Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мойынм ауданы.docx
Скачиваний:
25
Добавлен:
08.04.2015
Размер:
45.28 Кб
Скачать

Мыңарал кенттік аймақ әкімшілігі

Орталығы-Мыңарал кенті. Халық саны-1474 адам. Мойынқұм ауылынан солтүстік-батысқа қарай 245 шақырым жерде, Балқаш көлінің оңтүстік-батыс жағалауында орналасқан. Кентте балық аулаумен айналысатын кәсіпорын бар. Кенттен 10 шақырым батыста Мыңарал теміржол станциясы орналасқан. Орта мектеп, кітапхана, фельдшерлік пункт бар.

 

 

Ұланбел ауылдық аймақ  әкімшілігі

Орталығы-Ұланбел. Халық саны-1414 адам. Мойынқұм ауылынан батысқа қарай 175 шақырым жерде Шу өзенінің төменгі сол жағалаулық аңғарында орналасқан. 1950-1997 жылдары асыл тұқымды қаракөл қойын өсіретін Шу кеңшарының орталығы болып келген. Оның негізінде 1997 жылдан шаруа қожалықтары құрылған. Ауылда орта мектеп, мәдениет үйі, кітапхана, отбасылық-дәрігерлік амбулатория т.б. мекеме бар.

 

Хантау кенттік аймақ  әкімшілігі

Орталығы-Хантау кенті. Халық саны-980 адам. Мойынқұм ауылынан шығысқа қарай 90 шақырым жерде, Хантау тауының оңтүстік-шығысында орналасқан. Іргесі 1951 жылы қаланған. Хантау кентінде мемлекеттік  маңызы бар кен басқармасы орналасқан. Орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдшерлік-акушерлік пункт т.б. мекемелер бар.

 

Шығанақ кенттік аймақ әкімшілігі

Орталығы-Шығанақ кенті. Халық саны-2423 адам. Мойынқұм ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 195 шақырым жерде, Балқаш көлінің оңтүстік-батыс жағалауында орналасқан. Іргесі  1954 жылы қаланған. Кентте балық аулаумен айналысатын бірнеше шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Орта мектеп, клуб, кітапхана, отбасылық-дәрігерлік амбулатория т.б. мекемелері бар.

 

ОЙКОНИМДЕР

 

            Ақбақай кенті- сәйгүліктің атымен аталған осы аттас кенттік округ орталығы атақты алтын кен орны.

            Ақсүйек кенті-(түз жануары өлген құландардың сүйектері аппақ болып жатқандықтан қойылған атау) осы аттас кенттік округ орталығы.

            Биназар ауылы- батыр бабаның атымен аталған ауыл, осы аттас ауылдық округ орталығы.

            Бірлік ауылы- «бірлесіп еңбек ету» сөзінен шыққан атау  «Бірлікте, ынтымақтастықта болайық» және халықтың «Бірлік бар жерде, тірлік бар» деген мәтеліне сай мағынаны білдіреді, ауылдық округ орталығы.

            Бурылбайтал- «бұл жерде бурыл байталға байланысты оқиға болғанын» білдірумен байланысты аталған. Шығанақ кенттік округындағы елді мекен. Ауыл орталығынан 35 шақырым жерде шығыс жағында орналасқан елді мекен. Теміржол станциясы Шығанақ  кенттік округі құрамында. Мойынқұм ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 112 шақырым жерде орналасқан. Іргесі 1950 жылы Мойынты-Шу теміржол салу кезінде қаланған. Станцияда орталау мектеп, фельдшерлік пункт бар. Тұрғыны 175 адам.

            Жамбыл ауылы-атақты жыр Гомері  Жамбыл баба атымен аталған ауыл, ауылдық  округ орталығы.

             Кіші Қамқалы ауылы-Ұланбел ауылдық округке қарасты ауыл-жері шұрайлы, «қамқа» сияқты құлпырып жатқандықтан қойылған («Қамқалы келіннің атымен қойылған»-деген екінші нұсқасы бар) атау.

             Кеңес ауылы-Кеңестік кезеңнен қалған атау, ауылдық округ орталығы.

             Қарабөгет ауылы-ауыл маңындағы судың алдын бөгеген топырақтың түсіне байланысты қойылған атау, ауылдық округ орталығы.

             Қылышбай ауылы- Қылышбай ақын-бұрынғы К.Маркс селосы өзгертіліп, ауыл тұрғындарының ұсынысына орай Қылышбай ақынды есте қалдыру мақсатында қойылған атау.

             Қызылотау ауылы- бұрынғы Амангелді ауылы тұрғындарының ұсынысына орай Қызылотау ауылы болып өзгертілген.

             Қызылту ауылы-Кеңестік кезеңнен қалған атау, Қызылтал ауылдық округінің  орталығы.

             Қашқантеңіз-мағынасы: «суы азайған, тартылған көл». Ал Қашқантеңіз аулының тұрғындары Балқаш көлінің суы азайып, жағадан алыстап, судың бір бөлігінің бөлініп кеткендігінен бұл жер осылай деп аталған. Мыңарал кенттік округындағы елді мекен.

             Ауыл орталығынан 12 шақырым жерде шығыс жағында орналасқан елді мекен. Іргесі 1999 жылы Мойынты-Шу темір жол желісінің салынуына байланысты қаланған. Мектеп, фельдшерлік пункт бар. Тұрғыны 170 адам.

             Құмөзек- атаудың мағынасы «өзектің жағалауы, не болмаса табаны майда құм, қайраң» болып келгендіктен аталса керек. Қарабөгет ауылдық  округындағы елді мекен. Ауыл орталығынан 18 шақырым жерде орналасқан. Мектеп, фелдьшерлік пункт, клуб, пошта байланысы бар. Тұрғыны 727 адам.

             Қияқты стансасы-мағынасы: «сабағы үш қырлы, жапырағы таспа пішінді көп жылдық шөптесін өсімдіктің» бұл маңда көп өсетінін білдіреді.

             Мойынқұм ауылы- бұрынғы Фурмановка селосы өзгертіліп, ауыл тұрғындарының ұсынысына орай Мойынқұм ауылы аталған. Мойынқұм аумағы солтүстік Бетпақдалада, Сексеуілдала сияқты құмдармен, ал оңтүстіктегі толып жатқан өзендермен өрнектелген жазиралы дала, одан әрі Алатаудың арасында мойынға ұқсас, созылып жатыр.

             Мирный кенті-кен өндіру мақсатында көп қоныстанған өзге ұлт өкілдерінен тұратын Кеңес кезінде аталған елді мекен.

             Мыңарал кенті-Балқаш көлінің маңында аралдар көп болғандықтан қойылған.

             Назарбеков-Қызылтал ауылдық округындағы елді мекен. Ауыл орталығынан 8 шақырым жерде орналасқан. Мектеп, фелдьшерлік пункт, клуб, пошта байланысы бар. Тұрғыны 425 адам.

              Сарыөзек- «өзектің топырағы, немесе құмы сары болып жатқандықтан» қойылған атау. Қарабөгет ауылдық округындағы елді мекен. Ауыл орталығынан 17 шақырым жерде орналасқан. Мектеп, клуб, пошта байланысы бар. Тұрғыны 357 адам.

               Ұланбел ауылы –«моңғолдың Қызыл бел» мәнінде қойылған атау. Тастары қызыл болып келеді, ауылдық округ орталығы.

               Шығанақ кенті-мағынасы: «судың жерге еніп, үш жағын жер қоршап, сиыр емшектеніп еніп тұрған жерін «шығанақ» деп атайды.

               Хантау кенті- «Хан  тау» мұндай атау бекерден-бекер айтылмайды. Ханның ордасы тігілген, туы көтерілген жер болған соң айтылады. Ол таудың басында немесе баурайында халық  Жәнібек пен Керей сұлтанды ақ киізге орап хан көтермей тұрғанда, ол таудың аты Қозыбасы болған.

              Хан тауының басы шынында да қозының басына ұқсайды.  Хан тауының үш биігі бар, ең биік шоқысы- Сұңқар, екіншісі- Көкшоқы, үшіншісі- Қызылшоқы. Сұңқар тура қошқар болатын қозының дөң маңдайы, ал Шуға қарай біртіндеп аласарып барып, көкжиекке бататын жотасы тура қозының тұмсығына ұқсаса, Сұңқар шоқысының ту сыртында тұрған Көкшоқы мен Қызылшоқы қозының екі құлағына ұқсайды. «Хан  тауының» далалық бетіне жақын орналасқан «Ханның үлкен тағы», «Кіші тағы», «Ханның оры», «Ханның қорасы», «Ханның жолы», «Ханның өзені»-деген атаулар бар.

              Хантау  стансасы- атауы-Хантау кентіндегіге ұқсас атау.