Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ulzhan_referat.docx
Скачиваний:
32
Добавлен:
04.02.2016
Размер:
37.91 Кб
Скачать

2006 Жылғы қаңтар айында орындалған шаруашылық операциялар:

  1. Жабдықтаушы-мердігерлерден 25000(жиырма бес мың) теңгеге материалдар сатылып алынды (әзірге ақшасы төленген жоқ).

  2. Есеп айырысу шотынан 50000 (елу мың) теңге банк несиесі өтелінді.

  3. 30000 (отыз мың) теңгенің материалдары өндіріске босатылды.

  4. Жабдықтаушы-мердігерлерге қарыз 65000 (алпыс бес мың) теңге банк несиесі есебінен өтелді.

  • Шаруашылық операцияларды «екі жақты жазу» әдісімен есепке алу алдында мынандай жағдайларды ескеру керек:

  • Аталған шаруашылық операцияларының қандай объектілерге қатыстылығын;

  • Шаруашылық операцияның объектіге қандай әсер ететіндігін;

  • Аталған объектілердің есебі бухгалтерлік есептің қай шотында есептелінетінін;

  • Операцияларды шоттардың қай бөлігіне жазу керек екендігін (дебитіне немесе кредитіне);

Бірінші операция нәтижесінде кәсіпорынның материалдары және соған сәйкес жабдықтаушы-мердігерлерге берешек қарызы көбейеді. Келіп түскен материалдарды есепке алу үшін «материалдар» деп аталатын активті шоты, ал жабдықтаушы-мердігерлерге берешек соманы есепке алу үшін «Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу» деп аталатын пассивті шоты қолданылады.

Активті шотта құралдардың көбеюі шоттың дебетіне, ал пассивті шотта қорлану көздерінің көбеюі шоттың кредитіне жазылады. Соған сәйкес бұл операция бойынша мынадай екі жақты жазу жазылады:

Д-т: «Аатериалдар» шоты 25000 теңге

К-т: «Жабдықтаушы-мердігерлермен

есеп айырысу» шоты 25000теңге

Екінші операция нәтижесінде қйымның нақты ақшасы және соған сәйкес банк банк мекемесі алдындағы қарызы азаяды. Бұл операцияны алдыңғыға қарама-қарсы деп түсінуге болады. Бірінші операцияда кәсіпорынның активтері және соған сәйкес пассивтері көбейген болса, екінші операцияда ұйымның активтері және пассивтері азайып отыр. Бұл операция бойынша ұйымның бухгалтериясында мынадай екі жақты жазу жазылады:

Д-т: «Банк несиесі» шоты 50000 теңге

К-т: «Ақшалар» шоты 50000 теңге

Үшінші операция нәтижесінде ұйымның қорлану көздерінде ешқандай өзгеріс болмаған, яғни бұл операция кәсіпорынның пассив бөлімінің баптарына ешқандай әсерін тигізбейді. Ал актив бөлімінде өндіріске материалдардың босатылуына сәйкес аяқталмаған өндіріс деп аталатын бөлім сомасы кемиді. Бұл жағдайда екі жақты жазу мына түрде жазылады:

Д-т: «Аяқталмаған өндіріс» шоты 30000 теңге

К-т: «Материалдар» шоты 30000 теңге

Төртінші операция нәтижесінде ұйымның қорлану көздерінде бір бөлім көбейіп, ал екінші бөлім сол сомаға азайып отыр. Жоғарыда қарастырылған үшінші операцияда өзгеріс тек қана активті бөлімде болған болса, бұл операцияда керісінше кәсіпорынның актив бөлімінің баптарына ешқандай әсерін тигізбей тек қана пассивті бөлім баптарына тигізіп отыр. Осыған сәйкес бұл операция бойынша мынадай екі жақты жазу жазылады:

Д-т: «Жинақтаушы-мердігерлермен

есеп айырысу» шоты 65000 теңге

К-т: «Банк несиесі» шоты 65000 теңге

Келтірілген мысалдан көріп отырғанымыздай, әрбір операция бір мезгілде және бірдей сомада бір шоттың дебетіне және екінші шоттың кредитіне жазылып отыр. Олай болса, екі жақты жазу өзара байланысты бухгалтерлік есеп объектілерінің дебит және кредит шоттарында бірдей сомада өзгерілуін бейнелейді.

  1. Ағымдағы есеп мәліметтерін қорытындылау

Шаруашылық қызметінің нәтижелерін тексеріп, тұтастай шаруашылықтағы және оның белгілі бір бөліктеріндегі қаржылық тұрақтылық дәрежесін анықтау үшін және белгілі бір календарлық кезеңдегі қаржы ресурстарының жағдайы мен белгілі бір экономикалық тиімділік туралы жинақталған экономикалық ақпарат беру үшін ағымдағы бухгалтерлік есеп деректерін қорытындылап отыру қажет. Қорытындылау, немесе ағымдағы есеп деректерінің мәліметі жүргізілген есептік жазуларды салыстырып, өзара бақылау жасауға мүмкіндік береді. Ағымдағы юақылау тәсілдері мен амалдары әртүрлі. Олар бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуымен шарттас.

Аналитикалық және синтетикалық есептің жазуларының дұрыстығы мен олардың өзара байланысын бақылаудың неғұрлым кең тараған амалдарының бірі белгілі бір есептік кезеңге, әдетте бір айға арналған айналым тізімін жасау болып табылады.

Синтетикалық есеп есеп шоты бойынша айналым тізмі есепшоттар бойынша барлық жазулардың деректерін қорытындылау үшін, осы жазуларды бақылап, тексеру үшін; соңғы сальдоны шығарып, есеп шоттармен баланс арасындағы өзара байланысты анықтау үшін жасалады. Айналым тізімі бухгалтерлік есеп шотының кезең басы мен соңындағы сальдосы және есепті кезең ішінде әрбір есепшот дебеті мен кредиті бойынша жиынтығы түсіріледі. Синтетикалық есеп бойынша айналым тізімінің мазмұнын мысал арқылы қарастырып көрелік.

Есеп шот атаулары

Есепті кезең басындағы сальдо (Cн)

Есепті кезеңдегі айналымдар (До, Ко)

Есепті кезең соңындағы сальдо (Ск)

Д-т

К-т

Д-т

К-т

Д-т

К-т

Негізгі құралдар

50 000

-

36 000

-

86 000

-

Материалдар

20 000

-

14 000

-

34 000

-

Дайын өнімдер

30 000

-

-

3000

27 000

-

Банктегі есеп

Есеп айырысу шотындағы қолма қол ақша

12 000

-

3000

14 000

1000

-

Жарғылық капитал

-

74 000

-

41 000

-

115000

Бөлінбеген табыс

-

8000

5000

-

-

3000

Банктер несиелері

-

18 000

8000

9000

-

19 000

Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу

-

1200

1000

-

-

11 000

БАРЛЫҒЫ

112 000

112 000

67 000

67 000

148 000

148000

Айналым тізімінің жиынтығынан көріп тұрғанымыздай үш пар тең сома пайда болады. Мұндай теңдестік есеп шоттардағы жазулардың дұрыстығының дәлелі. Кезеңнің басындағы дебет пен кредит бойынша сальдо жиынтығы өзара тең (112000 және 112000). Бұл есепті кезең басындағы баланстың активі мен пассиві жиынтығының теңдігінен туған. Есепті кезеңдегі айналымдардың дебеті мен кредиті бойынша теңдігі (67000=67000) екі рет жазу әдісінен туған, өйткені барлық операциялар бір есеп шоттың дебетіне, екіншісінің кредитіне жазылған. Кезеңнің соңындағы сальдо жиынтықтарының теңдігі (Ск) осы уақыттағы байланыс активі мен пассиві жиынтықтарының теңдігімен шарттас. Егер дебет пен кредит бойынша айналым теңдігі шықпаса, онда жазулардан қате кеткені. Мұндай қателіктер аналитикалық есепті синтетикалық есеппен салыстыру кезінде, барлық ресурстарды (активтер) түгендеу (инвентаризациялау) кезінде және материалдық жауапты адамдарды тексеру кезінде шығады. Синтетикалық есепшот бойынша айналым тізімі шахматтық формада да жасалуы ықтимал, онда ол сальдо мен есепшот айналымын ғана емес, сонымен бірге олардың қатынас қағаздарын да көрсетеді. Ол шаруашылық операциялардың шаруашылық ресурстары мен олардың көздеріндегі өзгерістермен өзара байланыста топтастыруды қамтамасыз етеді. Шахмат түрде жазу принципі қазіргі заман есебінде кеңінен пайдаланылады. Оның мәнісі- бір сомамен жазу бір есеп шоттың дебетіне және кредитіне жазылады. Көлденең орналасқан есеп шот оның дебетін, ал тік орналасқан кредитін белгілейді.

Шоттардағы айналым және шаруашылық құралдардың қалдығы мен олардың көздері туралы алынған мәліметтер бухгалтерлік есеп беруді құрастыруға және ұйымның шаруашылық қызметіне бақылау жасап отыру үшін, сондай-ақ кәсіпорынның экономикалық әл-ауқатына талдау жасау үшін пайдаланылады. Сондықтан олар анық, түсінікті және дұрыс болуы тиіс. Есеп беретін уақыт аралығында бухгалтерлік есеп құжаттарындағы жазуларда әртүрлі дұрыс емес соманың көрсетілуінен, соманың тек бір ғана шотта көрсетілгендігінен, бір жазудың екі рет көрсетілуінен және тағы да басқа есептерден қателіктер жіберілуі мүмкін. Бухгалтерлік есептің дұрыстығын тексеріп отыру үшін, сонымен қатар басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін жинақталып қорытылған мәліметтердің болуы қажет. Есептік ақпараттың әдетте ай соңында жүргізілетін қорытындылау әдістерінің бірі- шот бойынша айналым тізімдемелерін құру.

Айналым тізімдемелері кесте түрінде көрініс алады. Оның бірінші бағанасында кәсіпорында жүргізілетін барлық жинақтамалық (топтамалық, синтетикалық) шоттардың аттары жазылады да, одан кейінгі үш пар бағанада:

  • Есеп беру кезеңінің басындағы шот бойынша қалдықтар;

  • Есеп беру кезеңі үшін шот бойынша дебеттік және кредиттік айналым;

  • Есеп беру кезеңі соңындағы немесе келесі кезеңнің басындағы шот бойынша қалдықтар көрсетіледі.

Жалпы айналым тізімдемелерін құру үшін барлық жинақтамалық (топтамалық, синтетикалық) шоттардың мәліметтері айналым тізімдемесінде бастапқы қалдық ретінде активті шоттың қалдығы дебеттік бағанға және пассивті шоттың қалдығы кредиттік бағанға жазылады. Айналым тізімдемесінің қорытындыларын есептегенде, яғни жиынын есептегенде үш пар бағананың дебеттік және кредиттік бөліктері өзара тең нәтиже береді. Бұны тізімдемедегі айналым балансы деп те атайды. Бастапқа қалдықтың қорытындыларының (жиынының) теңдігі есеп беру кезеңінің басындағы баланста көрініс алатын шаруашылық құралдары сомасының олардың қорлану көздерінің сомасына тең болуымен түсіндіріледі. Дәл осылайша соңғы қалдық қорытындыларының тең болатындығын түсіндіруге болады. Ай бойғы айналым қорытындыларының (жиынының) өзара тең болмауы шаруашылық операцияларының жинақтамалық (топтамалық, синтетикалық) шоттарда дұрыс жазылмауы немесе сомаларды есептеу кезінде қателіктер жіберілгендігін көрсетеді. Егер бастапқы қалдық қорытындылары тең болмаса, онда баланстан бастапқы қалдық сомасы дұрыс көшіріліп жазылмағаны немесе баланс дұрыс қарастырылмағаны (жасалмағаны) деп түсінуге болады. Егер ай бойы айналым қорытындылары (жиыны) тең болмаса, онда қателікті екіжақты жазу принциптерінің бұзылуынан іздеу керек (жазу тек бір шотта жазылған немесе шоттарда әртүрлі сома жазылған). Бастапқы қалдық сомасы дұрыс көшіріліп жазылып, екі жақты жазу принциптері дұрыс орындалған жағдайда есеп беру кезеңінің соңындағы қорытынды (жиынтық) соманың тең болмауы, тек есеп беру кезеңінің соңындағы қалдықтың дұрыс есептелмегенінен болуы мүмкін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]