Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Мемлекет тарихы

.pdf
Скачиваний:
80
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.75 Mб
Скачать

1918-1920 жылдары көптеген дамыған елдерде 8-сағаттық жұмыс уақытын, кейінірек аптасына 40-46 сағат жұмыс уақытын орнықтырған заңдар қабылданды. Кəсіподақтар заңды түрде құрылатын болды жəне ұжымдық шарттар жасасу құқығын иеленді. Ұжымдық шарт туралы заң 1918 жылы Германияда, 1919 жылы Францияда, 1935 жылы АҚШ-та қабылданды. Қазіргі кезде жоғарыда аталған талаптар əлемнің көптеген елдерінде (Қазақстанда да) сақталады.

Əлеуметтік заңнаманың дамуы еңбек заңнамасына қарағанда əлсіздеу болды, себебі зейнетақымен қамтамасыз ету механизмі тиісті дəрежеде жетілмеген болатын. Əлеуметтік сақтандыру, медициналық сақтандыру жəне қызмет көрсету, білім жəне тұрғын үйлер салу əлеуметтік салаға жатады, сондықтан, олар əлеуметтік заңнама арқылы анықталады жəне əлеуметтік қамтамасыз ету қорларын құру арқылы жүзеге асырылады.

Əлеуметтік қамтамасыз ету қоры “əмбебаптық” жүйені бюджеттік қаржыландырудың əлеуметтік сақтандыруы арқылы қалыптасады. Əлеуметтік сақтандыру жұмысшылардың салымдарынан (жалақының 1-1,5 %-ы) жəне жұмыс берушілердің салымдарынан (төленген жалақының жалпы сомасының 1-1,5 %-ы) құралады. Əлеуметтік сақтандыруға жұмыссыздыққа, мүгедектігіне, еңбек қабілеттілігін уақытша жоғалтуына, асыраушысынан айырылуына байланысты төленетін жəрдемақылар жатады.

Тұлғаның өмір сүруге жағдайы жоқ екендігі дəлелденген жағдайда ғана бюджеттік қаржыландыру жүзеге асырылады.

“Əмбебаптық” жүйе зейнетақылық қордың ерекше салық есебінен қалыптасуын көздейді, бұл салық барлық жұмыс істейтін азаматтардан олар кəмелеттік жасқа толғаннан бастап зейнет ақылық жасқа жеткенге дейін алынады. Бұл жағдайда зейнетақының мөлшері барлық азаматтар үшін бірдей, ал зейнетке шығу жасы жоғары болып келеді.

7. Қылмыстық құқық жəне іс жүргізу

Қылмыстық құқық басқа құқық салаларына қарағанда жиі өзгеріп отырды. Германияда Веймар мемлекеті (1919-1933 жылдар) 1871 жылғы конституцияны жаңартылған күйде

201

(пруссиялық феодалдық құқықтың архаимдарынан ажыратылған) пайдаланды.

Фашистік режим тұсында (1933-1945 жылдар) либералдықдемократиялық заңдылық жүйесі жойылды. 1933 жылғы 4 ақпандағы “Неміс халқын қорғау туралы” жарлық баспа жəне жиналыс бостандықтарын жойды. 1933 жылғы 28 ақпандағы “Халықты жəне мемлекетті қорғау туралы” жарлық рейхстаг депутаттарын қолсұқпаушылықтан айырды. Гитлерлік Германия жеңіліс тапқан соң 1871 жылғы Қылмыстық кодекс қайта қолданысқа енді. 1969-1975 жылдары 1871 жылғы Қылмыстық кодексті демократизацияландыруға бағытталған реформалар жүргізілді.

60-жылдардың соңында АҚШ-тың қылмыстық заңнамасында демократизм күшейе түсті. 1962 жылы американдық құқық институты жекелеген штаттардың қылмыстық заңнамасына арналған үлгілік Қылмыстық кодекс жасалды. Жалпы федералдық деңгейде АҚШ-тың 1909 жылғы Қылмыстық кодексі қолданысқа ие, оның негізгі бөлігі 1948 жылы қайта жаңартылып. АҚШ-тың заңдар жинағына енгізілді. Федералдық жəне штаттық қылмыстық жүйелер белгілі бір түрде өзара бəсекелестікті құрайды жəне құқықшығармашылық процесті күшейте түседі.

Францияда 1994 жылғы қазіргі кезде кең таралған қылмыстарды (адам ұрлау, компьтерлік қылмыстар жəне т.б.) ескеріп өткен жаңа Қылмыстық кодекс қабылданды.

8. Қылмыстық іс жүргізу

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін көптеген дамыған мемлекеттерде, əсіресе, ағылшын-саксондық құқық жүйесіндегі елдерде жарыспалы іс жүргізу қалыптасты. Іс жүргізудің бұл нысаны тараптардың іс жүргізушілік теңқұқылығына негізделеді, жəне “дəлелдеу ауыртпалығы” айыптаушыда болады (ешкім де өзінің кінəсіздігін дəлелдеуге міндетті емес). Дауда арбитр болып сот табылады (нəтижесінде сот процесі айыптау мен қорғаудың арасында жарыспалылық сипатты иеленеді). Айыптаушы мен қорғаушы жақ судьяға өздері жинаған дəлел-

202

демелерді ұсынады, ал судья заңға жəне өзінің ішкі сеніміне негізделе отырып шешім шығарады.

Аралас іс жүргізу континенталдық құқық жүйесіндегі елдерде кең таралды (Франция, Германия, Италия жəне т.б.). іс жүргізудің бұл нысанына сотқа дейінгі (алдын ала) жəне сот тергеуіндегі (талқысы) қағидалардың əртүрлілігі тəн. Бірінші бөлімде айыптаушыны қорғау құралдар шектелген; екіншісі жариялыққа, жарыспалылыққа негізделеді. Аралас іс жүргізудің қазіргі кездегі түрі Францияның 1958 жылғы Қылмыстық іс жүргізушілік кодексінде айқын көрініс тапқан. 1958 жылғы Қылмыстық іс жүргізу кодексі бойынша қылмыстық іс жүргізудің ресми мақсаты болып “жариялық”, яғни, мемлекеттік мүдде табылады. Бұдан прокуратураның айыптауды білдіру мен ұсынуы, алдын ала тергеудің барысына, полициялық анықтамаға бақылау жасауы туындайды. Полициця, тіпті, қылмыстық істі қозғағанға дейін (яғни, қатаң іс жүргізушілік нысансыз), сезіктілер мен куəларды ұстауға, олардан жауап алуға, тінтуге, алуға жəне т.б. құқылы. Жəне осындай əрекеттер арқылы алынған мəліметтердің дəлелдемелік күші танылады.

Қазақстан Республикасы да континенталдық құқық жүйесіндегі елдер қатарына жатады, сол себепті де, мұндағы қылмыстық іс жүргізу аралас нысанға жақындау болып келеді.

203

НЕГІЗГІ ЗАҢ ҚҰЖАТТАРЫНЫҢ ХРОНОЛОГИЯЛЫҚ КЕСТЕСІ

Б.э.д. 1792-1750 ж.ж.

Ежелгі Вавилондағы Хаммурапи

 

патшаның заңдары.

Б.э.д 10 ғ.

Жазалар туралы чжоу ережесі

 

(Ежелгі Қытай).

Б.э.д. 403 – 221 ж.ж.

Легистер мектебінің өкілі Ли Куй

 

жазған «Заңдар кітабы».

Б.э.д. 2 ғ. – б.э. 2 ғ.

Ежелгі үнділік Ману заңдары.

 

 

Б.э.д. 621 ж.

Ежелгі Спартадағы «Драконт

 

заңдары».

Б.э.д. 451-450 ж.ж.

12 кесте заңдары (Рим).

Б.э.д. 117-180 ж.ж.

Гай «Институциялары» (Рим).

507 – 511 ж.ж.

«Сали шындығы»- франктардың

 

əдет құқығының ережелер жинағы.

6 ғ.

Юстинианның «Корпус юрис

 

цивилис» кодексі (Византия).

7 ғ.

Император Ли Ши-Миннің

 

«Қылмыстық құқықтағы

 

қылмыстар жинағы».

726 ж.

Эклога (Византия).

872 ж.

Прохирон (Византия).

888 ж.

Базиликтер (Византия).

1215 ж.

Ұлыбританияның конституциялық

 

актілерінің бірі – «Еркіндіктің ұлы

 

хартиясы».

13 ғ.

Саксон жəне Шваб зерцалолары –

 

Германияның əдет құқығының

 

жинақтары.

1345 ж.

Алтыкітаптық – азаматтық жəне

 

қылмыстық құқық жинағы

 

(Византия).

1349 ж.

Стефан Душанның законнигі

 

(Сербия).

13 ғ. екінші жартысы.

«Польша шындығы» - поляктардың

 

204

 

 

əдет құқығының жинағы.

15 ғ.

 

Чехтық жер құқығының ережесі.

16 ғ.

 

Чех заңгері Викториан

 

 

Корнелиштің «Чех жеріні»

 

 

құқықтары туралы тоғыз кітабың.

1532

ж.

«Каролина» - жалпыгермандық

 

 

қылмыстық жəне қылмыстық іс

 

 

жүргізушілік құқық.

1628

ж.

Ағылшын парламентінің «Құқық

 

 

туралы петициясы».

1653

ж.

Генерал О.Кромвель қабылдаған

 

 

конституция – «Басқару қаруы»

 

 

(Англия).

1679

ж.

«Хабеас корпус акт» немесе

 

 

«Азаматтардың бостандықтарын

 

 

қамтамасыз ету жəне теңіздің ар

 

 

жағында қамауға алудың алдын алу

 

 

туралы акт» – Ұлыбританияның

 

 

конституциялық актілерінің бірі.

1689

ж.

Вильгельм Оранскийдің «Құқықтар

 

 

туралы биллі» (Англия).

1701

ж.

«Құрылым туралы акт» немесе

 

 

«Тақты мұраға алу туралы заң» –

 

 

Ұлыбританияның конституциялық

 

 

актілерінің бірі.

1742

ж.

Феодалдық Жапонияның «Жүз заң

 

 

жиынтығы».

1776

ж. 4 шілде.

АҚШ-тың тəуелсіздік

 

 

декларациясы.

1787

ж.

АҚШ Конституциясының

 

 

қабылдануы.

1789

ж. 5 тамыз

Францияда феодалдық режимді

 

 

жою туралы декрет.

1789

ж. 26 тамыз

«Адам жəне азамат құқықтары

 

 

туралы декларация» (Ұлы

 

 

француздық буржуазиялық

 

 

революцияның негізгі құжаты).

 

 

205

1791

ж. «Құқықтар

АҚШ-тың Конституциясына

туралы билль»

алғашқы 10 түзетуді енгізген

 

 

конституциялық құжат.

1791

ж. 13 қыркүйек

Францияда конституциялық

 

 

монархияны заңдастырған

 

 

Конституция.

1792

ж 25 қыркүйек.

Конвенттің Францияны республика

 

 

ретінде жариялаған Декреті.

1793

ж. 24 маусым

Республикалық режимді

 

 

заңдастырған Франция

 

 

Конституциясы.

1795

ж.

Директориялық режимді

 

 

заңдастырған Франция

 

 

Конституциясы.

1799

ж.

Консулдық (империялық) режимді

 

 

заңдастырған Франция

 

 

Конституциясы.

1804

ж.

Француздық Азаматтық кодекстің

 

 

(Наполеон кодексі) қабылдануы.

1806

ж.

Француздық Азаматтық-іс

 

 

жүргізушілік кодекстің

 

 

қабылдануы.

1808

ж.

Француздық Қылмыстық-іс

 

 

жүргізушілік кодекстің

 

 

қабылдануы.

1810

ж.

Француздық Қылмыстық кодекстің

 

 

қабылдануы.

1814

ж.

Легитимді конституциялық

 

 

монархия режимін орнықтырған

 

 

хартия.

1830

ж.

Францияда Шілделік монархия

 

 

режимін орнықтырған хартия (Луи-

 

 

Филиптің билік ету уақыты).

1848

ж.

Францияны қайтадан республика

 

 

ретінде жариялаған Конституция.

1848

ж.

Италиядағы Пьемонт статуты.

1850

ж.

Герман Конституциясы

 

 

206

 

 

(республикалық).

1852

ж.

Луи-Наполеон режимін (екінші

 

 

империя) заңдастырған Франция

 

 

Конституциясы.

1862

ж. мамыр

«Гомстед – акт» - АҚШ-тың

 

 

батысында фермерлікпен айналысу

 

 

құқығы туралы.

1862

ж. қыркүйек

АҚШ-та құлдықты жою туралы

 

 

прокламация.

1865

ж. ақпан

АҚШ Конституциясына құлдықты

 

 

жойған 13 түзетуді енгізу.

1867

ж.

«Британдық Солтүстік Америка

 

 

туралы» акт (Ұлыбритания жəне

 

 

Канада).

1871

ж.

Герман (империялық)

 

 

Конституциясы.

1871

ж.

Германияның Қылмыстық кодексі.

1875

ж.

Республикалық режимді (Үшінші

 

 

республика) қайта заңдастырған

 

 

Франция Конституциясы.

1877

ж.

Германияның Қылмыстық-іс

 

 

жүргізушілік жəне Азаматтық-іс

 

 

жүргізушілік кодекстерін

 

 

қабылдау.

1889

ж.

Жапония Конституциясы

 

 

(пруссиялық үлгідегі).

1890

ж.

Жапонияның Қылмыстық-іс

 

 

жүргізушілік кодексі.

1891

ж.

Бразилия Конституциясын

 

 

қабылдау.

1896

ж.

Германдық азаматтық ереже.

1897

ж.

Германияның Сауда кодексі.

1911ж.

«Парламент туралы акт» –

 

 

Ұлыбританияның конституциялық

 

 

актілерінің бірі.

1914

ж.

Ирландияға автономия берген

 

 

«Гомрул туралы заң».

 

 

207

1919

ж.

Германияның Веймар

 

 

конституциясы.

1925

ж.

Италиядағы «Үкімет басшысының

 

 

құқықтары мен артықшылықтары

 

 

туралы» заң (Б.Муссолиниге

 

 

премьер-министрдің көптеген

 

 

өкілеттіктерін берді).

1926-27 ж.ж.

Италиядағы «Мемлекетті қорғау

 

 

туралы» заң (фашистердің билігін

 

 

бекіткен).

1933

ж. ақпан-наурыз

«Герман халқы мен мемлекетін

 

 

қорғау туралы» жəне «Герман

 

 

халқын қорғау туралы» фашистік

 

 

режим декреттері (фашистік

 

 

Германияның нормативтік

 

 

актілері).

1939

ж.

Ұлыбританиядағы Үкіметтің

 

 

мемлекеттік қауіпсіздік пен

 

 

қоғамдық тəртіпті қамтамасыз ету

 

 

саласындағы төтенше өкілеттіктері

 

 

туралы акт.

1946

ж. қазан

Франция Конституциясы (Төртінші

 

 

республика режимі).

1947

ж.

Конституциялық монархия

 

 

режимін орнықтырған Жапон

 

 

Конституциясы.

1947

ж. 10 желтоқсан

Антигитлерлік коалиция мен

 

 

Италияның арасындағы бейбіт

 

 

келісім.

1947

ж. 22 желтоқсан

Италия Конституциясы

 

 

(республиканы жариялаған).

1949

ж.

ГФР Конституциясын қабылдау.

1958

ж.

Генерал де Голльдің

 

 

Конституциясы (Бесінші

 

 

республика режимі).

1990

ж. 31 тамыз

Германияның (ГФР жəне ГДР)

 

 

бірігуі туралы шарт бекіту.

 

 

208

МАЗМҰНЫ: Терминологиялық сөздік Кіріспе

Бірінші бөлім

Құлиеленушілік мемлекет пен құқықтың тарихы

1.Ежелгі Египеттің мемлекет жəне құқығы

2.Ежелгі Вавилонның мемлекеті жəне құқығы

3.Ежелгі Үндістанның мемлекеті жəне құқығы

4.Ежелгі Қытайдың мемлекеті жəне құқығы

5.Ежелгі Грецияның мемлекеті жəне құқығы

6.Ежелгі Римнің мемлекеті жəне құқығы

Екінші бөлім

Феодалдық мемлекет пен құқықтың тарихы

А. Батыс Еуропа елдеріндегі феодалдық мемлекет пен құқық

1.Франктардың мемлекеті жəне құқығы

2.Францияның мемлекеті жəне құқығы

3.Англияның мемлекеті жəне құқығы

4.Германияның мемлекеті жəне құқығы

Ə. Орталық жəне Оңтүстік-шығыс Еуропа елдеріндегі феодалдық мемлекет жəне құқық

1.Византияның мемлекеті жəне құқығы

2.Болгарияның мемлекеті жəне құқығы

3.Сербияның мемлекеті жəне құқығы

4.Польшаның мемлекеті жəне құқығы

5.Чехияның мемлекеті жəне құқығы

Б. Шығыстың феодалдық мемлекеті мен құқығы

1.Араб халифаты

2.Үндістанның мемлекеті мен құқығы

3.Қытайдың мемлекеті мен құқығы

4.Жапонияның мемлекеті жəне құқығы

Үшінші бөлім

Жаңа дəуірдегі мемлекет жəне құқықтың тарихы (буржуазиялық мемлекет жəне құқық)

1. Ұлыбритания

209

2.Германия

3.Америка Құрама Штаттары

4.Жаңа дəуіржегі Франция

5.Қытай

6.Жапония

7.Латын Америка

8.Италия

Төртінші бөлім

Жаңа дəуірдегі құқықтың негізгі сипаттары

Ұлттық құқықтық жүйелердің қалыптасуы Францияның құқығы Германияның құқығы

Бесінші бөлім

Қазіргі замандағы мемлекет пен құқықтың тарихы

1.Жапония

2.Италия

3.Франция

4.Германия

5.Ұлыбритания

6.Америка Құрама Штаттары

7.Қытай

Алтыншы бөлім

Қазіргі замандағы құқықтағы негізгі өзгерістер

1.Азаматтық жəне сауда құқығы

2.Заттық құқық

3.Міндеттемелік құқық

4.Антитрестілік (антимонополиялық) заңнама

5.Отбасылық құқықтағы өзгерістер

6.Еңбек жəне əлеуметтік заңнама

7.Қылмыстық құқық жəне іс жүргізу

8.Қылмыстық іс жүргізу

Негізгі заң құжаттарының хронологиялық кестесі

210