Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ulzhan_referat.docx
Скачиваний:
32
Добавлен:
04.02.2016
Размер:
37.91 Кб
Скачать

III. Қорытынды бөлім

Бухгалтерлік есеп шоттары- ұйымның шаруашылық қызметі мен басқа да қызметі туралы жүйелі ақпарат алу мақсатымен қаражаттың, шаруашылық үлестері мен міндеттеменің қозғалысын топтастыру, бақылау, есептеу және қорытындылау тәсілі. Бухгалтерлік есеп нысандарының арасындағы экономикалық байланыстардың екі жақты сипатына байланысты жүйелі ауыспалы айналымы және олардан туындайтын шаруашылық операциялар үдерісінде бухгалтерлік есеп шоттарында екі жақты нысан болады. Шоттың сол жағы дебет, оң жағы кредит деп аталады. Деректері теңгерімде көрсетілетін шоттарды теңгерімдік шоттар дейді. Бухгалтерлік есеп шоттарындағы жазбалар қалдықтарды (сальдо) көрсетуден басталады. Сальдо бастапқы сальдо (есепті кезеңнің- әдетте айдың басындағы шоттар бойынша жазылады) және ақырғы сальдо (бастапқы сальдоны және есепті кезеңнің соңындағы дебет пен кредит бойынша операциялардың қорытындысы ескеріле отырып шығарылады) болып келеді. Сальдо бухгалтерлік теңгерімде көрсетілетін шот жағына жазылады, яғни қаражат (теңгерім активі) дебет бойынша, міндеттемелер (теңгерім пассиві) кредит бойынша жазылады. Бухгалтерлік есеп шоттары қаражаттың есебіне арналған актив шот және міндеттемелер мен шаруашылық қаражаттың туындайтын көздерінің есебіне арналған пассив шот түрлеріне бөлінеді. Есеп нысандарының көбеюін білдіретін операциялар шоттың бастапқы сальдо ескерілетін жағына, ал оның азаюы қарама-қарсы жағына жазылады. Актив бухгалтерлік есеп шоттарындағы дебет бойынша жазба көбеюді, ал пассив бухгалтерлік есеп шоттарында керісінше: кредит бойынша жазба көбеюді, ал жазба бойынша дебет азаюды білдіреді. Есепті кезеңдегі шаруашылық операциялар жазбаларының қорытындысы (сальдоны есептемегенде) шоттар бойынша айналымдар деп аталады. Олар дебеттік және кредиттік болады. Актив шоттардың ақырғы сальдосы бастапқы сальдоға дебеттік айналымның сомасын қосып, кредиттік айналымның сомасын шегеру жолымен шығарылады. Пассив шоттарының сальдосы бастапқы сальдоға кредиттік айналымның сомасын қосып, дебеттік айналымның сомасын шегеру жолымен анықталады.

Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп, бухгалтерлік есеп стандарты, кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі Бас шот жоспары мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің бұйрығы бойынша бекітілген. Бухгалтерлік есеп Типтік шот жоспарында белгіленген жалпы принциптер мен ережелер және Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп жөніндегі» Заңына, сонымен қатар Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жөніндегі өкілетті ұйымдары қабылдаған қаулылар мен ұсыныс, талаптарға сай жүргізіледі.

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Н.Қ.Қабылова, Ш.А.Доспалинова, Е.Н.Оразалинов «Бухгалтерлік есеп теориясы» 2008 жыл, Астана: Фолиант.

  2. Ә.Әбдіманапов «Бухгалтерлік есеп теориясы» 2001 жыл, Алматы.

  3. Қ.К.Кеулімжаев, Н.А.Құдайбергенов «Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері» 2006 жыл, Алматы: Экономика.

  4. Абдушакиров Р.С.,Мырзалиев Б.С. – «Бухгалтерлік есеп.»Оқу құралы.

  5. М.О. Қойшыбаева –«Бухгалтерлік есеп қағидалары» Қыздар университеті баспасы.

  6. Ә.Әбдіманапов – Бухгалтерлік және қаржылық есеп принциптері».

  7. Б.С. Мырзалиев, А.А Сәтмырзаев, Р.С Әбдішүкіров. «Бухгалтерлік есеп теориясы және тәжирбиесі» Экономика баспасы

  8. Әбдішүкіров Р.С., Мырзалиев Б. «Бухгалтерлік есеп» Раритет баспасы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]