Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силлабус_2014 КАЗ НОВЫЙ.docx.doc
Скачиваний:
32
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
151.51 Кб
Скачать

1.8. Пәннің саясаты:

Студент кафедраның келесі талаптарын орындауы тиіс:

  • Сабаққа кешікпеуі; 3 кешігу себепсіз 1 сабақ жібергенге тең болады.

  • Жіберілген дәрістер оқып өтелмейді, бірақ дәріс оқылған тарау бойынша білімдерін бақылау кезінде бағасы 1 баллға төмендетіледі және емтихан тапсыру кезінде қосымша сұрақ енгізіледі.

  • Жіберілген сабақтарын оқытушы тағайындаған белгілі бір уақытта оқып өтеуі керек, жіберген сабақты уақытында өтемеген жағдайда баға 25% төмендейді.

  • Оқу үрдісіне белсенді қатысуы тиіс;

Тәжірибелік сабақтардың барлық тапсырмаларын орындау және талаптарға сәйкес нәтижесін жазу;

  • Студенттің өзіндік жұмыстарының (СӨЖ) және (ОСӨЖ) оқытушымен бірге орындайтын СӨЖ тапсырмаларын жеткілікті деңгейде орындауы және оларды белгіленген мерзімде өткізуі тиіс; уақытында өткізбеген жағдайда бағасы 25% төмендетіледі.

  • Тарау бойынша білімдерін (рубеждік) бақылауды өз уақытында тапсыруы тиіс, оларсыз емтихан тапсыруға рұқсат берілмейді, өз уақытында тапсырмаса әрбір аралық білімдерін бақылау жұмысына рейтингі 1 баллға төмендейді.

  • Аудиторияда ақ халатта болуы тиіс.

2.Бағдарлама:

2.1 Кіріспе: Адамзат қоғамының табиғатпен қарым – қатынасы қазіргі заманның ең маңызды проблемаларының біріне айналды. Адам жерде пайда болған кезден бастап оның биосфераға тигізетін әсері үнемі үдеп отырды. Бірақ тек индустриалдық қоғам және демографиялық жарылыс жағдайында ғана адам әрекетінің жағымсыз зардаптары ғаламдық сипатқа ие болды.

Қоршаған орта бұған дейін ешқашан байқалмаған қарқынмен ластанып жатыр. Энергетикалық және минералдық ресурстардың сарқылу үрдісі байқала бастады. Антропогендік әрекеттің саналуан түрлері жануарлар мен өсімдіктердің көптеген түрлерінің тікелей немесе жанама түрде жойылуына әкеліп соқты.

Табиғи ортаның химиялық ластануы, радиациялық жағдай, азық – түлік пен ауыз судың сапасының нашарлауы және т.б. халықтың денсаулығының нашарлауына әкеліп соқты. Бірқатар ғаламдық экологиялық проблемалар пайда болды.

Бірақ қазіргі кезде антропогендік өзгерістер планетаның барлық дерлік экожүйелерінен байқалады, атмосфераның газдық құрамы, Жердің энергетикалық балансы өзгерді. Бұл адамның әрекеті табиғатпен қарама – қайшылыққа түсіп, “биосфера - адамзат” жүйесі барған сайын тепе-теңдік күйден ауытқып бара жатыр деген сөз, нәтижесінде әлемнің көптеген аймақтарында табиғаттың динамикалық тепе – теңдігі бұзылды. Барлығы жинала келіп қазіргі биосфераның жағдайының нашарлауына, адамның денсаулығы мен рухани дуниесінің бұзылуына себепші болады.

Мәселені табиғи тепе-теңдікті қалпына келтіру нәтижесінде шешуге болар еді, бірақ бұл өте күрделі, әлемде теңдесі жоқ қиын мәселе, ол 1992 жылы Рио-де-Жанейрода күн тәртібіне қойылып, сонда Тұрақты даму тұжырымдамасына қол қойылып, бекітілді.

Ғаламдық “қоғам – табиғат” жүйесіндегі тұрақты даму әртүрлі деңгейдегі әлеуметтік–экологиялық жүйелерде динамикалық тепе-теңдікті сақтау болып табылады. Адамзат осыны неғұрлым ертерек түсініп осы жолға түссе, оның Жер бетінде тірі қалу мүмкіншілігі де соғұрлым жоғары болмақ. Бұл жолда экологиялық білім шешуші рөлді атқарады.

2.2. Пәннің мақсаты табиғаттың және қоғамның тұрақты дамуының негізгі заңдылықтары туралы біртұтас түсінік қалыптастыру.