Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Астана медицина университеті.docx
Скачиваний:
20
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
86.36 Кб
Скачать

Тәжірибелік сабақтарға әдістемелік ұсыныстар

Физиология-2 пәні 051301 «Жалпы медицина» мамандығы

Тарау: Несеп шығару және жыныстық жүйесі.

Тәжірибелік сабақ: №3

Тақырыбы: Адамның жыныстық дамуының физиологиясы. Жасына қарай адамдағы жыныстық өзгерістері.

Курс: 3 курс

Факультеті: Жалпы медицина

Құрастырушылар:

2013 Ж.

Кафедра отырысында талқыланған

2 хаттама , 29 .082013ж.

Бекітілген Кафедра меңгерушісі_______Хамчиев К.М.

1.Тақырыбы: Адамның жыныстық дамуының физиологиясы. Жасына қарай адамдағы жыныстық өзгерістер.

2. Мақсаты: ер және әйел адам жүйелерінің репродуктивті қызмет

ін реттейтін физиологиялық үрдістерді түсіндіру және оларды клиникалық зерттеу әдісімен бағалау туралы студентте түсінік қалыптастыру.

3. Оқыту мақсаты: ер және әйел адам жүйелерінің репродуктивті қызметін реттейтін физиологиялық үрдістерді түсіндіру және оларды клиникалық зерттеу әдісімен бағалау.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Ерлердің жыныс мүшелерінің қызметтері.

  2. Ерлердің жыныстық гормондары. Ақаулары.

  3. Ерлердің жыныс мүшелері қызметтерінің реттелуі.

  4. Жыныстық мотивацияның тетіктері және қалыптасуы.

  5. Қайта жаңартудың физиологиялық негіздері.

  6. Әйел адамдардың жыныс мүшелерінің қызметтері.

  7. Әйелдердің жыныс гормондары. Ақаулары.

  8. Жыныс циклінің кезеңдері.

  9. Жүктіліктің және бала туудың физиологиялық заңдылықтары.

  10. Баланы дүниеге әкелудің жастық ерекшеліктері.

  1. Білім берудің және оқытудың әдістері:Несеп жыныс тақырыбы бойынша ауызша сұрау, атластармен, кестелермен жұмыс жасау,жағдайлық есептерді шешу, тест тапсырмаларын орындау, «ҚЫЗДАРДЫҢ ЖЫНЫСТЫҚ ЖЕТІЛУІ» атты кинофильмді көру және талқылау. Аралық бақылау.

Просмотр кинофильма « Анатомия секса», «Брачные игры в мире животных» с обсуждением.

1 Тәжірибелік жұмыс.

«Қыздардың жыныстық жетілуі» атты кинофильм көру

Кинофильмді талқылау

2 тәжірибелік жұмыс.

«СЕКС АНАТОМИЯСЫ» атты кинофильм көру

Кинофильмді талқылау

3 тәжірибелік жұмыс

«ЖАНУАРЛАР ӘЛЕМІНДЕГІ НЕКЕЛІК ОЙЫНДАР» атты кинофильм көру

Кинофильмді талқылау

4 тәжірибелік жұмыс. (13.4 154бет Судаков).

Менструальды циклдың гормональды реттелуі

Бірінші менструациядан (менархе) менопаузаға дейін аденогипофиз, менструальды циклды реттейтін фоллитропин және лютропиннің секрециясының ырғағын демеп тұрады. Менструальды цикл кезінде жұмыртқа жасушалар (овариальды цикл) мен жатыр (жатырлық цикл) қатысады. Олар сектециясы гипофизарлы гонадотропинмен басқарылатын жұмыртқа жасушалар гормондарымен реттелінеді.

Овариальды цикл. Ересек әйелде оваральды цикл бірнеше алғашқы құрамында бірінші реттік ооциттер бар фолликулдардан басталады. Бұл фолликулдардан ай сайын тек біреуі ғана өсе бастайды, ал қалғандары дегенеративті процесс (атрезия) кезінде бұзылады. Фолликулада жиналатын фолликулярлы сұйықтықты өскен фолликула гранулезді қабығының жасушасы ынталандырады. Аденогипофизбен бөлінетін лютропин (ЛГ) бастысы 17β-эстрадиол болатын стеройдтарды бөлуге себепті болып, екі ағыстың да жасушаларын ынталандырады.

Кесте 13.1.Эндокринді бездердің гормондары

Ішкі секреция бездері

Гормон атауы

Физиологиялық әсерлер

Гипофиз

  1. аденогипофиз

Соматотропин(СТГ),ақуыз

Жасушалардағы ақуыз синтезін ынталандыру: сүйектердің (энхондральды сүйектенуін ынталандыру), бұлшықеттердің, ағзалардың өсуі. Анаболитикалық әсер. Ағзада ақуыз және су мөлшерін арттыру, майларды азайту.

Лактотропин(пролактин) (ЛТГ),ақуыз

Сүт бездері өсуінің пролиферациясы және сүт секрециясы. Сары дененің белсенділігін сақтау. ФСГ мен ЛГ синтезін тежеу.

Меланотропин (МСГ), полипептид

Меланин синтезі,тері мен ішкі тор қабығындағы пигмент гранулаларының тарату.Қаңқа бұлшықеттері мен жүйкелердің қозуының өсуі. Жүрек соғысының жиеленуі.Психоэмоциональды күйінің өзгеруі(қорқыныш, мазасыздану).

Фоллитропин(ФСГ), гликопротеид

Әйел адамдарда: фолликуларар өсуінін ынталандыру, эстрогендер мен овуляцияның секрециясы.

Ер адамдарда: Сертоли жасушасы мен ақуызды байланыстырушы - андрогенобайланыстырушы ақуыздың түзілуіне әсері – сперматогенездің ынталандыруының.

Лютропин(ЛГ), гликопротеид

Әйел адамдарда: овуляция стимуляциясы,Сары дененің пайда болуы. Жыныс жасушаларының дамуы мен пісуі, жыныс гормондарының секрециясы.

Интерстициальдыэндокриноциттерді ынталандыратын гормон

Ер адамдарда: стимуляция интерстициальды эндокриноциттердің жұмыртқаларының ынталандыруы.

Кортикотропин(АКТГ), полипептид

Бүйрекүсті қабығының глюкокортикоидтердің тузілу мен секрециясының реттелуі. Май тіндерінен майдың мобилизациясы.

Бета-эндорфин

Кортикостероидтар, кортикотропин жәненмеланотропиндердің синтезі мен секрециясының тежелуі.Ауырсынуды сезуі төменделуі.Ашыну сезімін басу мен тарамталу мінезі.

  1. Нейрогипофиз (Гормондар гипоталамустың супраоптикалық және паравентрикулярлыядролары ірі нейрон ретінде синтезделеді. Аксондар арқылы нейрогипофизге содан соң қанға тасымалданады.

Окситоцин, нонапептид

Аяғы ауыр жатырдың жиырылуының ынталандырылуы. Сүт бездерінің ацинустерінің миоэпителиальды жасушаның жиырылуы, сүттің бөлінуі. Асқазан–ішектік жолдарының жұмыр бұлшықеттерінің тонусының күшеюі.

Антидиуретикалық (АДГ), вазопрессин, нонапептид

Бүйрек каналдарындағы судың реабсорбциясы(антидиуретикалық әсер).Қантамырлардың тарылту әрекеті (қан қысымының жоғарлауы). Кортикотропин, тиротропин, соматропиннің секрециясының ынталандыруы. Есте сақтау процесіне қатысу.

Қалқанша

Тироксин 4) (тетрайодтиронин), трийодтиронин (Т3), құрамында йод бар гликопротеидтер

Ақыл мен физикалық дамудың өсуін қамтамасыз ету. Энергетикалық алмасуының, ақуыз синтезін және қышқылдық майлар мен көмірсулар катаболизмінің ынталандыруы, Оттегінің жұтылуы мен барлық клеткалардың метаболизмі. Жасушалардың катехоламиндерге деген сезімталдығының жоғарлауы. Натрилі насостың активациясы. Судың және электролиттік алмасуының ынталандыруы. ОЖЖ қозуының өсуі.

Қалқанша, айырша және қалқаншасерік бездерінің К–жасушалары.

Тирокальцитонин

Кальций жәнефосфор метаболизмінің реттелуі; гипокальциемиттік фактор: остеокласттардың белсенділігін басу және қанға кальций мен фосфордың түсуі..

Қалқаншасерік

Паратирин, ақуыз

кальций және фосфор метаболизімінің реттелуі; гипокальциемитикалық фактор:сүйекті тіңнен қанға кальций мен фосфордың түсуін ынталандырады, бүйректе кальций реабсорбциясын және оның ішектерге сіңірілуін күшейтеді.

Ұйқы: В-жасушалар

Инсулин; ақуыз

Липогенез, гликогенез, көмірсулардың алмасуын реттейді: Глюкоза жасушасының утилизациясының активизациясы. Ақуыз синтезіні ынталандыруы. Липолиздің басылуы және май түзілуінің күшеюі.

А - жасушалар

Глюкагон; ақуыз

Гликогенолиз және липолиздің бүйректегі ынталандыруы. Адреналин секрециясының күшеюі. Инсулин секрециясының реттелуі.Катаболитикалықэффект.

Бүйрекүсті:

  1. Қыртысты заттар

Гидрокортизон (кортизол), АКТГ реттелінеді

Глюконеогенез, көмірсу, ақуыз, майлар, катоболикалық әрекет, липолиз алмасуының реттелуі. Қабынуға қарсы әрекет, инфекцияға қарсы тұруының жоғарлануы.

Альдостерон

Минералды алмасу мен сулы-тұзды тепе-теңдіктің реттелуі. Жасуша мембранасы арқылы натрийдің белсенді тасымалдануының жоғарлауы. Нефрон каналында натрий мен судың реобсорбциясының жоғарлауы: натрий және хлорды ағзада ұстап тұрады және калий мен аммонидің бөлінуін күшейтеді. Терлік, сілекейлік және ішектік бездердің жасушаға аналогиялық әсері. Қоршаған орта температурасының жоғарлағануына ағзаның адаптациясына қатысуы.

Андрогены; стероидтер

Жыныстық бездерінің гормоның қараңыз.

  1. Милы зат

Катехоламиндер;адреналин, норадреналин

Зат алмасуының барлық түрларінің ынталандыруы: гликогенолиз, гликонеогенез, липолиз. Термогенді әрекет.Жүрек жиырылуының жиеленуі, күшеюі. Қан тамырларының тарылуы. Кеңірдек пен қарашықтың ұлғаюы. Стресс реакцияларына қатысуы. Өкпенің вентилициясының үлкеюі, бұлшықеттерге, жүрек пен миға оттегінің жетілуі.

Жұмыртқа жасушалар

Эстрогендер: эстрадиол, эстрон, эстриол; стероидтар

Эмбриондағы жыныстық дифференцировка, жыныстық мүшелерінің дамуы, екіншілік жыныстық белгілер, фенотипке байланысты жыныстық әрекет. Жыныстық жетілу кезіндегі анаболитикалық әрекет.

Прогестерон;стероид

Ұрықтың имплантациясына жатырдағы шырышты қабығыны дайындау. Жүктілікті сақтауды қамтамасыз етіп, эсторгендердің жатырға әсетің болдырмайды. Пролактин секрециясының тежелуі. Катоболитикалық әрекет.

Жұмыртқалар

Андрогендер: тестостерон, андростерон, андростендион; стероидтер

Эмбрионның ер адамдардағы жыныстық дифференцировкасы.Екіншілік жыныстық белгілерінің, ер адамдардың жыныстық міңез-құлқысының және агрессиясының жетілуі.

Эпифиз

Мелатонин

Меланофорадағы пигменттердің концентрациясы. Репродуктивтілі функцияға әсері: гонадтың белсенділігін басу. Кортикотропиннің синтезінің тежелуі. Антиоксидант. «түс – ұйықтамау» циклының реттелуі.

Серотонин

Асқазан- ішектік жолдың моторикасының реттелуі, сілекейдің бөлінуі. Бас миының серотонинергитикалық нейрондардың міңез-құлық, ұйқы, терморегуляция реттелуіне қатысады. Гонадтың белсенділігін басу. Гипоталамо-гипофизарлы-бүйрекүсті жүйенің белсенділіктің ырғақтығын тәуліктік реттелуі.

Адреногломерул-отропин

Альдостеронның секрециясының реттелуі.

Фолликулярлы фаза кезінде эстрадиолдың жастық деңгейі гипофизға теріс кері байланыс принципі бойынша әсер етіп, қанда (4-ші және 11-ші күні) ФСГ деңгейінің төмендейді, ал ЛГ деңгейі өзгеріссіз қалады. Эстроген деңгейі максимумге овуляцияға 3 күн қалғанда жетеді және осы кезде гипофозге оң кері байланыс принципі бойынша әсер етіп, ФСГ мен ЛГ-ның бөлінуін ынталандырады. ФСГ фолликула өсуін ынталандыруға қажет екені белгілі, бірақ олардың келесі даму кезеңдерін ЛГ басқарады. Овуляция кезінде екінші қатардағы ооцит жарылған фолликула қабырғасынан бөлініп, ішек қуысынан шығып, фаллопиевті түтікке түседі.

Жатырлық цикл эндометрияның құрлысы мен функционалды өзгеруімен байланысты үш фазаға бөлінеді.

Менструальды фаза эндометрияның эпиталбды қабығының тартып алумен сипатталады. Менструация алдында бұл аймақтың қанмен қамтылуы азаяды, нәтижесінде жатыр қабырғаларына спиральды артериолдары тарылады. Керек мөлшерде қанмен қамтылмалу эпительді жасушалардың өлуіне алып келеді. Содан соң спиральды артериолдардың тарылуы олардың кеңеюімен алмасады және күшейген қан ағысы әсерінен эндометрия тартылып алынады да, оның қалдықтары қанмен бірге менструация ретінде шығады.

Пролиферативті фаза циклдың фолликулярлы фазасымен ұқсас болады және дамыған фолликулумды бөлетін эндометрия жасушаларының пролиферациясынан тұрады.

Секреторлық фаза сары денеден бөлінетін прогестеронмен қамтамасыз етіледі және түтіктік бездерінің шырыштың секрециясын ылталандырады. Эстерогенмен бірге прогестерон ұрықтанған жұмыртқа жасушаны имплонтациялауға эндометрияны дайындайды.

Жасушалар

гормондар

Лимфоциттер

Бұлтты жасушалар (мастоциттер)

Тромбоциттер

Эозинофильды лейкоциттер

Макрофагтар

Табиғи киллерлер

Моноциттер-макрофагтар

Эндотелиальды жасушалар

Тор қабықтың фоторецепторлы жасушалар

Тор қабықтың амакринді жасушалар

Тимоциттер

Тимустың эпителиальды жасушалар

Астроциттер

Лейдиг жасушалары

Гломерулоциттер

Жүрекше миоциттері

Қарынша миоциттері

Меркел жасушалары

Хондроциттер

Амнион және планцентарлы трофобласттың жасушалары

Эндометрия жасушалары

АКТГ, СТГ, пролактин, мелотанин

Мелатонин, серотонин, гистамин, ВИП

Серотонин, мелатонин

Серотонин, мелатонин, ВИП

СНП

Серотонин, мелатонин, эндорфиндер

Матрилизин

Эндотелины, NО, СНП

Мелатонин

Соматостатин

ЛГ, тимулин, тимопоэтиндер IиII,α1 –тимозин

Серотонин, мелатонин, простагландиндер

NО, эндотелиндер, простагландиндер, Жүйке жасушаларының өсу факторы

Мелатонин

Эндотелиндер

ПНП

ЖНП

Эндорфиндер

Шеміршек тіңдерінің өсу факторлары

Лептин, мелатонин

Мелатонин

Ескерту. СТГ- соматротропты гормон, ВИП-вазоактивті интестинальды пептид, СНП- қан тамырлық натрийуретикалық пептид, ЛГ- лютропин, лютеинизирлейтін гормон, ПНП-предсердный натрийуретикалық пептид, ЖНП- Асқазандық натрийуретикалық пептид.

Егер ұрықтанса, онда эмбрион сары дененің жүктілік функциясын және прогрестеронның синтезіні ұрықтануын сақтау үшін хорионнды гонадотропин (ХГ) бөледі. Егер ұрықтану жүрмесе, онда прогрестерон синтезі тоқтайды және эндометрия қабаттанады; бұдан 5 күннен кейін менструация басталады.

5 тәжірибелікжұмыс. (Судаков 13.5. 161 бет).

Базальды температураның тесті (Судаков 13.5. 161 бет)

Базальды температураны өлшеу (тік ішекте) – прогрестерон қасиеттері температураны жоғарлатып, гипоталамустың термореттегіш орталығына әсер ететін әдіс. Базальды температураның тесті овуляцияны басқаратын, әсіресе әйел адамдарда бедеуліктің эндокриндік себебі бар жағдайларда, ең қарапайым әдіс.

Қалыпты менструальды цикл кезінде базальды температура цикл фазасына байланысты өзгеріп отырады. Фолликулярлы цикл фазасында қалыпты температура 370 С-тен төмен, себебі овуляция алдында ол төмендейді. Овуляция өткеннен кейін базальды температурар өседі (егер сары дененіңқызметі қалыпты болса). Лютеинді фазада температура 0,6-0,80 С-ке жоғарлайды, менструацияға 1-2 күн қалғанға дейін температура тағы да төмендейді. Көрсетілген флюктуация температурасы фоллитропиннің (эстроген) тербелуімен және ағзадағы прогестеронмен байланысты. Екі фазалы температура фолликулярлы және лютеинді фазалардың, қалыпты (овулярлы) циклды жұмыртқа жасушаларға тиісті, кезектесуін көрсетеді. Ановуляторлы (бірфазалы) цикл кезінде температураның қалыптылығы, овуляторлы оянусыз, көрінеді.

Негізі тік ішектегі температураны таңертең бір қырында жатқан кезде, тамақтану алдында өлшейді. Өлшеуді 3-4 менструалды цикл аралығында, теңертең белгілі бір уақытта өткізеді, мәлеметтерді тіркейді. Міндетті түрде өлшенген температуралар бойынша график салады. Бұл мәліметтерді науқас дәрігерге көрсетеді.

Бағалауы:

  1. Циклдың I және II-ші фазалардағы (0,3-0,40 –тен көп) температурасының айырмашылығы;

  2. Тұру интенсивтілігі(1-2 тәулік аралығында) және овуляциялық төмендеуден кейін (10-12 тәулікке дейін) температураның жоғарлауының созылуы.

Хаттаманы толтыру. Базальды температураның тербелуінің екі түрін салыстырыңыз (Судаков, 161 бет, 13.3 сур.). Қандай құбылыс овуляторлы, ал қандайы ановуляторлы екенін көрсетіңіз.

а және б жағдайларында график бойынша (тәулікте) жұмыртқа жасушалық цикл фазаларының созылу уақытын анықтаңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]