Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Социология типовая 2013.doc
Скачиваний:
45
Добавлен:
02.05.2015
Размер:
660.48 Кб
Скачать
  1. Жоғары және төмен тік сызық бағытымен

  2. Бір қалыпты әлеуметтік деңгейде (көлденең сызық бағытымен)

  3. Жоғарыға қарай

  4. Тік сызық және көлденең сызық бағытымен

  5. Жеке адамның өзіне жаңа әлеуметтік мәртебенің бекітілуімен

2401. Жеке тұлғаның атқаратын қызметіне байланысты қоғамдағы анықталған орны қандай ұғыммен сипатталады?

A) әлеуметтік іс-әрекет

B) әлеуметтік мінез-құлық

C) әлеуметтік жүйе

D) әлеуметтік құрылым

E) әлеуметтік мәртебе

2402. Әлеуметтік нормалардың қандай түрлері бар?

A) құндылықты және құндылықты емес

B) уақытша, тұрақты және ауыспалы

C) құқықтық және моральдық

D) девиациялық

E) дәстүрлі емес

2403. Әлеуметтену процесі негізінен қай жас мөлшерінде қарқынды әрі нәтижелі жүзеге асады?

A) тек балалық шақта ғана

B) тек жастық шақта ғана

C) балалық, жасөспірімдік және жастық шақта

D) орта жаста (40-50 жас)

E) егде жаста

2404. Қоғамның түрлі әлеуметтік қабаттарға, топтарға жіктелуін сипаттайтын дифференциацияның түрі қалай аталады?

A) әлеуметтік прогресс

B) әлеуметтік институт

C) әлеуметтік аномия

D) әлеуметтік стратификация

E) эгалитаризация

2405. Қоғамдық байлық пен кірістің тең бөлінуі негізіндегі әлеуметтік теңдік жөніндегі теория қалай аталады?

A) стратификация

B) әлеуметтік әділдік

C) эгалитаризм

D) әлеуметтік дифференциация

E) материализм

2406. П.Сорокин тұжырымдарына сәйкес, индивидтің бір әлеуметтік қабаттан (немесе топтан) екінші әлеуметтік қабатқа (немесе топқа) ауысуы қандай ұғыммен сипатталады?

A) әлеуметтік стратификация

B) әлеуметтік теңдестіру

C) идентификация

D) әлеуметтік мобильділік

E) әлеуметтік өзгеріс

2407. Қазіргі тарихи даму тұрғысынан анықталған қазақстандық идеологияға қайшы қойылымды анықтаңыз

A) шикізаттық экономикадан өңдеуші және өнім шығарушы экономикаға көшу

B) азаматтық қоғамды нығайту

C) қоғамның әлеуметтік ынтымақтастығын дамыту

D) демографиялық өсім

E) исламды «мемлекеттік дін» мәртебесіне жеткізу

2408. Қазақстан қоғамы үшін қажетті ұстанымды анықтаңыз

A) дін идеологияға айналса - қауіпті

B) белгілі бір ұлт мәртебесін өзге ұлттардан жоғары қою

C) демократиялық қоғамға әлеуметтік жауаптылық қажет емес

D) ұлттық қауіпсіздік мақсатында жаһандық процестерді жаппай шектеу қажет

E) қоғам дамуының эволюциялық емес, революциялық жолын таңдау

2409. П.Сорокин қай тұжырымдамалардың авторы болып саналады?

A) Диалектикалық материализм

B) Тарихи материализм

C) Әлеуметтік стратификация мен мобильділік

D) Қоғамның мәдени-тарихи типтік теориясы

E) Субъективтік идеализм

2410. Ы.Алтынсарин қазақ қоғамының алдыңғы қатарлы өркениетті елдерден артта қалу себептерін неден көрді?

A) Мал шаруашылығымен ғана айналысудан

B) Қазақтар арасындағы оқу-ағарту ісінің болмауынан

C) Дамыған өнеркәсіптің болмауынан

D) Патриархалдық-феодалдық қоғамның сақталуынан

E) Шетелдік инвестицияның болмауынан

2411. Зерттеудің концептуалды аппаратын оның әдістемелік негізімен зерттеу объектісін сипаттайтын эмпирикалық көрсеткіштерді қалыптастыру арқылы байланыстыратын ғылыми процедура қалай аталады?

A) операционализация

B) персонализация

C) идентификация

D) стратификация

E) верификация

2412. Әлеуметтік мобильділік – бұл: