арналған бірыңғай хаттамалармен жұмыс аяқталды. Бұл хаттама Network Control Program (NCP)  деген атауға ие болды.

Қазіргі кезде Интернетте байланыстың барлық белгілі желілері қолданылады: төмен жылдамдықтағы телефондардан жоғары жылдамдықты спутниктік арналарға дейін. Аппараттық және бағдарламалық құралдар да әр түрлі. Компьютерлер арасында ақпарат беру қолданылатын байланыс желілерінен, ЭЕМ және бағдарламалық қамтамасыз ету түрінен тәуелсіз болу үшін, ақпарат берудің арнайы хаттамалары жасалған. Олар деректерді белгілі бір өлшемді блоктарға бөлшектеу принципі бойынша жұмыс істейді – пакеттер ретімен адресатқа жөнелтеді

Компьютерлік жүйелердің архитектурасы

Фон-Неймандық архитектуралы есептеу жүйесінің классикалық ұйымы мен жұмыс істеу принциптері. Қазіргі заманғы ЭЕМ жұмыс істеу принциптері мен модульдік құрылымы. Аналық платаның, шинаның және магистральдің сипаттамасы. Көпмашиналы есептеуіш жүйелер.

11

Класстерлі құрылымдар. Көппроцессорлы есептеуіш жүйелер. КЕЖ матрицалық архитектурасы. Процессордың функционалды және құрылымды ұйымдастырылуы. Негізгі сипаттамалар. RISC және CISC архитектураларының ерекшеліктері. Процессордың командалар жүйелері. Процессордың командалық циклі. Конвейерлеу. ЭЕМ жадысының иерархиясы, жады бөліктерінің негізгі сипаттамалары, кэш жады. ЭЕМ жадысының физикалық ұйымы. Ішкі жады.

Динамикалық, статикалық энергиятәуелді жады. Магнитті, оптикалық, магнитті-оптикалық жинағыштардағы сыртқы жадыға сақтау құрылғылары. Қатты дисктің физикалық және логикалық құрылымы. Енгізу-шығарудың ұйымдастырылуы. Интерфейстерге шолу және USB арқылы құрылғыларды қосу мысалы. Перифериялық құрылғылардың классификациясы. Ақпаратты шығару құрылғылардың негізгі сипаттамалары. Перифериялық құрылғылардың классификациясы. Ақпаратты енгізу

құрылғылардың негізгі сипаттамалары.

12

Бағдарламалық қамту жүйесінің негізгі принциптеріне және мақсаттарына келесілер жатады:

  1. Мақсаттылығына байланысты ақпараттың мазмұнына және оның характеріне талаптарын анықтау;

  2. Орталықтандырылған және қайта орталықтандырылған басқарудағы ақпараттың сақталу, қолданылу және ұсыну жүйесін өңдеу;

  3. Бүкіл кәсіпорынның және әрбір жұмыс бөлімшелерінде техникалық құралдарға деген қажеттіліктерін анықтау (соның ішінде компьютерлік техникалар);

  4. Бағдарламалық қамтамасын құру, мәліметтер қорын жасау және оны қолдану;

  5. Цифрлық ақпаратты жинау және өңдеу, маркетинг, жоспарлау, бақылау бағдарламаларының құру процесінде көп варианттық есептер жүргізу;

  6. Автоматтандырылған өңдеу және мәтіндік ақпаратты беру;

  7. Кәсіпорындардың және оның бөлек бөлімшелеріне көшіргіш құрылғылармен, телекстермен, барлық байланыс құралдармен және коммуникациялармен қамтамасыздандыру;      

  8. Административті-басқару жұмысын компьтерлік техникаларын қолдану негізінде автоматтандыру.

Ақпараттық-іздеу жүйелерінің маңызды мақсаттарының бірі келесілер:

  • Басқарудың және өндірістік бөлімшелердің жоғары деңгейде қаражаттық есеп беру мәліметін жинау және өңдеу қызметін белгілеу, ол сапаны жоғарлату және кәсіпорын бойынша финанстік ақпараттың дер кезінде түсуі мақсаттарында жүргізіледі;

  • Алғашкы мәліметтің жинау, өңдеу және сақтау жүйелерінің негізгі бағыттарын анықтау;

  • Ақпаратты өңдеу технологиясының дамуының негізгі бағытын анықтау;

Әрбір басқарушының өзіне керекті нақты ақпараттың қажеттілігін анықтау - өте қиын жағдай  және оның шешімі, басқарушының тәжрибесінен және функциясынан тәуелді болады, және де оның басқару шешімін қабылдаудағы өкілеттілігіне байланысты. 

Автоматтандырылған басқарылатын ақпараттар жүйесі, ақпаратты тез өңдеу негізінде қолданылады, олар жоспарланған көрсеткіштер, ауытқулар туралы ақпаратты беру қызметін атқарады.

Электронды есептеу машинасын тиімді қоданылуы келесі шарттардан тәуелді болады:

13

  • есептеуіш машинасының өзінің шығарылуы;

  • олар үшін бағдарламалық қамтамасыздандыруды құру;

  • қолдану ортасын дайындау. 

Электрондық техникамен жабдықтануы басқаруға, қағаздарға кететін шығындарды азайтуға, жобалы-конструкторлық жұмыстардың тиімділігін жоғарлатуға көмек береді және де тиімді ішкі фирмалық жобалауды қамтамасыздандырады.

Қазіргі таңдағы шарттарға байланысты электронды техниканы екі негізгі бағытта қолданған жөн:

  • Кеңселік істе – секретарь-машинисткаларды және іс жүргізушілерді ауыстыру үшін;

  • Бухгалтерлік істе – жазбаша қаражаттық құжаттарды дайындау үшін, банктермен және қаражаттық мекемелермен кассасыз байланысты жүзеге асыру үшін.