Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тест / ТЕСТ МА#U049aТА 2014 / #U04d8д_стемел_к.docx
Скачиваний:
26
Добавлен:
15.02.2015
Размер:
2.09 Mб
Скачать

2.9. Механизаторлар және жұмысшылар санатын(категорияларын) және санын анықтау

Механизаторлар және жұмысшылар санатын(категорияларын) (разрядтарын) 3-кестенің 11- және 12- бағаналарында көрсетіледі. Механизаторлар және жұмысшылар санаты трактор қуаты мен орындалатын жұмыстың күрделілігін ескере отырып нормативтік қолданбалардан (справочниктерден) алынады [20].

Жұмысшылар және агрегатқа қызмет көрсететін жұмысшылар саны агрегатқа қызмет көрсету схемасына қарай анықталады. Мұнда механизатор, яғни тракторшы саны механикаландырылған жұмыстар үшін әр қашан 1 кісіге тең деб алынады. Кейбір жұмыстарда, мысалға, тұқым себу жұмыстарында тракторшыдан басқа 1 бірлік немесе 2 бірлік қызмет көрсетуші жұмыскер қатынасуы мүмкін.

2.10. Жанармай шығынын анықтау.

Бір жұмыс бірлігіне жұмсалатын жанар май шығыны (3-кестенің 17-бағанасында) техника (двигател) рүсіміне сәйкес бекітілген жанармай нормативі бойынша анықталады (8-қосымша приложение).

Егер нормативтік көрсеткіш белгіленген болмаса немесе анықталмаған жағдайда жанармай шығынын төмендегі формула көмегімен есептеп табуға болады:

, кг/га (т, ткм) (2.5)

бұл жерде

GT- двигатель номинал қуатпен жұмыс орындағанда ағатта жұмсалатын жанармай мөлшері, кг/сағат;

W- агрегаттың 1 сағаттықжұмыс өнімділігі, га/сағат (т/сағат, ткм/сағат);

 - двигательдің толық қуатпен жұмыс орындамағанда, өндіріспен байланыссыз бос жүрістерге жанармай жұмсаған және двигательдің жұмыс орындамай тоқтап тұрғанда оталып тұрғандағыжанармай шығындарын есепке алған түзету коэффициенті (0,8...0,9)

Дизелді жанар май шығыны кейбір мағлұматтарда көлемдік бірлікте(литр), кейбірінде ауырлық өлшемі (кг) бойынша берілген болуы мүмкін. Мұндай жағдайда,көлем өлшеуінен ауырлық өлшеміне (немесе керісінше) өткеру үшін 5-кестеде келтірілген коэффициенттерден пайдалану мүмкін [10].

Мысал, жанармай шығынын көлемдік (литр) бірлікте өрнектеу үшінауырлық өлшемінде (кг) келтірілген мәнін “өткеру коэффициенті”не (4-кесте), яғни жанармай тығыздығына (г/см3) бөлеміз.

5-кесте.

Дизелдік жанармай шығыны өлшемін тығыздық немесе көлемдік бірліктен ауырлық

бірлігіне өткеру коэффициенті (К).

Ай аттары

Тығыздық,г/см3

Ай аттары

Тығыздық,г/см3

Қаңтар

0,843

Шілде

0,822

Ақпан

0,840

Август

0,824

Наурыз

0,836

Қыркүйек

0,826

Көкек

0,831

Қазан

0,829

Мамыр

0,826

Қараша

0,834

Маусым

0,823

Желтоқсан

0,838

Мысал: Жер жырту (қараша айы) мерзімінде жұмсалатын 40литр дизел жанармайын көлемдікбірліктен ауырлық бірлікке өткізбек болсақ, онда, дизел жанармайының көлемдік мәнінқараша айы үшін сәйкес келетін коэффициентке (0,834) көбейтеміз, яғни:40л х 0,834= 33,36кг екенін анықтаймыз.

2.11. Еңбек шығынын және жалақы мөлшерін анықтау.Жалпы жұмыстар көлемін орындау үшін қажетті болған адам-күндері саны (3-кестенің 9- және 10-бағаналары), механизатор және жұмысшылар үшін бөлек –бөлек есептеп жазылады. Адам-күндері саны жұмыс көлемін (7-бағана) күндік жұмыс өнімділігінеиш (8-бағана) бөлу арқылы анықталады, яғни:

Жалпы еңбек шығыны тракторшы және жұмысшылардың жалақы қаражаттары (3-кестенің 15- және 16 -бағаналары) механизатор жәнежұмысшылардыңсанаты (категориясы), санат бойынша еңбекақы мөлшері, жұмысты орындауға жұмсалған еңбек шығыны негізінде есептеп табылады.

Бір жұмыс бірлігіне жұмсалатын еңбек шығыны төмендегі формуламен есептеледі [22]

(2.7)

Агрегат 1 сағат жұмыс орындағанда 1га алқапқа сәйкес келетін еңбек шығынын анықтау.

Кейбір жұмыстарды орындаудың жұмыс өнімділігі және жұмыс көлемі т, км, ткм, дана сияқты бірліктерде өрнектеледі.

Мұндай жағдайларда, 1га алқапқа сәйкес жұмсалатынеңбек шығынын есептеу үшін, алдымен еңбек өнімділігін гектар арқылы өрнектеу қажет болады. Егер, орындалған жұмыс т, км, ткм, дана және сол сияқты бірліктерде өрнектелгенболса, еңбек шығынын адам-сағат/га арқылы өрнектеуге өткеру үшін төмендегі формуладан пайдалану мүмкін:

, (2.8)

бұл жерде: Л – агрегатқа қызмет көрсетуші жұмысшылар саны;

Н – 1га алқапқа сәйкес келетін т, км, ткм, дана сияқты бірліктерде өрнектелген жұмыс мөлшері;

Wф – агрегатты 1 сағат пайдалану уақытындағы жұмыс өнімділігі(т, км, ткм, дана т.б.)

Мысал: Жер жырту агрегатының жұмыс өнімділігі 1,25 га/сағат. Жұмыс бірлігі гектарда берілгендігі және қызмет көрсетуші жұмысшылар саны 1адамға тең болғандығы үшін еңбек шығыны:

Мс = 1(гектар)1(адам)/1,25(га/сағат)=0,8адам-сағат/га- ға тең.

Мысал: Дән тозалау агрегатының жұмыс өнімділігі 30 т/сағат. Агрегатқа 2 адамқызмет көрсетеді. Дақыл түсімі – 35 ц/га=3,5 т/га болғанда, еңбек шығыны төмендегідей анықталады:

Мс =2(адам)3,5(т/га)/30(т/сағат)= 0,23 адам-сағат/га.

Мысал:Көлік (транспорт) агрегатының 5км қашықтыққа тыңайтқыш тасудағы жұмыс өнімділігі-32ткм/сағат. Агрегатқа 1адам (тракторшы) қызмет көрсетеді. 1га алқапқа жұмсалатын тыңайтқыш мөлшері-200 кг.

Демек, 1га алқапқа жұмсалатын еңбек шығыны:

Мс =1(адам)5(км)0,2(т/га)/32(ткм/сағат)= 0,03 адам-сағат/га.

Соңғы жылдарда ауыл шаруашылығында Агроөнеркәсіп кешені кәсіпорындары және агроқұрылымдарының техникалық қамтамасыз ету дәрежесі өте төмендеп кетті. Ауыл шаруашылығы өнім өндірісі саласында экстенсивтік технологияларды қолдану нәтижесінде қол күшімен орындалатын жұмыстар,әсіресе өнім жинау агрошаралары: мақта жинау бақша өнімін жинау жұмыстарында еңбек шығыны тым көбейіп отыр. Осыған байланысты еңбек шығынын және жалақы мөлшерін есептеулерде жаңа техника мен технологияларды пайдалануға негізделген оңтайландырылған технологиялық процесстерді қарастыру қажет. Бұл ерекшеліктер еңбек шығыны нормативтерін анықтауда анықталған адам-сағат көрсеткіштері технологиялық операцияларды механикаландырылған және қол күші әдісімен орындалатын еңбек шығындарының қосындысынан келіп шығады. Бұл нормативтерді Қазақ экономика және АӨК ұйымдастыру бойынша ғылыми – зерттеу институты ғалымдары тарапынан анықталған топтама-анықтағыштардан қарастырамыз.

2012 жылға дейінгі механикаландырылған және басқа жұмыстарына ставкалардың өсу коэффициенттеріне сәйкес еңбек ақы есептеулерде орташа еңбекақы төлеу минимиалдық айлық жалақы мөлшері көрсеткішін 19900теңге деп қабылдап есептелінеді (өзгеріп отыратын көрсеткіш саналады). Мысал үшін технологиялық жұмыс түріне қарай өсімдік шаруашылығы өнім өндірісінде тракторист-машинист үшін ставкалардың өсу коэффициенттері – 2, қол күшімен орындалатын жұмысқа-1,4. Тракторист-машинистің айлық жалқы мөлшері – 39980тенге (19900х2), басқа өсімдік шаруашылығы жұмысшылары үшін 27800тенге (19900х1,4).

Есептеулерге негізделіп механикаландырылған жұмыстар үшін тарифтік ставка 1592тенге (39800: 25). Са5атты0 тарифставкасы – 227тенге (1592:7); сағаттық тариф қоса есептеулермен(әлеуметтік салық, әлеуметтік қамсыздандыруды қоса есептегенде -295тенге. Басқа жұмыстар үшін 1114тенге(27860:25күн) белгіленген қоса есептеулермен 207тенге

Соседние файлы в папке ТЕСТ МА#U049aТА 2014