Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тест / ТЕСТ МА#U049aТА 2014 / #U04d8д_стемел_к.docx
Скачиваний:
26
Добавлен:
15.02.2015
Размер:
2.09 Mб
Скачать

2.8. Орындалуы тиісті жұмыс көлемін есептеу

3-кестенң 7-бағанасында жұмыс көлемі тонна, тонна-километр, кубометрлердеөлшенетін жұмыс түрлері үшін жұмыс көлемін шартты гектарға ауыстыру(перевод) әдісі:

Мысал, органикалық тыңайтқыш тиегіш агрегаттың 1 сағаттық жұмыс өнімділігі 25 т/сағатқа тең болып жүк тиегішпен тасымалдаушы агрегатқа тиелсе және 1 гектарға жұмсалатын тыңайтқыш мөлшері норматив бойынша 20 т/га ны құраса (9-бағана), жүк тиеу агрегаты 1 сағатта 25/20=1,25 гектар алқапқа жетерлік тыңайтқыш тией алады. Бірақ, агрошара орындалатын алқап үлесін есепке алған жағдайда, органикалық тыңайтқышты 4 жылда 1 рет 100 пайыз алқапқа немесе әр жылы 25 пайыз алқапқа салынуын ескеру қажет.

Демек, біздің жағдай үшін тыңайтқыш беру мөлшері 20 (т/га)25(пайыз)/100(пайыз)=5 т/га ға тең.

Жұмыс өнімділігі 25 т/сағатқа тең болған жүк тиеуші агрегат 1 сағатда 25(т/сағат)/5(т/га)=5 га алқапқа жетерлік тыңайтқыш тией алады.

Ендігі кезекте тиелген тыңайтқышты тасымалдауды көріп шығамыз. Егер жүк тасымалдау қашықтығы 3 км ге тең болса, 1га егістік алқабына сәйкес келетін тасымалдау жұмысы көлемі 3(км)5(т)=15 ткм тең болады. Жүк тасымалдау агрегатының жұмыс өнімділігі 10 ткм/сағатқа тең болса, 1 жүк тасымалдаушы агрегат 1 сағатта 10(ткм/сағат)/15(ткм)=0,67 га егістік алқабына тыңайтқыш жеткізіп бере алады.

Енді жүк тиеу және тасымалдау жұмыстарын өзара байланыстырамыз.

Тасымалдау агрегаты тиелген жүкті тасымалдап үлгеруі тиіс, себебі жүк тиеу агреатының жұмыс өнімділігі тасымалдау агрегатының жұмыс өнімділігіне сыбайласқан түрде байланысты. Демек, 3 жүк тасымалдау агрегаты және 1 тиеу агрегатынан құралған схема бойынша жұмыс орындайтын жүк тиеу агрегатының 1 сағатттық анық жұмыс өнімділігі жүк тиеу агрегатының жұмыс өнімділігі жүк тасымалдау агрегаттарының жұмыс өнімділіктерінің жиынтығынан артық болуы мүмкін емес.

Енді есептеп көрелік: 0,67 3 = 2,01 га/сағат

Демек, технологиялық картаны түзуде 3 жүк тасымалдау агрегаты және 1жүк тиеу агрегатынан құралған бригада жұмыс орындайды деп есептесек, жүк тиеу агрегатының жұмыс өнімділігін 2,01 га/сағатқа тең деп қабылдаймыз.

3-кестенің 10-бағанасындағы жалпы жұмыс көлемі-тұқымдық шығынмөлшері және жалпы егістік алқабы сияқты көрсеткіштердіесепке алып анықталады.Жалпы жұмыс көлемі: жалпы егістік алқабы, агрошара орындалатын алқап үлесі және 1 га үшін белгіленген нормативтік мөлшерлерді көбейтіру жолымен анықталады. Мысал, 20 гектар алқапты екі сыдыра бараналаудағыжұмыс көлемі егістік алқабын көлемін екіге көбейткенге тең (20 (га)х2(рет)= 40 гектар).

Егер, осы жұмыс 30пайыз алқата орындалса, жұмыс көлемі 2х20(га)30(пайыз)/100(пайыз)=12 гектарға тең.

Тұқым, тыңайтқыш, мұнай өнімдері, өндірілген өнім және басқа материалдарды тасымалдаудағы жүк тасымалдау көлемі тонна-километрде есептеледі. Егістік алқабы (га), тұқым себу нормасы, тыңайтқыш және басқа материалдардың1 гектар алқапқа белгіленген нормасы немесе мөлшері (кг/га) және жүк тасымалдау қашықтығы (км) шаруашылықтардың экономикалық-өндірістік жоспарынан алынады.

Мысал. Дәнді дақылдар сабанын, пішен немесе басқа жем-шөптерді егістік алқабынан тасымалдау көлемі төмендегі формуламен анықталады:

, ткм (2.4)

Бұл жерде W – дәндідақылдар сабаны, пішен немесе силос тасымалдаудағы жұмыс көлемі, ткм;

F – дәнді дақылдар немесе жем-шөп егіндері егілген алқап, га;

q – дәнді дақылдар сабаны немесе жем-шөп егіндерінің түсімі, ц/га;

S – жүк тасымалдау қашықтығы, км.

Соседние файлы в папке ТЕСТ МА#U049aТА 2014