Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Касиби билет .docx
Скачиваний:
44
Добавлен:
08.04.2015
Размер:
130.88 Кб
Скачать

1.2009 Жылы қосылған маңызды екі инфрақұрылымдық серпінді жоба ...?.

А)Алматы- Талдықорған

Ә)Орал-Саратов

Б)Батыс Қазақстан - батыс Европа

В) Қорғас-Шонжа

Г) Түркіменстан шекарасы – “Жетіген” темір жол учаскесі.

2. Жолаушы вагондары жетіспеушілігінің орнын толтыру үшін не істелді?

А) Ресей компаниясымен бірікті;

Ә)Қосымша жұмыс орындарын ашты

Б)Қосымша заводтар ашты

В) Жаңа заводтар сала бастады

Г) Жаңа цехтар аша бастады

3. 2014 жылы, зауыт өндірістік қуатына толық енгенде, өнім жасаудағы жеке дербестігінің деңгейі қанша болады?

А)42 пайыз

Ә)82 пайыз

Б)72 пайыз

В) 52 пайыз

Г) 62 пайыз

4 . 2014 жылға дейін қанша локомотив шығарылады?

А)1400-ге жуық

Ә)800-ге жуық

Б)300-ге жуық

В) 400-ге жуық

Г) 450-ге жуық

5. 2014 жылы қанша локомотив экспортқа шығарылады?

А) 118 локомотив

Ә) 188 локомотив

Б) 128 локомотив

В)138 локомотив

Г) 148 локомотив

6.Шылауы бар сөйлемді көрсетіңіз.

1.Жақанды көрдің(бе)

2.Осы арадан ұзап кет(пе)

3.Қатарыңнан қал(ма)

4.Аузыңды ашып есіне(ме)

5.Тісіңді шықырлат(па)

7.Ыңғайлас салалас сөйлемді көрсетіңіз.

1.Сиырының тұқымы да жақсы, бабы да жақсы екен.

2.Тіл – ұлтымыздың қасиетті қазынасы

3.Дегенмен үйге ерті келгендіктен, бәріне үлгердім.

4.Күн шықты.

5.Мені бүгін күткендердің саны есепсіз

8. Толықтауыш қатысып тұрған сөйлемді табыңыз

1. Мен көлікті ұзақ күттім.

2. «Көліктегі логистика» кафедрасы екінші қабатта.

3. Біздің академия оқу орындарының арасында жетінші орынға ие.

4. Көлік академиясы электронды құралдармен жабдықталған.

5. Ол телефон арқылы сөйлесті

9. Пысықтауышы бар сөйлемді көрсетіңіз.

1.Адамдар өмір бойы өздігінен жүретін арбаны армандады.

2.Студенттердің басты мақсаты - оқу.

3.Ағайынды Черепановтар алғашқы паровозды ойлап тапты.

4.Ел сөзі әрі мақтан, әрі міндет.

5.Оқымаған маманның аты шабады.

10. Қай септікте тұрғанын көрсетіңіз. Телеграфты, шекарадан

1.табыс, шығыс;

2.барыс, шығыс;

3.жатыс, табыс;

4.атау, шығыс;

5.ілік, жатыс.

Блок 2.Сөйлемдерді аяқтаңыз.

Қазақстанның кең байтақ жерінде басқа да көлік түрлері көбейгендіктен ежелгі көліктердің маңызы төмендеді.

Қазақстанда жалпы одақтық маңызы бар жолдың 97,2 пайызына қатты материалдар төселмей жолдардың ұзындығы бірдей емес.

Қазақстанда жаңа жолдар салынып жатқандығына қарамастан, бұрынғы жолдар да өз маңызын жойған жоқ.

Біздер ХХІ ғасырда өмір сүріп жатқандықтан көп көлік түрлерін пайдаланудамыз.

Ежелгi Римде жол құрылысы мен жол техникасы тез дамып, шет елдермен жылдам сауда саттық байланыстар жасаған.

Автомобиль жолдары елдi мекендердiң барлығына салынып, елдерге қатынау жеңілдеді.

Жүк пен жолаушы тасымалы автомобиль көлiгi арқылы атқарыла-тындықтан, қазіргі заманда ол үлкен қолданысқа ие.

Автомобиль жолдарының ұзындығы көбейген сайын қалааралық қатынастар жақсарып жатыр.

Блок 3. «БатысЕвропа – Батыс Қытай» жолы туралы айтып беріңіз.

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» транзит дәлізін салу идеясын ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев ұсынған болатын. Көп уақыт өтпей-ақ Елбасы 2008 жылғы 6 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауында осы мәселені нақты жүзеге асыруды міндеттеді. 2008 жылғы 22 қыркүйекте Ресей Федерациясының, 2009 жылғы 16 сәуірде Пекинде ҚХР Коммуникация министрліктері арасында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автокөлік дәлізін құру жайында меморандумға қол қойылды. Транзиттік бұл дәліз Санкт-Петербургтан басталып, Ұлы Жібек жолының бойында жатқан Қазақ даласын көктей өтіп, Қорғас кеден бекетінен Қытай асады. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» транзиттік жолының жалпы ұзындығы 8445 шақырымды құрайды. Оның 2233 шақырымы – РФ еншісінде, 2787 шақырымы ҚР аума-ғынан өтеді. ҚХР-ға 3425 шақырым тиесілі. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» транзиттік жолы Қазақстан бойын-ша 5 облысты қамтыды (Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жам-был және Алматы облыстары). Бұл аймақтарда 5 миллионға тарта халық тұратынын ескерсек, қаншама адам жұмысқа тартылатынын көз алдыңызға елестете беріңіз. Қаржы дағдарысы кезінде мұндай үлкен жобаны қолға алу — халықты бір жағынан жұмыспен қамту деген сөз. Ұлы Жібек жолының бойында құм астында тұншыққан көне шаһарлар қаншама (Отырар, Сайран, Сауран, Тараз, Алтын төбе т.б.). Өз дәуірінде өркениеттің шыңы болған бұл қалаларды біреу білсе, біреу білмес. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жолы салынар болса «өлген қалалар» тіріліп, туристердің «көз құртына» айналарына сенім мол. Одан бюджеттің қалтасына түсер қаржы да қомақты болмақ. Қазақстан аумағынан өтетін жобаның құны — 825,1 млрд. теңге. Оның 1390 шақырым жолы 4 қозғалыс жолағы бар І техникалық санатқа жатады. Қалған 1387 шақырымы ІІ, ІІІ категория болып саналады. Айтулы жобаға әлемге даңқы жайылған банктер қол ұшын созып жатқанын айта

кетуіміз керек. «Еуропалық қайта құру және даму банкі» (ХҚДБ) 2125 млн. доллар, «Азия даму банкі» І транш (АЗБ) 340,0 млн. доллар, “Ислам даму банкі” (ИДБ) 170 млн. доллар несие бөлген. Айта кетер нәрсе — несиенің 20 жылға ең төменгі пайызбен берілгендігі. Ағымдағы жылдың екінші жартысында 3-транш бойынша «Азия даму банкі» 173 млн. доллар, 2-транш бойынша «Ислам даму банкі» 224 млн. доллар және 2-транш бойынша Жапон халықаралық ынтымақтастық агенттігімен (ЖХЫА) 68,0 млн. доллар сомасындағы заим келісіміне қол қою жоспарланып жатыр екен

ҚазККА

«Тілдер » кафедрасы

Емтихан билеті № 4

Пән: Кәсіби қазақ тілі

Бекітемін:

кафедра меңгерушісі

Жардамалиева Ж.Б.

________________________

«_31_»_10_ 2013ж

Хаттама № ____2___

Блок 1. Мәтін бойынша тесттерге жауап беріңіз.