Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тест / ТЕСТ МА#U049aТА 2014 / #U04d8д_стемел_к.docx
Скачиваний:
26
Добавлен:
15.02.2015
Размер:
2.09 Mб
Скачать

3.2. Болжамдағы мақта өнімі түсімін анықтау әдісі

Бизнес-жоспар әзірлеу барысында мақта өнімі түсімін алдын ала болжап, анықтау қажеттілігі туылады. Ондай жағдайда төменде баяндалатын әдіс көмегінде анықтауға болады.

Мақта өнімі түсімін алдын ала анықтау үшін мақта егістік алқабы диогналы бойынша бастапқы, ортасына және ең соңынан (үш жерде)10метрлік бөлік жер өлшеп, ажыратып алынады., соң әр бір бөлік жердегі қозадағы көсектер саналады (толықпаған кіші көсектер саналмайды).

1 дана көсектегі мақта салмағы өткен жылдардағымәліметтер сүйеніп анықталады.

Мысал. Мақта қатараралығы – 60 см, алқап алаңы1 гектар. Мақта өнім түсімін анықтау қажет.

1 га алқаптағы қоза өсіп тұрған қатарлардың жалпы ұзындығын анықтаймыз: 1(гектар)/60(см)=10000(шаршы метр)/0,6(м)= =16666 метрге тең.

Қза түптері санын анықтаймыз: Егер әр 10 метрде 45 түп қоза бар болған жағдайда (11-кесте), жалпы қозалар саны 16666(м)45(түп)/10(м)= 74997 түп.

1 түп қозадағы өнімді анықтаймыз: әр бір қозадағы көсектер саны орташа 403(көсек)/45 (түп)= 9 дана көсеккке тең (11кесте) және әр бір көсектегі мақтаның ауырлық салмағы 3,4-4,0 грамм (орташа (3,4+4)/2=3,7грамм) болған жағдайда, 1 түп қозадағы өнім 9(дана)3,7(грамм)=33,3 грамға тең.

1 гектардан өнім түсімі: 74997(түп) 33,3(грамм/түп)=2497400,1 грамм = 2497,4 кг = 24,97 центнерге тең болады.

9 - кесте

Қатараралығы60 см болған алқаптағы қоза және көсектер санын анықтау

10 метрлік бөлік жердіңтәртіп саны

Қоза түптерінің саны

Көсектер саны

1

45

387

2

41

392

3

49

429

Жалпы

135

1208

Орташа

135:3=45

1208:3=403

4. Дақылда күтіп-баптау және өнім өндіру технологияларын орындау барысында ауыл шаруашылық машиналырынан пайдалану иөмділігін арттыру жолдары

Ауыл шаруашылық дақылдарынан мол және сапалы, еңбек шығыны аз болған өнім алуда механикаландырылған агротехникалардан пайдаланудың орны ерекше.

Осы мақсатта механикаландырылған агротехникаларды орындауға дайындық көру, техникалық жабдықтарды жөндеу, реттеу, оларға техникадық сервис қызметтерін көрсету жұмыстарын орындау машина және механизмдерден тиімді пайдалануды ұйымдастыру қажет етеді.

Жер жывтуға дайындық көру барысында алқаптарды қозапая, сабан, рам шөп қалдықтарынан, тас, темір-терсек және де кедергі беретін заттардан тазалау қажет. Алқаптағы суару арықтары, әр түрлі ойық шұқырлар тегістелуі, алқап шеттері, оқарықтар бульдозер немесе грейдерлер көмегімен тегістелуі, алақапта орналасқан электжәне байланыс торабы бөренелері төңіректері кіші соқалармен алдан ала жыртылған болу өажет. Жер жыртуды бастау кезеңінде топырақтың ылғалдық дәрежесі 16-18пайыз төңірегінде болуы тиіс. Әрбір анық маркалы соқаның өзіне сәйкес келетін лемех және түрен орнату қажет, Соқамен жер жыртуды ең алдымен бақылау алаңында тексеруден соң бастау қажет.

ПЯ-3-35 маркалы қос ярусты соқаның барлық ярустары және корпустары өздеріне техникалық сипаттамасына сәйкес келетін лемех және отвалдармен жарақталуы қажет. Плугты реттеу нәтижесінде жоғарғы және төменгі корпустарының тұмсықтары арсындағы бойлама қашықтық 45-55 см ге тең болуы тиіс, соңғы корпустың дала тақтайшасы жүйек қабырғасы бойлаб жеңіл сүйкеліп жүрсін; жүйек доңғалағы жүйек қабырғасынан 3-4 см қашықтықта және оның түбінде қозғалыста болсын; жоғарғы корпус топырақтың үстіңгі қабатын кесіп агрегаттың алдыңғы корпус өтуден пайда болатын жүйек түбіне тастауы, ал төменгі корпус болса, топырақтың астыңғы қабатын кесіпалып, жоғарғы корпус тастаған үстіңгі қабаттың бетіне аударып тастауды қамтамасыз етілуі тиіс. Жоғары қуатты тракторларға 4-5 корпусты (кейде 5 немесе 6) плугтармен агрегаттау трактрлардың энергия тежеуін қамтамасыз етеді.. Плугтардың алым ені және жер жырту тереңдіктерін әрбір алқаптың топырақ жағдайына қарай реттеледі.

Алқапты тұқым себуге дайындау.Алқапты тұқым себугедайындау агрошараларын орындауда жерді бороналудың маңызы зор.Бороналардың тістері өткірленген, ұзцндықтары біркелкі және жұмыс қырлары агрегат қоғалысына параллаль, ал раманың планкаларына тік орнатылуы тиіс. Дискті бороналарда дисктің қыры(жүзі)тегіс, шеттері сынбағн немесе иілмеген болуы, және де бір оське орнатылған дисктердің жүріп өтенде топырақта қалдыратын іздері арақвшықтықтары біркелкі, диск батареялары подшипниктері жеңіл айланулары және лисктерді тазалауы қырғыштар оның бетіне тиер тимес орналстыруд талап етіледі.

Кабыршақ немесе қатқалақ жұмсату. Жауын-шашын әсерінен пайда болған қатқалақтарды жұмсартуда қолданылатын айланушаң мотыга дисктерінің шыбықтары бір жазықта жатуы және олардың арақашықтықтары біркелкі болуы тиіс, ось бойлап еркін айлануы, дисктердің шыбықтары өзара шахмат тәріздес жайғасулары тиісті.Мотиганың топырақты жұмсатутереңдігін анықтауда бір уақыттың өзінде қатқалақты жоғалтумен бірге өсімдік тамырларына зиян жеткізбеуі тиіс екендігі ескеру қажет. Егістік алқабын тұқым себуге дайындау шығындарын азайтумен бірге топырақтың тартықша тығыздығын арттырмау мақсатында алқапта агрегаттың бір жүріп өтуі барысында біржола бірнеше технологиялық операцияларды орындай алатын комбинацияластырылған және кең алымды ауыл шаруашылық машиналарынан кең пайдалану еңбек өнімділігін еселеп арттырады.

Тұқым себу жұмыстарындасеялканың рамасыжер бетіне және трактордың артқы осіне параллель болуы тиіс, барша айланатын деталдары өз шарнирлерінде, ал доңғалақтар өз осьтері бойынша еркін қозғалыста болуы тиіс. Дәнді-дақылдар себуші сеялкалардың сепкіш деталдары таза, жұмыр, қырлары сынбаған бүтін болуы, әрекет алатын валдан біркелкі қашықтықтарда орналасуы тиіс. Дискті сошниктер қыйсаймаған және ұштары өткір болуы қажет. Сошниктердің дән себу тереңдігіне винтті механизм көмегімен реттеледі. Барлық сошниктер тұқымды біркелкі тереңдікке себуін қамтамасыз үшін олардың штангаларындағы пружиналар керілуін жеке-жеке реттеу қажет. Сошник дисктері аралығында орналасқан пластинкалар тұқымды жүйек түбіне бағыттау үшін, ал артқы жақта орналасқан темір шынжырлар тұқымды көміп кетулері қажет..

Фермерлер және әрбір қожалық мамандары механикаландырылған әдіспен басқада агротехникалық шаралады орындауда, мысалға гербицит ерітіндісін бүрку, шырпу, дефоляция жасау, жиын-терімде, өткен жылдардағы жол берілген өате-кемшіліктерді талдап, сараптап тиісті өорытынды жасауы тиіс. Нәтижеде механикаландырылған агротехнологиялардың тиімділігі жлғары болуына қол жеткузу мүмкін.

Жұмыс өнімділігіне әсер етуші факторларды сараптау, озық фермерлер тәжрибелерін үйрену, жүргізген бақылаулардан алынған пайдалы нәтижелерді пайдалану жағдайында машина-траткор агрегатының күнделікті және жылдық жұмыс өнімділігі мен жүктелімін арттырудың төмендегі жолдарын ұсынамыз:

- Машина трактор агрегаттарын (МТА) және егістік алқабын жұмысқа сапалы дайындау, МТАның даладағы әрекеттену әдісін және бағыттарын дұрыс таңдау;

- тракторлардың двигатель қуатынан толық пайдалануды ескере отырып АШМларымен агрегаттау;

- агрегаттың алым енін егістік алқабы өлшемдеріне және жағдайына және де транспорт жақдайынан жұмысшы жағдайға өткеру үшін аз еңбек пен уақыт шығынына сәйкес келуі керек;

- МТА жұмысқа дайындау агрегатни ишга тайёрлаш ва ишнижәне жұмысты аяқтау процестерінде және де агрегатқа технологиялық қызмет көрсету барысында(бункерге тұқым немесе тыңайтқыш тиеу сияқты)жұмсалтын уақыт және еңбек шығындарын азайту;

- агрегаттың ұйымдастыру шараларына қатысты тоқтап қалуы, жұмыссыз бос тұру уақытын азайту;

- агрегаттың загонда артықша бос жүрулерін қозғалыс әдістерін дұрыс таңдауды ұйымдастыру арқылы азайту;

- Негізгі (комбайн, сеялка және басқа) және көмекші агрегаттар (жүк тиегіш, жүк тасымалдау агрегаты және басқа) жұмыстарының өзара үйлесімді жұмыс атқаруларын қамтамсыз ету (әсіресе тұқым себу және жыйын-терім кезеңінде);

- трактор және АШМларына дер кезінде теникалық сервис қызметтерін ұйымдастыру;

- трактор, комбайн және АШМларын диагностикалаудың прогрессивтік және жетілдірілген тәсілдерін қоданысқа енгізу;

- қауырт кезеңдерде агрегаттардың 2 сменалы жұмысын ұйымдастыру;

- механизаторлардың біліктілігін үздіксіз арттыру;

- механизаторлардың өз еңбектері нәтижелеріне материалдық қызығушылығын арттырушы (техниканың сенімді дайындығы, одан тиімді пайдалану, қосалқы бөлщектер мен ЖЖМды тежеу үшін сыйақы дайындау) әдіс - тәсілдерді қолдану;

- МТАтарын қызмет көрсету қағидаларынан және агротехникалық талаптарға сақтауды қамтамсыз етуді жәәне де жұмысты орындау сапасын тексеріп, қадағалау жүйесін енгізу;

- Жұмыс өнімділігін арттырудың резервтерін іздеп табу, МТА пайдалану жұмыстарын ғылыми негізде ұйымдастыру.

Сменалық уақыттан толық пайдалану МТАлар жұмыс өнімділігін арттырудың ең басты - негізгі резерві саналады.

Есте сақтауды қажет ететін жағдай: механикаландырылған агротехнологиялардың сапалы орындалуын қамтамасыз ету үшін ғылыми негізделген ұсыныстарға қабылдаумен бірге фермерлер және механизаторлар үшін көргезбелі далалық семинарлар ұйымдастыру жаңа техника және технологиялар бойынша курстік оқу жаттығулар өткерумен бірге жаңа әдістемелік-ұсыныстар әзірлеуді және оны таратуды ұйымдастыру және механизатор, техник-механиктер, инженерлерді материалдық марапаттау, олардың әлеуметтік жағдайын (жалақы, жеңілдіктер) жақсарту мәселерін шешуді қажет етеді [16].

Соседние файлы в папке ТЕСТ МА#U049aТА 2014