Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДИПЛОМ / черн / макс.docx
Скачиваний:
118
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
54.12 Кб
Скачать

10.5 Электр қауіпсіздігі

МСТ 12.1.009-76 анықтамалары бойынша электр қауіпсіздігі – электр тогнының, электр доғасының, электр магнитті алаңның және тұрақты электрдің қауіпті және зиянды әсерінен адамдарды қорғауды қамтамасыз ететін, құралдар мен техникалық және ұйымдық шаралар жүйесі.

МСТ 12.1.038 - 02 құжаты негізінде 400 Гц – ге дейін жиілікте тұрақты және айнымалы токпен жұмыс істейиін электр қондырғыларының қорғаныс жерлену мен нөлденуіне арналған, және қорғаныс жерлену мен нүлдену арқылы электр қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Қорғаныс жерлену мен нүлдену, изоляцияның бұзылғанның арқасында электр қондырғысының ток жүрмейтін металл бөліктері кернеу астында қалғанды, адамның сол металл бөліктеріне тиіп кеткен жағдайда электр тлгынан қорғау керек.

Қорғаныс жерлену арқылы электр қондырғысының металликалық бөлімімен жер немесе жерге балама арасындағы әдейі жасалған элекртлік байланысты айтады.

Электр қондырғыларында қорғаныс жерлеу ретінде алғашқы кезеңде табиғи жерлегіштер қолданылуы керек.

Өнеркәсіптік ғимараттардың темірбетон фундаментін табиғи жерлегіш ретінде алғанда, қосымша табиғи емес жерлегіштер қажет болмайды.

Шекті кернеу мен жерлегіш құралдарының кедергісі жылдың кез – келген мезгілінде қамтылуы керек.

Бір немесе көп қызмет атқаратын электр қондырғыларына жерлегіш қызметін атқаратын құралдар, осы электр қондырғысының жерлегіш функциясын атқаратын барлық талаптарына сәйкес болу керек.

Электр қондырғыларды орнату ережесі жаңадан салынатын және қайта салынатын электр қондырғыларда 500 кВ – қа дейін таралады. Электр қондырғылары электр қауіпсіздігі бойынша ЭҚ 1 кВ – қа дейінгі және ЭҚ 1 кВ жоғары деп бөлінеді. Сонымен қатар климаттық ортасына байланысты ғимараттар келесілерге бөлінеді: құрғақ (ылғалдылығы 60% - ке дейін), ылғалды (ылғалдылығы 60-75%), дымқыл (ылғалдылығы 75 % -тен көп), өте дымқыл (ылғалдылығы 100% -ке жуық), ыстық (температурасы +35 0 С- дан көп), химиялық активті органикалық ортамен шаң ғимарат.

Өндірісте қабылданған электр жабдықтары мен материалдары, бекітілген орнатылған тәртіпте ТШ немесе МСТ талаптарына сәйкес болу керек. Өндірісте қабылданған электр жабдықтары, кабельдер және жетектерді оқшаулау класы талаптар мен электр қондығыларының көрсеткіштеріне сәйкес болу керек. Өткізгіштепр мен кабельдерді механикалық зақымданудан қорғау үшін арналған қондырғылар, мүмкіндігі бойынша машиналары, аппарттары және аспаптарды енгізілуі керек.

Өндірісте электр қауіпсіздігі электрқондырғылардың конструкцияларымен, техникалық қорғаныс тәсілдері және құралдрымен, ұйымдастырушылық және техникалық шаралармен қамтамасыз етіледі.

10.6 Өрт қауіпсіздігі

МСТ 12.1.004 – 02 құжаты әртүрлі объекттердің қорғаныс жағдайы бойынша өмір циклының барлық сатысына жалпы талаптарды орнатады. Ал өмір циклінің сатылары кеесідей болады: зерттеу, нормативті құжаттарды жасау, құрастыру, жобалау, сатып алу, сату, сақтау, тасымалдау, орнату, техникалық қызмет, экспплуатация, утилизация.

Өрт қауіпсіздігі шаралары және апатты алдын – ала ескерту

Кәсіпорынның үлкен басты жоспарын жасағанда арақашықтығы тез ерігіш сұлықтарды сақтау орындары мен өртке қарсы ажырау ұзындығы арасындағы қашықтыққа сай 16 м қабылданады. Өртті болдырмауды жеке сақтау орындарда бірінші типті жарылысты алдын – ала ескерту үшін келесі негізгі талаптарды орындау қажет.

- ыдысты 95 % сыйымдылықта толтыру;

- тек қана жөнделген ыдысты пайдалану және оны жапқышпен жоғары сақтау қажет;

- қойманың жеке секцияларында тез ерігіш жіне жанғыш заттарды сақтау қажет;

- 280 қысымның жоғары және төмен ұзындық бйынша бір қатарға ие болатын бөлшектерді тез ерігіш сұйықтыққа жатқызу керек,

- Әрбір секундта 100 м2 ауданмен 2 шығарыммен орнықтыру қажет.

Өндірістік обьектілерді өрттен қорғау:

- обьектіні отқа тұрақтылық дәрежесін дұрыс таңдаумен;

- өрт ошағының пайда болған жағдайдағы оттың таралуын шектеу;

- жарылысты активті басуға бағытталған жүйені қолдану;

- түтінге қарсы қорғаныс жүйесін қолдану;

- адамдарды қауіпсіз қөшіру;

- өрт сөндіру мен өрт дабылдағыш құралдарын қолдану;

- өрттен қорғануға арналған шаралармен ұйымдастырылуы қамтамасыз етілуі тиіс.

Өндірістің өрт жарылыс қауіптілігі бойынша дәрежесі өрт қауіптілігі бар құрамында қоспасы бар технологиямен анықталады.

Өндірістің өртке және жарылысқа қауіптілігі дәржесі бойынша бес топқа бөлінеді:

А - дәрежесіне өртке қауіпті өндіріс жатады.Б – дәрежесіне жарылысқа қауіпті өндіріс жатады, шаңды булы газ ауаны құрайды. В – дәрежесіне қиын жанатын сұйықтар мен материалдар жатады. Г – дәрежесіне балқыған күйдегі жанбайтын заттар мен материалдар жатады. Д – дәәрежесіне мұздай күйдегі заттар мен материалдар қолданылатын өндіріс жатады.

Ғимарат пен құрылыста өрттің таралу шарты өртке тұрақтылық деңгейімен анықталады. Өртке тұрақтылық деңгейі деп – өрт болған жағдайда ғимараттардың қирауына қарсы тұра алатын құрылыс мүмкіндігі болып табылады. Өртке тұрақтылық деңгейіне қарай құрылыс пен ғимаратты сегіз топқа бөліп қарастырады. Ғимараттың өртке тұрақтылық деңгейі оттың таралу шегін негізгі, құрылыс конструкциясының өртке тұрақтылығына тәуелді болады.

Өнеркәсіп құрылысының жобалаудағы өрт қауіпсіздігінің өлшемі аумақты жоспарлау өнеркәсіптің бас жоспары.

Өрт қауіпсіздігі аймағындағы нормативті – құқылық реттеу «Өрт қауіпсіздігі туралы» заңға сәйкес өрт қауіпсіздігі бойынша (СНмЕ, СанЕмН, Мемстандарттар) нормативті актілердің мемлекеттік басқару органдарының қабылдауымен ұсынылады.

Өрт қауіпсіздігі аймағында нормативті реттеу – өрт қауіпсіздігі талаптарын орындау үшін, мндетті нормативті құжаттарда (ҚР ТЖ Министірлігінің өртті бақылау бойынша департаменті) мемлекеттік өкілеттік органдармен бекітіледі.

Өрт қауіпсіздігі бойынша нормативті құжаттар бекітілген тәртіпте жеке басып шығару мен тіркеуге жатады.

Өндіріс орнында өрт қауіпсіздігін мемлекеттік өртке қарсы ұйымы бақылайды. Зауытқа өртке қарсы шараларын ұйымдастырып, олардың орындалуын бақылайтын мемлекеттің өртке қарсы ұйымының инспекторы бекітеді. Өндіріс орны мен аудандық өртпен күресу бөлімшесі арасында келісім шарт құрылып, сол бөлімшесінде екі автоцистермолар бекітіледі.

Битумды өндірістік технологиялық бөлмеде өртке қарсы сумен қамтамасыз етіліп, диаметрі 300 мм құбырлар орнатылған.

Өртке қарсы шаралар.

Цехтарды өрттен қорғау шараларын дұрыс таңдау үшін бірінші кезекте ғимараттардың өртке тұрақтылық дәрежесін белгілейтін ғимараттың категориясын, эвакуация жолының ұзындығы мен еніне, түтіннен тазарту жүйесінің құралдар қажеттілігін; өртті хабарлаушы жилік анықтау, автоматты өрт сөндіргішті орнату және т.б. бекіту қажет.

Ғимараттың категориясын ҚР СНмЕ 2.02 - 01.2000. «Ғимараттың категориясын өрт қауіпсіздігі мен жарыла өртену бойынша анықтауға» сәйкес технологияны бұйымдарына қарайтын тәуелділігі бойынша белгіленеді. Берілген өндірістік бөлме негізііне 2 параметр жатады: ұшқын температурасы және бөлмедегі жарылыстың есіктен артық қысымы.

Жарылу қаупі бар қозғаушы пармен жұмыс істейтін пештері бар цех сенімді арнайы желдеткіштермен жабдықталған. Ал, конструкциясы ауамен салыстырғанда жеңіл газды қоспа жинауы мүмкін. Газды тұнбалы қаптар түзілмеуі үшін берік жабылады. Жарылу және өрт қаупі бар бөлімдер басқа бөлімдердің отқа төзімділік шегі 0,75 сағ кем емес.

Өндірістік объектілердің өртке қарсы құралдары жаңа өнеркісіп орындарын жобалау барысында өндірілетін инженерлі- техникалық іс – шаралардың комплексі болып табылады. Сондықтан өндірісте өрт қауіпсіздігі белсенді өрт қорғанысымен алдын – алу тәсілдерімен қамтамасыз етіледі.

Өрт сөндіру құралдары өрт класына байланысты таңдап алынады. Бұл жағдайда класс В. Бұл кезде таңдалынған су және көбік түзгіш ПО – 1-ден дайындалған барлық көбіктер пайдаланылады, жылу цистерналарында әрбір 700 мл, алғашқы өрт сөндіруші құралдар 10У – 5 – 3, ОХ ВП – 6, құмы бар жәшік, 3 күрек, киіз асбесті қарастырылған.

Өрт сөндірудің химиялық құралдары.

Өрт сөндірудің кеі тараған құралдары: көмірқышқылы, химиялық және ауалық – химиялық көбік, галойдталған көмісутектер, түйіршікті қоспалар, бромтилді қоспалар және инертті газдар болып табылады. Осы аталған өрт құралдары келесі түрлерге жіктеледі: суытатын және оқшаулайтын, яғни жану аймағына оттегінің түсуін көбік қабатын жабу немесе құрғақ түйіршіктерді себу арқылы оқшаулау жүргізіледі. Электр өткізгіштеріне қарай: элекрт өткізетіндер (көбік, су, бу) және электр өткізбейтіндер (түйіршіктер мен кейбір газ түрлері) болып бөлінеді. Уыттылығы жағынан : уытты еместер (су, көбік, түйіршіктер), орташа уыттылар (көмірқышқыл және азот) және (бромэтилді қоспалар, фреондар) болыр бөлінеді.

Өртті өндіру тәжірибесінде әртүрлі сулағыштар, көбіктер, инертті газдар мен механикалық құралдар кең ауқымды қолданысқа ие.

Өрт кезінде жану өнімдері құрамында улану өте көп үлкен қауіпті төндіреді, ал кейде жарылысқа қауіпті заттар өте қауіпті болып табылады. Оларды жою үшін түтінді люктар құрастырылады, түтіндердің бағытын жоюмен қамтамасыз ететін басқа бөлмелердің түтінденбеуіне өрттің басталуын тез анықтауға көмектеседі. Өртке қарсы стеналар өрттің өршуіне қарсы көлденең бойынша жанбайтындай болып жобаланған. Жанатын жазық стеналар шығып тұрған дөңбектері арқылы өртке қарсы жабқыштар өрттің өршуін басады.

Өнеркәсіп орындарында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жауапкершілігі құрылымдық бөлім басшыларына, өндіріс басшыларына тағайындалады. Өнерксіп әкімшілігі немесе жалдаушылар міндетті:

- белгілі обьектілердегі құрылыс және жобалаудағы құрылыс нормаларының толық және уақтылы өрт қауіпсіздігімен өртке қарсы талаптардың орындалуын қамтамасыз ету қажет;

- өнеркәсіп орындарында өрт қорғанысымен техникалық өрт комиссиясын ұйымдастыру;

- қажетті өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз ету;

- құрылымдық бөлімшелерде өрт қауіпсіздігіне жауапты тұлғаны тағайындау;

- өндіріске жаңадан алынған жұмысшыларға өртке қарсы нұсқаулықтармен таныстырылуы керек.

Өрт қауіпсіздігін есептелуі

Бір қабатты ғимараттың бөлмесінің өлшемдері : 35*30*4,9 м.

Өнеркәсіа ғимараты мен бөлмесінің өрт қауіптілігі онда орындалатын технолоиялық ерекшеліктерімен, және соларда қоланылатын жабдықтар мен материалдардың қасиетіне, сонымен қатар оларды өңдеу шарттарымке анықталады.

Өртке қарсы талаптар

ЕО электронды жабдықтардың қымбаттылығын және де олардың өртке қауіптілік категориясын ескере отырып ЕО ғимараты 1 – ші деңгейлі отқатөзімділікке жатады. 1 сағат төзімділігі бар едендер астымен желілік кабельдер жүргізілген.

Соседние файлы в папке черн