Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДИПЛОМ / черн / макс.docx
Скачиваний:
118
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
54.12 Кб
Скачать

10.2 Өндірістік шу

МСТ 12.1.003-02 құжаты шу классификациясы, сипаттамасы мен жұмыс орындарында шекті деңгейін, одан қорғану түрлері, машиналар, транспорт құралдары мен басқа құралдардың шудың сипаттамасы мен өлшеу әдістерін бекітеді.

Жұмыс орнында тұрақсыз шу сипаттамасы интегралды критерий арқылы анықталады.

Қазіргі кезде өндірісте шудың нормасы МСТ 12.1.003-88 «ССБТ Шу қауіпсіздіктің жалпы талаптары» бойынша қарастырылады. Шуды нормалау екі бағытта жүргізіледі: гигиеналық нормалау және машинаның шулық сипатын нормалау. Тұрақты шу үшін нормалау шудың шекті спкектірі бойынша жүргізілнді. Шекті спкектр дегеніміз сегіз октавты жолақтарындағы дыбыс қысымының нормативті деңгейлерінің жиынтығы.

Өндірістік шудан қорғану

Өндірістік шудан қорғану үшін қолданылатын заттар: архитекторлы – жоспарлы және ұйымдастырушылық – техникалық коллективті және жеке басты қорғаныс заттары болып бөлінеді.

Архитекторлы - жоспарлы және ұйымдастырушылық – техникалық коллективті және жеке басты қорғаныс заттары:

- қарқынды шу өндіріс территориясының шегімен шығатын өндірістік орындарды максималды мүмкіндігінше тұрғын массивтерін алшақ және жел бағыты жағынан орналастырады;

- шулы машиналар мен құрылғыларды цехтың жекелеген орындарында орналастырады;

- шулы құрылғыларды жұмысшылар саны аз болатын уақытқа жоспарлау.

Жеке басты қорғаныс заттарды қабылданатын дыбыс деңгейін 10...45 дБ – ге төмендетуге мүмкіндік береді. Шудан қорғануға арналған жеке бас құралдарына шуға қарсы шлемдер мен каскалар жатады.

Коллективтік қорғаныстың аккустикалық заттарда қалыптасатын көдзерде және таралу жолында шу деңгейін төмендету заттары болып бөлінеді. Өндірісте шуды басқыш ретінде жұмыс орындарында көбінесе аэрдиномикалық шу желдеткіш, компрессорлы және газ турбиналы құрылғылар, лас ауаны шығару жүйесінің барысында туындайды. Шу басқыштар абсорбциялық, реактивтік және жинақталған болып бөлінеді.

10.3 Өндірістік діріл

Діріл – материалдық денелер мен машиналардың жұмысы кезінде пайда болатын тербеліс.

МСТ 10.1.02-78 «ССБТ. Діріл. Қауіпсіздіктің жалпы талаптарына» сәйкес адамға әсер ететін діріл гигиеналық бағалау келесі әдістердің бірі бойынша жүргізіледі. Нормаланатын параметрдің спектрлі сараптамасы, нормаланатын параметрлердің жиілігі бойынша интегралды бағалау.

Дірілдің екі түрі бар:

1) агрегаттардың, машиналардың жалпы дірілі;

2) Жергілікті діріл.

Өндірісте жергілікті діріл көп кездеседі. Дірілдің бұл түрінде, тербелісте адам ағзасын кейбір бөлшектеріне тікелей әсер етеді.

Негізінде дірілдің 3 категориясы бар. Өндірістегі діріл үшінші кетегорияға жатады. 3-ші категория – технологияық діріл (цехтағы стационарлық машиналар, жабдықтар) жатады.

Дірілден қорғану заттары коллективті және жеке басты болып бөлінеді. Өз кезегінде келлективті діріл пайда болатын көздерде оларға әсер ететін және олардың таралу жолдарында әсер ететін заттар болып жіктеледі. Өндірісте дірілден сақтанудың коллективті түрі жиі қолданылады.

Діріл әсерін түгелдей жою мен төмендетудің негізгі шаралары жұмысшыға атоматтандырылған және жоғары механикаландырылған өндірістерді енгізу, цехтарды дистанциялы басқару.

Дірілге қарсы шаралар:

1) Агрегаттарды, жабдықтарды үйдің фундаменттеріне тақап қою.

2) Конструкцияларды тыңыз қатты қосындылары бар жерге төсемдер қою.

3) Машиналар мен оның орнатылған базасының арасына амортизациялық сүйеніштерді қою.

4) Еңбектің ұтымды режимін пайдалану, егер құрал - жабдықтардың қозғалысында жиілікті ұру саны – 1200 рет/мин болса, онда 1,5 сағаттан кейін жұмыскер 10 минут дем алу керек, ал егер бұл сан 1900- ға дейін барса, онда бір сағаттан кейін 30 минут дем алу керек.

5) Кеніштерге дірілге қарсы кареткалар қойылады.

Олар:

1) КВЛ – 1, ПР – 24л перфораторлы үшін арналған, жазық кен қазбаларында бұрғылауды қолданылады.

2) КВС - , ПР – 30 перфораторларына арналған, құлама кен қазбаларында бұрғылау үшін қолданылады.

3) УВ – 1 дірілдік құрылыс

4) Жекеленіп қорғану құралдары.

Дірілмен күресудің негізгі шаралары:

- машиналар, конструкциялар мен технологиялық үрдістерді жетілдіру;

- дірілді жұту – ішкі үйкелісті, материалды конструкцияларды қолану;

- дірілдейтін бетке серпімді тұтқырлы материалдар қабатын енгізу (пластмасса, ағаш, резеңке).

Қол құралдарымен жұмыс істеген кезде дірілдің әсерінен жеке қорғаныс құралдары қолданылады. Жеке қорғаныс құралдарына қолғап жатады. Суық мезгілдерде діріл ауруы пайда болмас үшін жылу қолғаптарымен қамтамасыз ету қажет. Сонымен бірге дірілге қарсы белбеулер, діріл жұтатын кілемшелер, діріл жұтатын аяқ киімдерді қолданылады.

Соседние файлы в папке черн