Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЛЕКЦИЯ 1-15_каз_ВИЭ_2014.doc
Скачиваний:
284
Добавлен:
08.04.2015
Размер:
6.41 Mб
Скачать

Бақылау сұрақтары:

  1. Күн радиациясының спектрлік бөлінуі.

  2. Қара денеден таралатын энергияның толық шамасын анықтау.

  3. Квант заңдылығына негізделген абсолюттік қара денеден тарайтын энергияның есептеу.

  4. Вин және М.Планк заңы.

  5. Күн сәулесінің атмосферада жұтылуы және оған байланысты әрекеттесуі.

  6. Жердің магнитосферасы.

  7. Күн желінің Жердің магниттік өрісіне әсер етуінен қалыптасатын ғарыштық кеңістіктегі жағдайлар.

  8. Тікелей күн сәулелерінің атмосфера арқылы жүріп өткен қашықтығын анықтау. Оптикалық масса.

  9. Жылыжайлық әсері және ұзын толқынды сәулелену

  10. Күн радиациясының түрлері және оны өлшейтін аспаптар.

  11. Савинов-Янишевский актинометрі АТ-50 жұмыс істеу тәртібі.

  12. Янишевскидің термоэлектрлік пиранометрі жұмыс істеу тәртібі.

  13. Жылжымалы альбедометр. Янишевскидің термоэлектрлік балансомері.

4-ДӘРІС

Тақырып : Жер және Күн геометриясы. Аспан сферасындағы негізгі нүктелер және шеңберлер»

Жоспар:

Жер және Күн геометриясы.

Күннің балама орны.

Күннің көрінетін тәуліктік және жылдық қозғалысы

Аспан сферадағы негізгі нүктелер және шеңберлер

Күннің аспан бойымен тәуліктік қозғалысы Жердің өз осінен айналуынан болады. Сонымен күннің тәуліктік қозғалысымен қоса аспан сферасында тағы бір көрінетін қозғалыс түрі бар, ол жердің күнді эллипстік траекториямен айналуы. Жердің өз орбитасымен бір айналып шығуына кеткен уақыт, бір жылға тең.

Осы қозғалыс салдарынан күннің көрінетін қозғалысы аспан сферасында үлкен шеңберді эклиптика деп аталады [2,9,19,25].

5.1-суретте аспан сферадағы негізгі нүктелер және шеңберлер көрсетілген.

5.1-сурет. Аспан сферадағы негізгі нүктелер және шеңберлер

Аспан сферасы – бұл өз бетінше қиялдағы сферасы. Оның центрі шешілетін тапсырмаға байланысты кеңістіктің қандай да бір нүктесімен бірлеседі. Тік сызық аспан сферасының бетін екі нүктеде кесіп өтеді: жоғары Z зенитте және төменгі Z' надирде.

Математикалық көкжиек – аспан сферадағы үлкен шеңбер, оның жазықтықтығы тік сызыққа перпендикуляр. Математикалық көкжиектің N нүктесі солтүстік нүкте, S нүктесі – оңтүстік нүкте деп аталады. NS сызығы – жарты күндік сызық деп аталады.

Аспан экваторы – әлем осіне перпендикуляр үлкен шеңберді атайды. Аспан экваторы математикалық көкжиекпен шығыс E және батыс W нүктелерінде қиылысады.

Аспан меридианы аспан сферасының үлкен шеңбері, ол Z зенитінен, Р әлем полюсінен, Р' әлемнің оңтүстік полюсінен, Z' надирден өтеді. Әлем осі аспан сферасының Р және Р' нүктелерінде – әлем полюсінде қиылысады.

Эклиптика (гректің ekleipsis – тұтылу), астрономияда – аспан сферасындағы үлкен шеңбер, күн қозғалысының жылдық траекториясы көктемгі және күзгі күн мен түннің теңелуі нүктелерінде аспан экватормен 23°27’ бұрыш астында қиылысады. Эклиптиканы бойлай зодиак шоқжұлдыздарды орналасқан. Былай айтқанда, эклиптика жоқ, ол абстрактілі ұғым.

Жер орбитасының радиусы шамамен 1,5∙108 км-ге тең, оны астрономиялық бірлік ретінде қабылдаған (а.е.) жылына осы мәннен максимал ауытқуы 1,5%-тен аспайды [19,15,24,25].

Жер, өз орбитасымен қозғала, әлем кеңістігінде өз осін айналу бойынша өзгермес теңдігін сақтайды.

Күннің көрінетін тәуліктік және жылдық қозғалысы

Жердің айналу осінің Жер орбитасы жазықтығына көлбеу бұрышы 66°33' тең, демек, жер орбитасының жазықтығымен жер экваторының жазықтығының арасындағы бұрыш 23°27' тең.

5.2-сурет. Жердің айналу осінің Жер орбитасы жазықтығына көлбей айналу бұрышы

Мысалы, Cолтүстік жартышарда ең үлкен күн ұзақтығы жазғы күн тоқырау мезгілінде 22-маусымға тура келеді, Жер осі Күн жағына солтүстік жағымен еңкейгенде және сәйкесінше ең қысқа күн (немесе ең ұзақ түн) қысқы күн тоқырау мезгілінде 22 желтоқсанда, ось қарама-қарсы жаққа тұрғанда түседі.

Жердің Күнмен салыстырмалы тағы екі мінездемесі бар. Ол күн мен түннің ұзақтылығының теңелу мезгілі бұл жердің айналу осі Жер мен Күннің центрлерін қосатын сызыққа перпендикуляр болғанда байқалады, ол жыл мезгілінің 21 наурызы мен 23 қыркүйекгінде теңеседі.

Жер өз оссін 23 сағ. 56 мин. 4 с. бір айналып шығады. Бұл уақыт аралығы жұлдыздық тәулік деп аталады.

Біз күнделікті өмірде есеп жүргізіп жүрген уақыттар, тәуліктер, негізінен орташа деп аталады. Оларда 24 сағат бар, онда тек қана Жердің өз осінен айналуы емес, сонымен қатар оның күнді айнала қозғалысына (айналуы) .тәуелді [9,19,41,44].

5.4-сурет. Жердің Күнді айналу траекториясы

Жердің күнді бір айналып шығуы 365 күн 6 сағ 9 мин тең. Бұл аралық жұлдыздық жыл деп аталады .

Жердің күнді айналу (жер орбитасы) қозғалысындағы траекториясы шеңберге жақын, бірақ сәл керілген ол эллипске ұқсас келеді. Күн орны оның орбитасының центрінде емес, фокустарының бірінде орналасқан. Сондықтан жыл бойы күннің жерге дейінгі арақашықтығы оқтын-оқтын өзгереді: 147,1 млн. км-ден (қаңтар басында) 152,1 млн. км-ге (шілде басында) көрсетілген аралықтар арасында. Жер орбитасының үлкен жарты осі Жерден Күнге дейінгі орташа арақашықпен анықталады. Ол шамамен 150 млн. км-ге (149,6 млн. км) тең.

Орбита фокусы оның центрінен 2,5 млн. км қашықтықта жатыр. Жер орбитасының күнге ең жақын нүктесі перигелий, ал ең алысы – афелий деп аталады.