Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОЭТ метод семинар 2014-2015 (1).docx
Скачиваний:
35
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
182.9 Кб
Скачать

Тақырып 11. Ұлттық экономика жүйе ретінде.

2. Мақсаты

  • Экономикалық теория негіздері бойынша білім қалыптастыру

  • Экономикалық теория негіздерін оқу барысында ынталандыруды дамыту.

3. Оқыту мақсаты:

  • Сабақ тақырыбына сәйкес жаңа түсініктерді меңгеру.

  • ҚР ұлттық байлығы мен ұлттық экономикасының құрылымы туралы білімдерін қалыптастыру.

  • Қазақстан экономикасының өзгерісін бағалауда макроэкономикалық көрсеткіштерді пайдаланудың ерекшеліктерін анықтау.

  • Тестік тапсырмалармен және пікір сайыс сұрақтарымен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.

4. Оқытудың негізгі сұрақтары

1. Ұлттық экономиканың құрылымы. Қоғамдық өндірістің мазмұны және түрлері.

2. Ұлттық есептің мазмұны. Қазақстан және ТМД елдерінің ұлттық есепшот жүйесіне өтуі.

3. Жалпы ұлттық өнім және есептеудің әдістері.

4. Ұлттық байлық: мазмұны және құрылымы.

5. Оқытудың әдістері: «Сұрақ-жауап» үлгісіндегі сұхбат, тесттік тапсырмалар (бақылау сұрақтары).

6. Әдебиеттер

1. Шеденов Ө,Қ., Жүнісов Б.А., Байжомартов Ү.С., Комягин Б.И. "Жалпы экономикалық теория" Алматы-Ақтөбе, 2009.

2. Экономикалық теория бойынша практикалық оқу құралы /профессор Жатқанбаевтың жетекшілігімен/ Алматы, 2006ж. 300 бет.

3. Әубәкіров Я.Ә., Байжұмаев Б.Б., Жақыпова Ф.Н., Табеев Т.П. Экономикалық теория курсы - Алматы, 2005.

4. Әубәкіров Я.Ә., Досқалиев С.Ә.,Байжұмаев Б.Б., Жәйшибеков Ж.Қ. Экономикалық теория негіздері. Оқуқұралы - Алматы, Санат, 2004.

5. Есқалиев М.Д., Өткен кезеңнің ойшыл экономистері және қазіргі көзұарас. Алматы, 2004.

6. Экономикалық теория (оқу құралы) С. Әкімбаев, А.С. Баймұхамбетов Астана, 2002ж.

7. Бақылау (тесттік тапсырмалар)

1. Жалпы ұлттық өнім /ЖҰӨ/ - бұл ....

а) елдің ішінде немесе шетелде өндірілген барлық дайын тауарлар мен қызметтердің нарықтық құны

б) елдегі халықтың барлық жеке табыстары

в) ел экономикасының барлық сфераларында өндірілген жиынтық тауарлар мен қызметтердің нарықтық құны

г) елде өндірілген тауарлардың жалпы сомасы

д) елде өндірілген тауарлардың құны

2. Қоғамның әлеуметтік – экономикалық даму көрсеткіші:

а) жан басына шаққандағы ЖҰӨ

б) жан басына шаққандағы ұлттық табыс

в) жан басына шаққандағы ұлттық байлық

г) таза ұлттық табыс

д) жалпы ішкі өнім

3. Жалақы мөлшері ескеріледі:

а) шығыстар әдісі бойынша ЖҰӨ- ді есептегенде

б) таза экспортты есептегенде

в) қосымша құн әдісі бойынша есептегенде

г) табыстар әдісі бойынша ЖҰӨ- ді есептегенде

д) мемлекеттік кәсіпорындардың субсидиясын есептегенде

4. Салық төлегеннен кейінгі табыс– бұл:

а) жеке қолдағы табыс

б) жергілікті билік органдары үміт ете алатын табыстың бір бөлігі

в) жұмсалмайтын табыс

г) халықтың жинағы

д) нақты табыс

5. Егер адамдар өздерінің табысының бір бөлігін банкте сақтаса, онда олар:

а) қор жинайды, бірақ инвеситцияламайды

б) ивестициялайды, бірақ қор жинамайды.

в) қор жинамайды, сонымен қатар инвеситицияламайды

г) қор жинайды және инвестициялайды

д) қордың бір бөлігін инвестициялайды

6. Жиынтық сұраныс қисығы қандай қатынастарды сипаттайды?

а) баға мен нақты ЖҰӨ арасындағы

б) баға мен жиынтық шығыстар арасындағы

в) тұтынушыларға қолайлы баға мен сатушыларға қолайлы баға арасындағы

г) өндірілген және тұтынылған нақты ЖҰӨ арасындағы

д) баға мен өндірілген ЖҰӨ арасындағы

7. Жиынтық ұсыныс қисығы қандай қатынастарды сипаттайды?

а) баға мен нақты ЖҰӨ арасындағы

б) баға мен жиынтық шығыстар арасындағы

в) тұтынушыларға қолайлы баға мен сатушыларға қолайлы баға арасындағы

г) өндірілген және тұтынылған нақты ЖҰӨ арасындағы

д) баға мен өндірілген ЖҰӨ арасындағы

8. ЖҰӨ дефляторы қандай қатынастар білдіреді?:

а) нақты ЖҰӨ-ң номиналды ЖҰӨ -ге қатынасы

б) номиналды ЖҰӨ-ң номиналды ЖҰӨ -ге қатынасы

в) номиналды ЖІӨ-ң нақты ЖҰӨ -ге қатынасы

г) номиналды ЖҰӨ-ң нақты ЖҰӨ -ге қатынасы

д) нақты ЖҰӨ-ң нақты ЖІӨ -ге қатынасы

9. Макроэкономикадағы жиынтық сұраныс– бұл:

а) мемлекеттік шығыстар мен кәсіпорындардың инвестициялық сұранысы

б) үй шаруашылығының сұранысы мен таза экспорт

в) макроэкономикадағы барлық экономикалық субъектілердің сұранысы

г) үй шаруашылығы мен кәсіпорынның инвистициялық сұраныстары

д) мемлекеттік шығыстар

10. Тұтыну – бұл..

а) ағымдағы уақытта үй шаруашылығының тауарлар мен қызметтерді сатып алуға жұмсаған табысының бір бөлігі

б) ағымдағы уақытта үй шаруашылығының тауарлар мен қызметтерді сатып алуға арналған табысының бір бөлігі

в) банк шотындағы табыстың қалдығы

г) ағымдық шығыстарға арналған фирма табысының бір бөлігі

д) банк шотында жинақталған фирма табысының қалдығы

11. Жинақ – бұл ..

а) үй шаруашылығының жинақталған мүлкі мен халықтың жинақтары

б) барлық нарықтық субъектілердің нақты кассалық қалдықтары

в) құнды қағаздарға салынған табыстың бір бөлігі

г) үй шаруашылығының берілген уақыт аралығында жұмсалынбаған табыстарының бір бөлігі

д) үй шаруашылығының берілген уақыт аралығында жұмсалынған табыстарының бір бөлігі

12. Номиналды ЖІӨ қандай бағамен есептеледі?

а) экспорттық бағамен

б) нарықтық ағымдық бағамен

в) базалық өзгеріссіз бағамен

г) алдығы кезеңдердегі бағамен

д) әлемдік бағамен

13. ЖІӨ мен ЖҰӨ айырмашылығы неде?

а) белгілі бір елдің аумағында орналасқан кәсіпорындармен өндіріледі

б) ұлттық белгісіне байланыссыз кәсіпорындармен өндіріледі

в) олардың орналасуына байланыссыз кез келген кәсіпорындармен өндіріледі

г) елдің ішінде де, сыртында да елдің барлық тауар өндірушілерімен өндіріледі

д) ұлттық белгісіне қарамастан белгілі бір елдің аумағында орналасқан кәсіпорындармен өндіріледі

14. ЖІӨ- мен салыстырғанда ЖҰӨ - ді өндіруге қандай кәсіпорындар қатысады?

а) ұлттық белгісіне қарамастан барлығы

б) тек ұлттық кәсіпорындар

в) елдің іші мен сыртында орналасқан ұлттық кәсіпорындар

г) тек шетелдік кәсіпорындар

д) тек біріккен кәсіпорындар

15. Макроэкономикалық процестердегі екі жақты есеп дегеніміз:

а) бухгалтерлік есепте қолданылады

б) өнімді өндіру мен тұтынуды бір уақытта есепке алу

в) соңғы, аралық өнім

г) аралық өнімдердің құнын ЖҰӨ мен ТҰӨ құрамына қосу

д) ЖҰӨ мен ТҰӨ құрамындағы ұқсас шығындардың есебі