Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДИПЛОМ / черн / макс.docx
Скачиваний:
118
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
54.12 Кб
Скачать

10.4 Өндірістік микроклимат

Өндірістік микроклиматты қалыптастыруға технологиялық үрдістер мен жергілікті жердің климаты қатты әсер етеді.

Микроклиматты сипаттайтын көрсеткіштер:

1) ауа температурасы;

2) ауаның салыстырмалы ылғалдылығы;

3) ауа қозғалысының жылдамдығы;

4) жылулықтың интенсивтілігі.

Оптимальді көрсеткіштер жқмыс зонасының микроклиматына орындалады, ал шекті көрсеткіштер тұрақты және тұрақсыз жұмыс орындарына дифференциалды түрде таратылады. Өнеркәсіптік жердегі жұмыс орнының температураның оптимальды және шекті кқрсеткіштері, салыстырмалы ылғалдылық пен ауа қозғалысының деңгейіне сәйкес болады.

Микроклиматтың шекті көрсеткіштері, жұмыс орнында технологиялық талаптар оптимальды нормаға сәйкес кез – келген жағдайда ғана орнатылады.

Кабинеттерде, пульттер мен технологиялық процестерді басқару посттарында, есептеу техникасы залдарында міндеті түрде ауа температурасы 22 – 240 С, салыстырмалы ылғалдылық 60 – 40% және ауа қозғалысының жылдамдығы 0,1 м/с – тан аспауы керек. Басқа жұмыс орындарында микроклиматтың оптимальды нормалары белгіленген тәртіп бойынша салалық құжаттамаларға сәйкес болу керек.

Жұмыс зонасындағы температура әртүрл ібиіктікте және әртүрлі аймақта шекті нормадан аспауы керек.

Микроклиматтың оптимальды және шекті көрсеткіштерін орнату кезінде жыл периоды да ескерілуі керек, демек, салқын период кезінде жұмыс орнын радиациялық салқындатудан қорғау керек, ал жылы периодта күн сәулесінің тікелей түсуінен қорғау керек.

Жұмыс орнындағы микроклиматтың күрсеткіштерін өлшеу үшін, әртүрлі аспаптар қолданылады. Жеке алып қарағанда:

- температура мен ауа ылғалдылығы – аспирациялық психометрмен МВ- 4М, М- 34; электр термометрлері, қара бояумен боялған термометрлер;

- ауа қозғалысының жылдамдығын – анемометр (қанатты АСО- 3, МС- 13) , термо анемометрлер ТАМ -1, цилиндрік термометрлер.

Адам ағзасына микроклимат факторларының зиянды әсерін жою үшін және өндірістік ғимараттарда қалыпты жұмыс жағдайын қалыптастыру үшін ауалық ортаның көрсеткіштері, зиянды заттардың ШРК бекіткен, СанЕмН 2.2.4.548-96 « Өндірістік ғимараттардың микроклиматына қойылатын гигиеналық талаптары» және МСТ 12.1.005-88 « Жұмыс аймағының ауасы. Қауіпсіздікке қойылатын жалпы талаптарына» сәйкес келуі керек.

Зиянды заттардың адам ағзасына әсер ету дәрежесі бойынша төрт классқа бөлінеді: 1- төтенше қауіпті ШРК 0,1 мг/м3 – қа дейін, 2- ші өте қауіпті ШРК 0,1- ден 1 мг/м3 –қа дейін, 3- ші орташа қауіпті ШРК 1- ден 10 мг/м3- қа дейін, 4- ші қауіптілігі төмен ШРК ≥ 10 мг/ м3 – қа дейін.

Өндірістік мекемелерді жобалау, санитарлы нормаларды ескере отырып жүргізіледі (СНмЕ ҚР 3.01-01-2002).Осыдан келесі санитарлы қорғаныстық аймақтық өлшемдері қабылданады. Мекеме класы - 3.Аймақ өлшемдері- 300м. Өндірістік ғимараттың көлемін бір жұмысшыға 15м3 – тан қабылдайды. Ауданы 4,5 м, биіктігі 3,2 м3 – тан кем болмауы керек.

14-кесте - Өндіріс ғимараттары жұмыс аймағындағы салыстырмалы ылғалдылықтың және ауа қозғалысы жылдамдығы температураларының оңтайлы және рұқсат етілген температура мөлшерлері

Жыл мезгілі

Жұмыс категориясы

Ауа температурасы, 0 С

Салыстырмалы ылғалдылық, %

Ауаның қозғалыс жылдамдығы, м/с

Оңтайлы

Суық және өтпелі кезең

Жеңіл I

Орташа ауырлық, IIа

Орташа ауырлық II

Ауыр III

20 – 23

18 -20

17 – 19

16 - 18

60 – 40

60 – 40

60 – 40

60 – 40

0,2

0,2

0,3

0,3

Жылы кезең

Жеңіл I

Орташа ауырлық II а

Орташа ауырлық II б

Ауыр III

22 – 25

2 -23

20 – 22

18 - 21

60 -40

60 – 40

60 – 40

60 - 40

0,2

0,3

0,4

0,5

Мүмкін болатын

Суық өтпелі кезең

Жеңіл I

Орташа ауырлық II

19 – 25

17 - 23

75

75

0,2

0,3

Жылулық цех бөлмесінің жұмыс орнында ауаның жылжымалығы 0,6 м/с артық емес, химикаттарды бөлшектен орау бөлмесі 0,3 м/с артық емес жылдамдықпен жоғары және жұмыс аумағына ауаның таралуын қамтамасыз ететін қосылғы. Ауыспалы механикалық желдеткішпен жабдықталады. Сору тесігінің өлшемі ағу тесігінің өлшемі 25% артады.

Термистің еңбегі көп жағдайда орташа ауыр жұмыс категриясына жатқызылады. Бұл жұмыстар ауысым бойында 14 – 5 км шамасында, салмағы 10 кг ауырды тасымалдаумен ұзақ уақыт бойы ылғалсыз дене қимылдары және тағы басқа байланысты.

Тұрақты жұмыс орындарында температура, салыстырмалы ылғалдылық пен ауаның қозғалыс жылдамдылығы тиімді және мүмкін параметрлерінде СН м Е талаптарына сәйкес келуі керек.

Жылу трамапарының практикасы мақсатында қоршаулы құрылғылар температурасы 450С аспауы керек. Ауа мен пештің бет қабатының температурасының шекті ерекшелігі 30 - 400С аспауы тиіс. 0,14 – 0,35 кВт/м2 қарқынды жылу ағыны кезінде ауа қозғалысының жылдамдығын қалыпты жағдайдан 0,2 м/с – ке, ал 35 – 2,80 кВт/м2 дәрежесі кезінде төбеден су себуді қарастыру қажет.

Пештерді және басқа агрегаттарды жөндеу кезінде ауаның температурасы тыныс шығару мүшелері міндетті түрде қорғаумен 400С аспауы қажет. Жылу ағыны әсерінен қорғау құралдарынсыз жұмыс істеу кезінде инфрақызыл сәулелену дәрежесіне тәуелді уақытты шектеу қажет.

Егер қондырғыдағы жұмыс ауаны бүлдіретін зат бөлетін болса, онда оларды жергілікті сору желдеткішімен жабдықтайды. Мұндай жағдайда инструкциялық пештің үстін қырлық перделі шатыр орнатады, шатырға ентін ауа қозғалысының жылдамдығы 1,5 м/с кем емес, жергілікті сору құрылғысы металл емес материалдан (асбес, тексталит, т.б.) жасалған.

Бұл жобада табиғи цехтың желдеткіші механикалық желдеткіш пайдаланылады. АО2 – 11-2, n = 3000 айн/мин W= 300-1 түпкі желдеткіш таңдап алынады.

Соседние файлы в папке черн