Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
13
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
559.19 Кб
Скачать

4 Апталық адам ұрығында қандай құрылымдар қалыптасқан?

а) амнион, хорион, сарыуыз қапшық

б)жүйке түтігі, екіншілік ішек, хорда

в)бас миы және жұлын

г)сомиттер, нефрогонотом, спланхнотом

д)аллантоис

Адамның плацентарлы тосқауылына жататын дұрыс пайымдаударды тандап алыныз

а) плацентарлы тосқауыл –ол ана қанынан ұрыққа және кейін әр түрлі зат-тардың өтуін реттейтін гистогематикалық тосқауыл

б) тосқауылдан жоғарымолекулярлы заттардың, антигендердің өтуі жүктік-тің патологиясында байқалады

в)плацентаның тосқауылдық функциялары анадан ұрыққа өткізбейтін көпте-ген биологиялық белсенді заттарды бұзатын ферменттердің жәрдемімен жүзеге асырылады (мысалы қалыптыда тосқауылдан адреналин,ацетилхолин және гистамин өтпейді)

г)плацентарлы тосқауыл ұрық қанынан ана қанына кез келген заттардың өтуіне бөгет жасамайды

д)плацентарлы тосқауылдың компоненттері: ұрық тамырларының қабырғасы, хорион бүрілерінің дәнекерлі тіні, цитотрофобласт, симпластотрофобласт, фибриноид

Адам плацентасына жататын қандай пайымдар дұрыс емес болып табылады?

а) адам плацентасында хориалды бүрілер эндометрийдің (жатырдың шы-рышты қабықшасының) беткі қабатымен тығыз тұтасады

б) босану кезінде эндометрийдің үстіңгі қабаты плацентаның ұрық бөлігімен түседі

в)плацентаның құрылысы мен функциялары дамудың әр түрлі сатысында бірдей болмайды

г)адам плацентасында хорион бүрілерінің эпителийі эндометрий қан капил-лярларының эндотелийімен, оны бұзбай шектеседі

Дұрыс пайымдауды таңдап алыңыз

а) плацентаның ана бөлігі бір базалды пластинкадан және бірінен дәнекер-літін қабаттықтары арқылы ажыратылған котиледондардан, сондай-ақ ана қанына толған лакуналардан тұрады;

б) эндометрийдің базалды қабаты – ол децидуалды жасушалары бар жатыр шырышты қабықшасының дәнекерлі тіні;

в) лакуналарда өзіндік тамырлы жүйелер бойынша айналып тұратын ана және ұрық қандарының араласуы жұреді;

г) децидуалды жасушалар гликогенге бай болады;

д) плацентаның құрылым-қызметтілік бірлігіне бағанды бүрі және оның екіншілік және үшіншілік тарамдарың түзетін котиледон жатады.

Пайымдардың қайсысы дұрыс емес болып келеді?

Адам ұрығының ұрықтық ағзалары болып табылады:

а) хорда, сарыуыз қапшық, кіндік бауы;

б)хорда, жүйке түтігі,нефрогонотом;

в) хорда, біріншілік ішекі ішек түтігі;

г) хорда, жүйке түтігі, хорион;

д)хорда, жүйке түтігі, екінішілік ішек.

Дұрыс пайымдауды таңдап алыңыз:

а)адам ұрығы сарыуыз қапшығының қабырғасы ұрықтық энтодермадан және ұрықтық мезодермадан қалыптасқан;

б) адам ұрығы сарыуыз қапшығының қабырғасы ұрықтықтант ыс энто-дермадан және ұрықтық мезодермадан қалыптасқан;

в) адам ұрығы сарыуыз қапышығының қабырғасы ұрықтықтан тыс энто-дермадан және ұрықтықтан тыс мезодермадан қалыптасқан;

г) адам ұрығы сарыуыз қапышығының қабырғасы трофобласттан және

ұрықтықтан тыс мезодермадан қалыптасқан;

д) адам ұрығы сарыуыз қапышығының қабырғасы ұрықтықтан тыс эктодермадан және ұрықтықтан тыс мезодермадан қалыптасқан.

Пайымдардың қайсысы дұрыс емес болып келеді?

а)сарыуыз қапшықта қанның жасушалары және біріншілік жыныс жасушалары пайда болады;

б)аллантоис пен сарыуыз қапшық бірігіп кіндік бауды түзеді;

в)адам ұрығы амнионның қалыптасуына трофобласт пен ұрықтан тыс мезодерма қатысады;

г)адам ұрығы амниоттық қабықшасының қабырғасы ұрықтан тыс эктодермадан және ұрықтан тыс мезодермадан қалыптасады.

Соседние файлы в папке МӘ тәжірбиелік