Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Социология типовая 2013.doc
Скачиваний:
45
Добавлен:
02.05.2015
Размер:
660.48 Кб
Скачать
  1. діни ұстанымдар

  2. Өндіріске байланысты ортақ мүдделер

  3. девиациялық мінез-құлық

  4. әлеуметтік аномия

  5. ұлттық ерекшеліктер

1608. Еңбек барысындағы әлеуметтік әріптестік дегеніміз –

  1. Жұмысшы мен жұмыс берушінің ортақ іске бірдей жауаптылығы мен Еңбек заңнамасының бұзылмауын қамтамасыз ету

  2. жұмыс берушінің жұмысшылармен келісе отырып, өзінің құқықтық артықшылықтарын анықтауы

  3. кәсіподақтар мен жұмыс беруші арасындағы келісімдер

  4. жұмысшылардың құқықтық артықшылықтарын анықтайтын жұмысшылар мен кәсіподақтар арасындағы әріптестік қатынастар

  5. еңбек қатынастарындағы қайшылықтарды шешу

1609. Отбасы әлеуметтік институт ретінде қай кезде пайда болды?

  1. Мемлекеттің шығу кезеңінде

  2. Ұлттардың қалыптасу кезеңінде

  3. Ұлыстардың құрылу кезеңінде

  4. Феодалдық құрылыс кезеңінде

  5. Алғашқы қауымдық құрылыс кезеңінде

1610. Баланың тұлғалық рухани-адамгершіліктік негіздерінің анықталуы негізінен:

  1. Үлкендерге тәуелділігіне байланысты

  2. Қорқынышқа байланысты

  3. Биологиялық болмысына байланысты

  4. өмір салтына, ересектер мінез-құлқына байланысты

  5. физиологиялық бейімделуіне байланысты

1611. Батыс мәдениеті үлгілерін қабылдау, басқа мәдениеттердің батыстандырылуы немесе батыстық мәдениетке еліктеушілік қалай аталады?

  1. Жаһандану

  2. Космополитизм

  3. Вестернизация

  4. Евроцентризм

  5. Американизм

1612. Әлеуметтану тұрғысынан тұлғаны зерттеу тұлғаның қай қасиетін ерекше бөліп көрсетеді Әлеуметтану тұрғысынан тұлғаны зерттеу әлеуметтану тұлғаның қай қасиетін ерекше бөліп көрсетеді:

  1. темпераментін

  2. мінезін

  3. әлеуметтік типтігін

  4. ерік-жігер қасиеттерін

  5. қабілетін

1701. Іскерлердің әлеуметтік бағдары неден байқалады?

  1. мемлекетке салық төлеу мәдениетінен

  2. отандық өндіріске қаржы салу ісінен

  3. қоғам мүддесі мен іскерлік тіршілігін үйлестіре іс-әрекет жасауынан

  4. өз материалдық жағдайын жақсартуынан

  5. халықаралық байланыстарды қолдауынан

1702. Неге бірқатар өндіріс иелері еңбек мәселесін социологиялық зерттеуге мүдделі

  1. еңбек өнімділігін арттыру үшін

  2. еңбекшілердің еңбекке мүдделілігін күшейту үшін

  3. еңбек процесін адамдар арақатынасы арқылы реттеп отыру үшін

  4. еңбекшілерді әрқашан бақылауда ұстау үшін

  5. еңбекшілердің біліктілік деңгейін тексеру үшін

1703. Іскерлік – әлеуметтік процесс. Себебі -

  1. ол мемлекет байлығын арттырады

  2. сыртқы елдерде отан мүддесін іске асырады

  3. іскер еңбекті ұйымдастырудың озық әдістерін іске қоса отырып, әрі өзінің, әрі мемлекеттің (халықтың) мүддесін біртұтастықта іске асырады

  4. қоғаммен арақатынаста қызмет атқарады

  5. халықаралық келісімдер жасайды

1704. Әлеуметтік көп қабатты қоғамда мектепке дейінгі білім балаларға қандай мүмкіндік тудыра алады?

  1. физиологиялық мүмкіндіктерінің дамуына жағдай туғызады

  2. баланы психофизиологиялық, әлеуметтік дамытып, мектепке даярлайды

  3. шығармашылық мүмкіндіктерінің дамуына жағдай туғызады

  4. алғашқы кәсіптік білім береді

  5. әлеуметтік ортада өзін-өзі ұстауға, қарым-қатынас жасауға тәрбиелейді

1705. Барлық мектептердің өзінің әлеуметтік функцияларын толық орындап отыруына не бөгет болып келеді?

  1. мұғалімдер даярлығының кемшіліктері ғана

  2. материалдық базаның жеткіліксіздігі ғана

  3. нағыз ұстаз, ізденгіш оқушы, технологиялық базаны даярлауға бөгет жасаушы әлеуметтік-экономикалық факторлар

  4. ұлттық білім моделінің жоқтығы

  5. діннің кең таралуы

1706. Дарынды жас мамандардың өзінің карьералық бақытын басқа елден іздеп кетпеуіне не кепіл бола алады?

  1. отандық кәсіптік оқыту жүйесінің әлемдік (халықаралық) бәсекеге сай жоғары дамуы

  2. жастардың өз еліндегі кәсіптік іс-әрекетінің табысты болатынына сенімі

  3. жақсылық күтіп отыра бермейтін іскерлік пен отаншылдық қасиеттің ұштасуы

  4. мемлекет тарапынан толық әлеуметтік қамсыздандыру

  5. заңнамалық шектеулер

1707. Білім социологиясы неліктен білім алдына қойылған қоғамдық тапсырыстарды ғана зерттеп қоймай, білім мекемесінің ішкі қызметін де терең зерттеуге мүдделі?

  1. білімдендіру мен тәрбиелеу білім институттарының ішінде жүріп жататын процесс болғандықтан

  2. білім мекемелері отбасылардың әлеуметтік тапсырыстарын орындайтындықтан

  3. қоғамдағы әлеуметтік проблемалар мен оқу-тәрбие мәселелері тығыз байланысты болғандықтан

  4. мектептік әлеуметтік ортадан әлеуметтік фактілер жинақтау үшін

  5. мемлекет тапсырыс бергендіктен

1708. Секталардың қызметінің зиянды жақтарын неден көруге болады?

  1. экстремистік сипатта болуынан

  2. адамды қоғамнан бөліп, оған қарсы қоятындығынан

  3. мемлекеттік тіркеуден өтпей, жасырын қызмет атқаруынан

  4. адамдарды өз-өзіне қол жұмсауға итермелейтіндігінен

  5. лаңкестік идеяны насихаттауында

1709. Биліктік қатынастар қай құрылымның қызметінің басты айқындаушысы?

  1. Отбасының

  2. Қоғамның

  3. мемлекеттің

  4. ұлттардың

  5. тайпалардың

1710. Биліктік қатынастардың субъектісі:

  1. Ұлт

  2. Халық

  3. Этнос

  4. Этникалық топтар

  5. Жоғарыда аталғандардың барлығы

1711. Белгілі бір жағдайларда топ ретінде ұйымдасуға мүмкіндігі бар, бірақ әлі топ түрінде анықталмаған адамдардың жүйесіз, ұйымдаспаған жиынтығы қалай аталады?

  1. әлеуметтік топ

  2. квазитоп

  3. әлеуметтік ұйым

  4. халық

  5. қоғамдық ұйым

1712. Тұлға әлеуметтік қатынастар субъектісі ретінде ең алдымен немен сипатталады?

  1. адамның әлеуметтік қасиеттерінің тұтастығымен

  2. белсенді қызметімен

  3. әлеуметтік мінез-құлықтың өзін-өзі реттеуімен

  4. автономдығымен, қоғамнан белгілі бір дәрежеде тәуелсіздігімен

  5. қоғамға тәуелділігімен

1801. Мұсылман фундаментализмі сияқты Батыстан тараушы жүйелі діни идеологияны қалай атайды?

  1. атеизм

  2. интегризм

  3. көсемге табыну

  4. трансформация

  5. фундаментализм

1802. Әлемдік және дәстүрлі діндердің бірінші және екінші съезі неге Қазақстанда өтті?

  1. діндер арақатынасының өркениеттілігіне байланысты

  2. мемлекеттің діндер жөніндегі саясатының дұрыстығына байланысты

  3. діни сенім еркіндігіне байланысты

  4. БҰҰ тапсырыс бергендіктен

  5. Қазақстан қоғамындағы діни ахуал шиеленіскендіктен

1803. Қазақстанды зайырлы мемлекет ретінде нығайтудың жолдары қандай?

  1. адамдардың әлеуметтік және экономикалық теңдігін нығайту

  2. адамдардың білімі мен мәдениетін жоғары деңгейде дамыту

  3. адамдардың құқықтарын шектеу

  4. діни ұйымдар қызметін барынша шектеу

  5. қоғам санасын атеистік бағытта тәрбиелеу

1804. Географиялық орта мен әлеуметтік қатынастардың өзара байланыстылығын көрсеткен географиялық социологияны негіздеушілерді атаңыз?

  1. Поль Ле Бланш пен Рудольф Штейнмец

  2. Карл Маркс пен Фридрих Энгельс

  3. Огюст Конт пен Герберт Спенсер

  4. П.Сорокин мен Ж.Тощенко

  5. Э.Гидденс пен М.Вебер

1805. Әлеуметтану ғылымының негізгі зерттеу объектілеріне жатпайтыны қайсы?

  1. қоғамдағы және әлемдегі әлеуметтік қатынастар

  2. қоғамның әлеуметтік-таптық, яғни стратификациялық құрылымы

  3. әлеуметтік институттар

  4. әлеуметтік мінез-қылық, сана және іс-әрекет

  5. экологиялық проблемалар

1806. Қоғамның әлеуметтік-таптық жіктелуін сипаттайтын ұғым –

  1. трансформация

  2. стратификация

  3. идеологизация

  4. интеграция

  5. идентификация

1807. Әлеуметтанудың зерттейтін әлеуметтік құбылыстарына қайсы жатады?

  1. адам өмірінің мәні

  2. экономикалық процестер

  3. саяси процестер

  4. диалектикалық материализм

  5. адамның физиологиясы

1808. Төмендегі әдістердің қайсысы әлеуметтік фактілер жинақтаудың әдісі емес?

  1. сауалнама жүргізу

  2. ресми статистикамен жұмыс

  3. құжаттарды зерттеп талдау

  4. ғылыми бақылау жүргізу (жабық және ашық түрде)

  5. мақсат-міндеттерді айқындау

1809. Саяси партия – бұл:

  1. Саяси әрекеттің субъектісі

  2. Саяси әрекеттің объектісі

  3. Саяси әрекеттің тетігі

  4. Саяси әрекеттің шарты

  5. Саяси әрекеттің мақсаты

1810. Әлеуметтік институттардың қызметінің басты артықшылығы:

  1. Алдын-ала болжау, сенімділік, тұрақтылық

  2. Күтпеген, аяқ асты асығыс шешімдер қабылдау

  3. Эксперимент жасау мүмкіндігі

  4. Кездейсоқтық, тосын тәуекел

  5. Ретсіздік, тұрақсыздық

1811. Белгілі бір белгілеріне байланысты бірдей сипаттамасы бар индивидтер топтарының жиынтығы (мысалы, жынысы, жасы, кәсібі, діни сенімі, т.с.с.) -

  1. әлеуметтік арабайланыс

  2. әлеуметтік ұйым

  3. әлеуметтік белгі

  4. әлеуметтік категория

  5. әлеуметтік стратификация

1812. Маркстік құрылым бойынша әлеуметтік құрылымның өзегі

  1. таптар

  2. қоғамдық жіктер

  3. әлеуметтік жіктер

  4. әлеуметтік топтар

  5. тап аралық жіктер – «үшінші сословие»

1901. Гендерлік (?

  1. мектеп

  2. гендерлік ұйымдар

  3. бала бақша

  4. балалар үйі

  5. отбасы

1902. Төмендегі аталғандардың қайсысы көші-қон үрдістеріне жатады?

  1. стратификация, секуляризация

  2. эммиграция, иммиграция

  3. трансформация, интеграция

  4. стратификация, трансформация

  5. идентификация, конвергенция

1903. «Нуклеарлық отбасы» деген ұғымға түсінік беріңіз

  1. кеңейтілген отбасы

  2. шағын отбасы

  3. дәстүрлі отбасы

  4. дәстүрлі емес отбасы

  5. девианттық (ауытқушылықты) отбасы

1904. Өмір шындығын бейнелейтін ақпараттық, дәлелдік құбылыстарды қалай атаймыз?

  1. әлеуметтік мінез-құлық

  2. әлеуметтік іс-әрекет

  3. әлеуметтік факт

  4. әлеуметтік тәжірибе

  5. әлеуметтік институт

1905. Аталғандардың қайсысы діни ұйым болып табылады?

  1. ассамблея

  2. ассоциация

  3. деноминация

  4. конференция

  5. лига

1906. Қазақстандағы ұлтаралық үйлесімділікті реттеуші қоғамдық ұйым қалай аталады?

  1. «Лад» қозғалысы

  2. Славян қоғамы

  3. Халықтар ассамблеясы

  4. Корей ұлтының мәдени орталығы

  5. «Қазақ тілі» қоғамы

1907. Европалық Одақтың Болон декларациясына қосылу Қазақстан қоғамының алдына қандай міндеттер қойды?

  1. халықаралық лаңкестікпен күрес

  2. халықаралық экологиялық стандарттарға негізделу

  3. жаппай қырып-жою қаруларын жою

  4. халықаралық білім стандартына көшу

  5. әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының съезін өткізу

1908. Жыл сайын әлемде өмірге 90 млн. адам келсе, соның 85 пайызы экономикасы жеткіліксіз дамыған елдер үлесінде. Бұл мәселенің жер бетіндегі адамзат қоғамдастығына қандай әсері бар?

  1. одан сол кедей елдердің қоғамдастығы ғана зиян шегеді, ал өзге мемлекеттерге еш әсері жоқ

  2. әлемдегі әлеуметтік теңсіздіктің, қайшылықтардың сақталып қалуына себеп болады

  3. дамыған елдерге ғана зияндылық әкеледі

  4. дамушы елдерге ғана зияндылығы бар

  5. сол кедей мемлекет орналасқан өңірге ғана зияндылығын тигізеді

1909. Патронаттық тәрбиенің мазмұны немен анықталады?