Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Астана медицина университеті.docx
Скачиваний:
20
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
86.36 Кб
Скачать

7. Бақылау:

Жағдайлық есептерді шешу:

Задача № 2

Қанда альдостерон көлемі артты. Бүйрек қызметінің қандай өзгерістерін күтуге болады?

Задача № 11

Ауру сезімімен тітіркендіргенде несеп көлемі күрт азаяды. Бұл феноменнің физиологиялық тетігі қандай?

Задача № 20

Бір тәулік бойында сау адамның несебінде 60 000 астам молекулярля салмағы бар 75 мг ақуыз табылды. Ақуыздың мүмкінді қайнар көзі кандай?

Задача № 38

Адамға күшсіз анестезия берілген соң, адамда операциядан кейін несептің мүлдем бөлінбей қалды. Бұл көріністің физиологиялық механизімі қандай?

«Астана медицина университеті» АҚ

Форма№ ОБ-07.1.13

Шығарылған күні:

Қалыпты физиология кафедрасы

Тексеріс күні:

Тексеріс #:

11бет 45

Жалпы медицина факультеті

Тәжірибелік сабақтарға әдістемелік ұсыныстар

Физиология-2 пәні 051301 «Жалпы медицина» мамандығы

Тарау: Несеп шығару және жыныстық жүйесі.

Тәжірибелік сабақ: №2

Тақырыбы: Несеп түзудің және несеп шығарудың жүйкегуморальдык реттелісі. Жастық ерекшеліктері.

Курс: 3 курс

Факультеті: Жалпы медицина

Құрастырушылар:

.

2013 Ж.

Кафедра отырысында талқыланған

2 хаттама , 29 .08 2013 ж.

Бекітілген Кафедра меңгерушісі_______Хамчиев К.М.

1.Тақырып: Несеп түзудің және несеп шығарудың жүйкегуморальдык реттелісі. Жастық ерекшеліктері.

2. Мақсаты: ер адамдардағы жүйелердің репродуктивті қызметін қамтамасыз ететін негізгі физиологиялық үрдістер туралы түсінік қалыптастыру және оларды клиникалық зерттеу әдісімен бағалау.

3. Оқыту мақсаты:ер адамдардағы жүйелердің репродуктивті қызметін қамтамасыз ететін негізгі физиологиялық үрдістердітүсіндіру және оларды клиникалық зерттеу әдісімен бағалау.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Несеп түзудің нейрогуморалдық реттелісі. Жүйке жүйенің және гормондардың несеп түзудегі маңызы (АДГ, альдостерон, катехоламины және т.б.).

  2. Бүйректің осмос қысымын және азот тепе-теңдігін сүйеудегі маңызы.

  3. Түбекше-астау жүйесінің, зәрағардың, несеп қабының, несеп шығару каналының қызметтері.

  4. Несеп шығарудың рефлекторлық реттелісі.

  5. Несеп түзудің және несеп шығарудың жастық ерекшеліктері.

  1. Білім берудің және оқытудың әдістері:Несеп жыныс тақырыбы бойынша ауызша сұрау, атластармен, кестелермен жұмыс жасау,клиникалық бағыттағы жағдайлық есептерді шешу, тест тапсырмаларын орындау.

1 тәжірибелік жұмыс. Несепті жалпы саралау. Визуалдық зерттеу.(Судаков, 399 бет. 34.2.1).

Әдістеме: Пробирканы көз деңгейінде көтеріп, өтетін жарық арқылы несептің түсін анықтаймыз. Калыпты жағдайда несептің түсі урохромға тәуелді болады және сарғылт, сары және қаныққан сары түсті болады.Кейбір дәрілік заттарды қабылдаудан кейін несеп түсі өзгереді: амидопириннен- қызарады, көк метиленнен- көк түске және т.б. ауру кезінде ол ақшыл сары (қантты полиурия, қантсыз диабет, бүйректегі жетіспеушілік), сарғылт жасыл, сары (сары ауру кезіндегідей), қаныққан сары (билирубинурия – механикалық сары ауру, Боткин ауруы), қызғылт сары (уробилинурия – гемолитикалық сары ауру), қызыл, күңгірт қызыл (эритроциттер – нефрит, туберкулез, қатерлі ісіктер), қара (гемоглабинурия, алкаптонурия, меланоз),ақшыл (хилурия, липурия). Бұған қоса несептің әр түрлі реңктерін белгілейді, мысалы күңгірт қызыл реңкі бар сары түсті және т.б.

Несептің көмескілігі құрамында тұздардың, формалық элементтердің, микроорганизмдердің және майлардың болуына байланысты. Көмескілікті анықтау үшін белгілі бір затқа қатынасты көз деңгейінде тұрған пробирканы араластырады. Әлсіз, орташа және күшті көмескілікті ажыратады. Әлсіз көмескілік кезінде заттың контурлары анық, орташа көмескілік кезінде олар әлсіз көрінеді, ал егер күшті көмескілік кезінде заттың контурлары көрінбейді. Қалыпты жағдайда несеп мөлдір немесе әлсі көмескі болады.

2 тәжірибелік жұмыс.

Несептің жалпы анализі. Несептің удельді салмағын анықтау

Жұмыс барысы: Зерттеушінің несебін 100 мл көлемді цилиндірге кұяды. Оның ішіне урометр салады, салғанда ол шишаның қабырғаларына тимейтінде. Несептің тығыздығын урометрдің бөлінді белгілеріне қарай тіркеіді. Несептің тығыздығы сүйықтықтың беткейлі сатысына сәйкес келеді.

Тұжырым:

3 тәжірибелік жұмыс.

Несептің жалпы анализі. Несептің pH-ын анықтау

Жұмыс барысы: Несептің рН-ын анықтау үшін арнайы сызықшаларды артады, артқанда ол өзінің түсін өзгертуі тиіс. Бұл кезде несептің реакциясы туралы берілген кестеге қарап, салыстырып, анықтауға болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]