Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОЭТ метод семинар 2014-2015 (1).docx
Скачиваний:
35
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
182.9 Кб
Скачать

Тақырып 7. Кәсіпкерлік қызмет, оның негізгі түрлері мен нысандары.

2. Мақсаты

  • Экономикалық теория негіздері бойынша білім қалыптастыру

  • Экономикалық теория негіздерін оқу барысында ынталандыруды дамыту.

3. Оқыту мақсаты

  • Сабақ тақырыбына сәйкес жаңа түсініктерді меңгеру.

  • Кәсіпкерліктің мәнін анықтай білу.

  • Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық формаларына саалыстырмалы түрде сипаттама беру.

  • Шағын топтармен, тестік тапсырмалармен және пікір сайыс сұрақтарымен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Кәсіпкерлік қабілетіліктің мәні мен қызметі.

2. Кәсіпкерліктің ұйымдық - құқықтық формалары.

3. Кәсіпкерлікті әртүрлі теориялармен түсіндіру: классикалық, классикалық емес, инновациялық және т.б.

4. Қазақстанда кәсіпкерліктің қалыптасуы және дамуы.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: Шағын топпен жұмыс жасау, тесттік тапсырмалар (бақылау сұрақтары).

6. Әдебиеттер

1. Шеденов Ө,Қ., Жүнісов Б.А., Байжомартов Ү.С., Комягин Б.И. "Жалпы экономикалық теория" Алматы-Ақтөбе, 2009.

2. Экономикалық теория бойынша практикалық оқу құралы /профессор Жатқанбаевтың жетекшілігімен/ Алматы, 2006ж. 300 бет.

3. Әубәкіров Я.Ә., Байжұмаев Б.Б., Жақыпова Ф.Н., Табеев Т.П. Экономикалық теория курсы - Алматы, 2005.

4. Әубәкіров Я.Ә., Досқалиев С.Ә.,Байжұмаев Б.Б., Жәйшибеков Ж.Қ. Экономикалық теория негіздері. Оқуқұралы - Алматы, Санат, 2004.

5. Есқалиев М.Д., Өткен кезеңнің ойшыл экономистері және қазіргі көзұарас. Алматы, 2004.

6. Экономикалық теория (оқу құралы) С. Әкімбаев, А.С. Баймұхамбетов Астана, 2002ж.

7. Бақылау сұрақтары (тесттік тапсырмалар):

1. Төмендегілердің қайсысы кәсіпкерліктің ең маңызды мақсаты болып табылады:

А) пайда табу;

Б) сату көлемін ұлғайту;

В) өнім сапасын жақсарту;

Г) қызметкерлердің жалақысын көбейту;

Д) өткізу рыногын ұлғайту.

2. Кәсіпорын жарнамасы қай кезеңге тән:

А) қызмет ету кезеңінің басында;

Б) кәсіпорынды құрылымдық қайта құру кезінде;

В) кәсіпорынды ұлғайту сатысында;

Г) жоғарыда аталған кезеңдердің барлығында;

Д) дұрыс жауабы жоқ.

3. Кәсіпкерлік – бұл :

А) табыс табу мақсатында негізгі өндіріс факторларын біріктіру, өндірісті белсенді түрде ұйымдастыру;

Б) меншіктен ажырату мүмкін емес қызмет;

В) болжамға келмейтін іс-әрекет;

Г) кез-келген экономикалық іс-әрекет;

Д) сұраныс пен ұсынысқа байланысты қызмет түрі.

4. Келтірілген кәсіпорын үлгілерінің қайсысы экономиканың қоғамдық саласына жатады:

А) мемлекеттік кәсіпорын;

Б) кооператив;

В) жеке акционерлік кәсіпорын;

Г) жеке меншік қожалық;

Д) жауапкершілігі шектеулі әріптестік.

5. Кәсіпкерлік фирманы экономикалық субъект ретінде сипаттайтын негізгі белгі:

А) меншік нысаны;

Б) қызмет ету еркіндігі;

В) мүліктік жауапкершілігі;

Г) фирманың көлемі;

Д) жоғарыдағы белгілердің барлығы.

6.Төмендегілердің қайсысы кәсіпкерліктің қасиеттеріне жатпайды:

А) жаңашылдық;

Б) толық жауапкершілік;

В) тәуекелділік;

Г) кәсіпкердің әлеуметтік қорғалғандығы;

Д) икемділік және өзін-өзі жетілдіріп отыруы.

7. Кәсіпкерлік қызметтің қандай нысанында күрделі техника өндіру оңай болады:

А) жеке кәсіпорын;

Б) шаруашылық серіктестік;

В) шаруашылық қоғам;

Г) ашық акционерлік қоғам;

Д) мемлекеттік кәсіпорын.

8. Серіктестіктің артықшылықтарының бірі:

А) серіктестердің бірігуі қосымша қаражат тартуға мүмкіндік береді;

Б) серіктестердің әрқайсысы толық мүліктік жауапкершілікте болады;

В) серіктестер біріге отырып, көп пайда табады;

Г) бір серіктес шығып кетсе де, оның қызметі жалғаса береді;

Д) серіктестікті ұйымдастыру жеңіл болып табылады.

9. Акционерлік қоғамда:

А) басқару акционердердің қолында болады;

Б) директорлар кеңесі жалғыз меншік иесі болады;

В) басқару мен иелену бөлінген;

Г) шаруашылық қызметінің нәтижесін жариялау міндетті емес;

Д) қоғамды бір адам құруы мүмкін.

10. Акционерлік қоғамды басқаратын жоғарғы орган:

А) директорлар кеңесі;

Б) өкілдер жиналысы;

В) акционерлердің жалпы жиналысы;

Г) артықшылығы бар акция иелерінің жиналысы;

Д) акционерлік қоғамның атқарушы органы.

11. Рынок жағдайында төмендегі салалардың қайсысында коммерциялық қызмет болуы мүмкін емес:

А) жеке секторда;

Б) мемлекеттік кәсіпорында;

В) акционерлік қоғамда;

Г) біріккен кәсіпорында;

Д) кәсіпкерліктің барлық типтерінде болуы мүмкін.

12. Шағын бизнес қандай экономикалық мәселелерді шешеді:

А) кәсіпкерлік қабілетті іске асырады;

Б) бәсекені қолдайды;

В) жұмыс орындарны ашып, жұмыссыздық мәселесін жеңілдетеді;

Г) рынокты тауарлар және қызметтермен толтырады;

Д) жоғарыда аталған мәселелердің барлығы.

13. Қазақстанда шағын бизнесті дамыту үшін қандай жағдай жасалуы тиіс:

А) жеңілдікпен несиелеу;

Б) салық жеңілдіктерін беру;

В) арнайы бағдарламалар жасау және қолдау қорларын құру;

Г) құқықтық қорғау;

Д) жоғарыдағылардың барлығы.