Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мойынм ауданы.docx
Скачиваний:
25
Добавлен:
08.04.2015
Размер:
45.28 Кб
Скачать

Гидронимдер Ақсүйек кенттік аймағы

 

                Ақсүйек- өзен Ұзындығы 70 шақырым, су жиналатын алабының аумағы 621 км.кв. Шу-Іле су айрығындағы Айтау жотасынан басталып, Қошқарбай сорына жетпей сіңіп кетеді.

                Қарасай- Мойынқұм ауданының өзен, Іле алабында. Ұзындығы 80 шақырым, су жиналатын алабы 1960 кв.км. Майжарылған тауының солтүстік-шығыс беткейінен басталып, Балқаш көліне 7-8 шақырым жетпей тартылып қалады.

 

Бірлік ауылдық аймағы

                Шығысында Шу өзенінің аңғарымен шектеседі. Мал жайылымына қолайлы жер.

 

Мыңарал кенттік аймағы.

                Балқаш-Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы тұйық көл. Аумағы жөнінен Каспий, Арал теңіздерінен кейін 3-ші орында. Алматы, Жамбыл (Мойынқұм ауданы), Қарағанды облыстарының шегінде, Балқаш-Алакөл ойысында, теңіз деңгейінен 340 м. биіктікте жатыр. Суының көлемі шамамен 100-110 км.куб. Су жиналатын алабы 600 мың кв.км-ге жуық. Басты айлақтары: Балқаш, Бурылбайтал, Бөрлітөбе. Көл суы жағалауындағы өнеркәсіп орындары (Балқаш кен металлургия комбинаты т.б.) мен елді мекендер қажетіне пайдаланады. Жылы мезгілде су көлігі қатынайды.

                Қашқантеңіз-Мойынқұм ауданындағы тұйық көл. Балқаш көлінің батыс жағында Қашқантеңіз шығанағымен қосылып жатыр. Ауданы 18,5 км.кв. (Жауын-шашынға байланысты өзгеріп отырады.). Ұзындығы 22,5 шақырым. Ені 4,3 шақырым, тереңдігі 1,4 м.

                Солтүстік-шығыстан соққан күшті желдің әсерінен тасқын айдаған Балқаш суы кейде Қашқантеңіз көліне құяды. Суы тұзды. Жағалауы сортаң, батпақты.

 

Хантау кенттік аймағы.

 

                Сұңқар тауының баурайынан бірнеше өзендер (ұзындығы 15-25 шақырым) бастау алады. Олардың ең ірісі Сарыбұлақ өзені.

                Хантаудың беткейлері өзен аңғарларымен, сай-жыралармен қатты тілімделген. Ақсүйек, Үлкен жиделі т.б. өзендер бастау алады.

                Шажағай-Шу алабында, Мойынқұм ауданындағы өзен, құрғақ арна. Ұзындығы 129 шақырым, су жиналатын алабы 2110 км.кв. Желтау тауынан басталып, Елшібай тауынан оңтүстікте  3,8 шақырым жерде тартылып қалады. Қар суымен толығады.

 

Мойынқұм ауылдық аймағы.

 

                Шу- Қазақстан мен Қырғызстан жерінде, облыстың Қордай, Шу, Мойынқұм, Сарысу аудандары жерімен ағып өтетін өзен. Қазақстан аумағындағы ұзындығы 800 шақырым, су жиналатын алабы 62,5 мың км.кв. Теріскей Алатауы мен Қырғыз Алатауындағы мұздықтардан басталатын. Жуанарық, Қошқар өзендерінің қосылуынан қалыптасады. Қорағаты, Меркі, Ақсу т.б. Бетпақдала арқылы ағады. Егіндік пен жайылымды суару және суландыруға Шу өзенінің суының 55% жұмсалады. Өзен бойындағы ірі елді мекендер: Шу, Бірлік, Төле би және Мойынқұм.

                Суықадыр-Шу-Іле тауларында, Желтау тауының қиыр солтүстік-батысындағы тау. Беткейлері сай-жыралармен сәл ғана тілімделген. Баурайы мал жайылымына пайдаланылады.

 

 

Ұланбел ауылдық аймағы.

 

                Батысында Сарысу өзенінің төменгі ағысымен, шығысында Балқаш көлімен, оңтүстігінде Шу өзенінің аңғарымен, солтүстігінде Сарыарқамен шектеседі. Бетпақдала-көктемгі және күзгі мал жайылымы.

                Ақбастау-Бетпақдаланың оңтүстігіндегі оқшау тау беткейінен бастау алған бұлақ. Жыл бойы мал жайылымына пайдаланады.