Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
акушеря каф.docx
Скачиваний:
76
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
113.97 Кб
Скачать
    1. Аппендицит

    2. тубоовариалды түзіліс

    3. Жатырдан тыс жүктілік

    4. киста аяқшасынан бұралуы

    5. субсерозды түйіннің бұралуы

  1. Науқас 38 жаста. Ауырсынудан жедел жәрдем машинасын шақырды. Анамнезінде – етеккірі 15 жастан, бірден қалыптасты, 26 күн сайын , 4 күннен, , аыру сезімсіз. Тұрмыста, жүкті болмаған, жүктіліктен сақтанбады. Гинекологқа қаралған кезде сол жақ аналық безінің кистасы деген диагнозы анықталды. Емделмеген. Объективті-жағдайы орташа ауырлықта, лоқсуға, құсуға, әлсіздікке шағымданады. . Пульс-90 рет. минутына.АД 90/60 мм.сын.бағ.(жұмыс.қан қысымы.140/70). Іші жұмсақ, ауырсынған. Болжам диагноз:

    1. Аппендицит

    2. созылмалы сальпингоофориттің өршуі

    3. Жатырдан тыс жүктілік

    4. аналық без кистасының аяқшасының айналуы

    5. жатыр миомасы

  1. Гинекологиялық бөлімшеге Н. есімді 29 жастағы әйел келесі шағымдармен келді: 3 күннен бергі дене қызуының көтерілуі, етеккірі біткеннен кейінгі жыныс жолдарынан көп мөлшердегі бөлінділер. Дәрігер тексергеннен кейін: Оң жақты тубоовариалді түзіліс. Пельвеоперитонит диагнозын қойды. Дәрігердің тактикасы:

    1. АБ, инфузионды терапия

    2. 2-3 сағат АБ терапия, лапаротомия аднексэктомия

    3. 24 сағат АБ, инфузионды терапия, нәтижесіз болса - лапаротомия, аднексэктомия

    4. 24 сағат АБ, инфузионды терапия, нәтижесіз болса - лапаротомия, қосалқыларымен қынапүстілік жатыр ампутациясы

    5. 6-12 сағат АБ, инфузионды терапия в течение часов, нәтижесіз болса - лапаротомия, қосалқыларсыз қынапүстілік жатыр ампутациясы

  1. 22 жастағы науқас жыныс жолдарынан қанды бөлінділер, ішінің төменгі аймағындағы ауыру сезіміне, дене қызуының 37°С жоғарлауына шағымданып келді. 2 тәулік бұрын жүктіліктің 12-13аптасында түсік жасау үшін жатырына катетер салғанын айтты. Диагноз:

    1. Басталған асқынбаған инфицирленген аборт

    2. Басталған асқынған инфицирленген аборт

    3. асқынбаған толық емес инфицирленген аборт

    4. Толық емес асқынған аборт

    5. Асқынбаған инфицирленген жүріп жатырған аборт

  2. Науқас 26 жаста. Бірнеше күн бұрын 7-8 апталық жүктікке артифициальды түсік жасаған. Әлсіздікке, дене температурасының көтерілуіне, қалтырауға, іштің ауыруына және желденуіне шағымданады. Объективті: бозарған. Тілі құрғақ. Дене температурасы 38,90С. АҚ 100/60 сын.б.б. пульс 98 рет/мин. Іші кернелген, пальпацияда төменгі аймақтарында ауырсынулы. Щеткина-Блюмберга симптом +. Жедел жәрдем дәрігерінің алдын-ала диагнозы:

    1. Асқынғаннан артифициальды түсік. Метроэндометрит

    2. Асқынғаннан артифициальды түсік. Пельвиоперитонит

    3. Асқынғаннан артифициальды түсік. Ұрық жұмыртқасының қалдығы

    4. Асқынғаннан артифициальды түсік. Қызба

    5. Медициналық түсіктен кейінгі жағдай.

  3. Босанушы 25 жаста, босанғаннан кейін 3-ші тәулікте қанағаттанарлық жағдайда үйіне шығырылған. Босанудан кейінгі 20-шы тәулікте шағымдары: қалтырау, дене температурасының көтерілуі, әлсіздік. Объективті: бозарған, тері жабындылары құрғақ, ыстық. Сүт бездері жұмсақ. Тілі құрғақтау, ақ жабындымен жабылған. Іші жұмсақ, төменгі аймақтарында ауырсынады. Жыныс жолдарынан жағымсыз иісті бөлінділер. Жедел жәрдем дәрігерінің алдын-ала диагнозы:

    1. Босанудан кеінгі кеш кезең. Сепсис.

    2. Босанудан кеінгі кеш кезең. Метроэндометрит.

    3. Босанудан кеінгі кеш кезең. Пельвиоперитонит. Сепсис?

    4. Босанудан кеінгі кеш кезең.Септикалық шок.

    5. Босанудан кеінгі кеш кезең. Пельвиоперитонит.

  4. Әйел бірнеше жыл бойы созылмалы 2 жақты аднекситпен ауырады. Суық тигеннен кейін (теңізде шомылған соң) іштің төменгі жағында ауру сезімі пайда болған. Өздігінен 4 күн таблеткадағы антибиотиктерді қабылдаған. Кешке дене температурасы көтеріліп, қалтырап, іштегі ауру сезім күшейген. Жедел жәрдем шақырған. Жедел жәрдем дәрігері интоксикация, және іш пердесінің тітіркену белгілерін анықтады. Алдын ала диагнозыңыз::

    1. Созылмалы аднекситтің өршуі.

    2. Жедел 2 жақты сальпингоофорит.

    3. Жедел 2 жақты аднексит. Пельвиоперитонит.

    4. Созылмалы 2 жақты аднекситтің өршуі. Пельвиоперитонит.

    5. Пельвиоперитонит.

  1. 35 жастағы науқас жыныс жолдарының қанды бөліністеріне шағымданып келді. Соңғы жылы көп мөлшердегі және ұзақ етеккір келетінін байқаған. Осы қан кету күткен етеккірдің 1-ші күнінен 14 күн бойы. Қынаптық тексергенде: жатыр мойны цилиндр пішінді, сыртқы ернеу жабық. Жатыр 8-9 жүктілікке ұлғайған, қозғалмалы, ауырсынусыз, тегіс. Қосалқылар анықталмайды. Күмбездері терең. Сіздің диагнозыңыз:

    1. Репродуктивті кезеңдегі ДЖҚ

    2. аденомиоз, түйіндік формасы

    3. толық емес өздігінен түсік

    4. жатыр миомасы

    5. Климактериялық қан кету

  1. Науқас 46 жаста. Гинекологиялық стационарға келесі диагнозбен тусті: Дамымаған жүктілік 9-10 апта (етеккір бойынша 12-13 апта). Алдын ала дайындықтан кейін жатыр қуысын қыру жасаған. Қырудан 30 минуттан кейін жатыр қуысынан қан кете бастаған, қанның түсі алқызыл және ұйымайды. Қан ұю уақыты 9 минут. Сіздің диаггнозыңыз?

    1. дамымаған жүктілік 9-10 апта. ТІШҚҰ синдромы. Қан кету.

    2. дамымаған жүктілік 12-13 апта. ТІШҚҰ синдромы. Қан кету.

    3. дамымаған жүктілік 7-8 апта. Қан кету.

    4. дамымаған жүктілік 9-10 апта. Қан кету.

    5. дамымаған жүктілік 9-10 апта. Ұрық жұмыртқасының қалдықтары. Қан кету.

  1. Қандай шұғыл жағдайларда консервативті ем тағайындауға болады:

    1. Құрсақішілік қан кеткенде

    2. перитонитте

    3. тубоовариаялық абсцесстің перфорациясында

    4. пельвиоперитонитте

    5. жатыр перфорациясында

  1. Жедел метроэндометритке келесі гинекологиялық қараудың мәліметтері тән:

    1. жатыр тығыз, қосалқылар ұлғайған, ауырсынулы, көп мөлшерде ақ кір

    2. жатыр және қосалқылар аймағы қатты ауырсынудан пальпацияланбайды

    3. қынаптың шырышты қабаты гиперемияланған, ісінген, іріңді ақ кір

    4. жатыр ауырсынулы, қосалқылар анықталмайды, іріңді-қанды ақ кір

    5. жатыр қалыпты өлшемде, қосалқылар ұлғайған, ауырсынулы, іріңді бөлінділер.

  1. Жедел сальпингитке келесі гинекологиялық қараудың мәліметтері тән:

    1. жатыр тығыз, қосалқылар ұлғайған, ауырсынулы, көп мөлшерде ақ кір

    2. жатыр және қосалқылар аймағы қатты ауырсынудан пальпацияланбайды

    3. қынаптың шырышты қабаты гиперемияланған, ісінген, іріңді ақ кір

    4. жатыр ауырсынулы, ұлғайған, қосалқылар анықталмайды

    5. жатыр тығыз, қалыпты өлшемде, қосалқылар ұлғаймаған

  1. Пельвиоперитонитке тән гинекологиялық сипаттама:

    1. жатыр тығыз, қосалқылар ұлғайған, ауырсынулы, көп мөлшерде ақ кір

    2. жатыр және қосалқылар аймағы қатты ауырсынудан пальпацияланбайды

    3. қынаптың шырышты қабаты гиперемияланған, ісінген, іріңді ақ кір

    4. жатыр ауырсынулы, ұлғайған, қосалқылар анықталмайды

    5. жатыр тығыз, қалыпты өлшемде, қосалқылар ұлғаймаған

  1. Гинекологиялық тексергенде кольпитке тән сипаттама:

    1. жатыр тығыз, қосалқылар аймағын пальпациялағанда ауырсынулы, көп мөлшерде ақ кір

    2. жатыр және қосалқылар аймағы қатты ауырсынудан пальпацияланбайды

    3. қынаптың шырышты қабаты гиперемияланған, ісінген, іріңді ақ кір

    4. жатыр ауырсынулы, ұлғайған, қосалқылар анықталмайды

    5. жатыр қалыпты өлшемде, қосалқылар ұлғайған, ауырсынулы, іріңді бөлінділер