Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мойынм ауданы.docx
Скачиваний:
25
Добавлен:
08.04.2015
Размер:
45.28 Кб
Скачать

Аудан еңбеккерлері халық шаруашылығын қалпына келтіру,

1946-1953 Жылдары

 

Төрт жылға созылған сұрапыл соғыс халық  шаруашылығына орасын зиян келтірді. Соғыс зардабын жою үшін бүкіл совет халқы сияқты Көктерек ауданының еңбеккерлерің де өндірістік майданға шықты. Қоғамдық мал басын арттыру, егістік жер көлемін көбейту сияқты күрделі істер атқарыла бастады. Фурмановка селосындағы үш колхоздың бірі Чапаев атындағы колхозда 1946-1951 жылдары  И.В.Похаленко, 1951-1953 жылдары арасында Федор Радай колхоз басқармасының председателі болып істеді. Бұл уақыт ішінде колхоз шаруашылығы соғыс қарсаңындағы экономикалық дәрежесіне жетіп одан да асып кетті. Осы селодағы «Семейсозақ» және «Фрунзе» атындағы колхоздардың өндірістік табысы аз болған жоқ. «Бірлік» колхозында да осындай өрлеу туғызуда көптеген жұмыстар атқарылды.

          «Айдарлы», «Амангелді» атындағы т.б. колхоздардың қайсысы болмасын 1946 жылдан бастап бесжылдықтың жоспарларын орындауға атсалысып, көптеген игілікті істер жүргізілді.

          1896 жылы қазіргі Жамбыл атындағы совхоздың территориясында Жазылбек Қуанышбаев 1930 жылдан бастап алғашқы құрылған «Кеңес» мал серіктерінде, 1956 жылы «Көктерек», кейіннен «Айдарлы» совхозында үнемі шопан болып істеді. 1936 жылы Ж.Қуанышбаевты «Кеңес» колхозы қатарындағы малшы ретінде Алматыда алғашқы рет ашылған Қазақстан ауыл шаруашылығы көрмесіне жіберді. Осы сапардан оралысымен аға шопан мал тұқымын асылдандыру ісімен шындап айналысы бастады. Ж.Қуанышбаевтың жергілікті қылшықты жүнді қоймен будандастыру (шағылыстыру) ісі жүргізілді. Бірақ 1941 жылға соғыс бұл істі жүргізуге мүмкіндік берген жоқ. Бұл отардағы әр жүз саулықтан Ж.Қуанышбаев 1947 жылы 130-дан қозы алды. Оның осы еңбегін үкімет пен партия зор бағалап, Ж.Қуанышбаевқа 1948 жылы Социалистік Еңбек Ері атағын берді.

           Даңқты шопан селекционерлік ісін одан әрі жүргізе берді, қаракөл елтірісінің сапасын арттыруда жақсы нәтиже берді. Оның отарынан алынған қаракөл елтірілері халықаралық  көрмелерге қойылып, Дели, Бухарест, Познань және Нью-Йорк қалаларындағы жәрмеңкелер мен аукциондарда жоғары бағаланды. 1958 жылы тәжірибелі аға шопан Ж.Қуанышбаев әр 100 саулықтан 145-тен қозы алып, әр қойдан 3,3 кг жүн қырықты. СССР  Жоғары Советі  Президиумы 1958 жылға 29 марттағы Қаулысымен Ж.Қуанышбаевты екінші рет «Орақ пен балға», Алтын Жұлдыз орденімен марапатталды. Социалистік Еңбек Ерінің еңбек еткен жерінде Бірлік селосында 1960 жылы шілдеде қола бюсті орнатылды.

         

                                            

 

 

 

 

 

 

Хоронимдер

 

Ақбақай кенттік аймақ әкімшілігі

Орталығы- Ақбақай кенті. Халық саны-1478 адам. Мойынқұм ауылынан солтүстікке қарай 270 шақырым жерде, Желтаудың оңтүстік-батыс беткейінде орналасқан. Қияқты теміржол станциясы 137 шақырым жерде орналасқан.

 

 

Ақсүйек кенттік аймақ әкімшілігі

Орталығы-Ақсүйек кенті. Халық саны-1416 адам. Мойынқұм ауылынан шығысқа қарай 220 шақырым жерде Ақсүйек өзені бойында орналасқан. Іргесі 1959 жылы уран кен орнын игеруге байланысты қаланған. Бурыл байтал теміржол станциясы-65 шақырым жерде орналасқан. Кентте орта мектеп, клуб, кітапхана, бала-бақша, фельдшерлік-акушерлік пункт т.б. мекемелер бар.

 

 

Биназар ауылдық аймақ әкімшілігі

Орталығы- Биназар. Халық саны-1340 адам. Мойынқұм ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 63 шақырым жерде орналасқан. 1957-1997 жылдар аралығында қаракөл қойын өсіретін «Көктерек» кеңшары ретінде қаланған. Оның негізінде Бірлікте шаруа қожалықтары мен бірнеше –өндірістік кооператив жұмыс істеген. Орта мектеп, саз мектебі, клуб, кітапхана, дәрігерлік амбулатория т.б. мекемелері бар. Бірлік ауылдық округінен Тараз-Қарағанды автомобиль жолы өтеді.

 

 

 

Бірлік ауылдық аймақ әкімшілігі

Орталығы-Бірлік. Халық саны-3154 адам. Мойынқұм ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 55 шақырым жерде орналасқан. 1957-1997 жылдар аралығында қаракөл қойын өсіретін «Коминтерн» кеңшары ретінде қаланған. Биназарда шаруа қожалықтары мен бірнеше өндірістік кооператив жұмыс істеген. Орта мектеп, клуб, кітапхана, дәрігерлік амбулатория т.б. мекемелері бар. Биназар ауылдық округінен Тараз-Қарағанды автомобиль жолы өтеді.

 

Жамбыл ауылдық аймақ  әкімшілігі

Орталығы-Жамбыл ауылы. Халық саны-1152 адам. Шу өзенінің оң жағалауында орналасқан. Іргесі 1957 жылдан Жамбыл атындағы қаракөл қойын өсіретін кеңшардың орталығы ретінде қаланған. Оның негізінде Жамбыл кеңшарында шаруа қожалықтары ұйымдастырылған. Ауылда орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдшерлік-акушерлік пункт т.б. мекемелер бар.

 

Кеңес ауылдық аймақ әкімшілігі

Орталығы-Кеңес ауылы. Халық саны-1984 адам. Мойынқұм ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 77 шақырым жерде орналасқан. Іргесі 1961 жылы «Айдарлы» қаракөл қойын өсіретін кеңшар ретінде қаланған. Оның негізінде Кеңес ауылдық округінде «Айдарлы» өндірістік кооперативі және бірнеше шаруа қожалықтары құрылған. Ауылда орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдшерлік-акушерлік пункт бар.

 

Қарабөгет  ауылдық аймақ әкімшілігі

Орталығы-Қарабөгет. Халық саны-1541 адам. Мойынқұм ауылынан батысқа қарай 77 шақырым жерде орналасқан. 1955-1997 жылдары Қарабөгет қаракөл қойын өсіретін кеңшардың орталығы болған. Ауылда орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдшерлік-акушерлік пункт бар.

 

Қызылтал ауылдық аймақ әкімшілігі

Орталығы-Қызылту. Халық саны-846 адам. Мойынқұм ауылынан шығысқа қарай 32 шақырым жерде орналасқан. 1957-1997 жылдары Амангелді-1 атындағы қаракөл қойын өсіретін кеңшардың орталығы болған. 1996 жылға дейін ауыл Амангелді-1 совхозы деп аталған. Кеңшар негізінде Қызылтуда 1997 жылдан шаруа қожалықтары құрылған. Ауылда орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдшерлік-акушерлік пункт бар.

 

Қызылотау ауылдық  аймақ  әкімшілігі

Орталығы-Қызылотау. Халық саны-574 адам. Мойынқұм ауылынан шығысқа қарай 18 шақырым жерде орналасқан. 1965-1997 жылдары Амангелді-2 атындағы қаракөл қойын өсіретін кеңшардың орталығы болған. 2004 жылға дейін ауыл Амангелді-2 совхозы  деп аталған. Кеңшар негізінде Қызылтуда. Ауылда орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдшерлік-акушерлік пункт бар.

 

Қылышбай ауылдық  аймақ  әкімшілігі

Орталығы-Қылышбай ауылы. Халық саны-967 адам. Мойынқұм ауылынан батысқа қарай 18 шақырым жерде  Шу өзенінің төменгі тарамдары жағалауында орналасқан. 1997 жылға дейін Карл Маркс ауылы деп аталып келген. 1969-1997 жылдар аралығында қаракөл қойын өсіретін Талдыөзек кеңшарының орталығы болып келген. Оның негізіндн Қылышбайда 1997 жылдан 30-дан астам шаруа қожалықтары құрылған. Ауылда орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдшерлік-акушерлік пункт бар.

 

Мирный кенттік аймақ  әкімшілігі

Орталығы-Мирный кенті. Халық саны-825 адам. Аудан орталығы Мойынқұм ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 142 шақырым жерде, Қарасай өзенінің салалары аралығында орналасқан. Кеңес үкіметі кезінде мұнда уран кені өндіріліп келген құпия қала болған. Мирныйда №21 геологиялық-барлау экспедициясы орналасқан. Кентте орта мектеп, мәдениет үйі, кітапхана, отбасылық  дәрігерлік-амбулатория бар.

 

Мойынқұм ауылдық аймақ әкімшілігі

Орталығы- Мойынқұм ауылы. Халық саны-7954 адам. Тараз қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 375 шақырым жерде, Шу өзенінің сол жағалауындағы бозжусан, баялыш, күйреуік т.б. шөл өсімдіктері өскен құмдақты, шалғынды-сұр топырақты шөлді белдемде орналасқан. 1997 жылға дейін Фурмановка селосы болған. 1957-1997 жылдары қаракөл қойын өсіретін Фурманов кеңшарының орталығы болып келген. Оның негізінде 1997 жылдан «Мойынқұм өндірістік кооперативі» және 23 шағын кәсіпорын, жүзден астам шаруа қожалықтары ұйымдастырылған. Ауылда 5 орта мектеп, спорт мектебі, бала-бақша мәдениет үйі, балалар мен жасөспірімдер орталығы, музей, 2 кітапхана, аудандық  аурухана, аудандық туберкулезге қарсы аурухана, оқу-ағарту, мәдени және денсаулық сақтау мекемелері бар.