Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мойынм ауданы.docx
Скачиваний:
25
Добавлен:
08.04.2015
Размер:
45.28 Кб
Скачать

Оронимдер және де жер атаулары. Ақбақай кенттік аймағы

 

                Ақбақай алтын кені Мойынқұм ауылынан солтүстік шығысқа қарай 60 шақырым жерде орналасқан. 1979 жылдан кейін Ақбақай, арқылы кеніштерінің негізінде комбинатқа айналған. 1994 жылы акционерлік қоғам болып қайта құрылған. Қоспа алтынмен құйма алтынның  доре балқымасын, күміс өндіреді. Өндірілетін алтынның орташа жылдық көлемі 2 тоннаға жуық. Ақбақай кен байыту комбинатының өнімдері  ҚР мемлекеттік сақтау мекемесіне тапсырылды.

        Байқара-Шу-Іле тауларының қиыр солтүстік-батысындағы тау, Мойынқұм ауданында орналасқан. Абсолюттік биіктігі 665 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 12 шақырым созылып жатыр, ені 6 шақырым. Көлбеу келген беткейі онша  тілімденбеген, етегінде ысырынды малтатастар көп.

        Андасай қорықшасы-Мойынқұм ауданының солтүстік бөлігінде, Бетпақдаланың оңтүстігінде орналасқан. Мойынқұм, Бетпақдала шөлдеріндегі Шу-Іле шөлейтіндегі арқар, таутеке, жабайы шошқа, ақбөкен, қарақұйрық, дуадақ, безгелдек, қырғауыл т.б. пайдалы аңдар мен құстарды және ойпаң дала көлдеріндегі балықтарды қорғау, көбейту мақсатымен 1966 жылы құрылған. Аумағы 1 млн. га. Қорықтада балық  пен бауырымен жорғалаушылардың 10-нан, құстардың 200-ден, сүтқоректілердің 40-тан астам түрлері (кірпікшешен, қоян, сарышұнақ, борсық, қасқыр, түлкі, елік т.б.) тіршілік етеді. Андасай – Оңтүстік Қазақстандағы ақбөкендердің қыстап шығатын қонысы болып есептеледі. Ондағы бірқатар аң-құстар (қарақұйрық, шұбар, күзен, қалбағай,арқар, аққу т.б.) мен өсімдіктер (Альберт жауқазыны, Бетпақдала сылдыршөбі) Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Қорықша аумағында аң-құстарды аулауға тиым салынған.

        Суықадыр-Шу-Іле тауларында, Желтау тауының қиыр солтүстік-батысындағы тау. Мойынқұм ауданының шығысында орналасқан. Абсолюттік биіктігі 599 м. Негізінен төменгі палеозойдың тақтатасы мен магналық жыныстардан түзілген. Беткейлері сай- жыралармен сәл ғана тілімделген. Баурайы мал жайылымына  пайдаланылады.

 

 

Ақсүйек кенттік аймағы

     Айтау  жотасы жатыр.

     Қошқарбай соры бар.

     Майжарылған тауы орналасқан.

 

Бірлік ауылдық аймағы

Сексеуілдідала – Бетпақдаланың оңтүстік-шығыс бөлігі. Мойынқұм ауданында оңтүстік- шығыстан (Бірлік ауылы маңынан) солтүстік –батысқа (Керегетас жолына дейін) қарай 110-120 шақырымға созылып жатыр, ені 20-30 шақырым.

                Жамбыл,  Шоғырлы,  Майжарылған, Хантау-Шу- Іле тауларының сілемдері бар.

 

Жамбыл ауылдық аймағы

Жамбыл – Шу-Іле тауларының солтүстік-батыс бөлігіндегі тау. Мойынқұм ауданының  жерінде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 972 м. Солтүстік-батыстан  оңтүстік-шығысқа қарай  40-45 шақырымға  созылған, ені 10-15 шақырым. Таудың жоғарғы жартасты бөлігінің түпкі жыныстары ашық жатыр, беткейлерінің барлығы дерлік тік құлама келген.

         Қозыбасы, Қозыбашы-тарихи дерек көздеріндегі Қазақ  мемлекеті құрылған аумақ. Этимологиялық  мағынасы қозының басындай ғана тау-төбелі жерлерді білдіреді. Жетісу өңірінде бірнеше Қозыбасы бар. Іле Алатауының солтүстік-батысында Қозыбасы аталатын жота бар. Мұхаммед Хайдар Дулатидың  «Тарихи Рашиди» кітабында  Қазақ  хандығының құрылған жері –Шу бойы мен Қозыбасыда деп айтылады. Қозыбасы аталатын шоқы Жамбыл ақын «Сұраншы батыр» дастанында жырлағандай Қордай асуында, Мойынқұм ауданындағы Хантау іргесінде және Іле Алатауының солтүстік –батысындағы Қозыбасы деген шоқыда кездеседі. «Манас» эпосында айтылғандай Шу өзенінің бас жағында да (Қырғызстан жерінде) бар. Төрт Қозыбасы да Шу атырабымен іргелес жатыр. Шу бойы мен Қозыбасы тауы- географиялық  тұрғыдан алғанда 14-15 ғасырдың басында өмір сүрген. Монғолстан мемлекетінің батыс бөлігіндегі өңір.