Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тест / ТЕСТ МА#U049aТА 2014 / #U04d8д_стемел_к.docx
Скачиваний:
26
Добавлен:
15.02.2015
Размер:
2.09 Mб
Скачать

2.4. Агрегат құрамын анықтау.

Белгіленген жұмыстарды орындау үшін жұмыс атқаратын агрегат құрамына кіретін трактор маркасы 3-кестенің 4-бағанасында ал АШМ маркасы 3-кестанің 5-бағанысында көрсетіледі. Жұмыс түрі қол күшімен орындалатын жағдайда 4- және 5- бағаналар біріктіріліп «қол күшімен» деп жазылады.

Агрегаттар таңдауда жұмыс өнімділігі және жағар май шығынына әсер етуші (дала алқабы өлшемдері, топырақтың салыстырмалы кедергісі сияқты) факторлар ескерілуі қажет.

Жұмыс жағдайы ауыр, күрделі болған алқаптар (қөлбеу, қыр-адыр, жоғары дәрежедегі тастақты далаларда типтік технологиялық карталарда ұсынылған кейбір техникалық жабдықтардан пайдалану, күтілген тиімділік дәрежесіне ие болмауы мүмкін. Ондай жағдайларда, егістік алқабы үшін арнайы техникалардан, яғни қөлбеужерлерде немесе тастақты далаларда пайдалануға арналған арнайы агрегаттарды таңдау қажет.

4-кесте.

МТА конструктивтіңалым енінен пайдаланукоэффициенті

Жұмыс үрдісі

Кк

Жер жырту

1,0-1,1

Культивациялау

0,96

Бороналау

0,95

Дәнді дақылдар себу

1,0

Шабық шабу талап ететін дақылдар егу

1,0

Топырақтың беткі қабатын жұмсарту,қопсыту

0,96

Қатар аралықтарын өңдеу (культивация)

1,0

2.5. Агрошара орындалатын алқап үлесін жоспарлау.

Агрошара орындалатын алқап үлесі агротехникалық шара егістік алқабының қанша көлемінде орындалуын (жұмыстың қанша бөлігі қол күшімен немесе механизация көмегімен орындалуын) анықтау қажет. Мысалы, жер жырту қабаты астындағы “подошвалы қабатты” тереңтілгіштеррмен өңдеу әр төрт жылда бір рет 100 пайыз алқапта орындалуы тиіс, сол себепті, технологиялық картаға әр жылы 25 пайыз егістік алқабында орындалады, деп картага кіріту мақсатқа сәйкес келеді. Әйтпесе, агрошара өткізілетін жыл үшін түзілетін бизнес жоспар немесе ҚТК қаражаттары кейінгі 3 жыл үшін түзілген жоспарлардан айырмашылыққа ие болады.

Бір уақыттың өзінде бір реттен артық орындалуды талап ететін жұмыстар үшін, агротехникалық шаралар орындалатын алқап үлесі 100 пайыздан жоғары болады. Мысалы, егістік алқабының 100 пайыз ауданын 1,5 рет бараналау қажет болса, агротехникалық шара орындалатын алқап үлесі 150 пайызға тең болады. Мұндай жұмыстарға мысал ретінде: дефолиация, арам шөптерге қарсы дәрі шашу, мала басу, бараналау, егістік алқабы сорын жуу(шаю) сияқты агрошараларды көрсету мүмкін.

Кейде, түрлі кезеңдерде орындалатын бір түрлі жұмыстарды бір-біріне қосып, бір қатарға жазу да мүмкін. Мысалы, “2 рет шабық шабу”, “3 рет суғару” сияқты жұмыстарды бір қатарға біріктірп жазуға болады, мұнда, агрошара орындалатын алқап сәйкес ретте 200% немесе 300% ға тең - деп көрсетіледі. Мысалы, 10 гаалқап үшін әзірленетін қолданбалы технологиялық картада, сол агрошараның жұмыс көлемі20 га немесе 30 га деп көрсетіледі.

Агротехникалық шара өткізілетін алқап ауданының үлесін жұмыс аталуымен бірге (3-кестенің 2-бағанасы) немесе айрықша косымша бағанада көрсету мүмкін.

Соседние файлы в папке ТЕСТ МА#U049aТА 2014