Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Касиби билет .docx
Скачиваний:
44
Добавлен:
08.04.2015
Размер:
130.88 Кб
Скачать

9.«Мереке» тақырыбына қатысты сөздерді көрсетіңіз.

А).сыйлық, құттықтау;

Ә). жолдас, дос;

Б). аға, іні;

В).аңшы, құрылысшы

Г).жатыс, барыс;

10.Берілген мақал қай тақырыпқа жазылғанын көрсетіңіз.

«Жарлыболсаң да, арлы бол» дегенмақал қайтақырыпқа жазылғанын

көрсетіңіз.

А).намыс;

Ә). достық;

Б).туыстық;

В).адамгершілік;

Г).еңбек.

Блок 2.Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойыңыз.

........................... – мемлекет және қорғаныс қажеттерiне арналған арнаулы жүктердi тасымалдау; вагон – жолаушылар немесе почта-багаж поезында тасымалдауға қабылданған, салмағы екi жүз килограмнан аспайтын мүлiк; вагон – темiр жолдармен тасымалдауға арналған өздiгiнен жүрмейтiн тiркемелi көлiк құралы; жолаушы – жол жүру құжаты (билетi) бар және поезбен жол жүретiн жеке тұлға; пойыз – жинақталған және тіркелген вагондар құрамы. Мақсаттық ................ қауіпті жұмыс істер алдында жүргізеді. Теміржол көлігінде поыйыздар жұмысын ұйымдастырудың негізі - ………….. Барлық өндіріс өнімдері, азық- түліктер көлікке түскеннен бастап жүк деп саналады.

Блок 3. Паровоз туралы айтып беріңіз.

Паровоз- отын жағу арқылы будын қуатымен жұмыс істейтін локомотивтің ең алғашқы түрі.паровоз бу қазаны, бу машинасы және экипаж отыратын бөліктерден тұрады. Әлемде тұңғыш паровоз 1803 ж.(Р.Треветик) және 1814 ж. (Д.Стефенсон) Англияда пайда болған. 1833 ж.Ресей жерінде алғашқы паровозды әкелі-балалы Е.А және М .Е. черепановтар нижний тагильдегі демидов зауытында жасады .1835 жылы Черепановтар 17 тоннаға дейін жүк тарта алатын одан гөрі , қуатты паровоз жасады . \ал 1837 жылдығ аяғына таман Черепановтар паровоздары петербургтен Царское селоға дейін бұдан сон Павловскіге дейінгі аралықта , біраз уақыт өткеннен кейін петербургкке дейінгі аралықтада қатынап жүрді 1839 жылы ресейде александров зауытында да паравоз шығарыла бастады .1846 жылы жолаушы және тауар таситын паравоздар шығарылатын болды паравоз жасау өндірісі 110 жыл бойы жұмыс жасап келді.

ҚазККА

«Тілдер » кафедрасы

Емтихан билеті № 19

Пән:Кәсіби қазақ тілі

Бекітемін:

кафедра меңгерушісі

Жардамалиева Ж.Б.

________________________

«____»_________ 2013ж

Хаттама № _______

Блок 1. Мәтін бойынша тесттерге жауап беріңіз.

1. М. Тынышбаев қай жылдардан бастап Кеңес үкіметінің жағына шықты?

A) 1911 ж.;

Ә) 1917 ж.;

Б) 1920 ж.;?????????

В) 1937 ж.;

Г) 1941 ж.

2. Қай жылдардан бастап Қазақ педагогикалық институтында жұмыс істеді?

A) 1920 ж.;

Ә) 1921 ж.;

Б) 1922 ж.;

В) 1924 ж.;

Г) 1925 ж.

3. М. Тынышбаев қай жылдан бастап Түркістан-Сібір теміржолын салуға қатысты?

A) 1926 ж.;

Ә) 1927 ж.;

Б) 1930 ж.;

В) 1932 ж.;

Г) 1937 ж.

4. М. Тынышбаев кімнің қолдауымен Түркістан-Сібір теміржолын салуға қатысты?

A) Ә. Бөкейханов;

Ә) М. Шоқай;

Б) Т. Рысқұлов;

В) М. Жұмабаев;

Г) А. Байтұрсынов.

5. Қай жылдары М. Тынышбаев ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып, қазақ шежіресін жазды?

A) 1920 ж.;

Ә) 1921 ж.;????????

Б) 1922 ж.;

В) 1924 ж.;

Г) 1925 ж.

6 . Жезқазғанда қандай кен орыны бар екенін көрсетіңіз.

А). мыс;

Ә). темір;

Б). қара көмір;

В). қорғасын;

Г). вольфрам;

7. Ат сөзі қай жерде табыс септігінде тұрғанын көрсетіңіз.

А).Атты отқа қойды;??????

Ә).Салт атты кісілер;

Б).Таң атты;

В).Насыбай атты;

Г).Үй төбесінен атты.

8.Берілген сөздердің қай септікте тұрғанын көрсетіңіз.

Алтынмен апталып, күмісен қапталған.

А).Көмектес;

Ә).Ілік;

Б).Барыс;

В).Табыс;

Г).Жатыс.

9. Қазақ тілінде неше септік бар екенін көрсетіңіз.

А). 7;

Ә). 4;

Б). 3

В). 5;

Г). 9

10. Асты сызылған сөздер қай септікте тұрғанын көрсетіңіз.

Қазақстанда уранның, көмірдің, мұнайдың мол қоры бар.

А).Ілік;

Ә).Барыс;

Б). Шығыс;

В). Көмектес;

Г). Жатыс

Блок 2. Көп нүктенің орнына септеулік шылауларды қойыңыз.

1/ Транссібір темір жолы Қазақстан жері арқылы өтеді. 2/ Жүк пен жолаушыларды тасымалдау үшін жаңа жол қажет болды. 3/ Осы жол арқылы Ресейге мақта, жеміс-жидек, ауыл шаруашылығы өнімдері жөнелтіледі. 4/ Қозғалысты ұйымдастыруда айтарлықтай құрылымдық өзгерістер болды кейін шикізат жүктерінің тасымалдары қысқартылды. 5/. Бұл оңайға түскен, әрі түрксібшілер барлық қиындықтарды жеңіп отырды.

Блок 3. Қазақстанның теміржол тарихы туралы айтып беріңіз.

Темір жол — рельстермен жүретін жүктерді және жолаушыларды тасымалдайтын бір түрі. Темір жолдың дәлме-дәл мәні — жер бетіндегі рельстермен жабдықталған қатынас жолдары, және жөніндегі құрылыстары.

Қазақстан жеріндегі тұңғыш теміржол магистралі 1894 жылдың 25 қазанында Покров слободасы (бүгінде РФ Саратов облысындағы Энгельс қ.) - Орал тар табанды темір жол телімінің құрылысы аяқталғаннан кейін ашылды. Осы жолдың 130 шақырымы қазіргі Қазақстан жері арқылы өткен

Арада 4 жыл өткеннен кейін Урбах-Астрахан тар табанды темір жол іске қосылды. Мұның да 77 шақырымы қазақ даласын басып өтті.

1901-1906 жылдары Қазақстан жерінің 1660 шақырымдық аумағын алған, Орта Азия мен Ресейдің орталығын қосатын, Орынбор-Ташкент темір жолы салынды.

1914-1917 жылдары болашақ Түрксібтің бір бөлігі Жетісу жолының Арыс-Пішпек телімі салынды.

1915 жылы Челябинскі-Троицкі-Қостанай (Қазақстан арқылы 166 км.) магистралі салынды.

1915-1917 жылдары соғылған Алтай темір жолының (Новосибирск-Семей) 122 шақырымы Қазақстан жері арқылы өтті. Бұдан басқа 1918 жылға дейін 117 шақырымдық Екібастұз-Ермак тар табанды темір жолы жұмыс істеп тұрды. 1918 жылға қарай Қазақстан аумағындағы шойын жолдың жалпы ұзындығы 2,6 мың шақырымға жетті.

Кеңес заманының алғашқы темір жолы 1920-1922 жылдары салынған Петропавл-Көкшетау телімі болды. Қазақстанның түкпірдегі аймақтарын дамыту және астықты шығару қажеттілігіне байланысты 1926-1931 жылдары Бурабай-Курорты және Ақмола стансалары арқылы Қарағандыға дейін жалпы ұзындығы 700 шақырымнан асатын жол салынды. 1924 жылы Құлынды-Павлодар теміржол желісі құрылды. Ембідегі мұнай кәсіпшілігінің дамуына 1926 жылдан басталған Гурьев-Доссор тар табанды жолы ықпал етті.

1927-1930 жылдар аралығында салынған ұзындығы 1444 км Түркістан-Сібір (Түрксіб) магистралінің аяқталуы заманалық оқиға болды. Ол Қазақстанды Сібірмен байланыстырып, республиканың экономикалық дамуына және шөлді жерлердің игерілуіне әсер етті.

1939-1943 жылдары салынған Ақмола-Қарталы желісі Қарағандының көмірін Оңтүстік Оралға жеткізуді қамтамасыз еткен маңызды нысан болып табылады. Сол жылдары Көксу-Текелі-Талдықорған және Атасу-Қаражал телімдері іске қосылды. Қазақстандық шойын жолдың ұзындығы 10 мың шақырымға жеткізілді. Ұлы Отан соғысы кезінде теміржолдың бойында жол шаруашылығын және жылжымалы құрамды жөндеу жөніндегі өндірістік база құрылды.

1950 жылдардың ортасында Қытай Халық Республикасына қатынайтын теміржолдың дамуына үлкен назар аударылды.

1956-1960 жылдары Қазақстан әрі Қытай жақтан екі елдің темір жолын қосатын магистральдың құрылысы жүргізілді.

1959 жылы Ақтоғай-Достық телімі салынды.

1950 жылға қарай салынған Мойынты-Шу (440 км) жол телімі соғыстан кейінгі жылдардың өзекті оқиғасы болды. Осылай Транссібір магистралі Түркістан-Сібір жолымен бірігіп, еліміздің барлық жерінен өтетін Петропавл-Көкшетау-Ақмола-Қарағанды-Шу трансқазақстандық темір жолдың меридианды желісін құрайды.

Ал 1953 жылы Оңтүстік-Сібір магистралінің негізгі буынының бірі Ақмола (Астана)-Павлодар (546 км) жолы салынды. Оның іске қосылуы Екібастұз көмір бассейнінің және осы жерге жақын аймақтардың тез дамуына жағдайлар жасады. (Тек 1953-1956 жылдардың өзінде Солтүстік Қазақстандағы тасымалдың көлемі 4 есеге артты).

1958 жылдың 1 шілдесінде КСРО-дағы ең ірі Қазақ темір жолы құрылды. Ұзындығы 11 мың шақырымнан асатын ол 15 бөлімшелерден құралды және Қазақстанды Сібір, Орал, Волга жағалауы, Қырғызстан және Орта Азиямен қосып, барлық кеңістікті және меридионалды магистральдарды біріктірді.

Қазақстан теміржол көлігі тарихының елеулі оқиғаларының бірі: 1986 жылғы 20 ақпанда, әлемде бірінші болып, жалпы салмағы 43,4 мың тонна және ұзындығы 6,5 шақырым болатын жылжымалы құрамға 440 вагон тіркеліп, Тың темір жолы арқылы өткізілді.

Республика тәуелсіздігі мен Теміржол көлігі жөніндегі кеңес кезіндегі Қазақстан теміржол көлігінің өткен жолын шартты түрде үш кезеңге бөлуге болады

Бірінші кезең (1992-1996 жж.) – саланың КСРО-ның таралу салдарына және мүлдем жаңа экономикалық жағдайларға бейімделуі.

Екінші кезеңнің (1997-2001 жж.) маңызы үш қазақстандық магистралды өзінде біріктірген, қиыншылық кезден өте алған, саланың ары қарай дамуына негіз салған, бірінші қазақстандық теміржол кәсіпорны «Қазақстан темір жолы» РМК-нің құрылуы мен дамуы болды.

Үшінші кезеңде (2001 жылдан бастап осы уақытқа дейін) саланы қайта құрылымдау басталды. Атап айтқанда, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компания» ЖАҚ құрылуы осы реформалардың жүзеге асырылуының бастамасы болды.

2004 жылы Қазақстан темір жолы өзінің айрықша межесіне – 100 жылдығы мерейтойына жетті.

2004 жылдың 1 шілдесінде Астанадан «Отан» пойызы елімізді аралап, сапарға шықты. Екі жарым айға жуық ол шексіз жеріміздің темір жол стансалары мен разъездеріне тоқтап, мерейтойға арналған салтанатты жиындар өткізді.

ҚазККА

«Тілдер » кафедрасы

Емтихан билеті № 20

Пән:Кәсіби қазақ тілі

Бекітемін:

кафедра меңгерушісі

Жардамалиева Ж.Б.

________________________

«____»_________ 2013ж

Хаттама № _______

Блок 1. Мәтін бойынша тесттерге жауап беріңіз.

1. М. Тынышбаевты қай жылы жер аударды?

A) 1930 ж.;

Ә) 1932 ж.;

Б) 1922 ж.;

В) 1924 ж.;

Г) 1925 ж.

2. М. Тынышбаевты қай жерге жер аударды?

A) Воронеж облысына;

Ә) Мәскеуге;

Б) Украина жеріне;

В) Моңғолияға;

Г) Сібірге.

3. М. Тынышбаев неше жылға жер аударылды?

A) 3;

Ә) 10;

Б) 5;

В) 15;

Г) 2.

4. Айдауда жүргенде қай жерде жұмыс істейді?

A) Міскеу теміржолында;

Ә) Мәскеу-Донбасс теміржолының жобалау бөлімінде;

Б) Мәскеу-Спасск теміржолында инженер;

В) Алматы қаласының теміржолында;

Г) жұмыс істеген жоқ.

5. М. Тынышбаев қай жылы ату жазасына кесілді?

A) 1930 ж. ақпанында;

Ә) 1931 ж.;

Б) 1937 ж. қарашасында;

В) 1934 ж. желтоқсанда;

Г) 1935 ж.

6. Бастауышы есімдіктен болған сөйлемді көрсетіңіз.

А). Ол жұлдыздар картасында 2462 санына ие.

Ә). Жыл сайын 8 тонна құрғақ панты өндіреді.

Б). 1943 жылы завод өзінің алғашқы өнімін берді.

В).700 мың гектар жерге қатты сортты бидай егіледі.

Г). Оңтүстікте күріш пен мақта егіледі

7. Баяндауышы есім сөзден болған сөйлемді көрсетіңіз.

А). Қазақстан әлемдегі ең ірі астықты мемлекет.

Ә). 700 мың гектар жерге қатты сортты бидай егіледі.

Б). Әлгі тас фосфорит рудасының көзі екен.

В). Қазақстанда мұнай мен газдың мол қоры бар.

Г). Одан 600 мың тонна өнім жиналады.

8. Осы шақта тұрған сөйлемді көрсетіңіз.

А). Қазақстаннан әлемге белгісіз байлықтар да табылып жатыр.

Ә). Қазақстанда Менделеев кестесі түгел табылған.

Б). Қазақстан елу алдыңғы елдің қатарынан табылмақшы.

В). Қазақстанның барлық аймағынан қазба байлықтар табылды.

Г). Қазақстан өркениетті елдер қатарынан табылады.

9.Арал теңізі өңіріндегі елді мекендерді көрсетіңіз.

А). Қызылорда;

Ә). Ақтөбе;

Б). Жезқазған;

В). Шымкент;

Г). Атырау;

10.«Қызыл кітапқа» енген жануардың түрін көрсетіңіз.

А). қарақұйрық;????

Ә). аю;

Б). қасқыр;

В). елік;

Г). бақа

Блок 2. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып көшіріңіз:

1931 жылдан бастан теміржолшыларды қайта дайындау,мамандықтарын жетілдіру шарасы жолға қойылды. 1931-1932 жылдары 640, оның ішінде 240 паровоз машинисі, 121 машинист көмекшісі, 176 кондуктор дайындалды.

Блок 3. Ресей темір жолының дамуы.

1851 жылы Петербург – Мәскеу темір жолының салынуы орыстын инженерлік өнерінің ең ірі табысы болды. Ұзындығы

650шақырым қос жол салынуы екі жақтан басталды.Құрылыс 8 жылда аякталды.Бұл күре жолдын салынуына байланысты Ресейде талантты темір жол салушылар мектебі қалыптасты.Жолды жобалау мен салудаинженер/ кейін академик/ П.П.Мельниховтын ролі ерекше. Ол – Ресейде темір жол туралы ен бірінші кітаптың авторы. Күре жолдағы көпірлерді жобалауга, салуға инженер Д.И.Журавский басшылық етті.Кейін ол кісі де үлкен ғалым болды. Бұл жолдың экономикалық маңызы зор болды.Жолды салудағы бай тәжірибе кейін басқа темір жол құрылыстарында пайдаланылды.Ресейде жалпы пайданылатын

Ресейде жалпы пайданылатын ең бірінші 27 шақырымдық темір жол Петербург пен Патша селосы арасында салынды, кейін ол Павловскіге ұзартылды.Оның табан ені- 1829мм еді. 1904ж.Патша селосы мен Дно аралығында жол табанының ені 1524мм-ге өзгертілді де, темір жол желісі салынып бітті.

Қазіргі Қазақстандағы темір жол

“Қазақстан темір жолы” ұлттық компаниясы – Еуразия кеңістігіндегі магистральды жүйенің аса ірі операторы және республикамыздағы бірден-бір темір жол тасымалдаушысы. Қазақстанның болат жолы 14 мың шақырымнан астам магистралды, 700-ден артық пайдалану және жөндеу деполарын құрайды.

Темір жолды Қазақстанның күретамырлары деп тегін айтпаса керек. Сала елдегі жолаушы тасымалы айналымының 60 пайызынан астамын және жүк айналымының 70 пайызына жуығын өз мойнына алып отыр. Қазақстан темір жолының тағы бір ерекшелігі оның аса әлеуетті транзиттік мүмкіндіктерінде.

Осыдан жүз жылдан сәл астам мерзім бұрын қазақтың ұлан-ғайыр даласын ұйқысынан оятып, алғашқы паровоз гудогы жаңа темір жол дәуірінің басталғанын жария етті. Сол мерзімнен бергі Қазақстан шойын жолының тарихы даңқты да ерлікке толы беттерден тұрады. Ақиқатын айтқанда, теміржолшылардың жасампаз еңбектерінің арқасында ғана болат жол бүгінде еліміздің ірі де қуатты өндіріс саласына айналды.

Темір жолдың бүгінгі дамуы мемлекеттік деңгейдегі серпінді жобаларға арқа сүйейтіні рас. Тек 2009 жылы ғана салаға салынған күрделі қаржы 110 миллиард теңгеге жуықтады. Бұл сомалар шойын жолдардың сан тарау буындарын күрделі жөндеуге, жылжымалы құрамды жаңалауға, инфрақұрылымдарды, телекоммуникацияларды дамытуға және жаңа құрылыстар салуға жұмсалды.

Темір жол көлігін дамыту бағдарламасына сай 2020 жылға дейін салада мол өзгерістер болмақшы. Аталған құжат реформалардың сатылап жүруіне, мемлекеттік үйлестірудің тәртіптерін өзгертуге және жеке капиталды тарту арқылы жаңа инвестициялық бағдарламаны іске асыруға негізделген. Бір сөзбен айтқанда, болат жолдағы жаңа стратегия тиімділігі жоғары ұлттық компания қалыптастыруға мүмкіндік бермекші. Бағдарламаның шеңберінде салаға 1,5 мың локомотив, 76 мыңнан астам жүк және 1,5 мың жолаушы вагондарын сатып алу қарастырылған. Инвестицияның жалпы сомасы 4 миллиард теңгеден асады.

Бағдарламаның маңызды баптарының бірі – тепловоздар, электровоздар, жүк және жолаушы вагондарын, болат рельстер, шпалдар, белгі беру мен байланыстың техникалық құралдарын, электр қуатымен қамтамасыз ету жүйелерін шығаратын отандық темір жол машиналарын жасау саласын құру.

Жаңа стратегияның арқа сүйер алғашқы нүктесі Қазақстан темір жолының картасында пайда болды. Оның маңыздыларының бірі – отандық локомотивтерді құрастыратын зауыт. “Эволюшн” сериясындағы алғашқы осындай тепловоз конвейерден 2009 жылдың 7 желтоқсанында шықты.

Темір жол саласының өркендеуіне серпін беретін алғашқы осынау жоба шеңберіндегі жаңа өндірістің елордада ашылуы тарихи оқиға болса, оның локомотивтерді құрастыруға арналған бастапқы кешенінің салтанатты түрде іске қосылуына Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың өзінің қатысуы саланың жемісті келешек кемерін жақындата түсті.

– Бұл зауыттың іргетас капсулын мен 2007 жылдың 3 шілдесінде салған болатынмын. Содан тура екі жыл өткенде, қысқа мерзімде зауыт салынды. Бұл ғимарат 45 шаршы метр алаңда бой көтерді. Енді әлемдегі бірінші орындағы “General Eіectrіk” компаниясымен бірлесіп, тепловоздар шығара бастаймыз,- деді салтанат үстінде Елбасымыз.

“Эволюшн” сериясының қазақстандық тұңғыш тепловозы аталған атақты америкалық компанияның технологиясы бойынша құрастырылды. Тепловоздардың бұл төртінші буыны аса қуаттылығымен, заманауи дизайнымен ерекшеленеді. Ең бастысы, жанар-жағармайды үнемдеуге мүмкіндік береді. “Evolutron” аса әлеуетті қозғалтқышы тепловоздың бүкіл қызметі кезінде 1,1 млн. литрге жуық, яғни, 5 пайызға аз жанармай пайдаланады. Бұған қоса, ауаға зиянды заттарды 40 пайызға аз шығарады. Тағы бір атап өтерлігі, тепловоз Қазақстанның табиғи жағдайларына орайлас құрастырылған. Машинистің кабинасы да заманауи талаптарға сай жабдықталған. Онда жұмысқа қолайлы жағдайлардың баршасы жасалған.

Бір қуантарлығы, 2014 жылға дейін локомотив құрастыру зауыты 400-ге жуық тепловоз шығаруды жоспарлауда. Оның 118 локомотиві экспортқа жөнелтілмек. Осылайша аталған зауыттың өнімдері Қазақстанның бүкіл локомотив паркінің бүтіндей жаңаруына, тепловоздарды жақын және алыс шетелдерге экспорттауға толық жағдай жасайтын болады.

– Қазақстанның тұңғыш өз тепловозының шығарылуы еліміз темір жолындағы маңызды оқиға. Зауытта қазақстандық өндірістегі мазмұнның көбеюіне үлкен маңыз беріледі. 2014 жылы, зауыт өзінің өндірістік қуатына толық енгенде, оның өнім жасаудағы жеке дербестігінің деңгейі 52 пайыз болады деп күтілуде, – дейді, “Локомотив” АҚ президенті Қаділ Таласбеков.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің жаңа кезеңдегі жаңа мүмкіндіктері жайында: “Ғаламдық дағдарыс жағдайында Қазақстанды индустрияландыруға балама жоқ. Енді бір ғана жер қойнауы қазыналары – мұнайға, газға, минералды ресурстарға, металға сүйене алмаймыз. Біздер қор жинап алғаннан соң, міне, даму жолына түстік және елді индустрияландырумен іс жүзінде айналысуға мүмкіндік алдық”, – деп атап өтті зауыттың ашылу салтанатында.

Сала басшыларының атап өтерлік тағы бір игі қадамы – жолаушы вагондары жетіспеушілігінің орнын толтыру үшін “Қазақстан темір жолы” Ресейдің “Трансмашхолдинг” компаниясымен бірлесіп “Алматы вагон жөндеу зауыты” АҚ негізінде жолаушылар вагондарын шығару өндірісін ұйымдастыруы. Бұл өнеркәсіп орнының жобалық қуаты жылына соңғы үлгідегі 150 жолаушы вагонын құрастыруды қамтамасыз етеді. Мамандардың пікірінше, вагондардың осы санының өзі-ақ ішкі қажеттілікті толығымен өтеп, іргелес елдер рыногына шығуымызға жол ашпақшы. Бұл жобаның жалпы құны 60 миллион АҚШ долларын құрап отыр.

Алматы вагон жөндеу зауытын техникалық тұрғыдан қайта жарақтандыру ісі де құрастырушы бұйымдардың 42 пайызын сырттан әкелуді қысқартты. Бұл бағдарлама сайып келгенде өндірістің технологиясын, өнімді пайдалану мен жөндеуді және жолаушылар вагондары паркіне қызмет көрсетуді бір технологиялық жүйеге бағындыруға мүмкіндік бермек.

Тек 2009 жылдың өзінде ғана ел экономикасы үшін маңызды екі инфрақұрылымдық серпінді жоба іске асырылды. Бұлар Түркіменстан шекарасы – “Жетіген” темір жол учаскесі. Жобаның жалпы құны 230 млрд. теңгені құрайды. Бұл елдің экспорттық әлеуеті мен экономикамыздың бәсекелестігін жаңа деңгейге шығаруға ықпалын тигізбек.

2009 жыл “Қазақстан темір жолы” компаниясы үшін тағы бір маңызды кезеңімен есте қалды. Астананың ажары мен базары – Есілдің сол жағалауынан саланың әкімшілік ғимараты ашылды. Осы игіліктің арқасында компанияның орталық аппаратының барша ұжымдары, сондай-ақ, астаналық филиалдар мен “Қазақстан темір жолы” акционерлік қоғамының еншілес кәсіпорындары бір шаңырақтың астына жиналды. Көгілдір аспанның заңғар биігіне қол созған заманауи осынау алып ғимараттың Астананың көрікті орындарының біріне айналғаны талассыз. Құрылыстың жалпы көлемі 100 мың шаршы метрді, ал, биіктігі 150 метрді құрайды. Ал, тасымал істерін автоматты түрде басқару орталығы жаңа әкімшілік ғимараттың мақтанышы десек те болады. Ол жүк және жолаушылар тасымалдарының барлық кезеңдерін автоматты түрде диспетчерлік басқаруды жүзеге асырады. Орталыққа сонымен бірге, Достастық елдері мен Балтық жағалауы мемлекеттері көлік жүйелері және темір жолдарымен арадағы өзара ықпалдастықтарды реттеп отыру, бұған қоса, жолаушылар тасымалдарын ұйымдастыру және темір жолдың инфрақұрылымдарын техникалық тұрғыдан жарамды деңгейлерде ұстап тұру міндеттері де жүктелген.

150 мыңға жуық адамнан тұратын теміржолшылар армиясы Қазақстанның дамуы мен өркендеуіне күнделікті тер тамшылатқан еңбектерімен сыбағалы үлестерін қосуда. Сондығынан, темір жолдың дамуындағы басым бағыттардың бірі – әлеуметтік саясат. Еңбеккерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету, медициналық қызметтер көрсету, шипажайлық сауықтыру секілді ондаған әлеуметтік қамқорлықтар “Қазақстан темір жолы” ұлттық компаниясы дамуының басым бағыттары ретінде іске асырылуда.

Әлбетте, темір жол бір ғана магистраль емес. Онымен жүздеген салалар мен бағыттар, елдің өңірлері мен аймақтары, өркендеу мен дамулар тамырласып жатыр. Былайша айтқанда, болат жолдар қоғамдық мүдделердің тоғысқан тұстарында тұр.