Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОЭТ метод семинар 2014-2015 (1).docx
Скачиваний:
35
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
182.9 Кб
Скачать

Тақырып 4. Қоғамдық өндірістің нысандары.

2. Мақсаты:

  • Экономикалық теория негіздері бойынша білім қалыптастыру

  • Экономикалық теория негіздерін оқу барысында ынталандыруды дамыту.

3. Оқыту мақсаты:

  • Сабақ тақырыбына сәйкес жаңа түсініктерді меңгеру.

  • Натуралды және тауарлы шаруашылықтың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айқындау.

  • Құнның еңбек теориясы мен шекті пайдалылық теорияларын қолдану негізінде тауардың құныны бағалау дағдысын қалыптастыру.

  • Ойынға белсенді қатысу.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары

  1. Натуралды және товарлы шаруашылық. Тауарлы шаруашылықтың тарихи қалыптасуы.

  2. Тауар және еңбек, тауар туралы еңбек құнының теориясын бағалау.

  3. Субъективтік құндылық және шекті пайдалылық.

4. Ақшаның пайда болуы мен мәні. Ақшаның қызметтері. Қазіргі ақшалар.

5. Оқытудың әдістері: Экономикалық ойын, тесттік тапсырмалар (бақылау сұрақтары).

5.1. Экономикалық ойын.

Семинар сабағы ойын түрде өткізіледі тақырыбы: «АДАМ МЕКЕНДЕМЕГЕН АРАЛ»

Оқытушының кіріспе сөзі:Аталған тақырыптағы сабақ экономикалық ойынға негізделген. Кез-келген қоғамдағы мәселелерді шешу жолдарын көрсетеді. Жердің үлгісі ретінде «аралдың» негізінде студенттерге ресурстардың шектеулілігін түсіне отырып, берілмес әлем құруға қажеттілігі туындайды. Сонымен қатар ойынның барысында қатысушылар натуралды және тауарлы шаруашылықтан тұратын өзіндік әлемді құрып, және сол әлемдері әділетті болуы тиіс. Бұл ойынның барысында студенттер қоғамдық шаруашылықтың негізгі нысандары: натуралды және тауарлы шаруашылықтармен танысады. Екі шаруашылықтың мәнін, пайда болуын, айырмашылықтарын ажырату жаттығуларын жүргізеді. Натуралды шаруашылықтан тауарлы шаруашылық туындайтынын көрсетеді.

Қажетті материалдар:Карточкалар, скотч, маркер, қағаздар.

Ойынды ұйымдастыру жұмысы:

Ойын барысында студенттер екі арал болып бөлінеді. Бірінші топтың аты НАТУРАЛЫДЫ шаруашылық, екінші топтың аты ТАУАРЛЫ шаруашылық. Ойында 10-15 қатысушы болады. Екі топ бөлек жұмыс жасап, өзара қарым-қатынасқа түсуге болмайды.

Әр командаларға тапсырмалар мен аралдардағы ресурстардың саны беріледі. Топтар өздерінің қолындағы бар ресурстармен сол аралда ұзақ өмір сүріп және тиімділігін арттыру әрекеттерін жасаулары қажет. Мынадай сұрақтарға жауап берулері ұсынылады: Сіз не және қанша өндіресіз? Сіз қалай өндіресіз? Кім тұтынады? Аралдың 6-10 заңын құру керек. Топтармен жұмыс және «аралдардың» проектісінін рәсімдеуге 20-30 минут беріледі. Проектілерді презентациялауға 7 минут беріледі. Әр командалар өздерінің жетістіктерін талқылау үшін көбірек уақыт берілуі тиіс. Талқылауға арналған арнайы сұрақтар: Сіздер қандай қиындықтармен кездестіңіздер? Не себепті? Ол қиындықтардан сіз қалай өттіңіз? Сіздің командаңыз қандай жетістіктер және кемшіліктер жасады? Сіздер ресурстардың жетіспеушіліктерін сезіндіңіздер ме? Сіздер аралдағы ресурстардың әділетті бөліну мәселесін қалай бағалайсыз? Неге сіз олай ойлайсыз?

Жүргізуші қай команда берілген тапсырманы сәтті орындады, қалай және не себепті, талқылаудан кейін командаларда жаңа ойлар туындады және т.б.

Тұрақты даму тек кешенді түрде экологиялық, экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешу негізінде құралатындығы жөнінде аудиторияда ортақ ой туындайды.

Тапсырмалар:

«Тауарлы шаруашылық» тобы қолдарындағы ресуртардан тауарлы шаруашылық қоғамын құрулары қажет!

«Натуралды шаруашылық» тобы қолдарындағы бар ресурстармен натуралды шаруашылықты сақтап қалуы тиіс! Сонымен қатар өмір сүру деңгейлерін жоғарлату жолдарын көрстетуі керек.

Берілетін ресурстар: Екі топтың аралдарында берілетін ресурстар тек адам мекендемейтін жердегі табиғи ресурстар беріледі: жер, ағаштар, су, күн сәулесі, жабайы аңдар.