Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6_Лекционный комплекс.doc
Скачиваний:
115
Добавлен:
13.02.2016
Размер:
661.5 Кб
Скачать

Дк-ні пайдалану арқылы жүргізілетін оқу сабақтарының режиміне қойылатын талаптар

Бейнематериалмен жұмыс істеу ұзақтығы бейнематериалдың сипатына, оқушылардың жасына, жұмыстың басталу уақытына, үзілістің ұзақтығына, жұмыс орнының ұйымдастырылуына, дұрыс отырғызу жағдайына байланысты анықталады және мыналардан (экран ортасындағы жарықтану нүктесі кемінде 0,4 мм. өлшемдегі бейнематериалдар үшін):

1-5 сынып оқушылары үшін - 15 минут;

6-7 сынып оқушылары үшін - 20 минут;

8-9 сынып оқушылары үшін - 25 минут;

10-11 сынып оқушылары үшін, егер екі сабақ қатар жүрсе, бірінші сабақта - 30 минут, екінші сабақта -20 минуттан аспауы керек..

Жұмыс ұзақтығы экран ортасындағы жарықтану нүктесі кемінде 0,5 мм өлшемдегі бейнематериалдар үшін 30 %-ға кемиді:

1-5 сынып оқушылары үшін - 10 минут;

6-7 сынып оқушылары үшін - 15 минут;

8-9 сынып оқушылары үшін - 18 минут;

10-11 сынып оқушылары үшін, егер екі сабақ қатар жүрсе, бірінші сабақта - 20 минут, екінші сабақта -15 минут.

ДК-ні қолданатын сабақтар саны бір күнде 10-11 сыныптар үшін 2-ден көп емес, ал 1-9 сыныптар үшін 1 сабақтан көп болмауы керек.

ДК-ні қолданатын сабақтар аралығындағы үзілістер кемінде 10 минут болуы қажет.

Бейіндік курстарды өткізу кезінде күнделікті ДК-мен жұмыс істеу ұзақтығы 10-11 сыныптардың оқушылары үшін – 2-3 сағат.

ДК-ні қолданатын жоғарғы сыныптардағы факультативтік және үйірме жұмыстары аптасына 2 академиялық сағаттан аспау керек.

ДК-мен жұмыс істеу кезінде әрбір 20-25 минут аралығында көздің шаршағанын басу үшін арнайы жаттығулар жасалу керек. 10-11 сынып оқушылары үшін информатика сабақтарының арасында дене шынықтыру үзілісін жасау керек. Көз және дене шынықтыру жаттығуларының жиынтығын айына 1 рет ауыстырып отыру ұсынылады.

Өзін - өзі бақылауға арналған тапсырмалар:

Қорғауға берілген реферат тақырыптары:

  1. Стандарт емес сабақтарды информатика кабинетінде ұйымдастыру.

  2. Информатика кабинетінің қазіргі заманға сай жабдықталуы.

  3. Информатика сабағының ерекшеліктері

Негізгі әдебиеттер /4,20/,

Қосымша әдебиеттер/3,21/.

Дәріс -10.

Дәріс тақырыбы: Педагогикалық бағдарламалық құрал.

Дәрістің мақсаты: Педагогикалық бағдарламалық құрал жіктелуін және педагогикалық бағдарламалық құрал даму мәселелерін қарастыру.

Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:

1. Педагогикалық бағдарламалық құрал жіктелуі.

2. Педагогикалық бағдарламалық құрал даму мәселелері.

Дәрістің тезисі:

Педагогикалық бағдарламалық құрал.

Педагогикалық бағдарламалық құрал – курстың белгілі бір тақырыбын оқытуды және оқушылардың оқу бағдарламасына көрсетілген практикалық дағдыларды қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

Педагогикалық бағдарламалық құрал әдістемесі екі ұғымда түсіндіріледі:

Біріншіден, бұл құрылған бағдарлама оқыту үрдісінде әртүрлі пәндерде қолданылады.

Екіншіден, бұл – дидактикалық әрекет, сабақта қолдану тиімді (мысалы, кез келген ұғымды кірістіру және бекіту, қайталау немесе жалпы білімді тиянақтау және т.с.с.)

Педагогикалық бағдарламалық құрал жіктелуі:

1) Демонстрациялық бағдарламалар теориялық құралдарды оқыту үшін арналған. Олар құбылыс немесе объектіні үйретуде, демонстрациялауда мұғалімге көмектеседі, оның даму диамикасын бақылауға т.с.с. Бұл параметрлер математикалық ақпараттың негізі. Мысалы, «тірі геометрия» немесе «тірі физика».

2) Бақылаушы бағдарламалар. Бұл бағдарламаларға сәйкес кез-келген шекаралық немесе нәтижелік бақылау білімі бойынша қолдануға болады. Олармен жұмыс кезінде оқушылар сұрақтарға не пернетақтадан теру, не меню пунктінен біреуін таңдау арқылы жауап береді. Жұмыс соңында, оқушылардың жауабына талдау жасалады және құрылған алгоритм бойынша бағаланады.

3) Оқытушы бағдарламалар. Бұл бағдарламаның ерекшелігі аса нәтижелі бақылауда оқытылатын құралдарды бөліктерге бөлуге болатындығымен түсіндіріледі және соңғы кезде стратегиялық дамыта оқыту бойынша көп таралған оқыту бағдарламаларының бірі болып табылады.

4) Кәсіптік бағдарламалар. Бұл бағдарламалар оқушыларға өз-бетінше оқуға, кәсіпкерлік қызметте кездесуге тура келеді. Мектептерде есептеуіш пакеттер мен мәтіндік және графикалық редакторлары, Word, Excell электрондық кестелер қолданады.

5) Микромерлер мен компоненттік оқу ортасы. Әр түрлі тақырыптарды оқытуда, қалыптастыру дағдысына бағытталған. Оқушыларға объектіні оқытуда белгілі модель ұсынады. Мысалы: робат, сызушы, логомерлер.

6)Тәжірибе үрдісіндегі компоненттердің имитаторлары.Жеке түрдеболады, бірақ көбінесепедагогикалық бағдарламалық құрал оқыту құрамына немесе ортасына кіреді. Тәжірибелік зерттеу жүргізуге, жетілген имитаторлардербес компьютерөлшегіш құралға айналдыруға рұқсат етіледі. Мектептер де – сирек болса да қолданылады.

7)Мектептің қолданыстағы эксперттік жүйелер. Сарапшылар білім қорынын нашар формальданатынын игеруге жәнеқарапайым қолданушығаарналған.

8)Мультимедиа жүйесі. Бұлпедагогикалық бағдарламалық құрал, оқушыларға жетілген технология құралдарын беру.

9)Ойын бағдарламалары. Тиімді стратегияларды шығарып алу мақсатында оқыту жағдайынжеңуге арналған. Негізгі қолдану мақсаты: логикалық даму мен абстрактілік ойлау.

10)Бос уақытта қолданылатын бағдарламалар. Оқушылар іс-әрекетін мектептен тыс жәнесыныптан тыс ұйымдастыру үшін арналған. Негізгі мақсаты:оқушыларға көңіл бөлу меной-қабілетіндамытужәне т.с.с.

Тестілеу бағдарламалары. Қазіргі уақытта мәтіндік бақылау бағдарламасы кең қолданылады. Оларды шартты екі типке бөлуге болады: «жауабын жазыңыз» және «жауабын таңданыз».

1-типтің артықшылығы: жауабын оқушының өзі жазады, пернетақтамен жұмыс істеу қабілетін дамытады.

1-типтің кемшіліктері: енгізетін жауапты өңдеу күрделігі, көп уақыт тест нәтижелерін өңдеуге және жөндеуге кетеді.

2- типтің артықшылығы: жауаптарын өңдеуде бағдарламаларды құру оңай, нәтижелерін өңдеуге аз уақыт кетеді. Оқушылардың ЭЕМ-мен жұмыс дағдысы бұл тест түрінде аса көп қажет етпейді.

2-типтің кешіліктері: Оқушының кейбір білмей берген жауабының дұрыс болып кету ықтималдылығы.

Кемшіліксіз тестілеу бағдарламаларының сипаттамасы.

- Бағдарлама тестінің екі түрін де қолдану керек.

- Желі бойынша жіберу және тарату керек.

- Оқытушылар үшін сұрақтарды ауыстыруға мүмкіндік болу керек.

- Сұрақтар тәртібі оңайынан күрделіге бағытталуы керек, оқылған бөлімдерді қамту керек.

- Егер бағдарламада жауап уақытына шектеу қою қарастырылған болса, онда қанша уақыт қалғанын деманстрациялау керек.

- Қателер қайда жіберілген және сұрақтардың дұрыс жауабын көрсету керек.

- Әр сыныптарда оқушылар бағасын білімінің әр түрлі критериялары бойынша қарастырылуға болады.

- Оқушылардың тестілеу нәтижесі арнайы файлдарда сақталу керек және тест аяқталғаннан кейін өздері мұғалімнің ЭЕМ-нежіберілуі керек.

- Керекті файлдар заңсыз қолданудан қорғалу керек.

Педагогикалық бағдарламалық құрал негізгі белгілі себептері:

- Оқытудың моделдеу мүмкіндіктері, іштей даму құбылысын көрсету;

- Жаңа әдістемелерін тарату мүмкіндіктері;

- Оқыту үрдісін жекелендіруге болады.

Кемшіліктер қатары қарастырылуда:

1) Көптеген оқытушы бағдарламалар қайта жазылған оқулық ретінде ұсынылады, гипермәтіндік сілтемелер мәтінді монитордан оқуға әкеледі.

2) Педагогикалық бағдарламалық құралдың көпшілігінде олармен жұмыс істеу сипаттамасымен талаптары болмайды.

3) Кейбір педагогикалық бағдарламалық құрал оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін ескермейді (кіші қаріп, ақ түсті фонда көк әріптер).

Өздік педагогикалық бағдарламалық құрал құруда қолданушыға нұсқаулық (инструкция) құру керек, оған мыналар кіру керек:

- Оқыту үрдісінде ПБҚ қандай мақсатта қолданылады;

- Қандай ЭЕМ іске-асыруға, қандай жүйе талаптары қажеттілігін белгілеу;

- Қандай жастағы оқушыларға есептелінген;

- Сабақтардың қандай түрлері мен қандай кезеңдерінде қолдануға болады.

Педагогикалық бағдарламалық құрал даму мәселелері.

Педагогикалық бағдарламалық құралдың дамуының ең тыйымды жолы мультимедиалық технология деп санауға болады.

Мультимедиалық технология - бұл әр түрлі табиғаты бар (мәтін, дыбыстық, графикалық, анимация, видео) құру әдістерінің және ақпаратты тиімді қолданудың жиынтығы. Қолданылатын педагогикалық бағдарламалық құралдың көбі мультимедиалық болып табылады. Тағы бір педагогикалық бағдарламалық құрал болып гипермәтін табылады.

Гипермәтін – белгілі тақырып бойынша мәтіндік фрагменттердің жиынтығы, онда кейбір сөздер (ерекше сөздер) белгіленген, бұндай сөздерді белсендету (активизация) мәтін үзіндісінің жаңа материалмен пайда болуына әкеледі. Қатысушы өзінің оқуын өзі жоспарлайды, ол белсенді рөл атқарады, яғни оны қызықтыратын тақырыптарды таңдай алады. Жиі гипермәтінді құжаттарда мәтін ғана емес, сонымен бірге графика, анимация, видео да қойылады. Бұл технология гипермедия атағын алды.

Гипермедия – бұл технология оқуды нақтырақ, көрнекірек жасауға мүмкіндік береді.

Электронды кітаптар – педагогикалық бағдарламалық құралдың әр түрлілігі, оған ЭЕМ-дағы беттерден құралған оқулық материалдары жатады.

Электрондық кітаптар:

- Энциклопедиялық (үлкен көлемді әртүрлі ақпараттар);

- Тақырыптық (қандай да бір тақырыптарға дерек);

- Бақылау жүргізуші (оқушының дайындық деңгейін айқындау) болады.

Мультимедиалық педагогикалық бағдарламалық құралды қолданған кездегі туындайтын мәселелер:

І. Әлеуметтік мәселелер.Қоғамды ақпараттандыру үрдісіндегі білімді ақпараттандыруда бірінші кезекте, адамдар мен мұғалімдердің жаңа өзгерістерді (жүйені) дұрыс қабылдауы.

1) Көптеген мұғалімдердің қалыптасқан әдістемелік оқытуды ауыстырғылары келмеуі. Әдетте қатардағы әрбір мұғалімдердің өзіндік әдістемесі қалыптасқандықтан, оқыту үрдісіне мультимедиалы технологияға тәжірибе енгізуде шешім қабылдау әркімнің қолынан келе бермейді (тәжірибе кезіндегі нәтижені ешкім дәлелдеген емес). Мұндайда дайындыққа көп уақыт кетеді, ақпараттық технологияны игеру үшін уақытпен әрекет ету қажет.

2) Болашақ маман мұғалімнің даярлылығының болмауы. Қазіргі уақытта көптеген педагогикалық жоғары оқу орындарында оқитындардың жаңа ақпараттық технологияны игеру мақсаты көзделген бағдарламалар жоқ.

3) Мектепте есептеуіш техникасы құралдарының жеткілікті көлемінде болмауы. Талап бойынша қарапайым мектептерде біріккен сабақтарды өткізуге толығымен арналған информатика бөлмесі болуы керек.

4) Компьютерлік сыныптарына жеткілікті қаражат бөлінбейді, педагогикалық бағдарламалық құрал жасау мұғалімдерге қиынға соғады.

ІІ. Педагогикалық бағдарламалық құрал сапасының мәселесі:

Ең басты дидактикалық принциптердің бірі – көрнекілік екені бірінші рет белгіленген, сондықтан мультимедиалық педагогикалық бағдарламалық құралды қолдану - көздеген объектіні немесе оның дамуындағы көріністі көрсетуге көмектеседі. Бүгінгі күнде мультимедиалық бағдарламаларды қолдану барысында өңделген нәтижелердің арасындағы қозғалысты қадағалауға болады.

1) Педагогикалық бағдарламалық құралды дайындауда жетілдірген шебер мұғалімдер, әдіскер және бағдарламашылар тартылмайды.

2) Материалды ұсынудың негізгі түрі мәтін болып табылады. Бұл балалардың тез шаршауына, денсаулықтың нашарлауына әкеп соғады.

3) Түстерді және басқа рәсімдеулерді дұрыс таңдамау көп кездеседі.

4) Әдіскердің нұсқауынсыз және технологиялық құжаттарсыз бағдарламаның тарауы, мұндай жағдайда педагогикалық бағдарламалық құралды сабақты қолдану мәселесі мұғалімге міндеттеледі (қандай түрдегі сабақта қолдану және т.с.с) бұл педагогикалық бағдарламалық құралды қолданудың көптеген дұрыс тәсілдерін мұғалімнің білмеуіне әкеп соғады.

ІІІ. Педагогикалық бағдарламалық құралдың психологиялық мәселелер:

1) Педагогикалық бағдарламалық құралдың көбі үй жағдайында жұмыс істеуге бағдарлануына байланысты мұғалімге оқушы компьютер жүйесінде орын жоқ, бұл мұғалімнің өзі үшін білім алу және бақылаудың үйренбеген ортасына түседі.

2) Егер мектепте балалар сабаққа қызығушылықпен ұмтылған болса, компьютерді оқу барысында бұл жағдай болмайды. Көбінесе бұл педагогикалық бағдарламалық құрал балалардың жасына және жеке ерекшеліктеріне, санитарлық гигиеналық нормаларды есепке алмайтындығы мен балаларды тез жалықтырумен байланысты.

3) Қазіргі уақытта мультимедиалық педагогикалық бағдарламалық құрал материалдың мазмұнының баяндау стилінің, шығармашылық және өзіндік іске асыру үшін мүмкіншіліктің жоқ болуы.

4) Мультимедиа құралы оқу үрдісін байытуға мүмкіндік береді, алайда дайын материалдарымен шамадан тыс әуесқойлық қаупі бар, ол сабақ қатысушыларының шығармашылық жұмыстарына зиян келтіреді. Оқушы компьютерге бағынышты ғана емес, сонымен қатар жүргізуші рөлін атқаруы қажет. Бұл жұмыстың түрлері бірге қолданса тиімді, яғни компьютер адамның жұмысына бағынышты болып немесе бағындырып оның психологиялық дамуын жүргізеді. Ол пән бойынша жаңа білімдерді ғана емес сонымен қатар шығармашылық икемділіктің дамуын қалыптастырады немесе керсінше. Оқу үрдісінің компьютер арқылы прогрессивті, сол сияқты регресивті жеке тұлғаның дамуына әкелуі мүмкін.

Қол жеткізу жолдары. Педагогикалық бағдарламалық құралды қолдану үшін кез келген мұғалімнің төмендегідей жұмыс жасау қажет:

1) Мектептерде арнайы сыныптармен жабдықтандыру. Мұндай сыныптарда әртүрлі пәндер бойынша сабақ өткізу мүмкіндіктері болады.

2) Мультимедиалық өнім шебер мамандардың көмегімен шығарылған болу керек. Мұғалім педагогикалық бағдарламалық құралды дұрыс таңдау мүмкіндігі болу керек.

3) Мұғалімге дербес компьютерді қолдану қосымшаларын сабақтарда түсіндіру қажет. Әрине кітап ұзақ уақытқа дейін материалды мазмұндаудың негізгі құралы болып қалады, бірақ электронды кітаптарды қолдану сабақтардың тиімділігін көтеруге мүмкіндіктер береді. Ол:

- тез арадағы кері байланысты қамтамасыз етеді;

- қажет ақпараттарды тез табуға көмектеседі;

- көрнекі көрсету, дыбыстау қабілеті;

- қатысушылардың назарларын сейілтуге жол бермей, оқу жұмыстарын түрлендіру.

4) Пән мұғалімдерін арнайы дағдыларға дайындауды қамтамасыз ету қажет. Педагогикалық жоғары оқу орындарында немесе институттар базасында құрылған орталықтарға мұғалімдердің біліктілігін арттыру, сонымен қатар кәсіби деңгейін көтеру курстарын жаңа педагогикалық технологияларда қолданумен жүргізу қажет.

5) Өзінің педагогикалық бағдарламалық құралын құру мүмкіндіктерін қамтамасыз ету қажет, ол үшін педагогикалық бағдарламалық құралды құру құралдарының қолда бар жиынтығының біреуін таңдау және оны оқу үрдісіне кеңінен енгізу қажет.

6) Мұғалімге компьютерді оқу сыныбында қолдану әдістемелік жобаланған оқу формасын ұсыну қажет. Ең тиімді нұсқа компьютерді әр оқу сыныбында қолдану. Оқу үрдісінде интерактивті тақтаны қолдану қажет.

Өзін - өзі бақылауға арналған тапсырмалар:

Қорғауға берілген реферат тақырыптары:

  1. Мультимедиалық технологияны оқу үрдісінде пайдалану.

  2. Педагогикалық бағдарламалық құралды жасау негіздері.

Негізгі әдебиеттер /4-6/,

Қосымша әдебиеттер/20-21/.

Дәріс -11.

Дәріс тақырыбы: Информатиканы оқыту әдістері. Информатиканы оқытудың дидактикалық принциптері.

Дәрістің мақсаты: Педагогикалық бағдарламалық құрал жіктелуін және педагогикалық бағдарламалық құрал даму мәселелерін қарастыру.

Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:

1. Информатиканы оқыту әдістері.

2. Жобалар әдісі.

3. Информатиканы оқытудың дидактикалық принциптері.

Дәрістің тезисі:

Информатиканы оқыту әдістері.

Информатиканы оқытуда әдістерді дұрыс таңдай және сабақта тиімді қолдана білу керек. Әдіс (грек тілінен - бірденеге бағытталған) дегеніміз бір мақсатқа жету тәсілі.

Дидактикада оқытудың әдістері деп мұғалім мен оқушылардың біріккен іс-әрекетін және оқушылардың танымдық іс-әрекетін құру әдісін түсінеді. Оқытудың әдістерінің мәселелерін шешуде атақты дидакт Бабанскийдің оқытудың әдістерін мұғалім мен оқушылардың реттелген бір-бірімен байланысты іс-әрекеті ретінде анықтайтын тұжырымын ұстанамыз. Бұл білім беру мәселелерін шешуге, жеке тұлға тәрбиелеп, дамытуға бағытталған.

Педагогикада оқытудың әдістерінің үлкен арсеналы жиналған. Әдісті жіктеудің өзінің анықталған ережесі болады. Алайда функционалды жағынан информатиканы оқытуда жіктеудің ең қолайлысы түсіндірмелі- иллюстративті, репродуктивті, мәселелік, бөліктеп іздеу, зерттеу әдістерімен ерекшеленеді. Берілген жіктеудің міндеттерімен информатика курсының мазмұнына сәйкестенуі үшін оны бағдарламаланған, модельді әдістермен және жобалау әдісімен толықтырған жөн.

Түсіндірмелі-иллюстративті әдісоқушылардың жаңа теоретикалық материалмен танысқанда компьютермен, бағдарламалық қолданбалармен жұмыста алғашқы білімдерінің қалыптасуында пернетақтамен жұмыс істеп үйренуінде қолданылады. Оқушыларға белгілі бір фактілерді дайын күйінде жеткізу үшін мұғалімнің оны әңгімелеп беруіне болады. Мұндай әдістерді (әңгіме, мазмұндама, түсіндірме) материал ақпараттық түрде болғанда немесе практикалық жұмыстың әдістерін сипаттағанда қолданған дұрыс.

Репродуктивті әдісинформатика сабақтарында тренажер- бағдарламалармен жұмыста (мысалы, пернетақталық тренажер), оқытушы және бақылау бағдарламаларымен әртүрлі кіріспе, жаттықтырушы жаттығуларды орындағанда, комментариймен жаттығуларда қолданады.

Мәселелік әдісті(мәселе сұрақтар, жағдайлар) графикалық ақпаратпен жұмыста қолданған жөн.

Бөліктеп-іздеу әдісінқолданғанда оқушылар болжам құруға, есепті бақылау, тәжірибе, жоспар құру немесе танымдық есептің алгоритімін шешу, жобалау және тағы басқалары арқылы шешуге қызығады.

Зерттеу әдісінебақылау, тәжірибе, компьютермен, плакаттармен және басқаларымен жұмыс кіреді. Бұл жағдайда мұғалім оқушылардың өзіндік ізденушілік іс- әрекетінің ұйымдастырушысы ретінде танылады.

Бағдарламалық оқытуәдісінде информатика сабақтарында үйретуші бағдарламалар қолданылады. Бұл әдіс «Есептеуіш техникасының сандық негіздері», «Бағдарламалық қамтамасыздандыру» тақырыптарында аса тиімді. Үйретуші бағдарламада берілген материал қатаң тәртіпте беріледі, әрбір кадр жаңа материал, бақылау сұрағы мен тапсырмадан тұрады.

Модельді әдіскематематикалық немесе компьютерлік құрылуы кіреді. Бұл «бәсеңдейтін жобалау» әдісі. Орта мектептің информатика мұғалімі модельдерді құру үшін электронды кестелермен жұмыста қолданады. Алған тапсырмасына сәйкес оқушы математикалық модель құрады да, оны дайын күйде алады. Бұл модельдер келесіде оқудың объектісі болады.

Жобалар әдісі.Соңғы кезде информатика пәнінің мұғалімдері педагогикалық тәжірибеге жобалар әдісін белсенді түрде енгізе бастады.

1919 жылы Дальтон қаласында (АҚШ) Е. Паркхарст сынып-сабақтық жүйені әрбір оқушының педагогпен бірге құрылған жоспар бойынша индивидуалды жұмысымен ауыстыруға тырысты. Оқушылар мектеп бағдарламасын оқуда әркім өзінің жылдамдығы бойынша жылжу мүмкіндігін иеленді. Оқу күнінің бірінші жартысында олар ешбір оқу кестесінсіз жұмыс құралдары негізінде өз бетінше жұмыс жасады. Екінші жартысында – қызығушылық тудырған тақырып бойынша оқыды. Бұл тәжірибе "Дальтон-жоспар" деп аталынды. Бұл әдіс қазір де қолданылуды.

Жобалар әдісі – оқу үрдісін жекешелеуге, оқушыға жоспарлау барысында өзінің тәуелсіздігін көрсетуге, тапсырмалар орындағанда шығармашылығын көрсетуге мүмкіндік беретін кешенді оқыту әдісі. Жобалар әдісін технология деп есептеуге болмайды – ол басқа әдіс-тәсілдермен біріге отырып, нақты бір мақсаттарға жету үшін қолданылады.

Жобалар әдісінде ең алдымен оның болашақ жоба аумағы таңдалады. Келесі маңызды мәселе – жобаның ұзақтығы. Жоба бір сабаққа немесе одан да ұзақ уақытқа (1 тоқсанға) есептелуі мүмкін. Бірінші жағдайда жобаға тек бірнеше оқушы қатысуы мүмкін, ұзақ уақытқа есептелген жағдайда әрбір оқушы немесе оқушылардың шағын тобы ортақ үлкен жоба шеңберіндегі жеке тақырыптарды алады. Үштен көп оқушыдан тұратын топты құрған қолайсыз – үлкен топтардың жұмысын құру мәселелер тудырады.

Жобаның ортақ тақырыбы мұғалімнің тапсырмаларына байланысты таңдалады. Оқушыға немесе топқа берілген нақты тақырып жалпы тақырыппен үйлесуі керек.

Жобаны жүргізуге уақытты қалай табуға болады. Ең алдымен, жоба формасында қайталауды, әсіресе оқу жылы соңында жалпылама қайталауды ұйымдастырған жөн. Сонымен қатар, информатикада жобамен жұмыс жасаудың жаңа материалды оқумен қатар сәтті жүретін бөлімдер де бар. Мысалы, "есептерді компьютерде шешудің кезеңдері", "Үлгілеу және Есептеуіш эксперимент" және т.б..

Жобамен жұмыс жасау кезінде мұғалім консультант рөлінде болады, бұл жерде оған біршама даярланған оқушылар көмектеседі. Ең дұрысы, егер оқушылар есептің қойылымын анықтауды өз бетінше жүргізсе. Ол үшін мұғалім оларды бұрын орындалған жобалармен таныстырса жеткілікті.

Жобамен жұмыстың нәтижелері міндетті түрде сыныпта жариялануы керек. Жұмысты көпшілік алдында қорғау жобалар әдісінің ең маңызды бөлігі болып табылады, себебі ол оқушыларға жұмыс барысында алынған білімдерін қорытындылап, жүйелеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, сабақты өткізу формасы классикалық семинар болу міндетті емес, ойын да болуы мүмкін. Егер жазбаша есеп беру қарастырылса, онда оған қойылатын талаптар алдын ала құрылады. Жобалардың көпшілік алдында қорғалуы емтиханды өткізу формасы да болуы мүмкін.

Ұзақ жоба үшін ортақ баға келесі локальды бағалардың қосындысынан шығады: жобалық жұмыстың сапасы, жазбаша есеп берудің сапасы, көпшілік алдында қорғаудың бағасы.

Оқушылардың көпшілігіне мұндай жұмыс формасы ұнайды, ол оқушылардың мотивациясын және алған бағаларының сапасын арттырады.

Орындалған жобалардың кейбір тақырыптары: «кішкентай жолдастарға арналған компьютерлік оқулық» (мақсаты – жай ғана оқу бағдарламасына сәйкес жазу емес, сондай-ақ басқалар үшін де маңызды өнім құру ), "Әлеуметтік сауалнама" (үлкен ақпарат көлемін өңдеу есептерін шығару кезінде информатиканың әдістерін қолдану), "Болашақтың компьютері" (мини-жобаның «Компьютерлік көрме» ойынымен үйлесімділік мысалы)».

Жобалар әдісі оқытудың топтық формаларымен сәйкес келеді, бұл әдіс әрқашан қандай да бір мәселенің шешімін болжайды.

Информатикадағы жобалар әдісі есептің шешімін табудың жүйелік тәсілінің дағдыларын қалыптастырумен, жұмыс үрдісі кезінде тәуелсіздігінің артуымен және мұғалім мен оқушының арасындағы қатынас стилін орнатумен сипатталады.

Жалпы жобалау белгілі бір қасиеттеріне қарай топтастырылады және оларға қойылатын шарттар мен талаптарына сай келеді, атап айтсақ төмендегідей типтегі жобаларды ұсынуға болады:

  1. Демонстрациялық жобалау;

  2. Зерттеушілік жобалау;

  3. Шығармашылық жобалау;

  4. Рольді – ойындық жобалау;

  5. Ақпараттық жобалау;

  6. Үйретуші жобалау;

  7. Моножобалау;

  8. Пәнаралық жобалау;

  9. Тәжірибелі және бағдарлы жобалау;

  10. Қысқа мерзімді жобалау;

  11. Ойын жобалауы.

Жобалау мен шығармашылық. Жобалауды шығармашылықпен байланыстыратындар көп, олар жобалауды жаңа шығармашылық мүмкіндіктерді ашу деп түсінеді. Алайда бұл түсінік дұрыс емес. Шығармашылық бұл - жаңаның пайда болуы. Бұл жерде жобалаумен байланысы бар, бірақ шығармашылықтың жобалауға айналуы үшін уақыт факторы негізге алынып, нақты нәтижені елестету керек. Алайда шығармашылықты нақтылықпен байланыстыру мүмкін емес.

Жобалау мен басқару.Практиканың қандай бір түрінде өзгерістерді жобалап, іске асырып, оларды басқарғанда ғана біздің жұмысымыз алға басады. Қазіргі кезде менеджмент сөзі пайда болды, ол басқару дегенді білдіреді. Білімде де менеджмент сөзі қолданылады. Қазіргі таңда білім алу түрлері де көбейді, ол территория мен уақытқа қарай бөлінеді. Осыған орай өзінің білім алу үрдісін басқару, білім алғандағы нәтижені жобалау міндетті түрде қажет болды. Сонымен практика нысанында пайда болған жобалау үлкен әлеуметтік контекстке шығады. Осының бәрі әлеуметтік ғылымдардың басты мәселесіне жобалаудың білімдегі орнын жатқызады.

Жобалау мен даму. Жобалау теориясында белгілі бір мәселенің дамуына әкелетін өзгерістер айтылған, яғни біз тек мәселенің өзгеруіне әкелетін жобаларды қолдануымыз керек. Бірақ бұл тек теорияда қолданылады, яғни біз жасаған жұмысымыз оның нәтижесіне тең емес. Мысалы, гүл отырғызу мақсаты, отырғызатын орны, жасалған жұмыстар мен гүлдердің өзі жобалау болып табылады.

Жобалаудың құрылымы:

- нақты нәтиже шығару жобасы;

- нақты мәселенің талдауы;

- нақты уақыт белгілеу;

- жұмыс жүргізу жобасы;

- нәтиже шығару.

Жоба белгілі бір тақырып бойынша құрастырылады. Ол оқушының қызығушылығына орай таңдалуы мүмкін. Жобалау жұмысын орындаудағы талаптар төмендегідей:

- Оқыту жобасының классификациясын таңдау;

- Жоба презентациясын дайындау;

- Жобаға баға беру критериилерін айқындау;

- Жасалған жобаның нәтижесіне баға беру;

- Жобалау әдісін оқытудағы мұғалімдердің мақсаты мен міндеттерін айқындау.

Жобамен жұмыс жасаудың кезеңдері :

Іздеу кезеңі:

- Мәселені іздеу және талдау. - Жоба тақырыбын таңдау. - Кезеңдер  бойынша  жобалау іс-әрекетін жоспарлау. - Жоба тақырыбы бойынша ақпаратты жинақтау, зерделеу, өңдеу.

Конструкторлық кезеңі:

- Жоба тапсырмасының оңтайлы шешімін іздеу.   - Дизайн талаптарын ескере отырып, құрылым нұсқаларын зерттеу. - Дайындау технологиясын таңдау. - Экономикалық баға беру. - Экологиялық сараптама жасау. - Конструкторлық және технологиялық құжаттарды құрастыру. Технологиялық кезең:

- Жобаны тәжірибеде жүзеге асырудың жоспарын құру, қажет материалдарды, құралдарды және құрылғыларды таңдау. - Жоспарланған технологиялық операцияларды орындау. - Сапаға ағымдық бақылау жасау. - Қажет болған жағдайда құрылымға және технологияға өзгерістер енгізу. Қорытынды кезең:

- Жобаның орындалуының сапалық бағасы. - Жобаның орындалуындағы нәтижелерді талдау. - Жобалаудың нәтижелерін қолданудағы мүмкіндіктерді зерделеу (көрме, сату, жобалар банкіне қосу, жариялау).

Демонстрациялық жобалау – демонстрациялаушы жоба көп жағдайда оқушылардың фантазиясына байланысты құрылады. Оларды орындау нәтижесінде қандай да бір демонстрациялаушы бағдарлама алынуы керек. Мысал ретінде «Сағат», «Светофор», «Айналу денелері», «Сөзжұмбақ», «Фраза», «Караоке», «Жарнама», «Ауа райы», «Музыкалық үзіліс»және т.б. алуға болады.

Үйретуші жобалау – бұндай жобалау оқушыға жаңа білімдерді өз бетінше әрі қызықты түрде меңгеруге мүмкіндік береді. Мысалы «Рим цифрлары», «Жазба кітапшасы», «Тест», «Магиялық квадрат», «Көбейту кестесі», «Европа елдері» және т.б.

Қорыта айтатын болсақ, жобалау әдісі - бұл оқу жүйесі, оқу үрдісінің ұйымдастырылған моделі, ол оқушылардың интеллектуалды және физикалық мүмкіндіктерін жаңа жобаларды құру үрдісінде шығармашылық қабілеттерін дамыту жолымен өзіндік тұлғаны жүзеге асыруға бағытталған.

Теориялық тұрғыдан жобалау - белгілі бір мәселенің өзгеруі, дамуы деп танимыз. Жобаның құрылымы мәселенің талдауынан басталып, оны шешіп нәтижесіне жету үшін жасалатын қадамдардың жобалауынан тұрады. Жобалау жұмысында ой өрісінің дамуы, критикалық ойлау, креативтілік, сонымен қатар мәселелерді шешу қабілеті пайда болады.

Мұғалім оқушыны өз бетімен білім алып, алған білімін арнайы рәсімдеумен жобалау әдісі арқылы дәлелдей білуге үйретеді. Осы жұмыстың арқасында мұғалім мен оқушының арасында шығармашылық байланыс, жаңа көзқарас пайда болады. Мектеп қабырғасында оқушыда зерттеу, іздеу, анықтау, дәлелдеу, синтез, анализ жасау дағдылары қалыптасады және жобалау әдісі белгілі мерзімге берілуіне байланысты оқушы уақытты ықшамдап үйренеді. Бұл келешекте оқушының өз өмірінде пайдалануға қажет қасиет пен дағды.

Информатиканы оқытудың дидактикалық принциптері.

Информатика мұғалімінің педагогикалық жұмысына қойылатын негізгі талаптарының басқа пәндер мұғалімінің жұмысына қойылатын талаптардан гөрі елеулі ерекшеліктері, айырмашылықтары бар. Сол талаптарды іске асыру - мұғалімнің жұмыстарының өнімділігін күшейтіп, сабақта және сабақтан тыс уақытында нәтижелі әрі сабақ ұйымдастыруына мүмкіндіктер туғыздырады, ол үшін мынандай талаптарды естен шығармау қажет:

- мұғалімнен не талап етіледі;

- іске асырылу шаралары қалай және қандай жолмен мүмкін болады.

Педагогикалық әрекеттерге қойылатын талаптардың дидактикалық принциптеріне (ғылыми принцип, мұғалімнің материалды жүйелі түрде бере алу принципі, оқытудағы көрнекілік принципі, информатика сабағындағы тәрбиелеу принципі) сәйкестігін талдамас бұрын мыналарға ерекше көңіл бөлу керек: информатика қарастыратын проблемалардың көптігі сонша ма, тіпті компьютерлік техниканы қарастырумен қатар, білімнің физика, химия, биология, әдебиет сияқты бөлімдерінің проблемаларын да қарастыруға тура келеді. Себебі, информатика - басқа білім салаларын интегралдайтын білімнің мүлдем жаңа саласы болып табылады.

Информатика - басқа пәндердің де дамытылуын қамтамасыз ете алатын іргелі, әрі маңызды пән. Ол басқа пәндерде берілетін білімді бір ортаға жинақтап. сұрыптап, оларға жаңа мән беріп, әлемдегі болып жатқан үрдістер мен құбылыстарды жаңаша жүйелі түрде оқып білуіне, терең түсінуіне мүмкіндік береді. Информатика пәні - жаңа деңгейдегі және сапасы жағынан өзгеше пән болуы тиіс. Басқаша айтсақ "информатика - компьютердің көмегімен ақпаратты өзгерту және қолдана алу үрдістерімен байланысты адамзат әрекеттерінің бір бөлігі" (профессор Н.М.Макарова).

Информатика пәні мұғалімдерінің педагогикалық әрекеттеріне қойылатын талаптардың дидактикалық принциптеріне сәйкестілігі мыналардан түрады:

- мұғалімнің материалды берудегі ғылыми және жүйелілік принциптері;

- оқытудағы көрнекілік принциптері;

- информатика сабағындагы тәрбиелей оқытудың принциптері.

Дидактика принциптері– сабақ беруде (оқытуда) басшылыққа алынуға тиісті білім берудің және оқытудың ортақ теориясының негізгі қағидалары. Кейбір принциптерді білу кейбір білмейтін принциптердің орнын оңай толтырады. (Гельвеций К.). Бұл принциптердің нақтылы ұғымының өрнектелуін информатиканы оқыту контексінде қарастырайық.

1) Ғылыми принцип бойынша (С.И. Архангельскийдің пікірін қолданған дұрыс): "Барлық хабарланатын оқу мәліметтері қазіргі алдыңғы қатарлы ғылым жетістіктеріне толығымен сәйкес келуі керек", яғни, мұғалім берілетін (оқытылатын) материалдың дәлдігіне, шындылығына және нақтылығына ерекше көңіл бөлуі тиіс, материалдың мазмұнын, ғылыми ұғымдардың ұқыпты түрде іріктелуі қажет. Ғылыми принципін сақтау, білім беру мазмұнында осы облыстағы жаңа жетістіктерінің қамтылуын қажет етеді. Мысалы, «Электрондық кестелердің мүмкіндіктері» тақырыбын қарастырған кезде ғылыми принципін сақтау есебінде оқушыларды “Microsoft Exсel” бағдарламасымен іс жүзінде таныстыруға болады, себебі бұл бағдарлама қазіргі уақытта электрондық кестелер тобының ең кең қолданылатын әрі ең жетілдірілген түрі. Оқытудың ғылыми негізі сол сияқты оқыту әдістемесінің дәл бүгінгі таңда сәйкестігін де білдіреді. Бұл информатикаға қолданғанда ең алдымен модельдеу, оқушылардың зерттеу қызметін білдіреді. Оқу үрдісін ұйымдастырудың ғылыми негізінің тағы бір мысалы ретінде компьютерлік тестілеуді айтуға болады.

2) 0қудың жүйелілік принципі (М.И. Скаткиннің сөздері бойынша) "ұғымдар мен пән бөлімдерін оқытып, түсіндіргенде, олардың логикалық байланыстылығын және өзара алмаса алуын құрастыра алуында", яғни, жаңаны үйрену (ұғымдар, ережелер, талдаулар) оқушылар бұрын өтіп кеткен материалды терең түсінуінен.

3) Басқа пәндерден информатиканың өзгешілігі - ол білімнің жеңіл, жаттанды түрде ұғынылуын қабылдамайды. Яғни бұл жерде әрбір оқушының және тұтас сыныптың білімді белсенді және саналы түрде ұғыну принципінің маңызы зор. Бұл принципті іске асыру - оқыту барысында жекелік деңгейін арттыратын әдістерді қолданған кезде ғана мүмкін, мысал ретінде әрбір оқушының жеке өзі бір компыотерде жұмыс істеген кездерін келтіруге болады.

4) Оқытудың көрнекілік принципінің қағидасы бойынша білімді саналы игеру, оқушылардың ғылыми танымының және көзқарастарының қалыптасуы тек сезімдік-практикалық тәжірибесі негізінде ғана қалыптасуы мүмкін, яғни объектілер мен құбылыстарды саналы түрде қабылдау - мектеп қабырғасындағы танымның бастапқы қадамы болып табылады. Информатикадан жаңадан беріп жүрген жас мамандарда сабақта қолданылатын көрнекілік құралдар аз, сол себептен көбірек қолдануға тырысу керек.

5) Тізбектілік және циклділік принциптері. Тізбектілік оқу материалының ұғымдардың логикалық тізбегі немесе қайталау материалдың бекітілу ретінде жүрілетін және ешқандай шеңберлері болмайтын ағаш ретінде берілуін білдіреді. Информатикада тек қана тізбектілік принципін қолдану жеткіліксіз, тізбектілік циклділік формасында жүзеге асырылуға тиісті. Бұл ұғымдардың барлық жаңа контекстерімен байытылып қайталанатындығын білдіреді. Егер өзге пәндер үшін бұл қалаулы жол болса, информатика үшін бірден-бір мүмкін жол болып табылады. Ол бәрінен бұрын информатика мазмұнын сипаттайтын күшті ішкі пәнаралық байланыстан туындайды. Циклді формада материалды тізбектей беру мысалы ретінде информатиканың календарлық (күнтізбектік) жоспарының үзіндісін келтіруге болады:

1-ші мысал: 8 сынып. ЭЕМ құрылысы.

Компьютермен танысу. Мүмкіндіктерін көрсету. Құрылғыларының қызметі.

10 сынып.ЭЕМ аппараттық қамтылуы. Кеңейтілген түсінік.

2-ші мысал: 9 сынып.  Алгоритімдеу және бағдарламалау.

1-ші тақырып        Алгоритімдер типтері: сызықтық, тармақталған, циклдік.

2-ші тақырып        Циклдік алгоритімдерді бағдарламалау. Циклдер түрлері. Циклдерді құру операторлары.

6) Тәрбиелей оқыту принциптерідидактикадағы оқыту мен тәрбиелеудің арасындағы тығыз байланыстылықты қамтиды. Әдетте тәрбиелік әсер оқу үрдісі кезінде пайда болып, оқушының өзіндік қасиеттері дәл сол кезде қалыптасады. Бұл принцип дидактикалық барлық принциптерін біріктіреді. Принципті іске асыру -мұғалімнің өзінің жеке қасиеттеріне, жеке тұлғасының сапалылығына байланысты екендігі әр мұғалімнің есте сақтағаны дұрыс.

Осы айтылған принциптердің бәрін информатиканы оқытуда қолдану оны тереңірек түсініп, тек жеке сабақ емес, іргелі, басқа пәндерімен тығыз байланысты пән ретінде қалыптастырады. Қазіргі кезде информатика мұғалімі өз сабағына бұрынғыдай тек математика, физика мысалдарын ғана емес тарих, биология, анатомия сабақтарынан да суреттер, үзінділер, анимациялық (қозғалыстағы) элементтер келтіру арқылы компьютер ерекшелігінде және мысал ретінде қолданылған пән ерекшелігінде жақсы түсіндіруге болады.

Өзін - өзі бақылауға арналған тапсырмалар:

Қорғауға берілген реферат тақырыптары:

  1. Бастауыш сыныптарда информатиканы оқыту әдістерімен принциптері.

  2. Орта сыныптарда информатиканы оқыту әдістері.

  3. Жоғары сыныптарда информатиканы оқыту әдістерін тиімді қолдану.

Негізгі әдебиеттер /5-6/,

Қосымша әдебиеттер/20-21/.

Дәріс -12.

Дәріс тақырыбы: Паскаль бағдарламалау тілін оқыту әдістемесі.

Дәрістің мақсаты: Орта мектепте Паскаль бағдарламалау тілін оқытылуын қарастыру.

Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:

1. Информатикада бағдарламалау тілінің оқытылуы тарихы.

2. Паскаль бағдарламалау тілін оқыту.

Дәрістің тезисі: Жалпы білім беретін мектептерге бағдарламалау элементтерінің енгізуіне 40 жылдан астам уақыт болады. Информатика бағдарламалау элементінің орта мектепке енгізілуінің өзіндік тарихы бар, яғни оны бірнеше кезеңге бөлуге болады.

- Бірінші кезең, бұрынғы одақтағы 50 жылдардың бас кезіндегі алғашқы ЭЕМ - дың пайда болуына байланысты.

- Екінші кезең, математикаға бейімделген мектептер кезінде бағдарламалауға мамандандыруға байланысты, (информатика мектепте оқытуды 1959 жылдан басталды деуге болады). Математика және оның қолданушылары бойынша жүргізілген факультативтерде арнаулы үш курс әртүрілі деңгейде ЭЕМ - ның қолданылуын қажет етті. “Бағдарламалау”, “Есептеу математикасы”, “Векторлық кеңістіктер және сызықтық бағдарламалау”. Осы факультативтік курстардың енгізілуіне байланысты бағдарламалауды орта мектепке енгізу кезеңі басталды.

- Кейінірек сол кездегі математикалыық орта білімнің қайта құрылуына байланысты жаңа таңдаулы тақырыптар ұсынылады. “Санау жүйелері және ЭЕМ - нің арифметикалық құрылғылары”,

( 7 - класс), “Алгоритмдеу және бағдарламалау”,

( 8 - класс), “Кибернетика негіздері”,

Кибернетика қолданбалы информатика ретінде жеке объектілерді басқарудан бастап (станоктар, кәсіпорындық құрылымдар, автомобильдер, т.б.) өте күрделі бүтін өндіріс салаларын, банк жүйелерін, әуелі адамдар қоғамдастығын басқару жүйелеріне дейін автоматтық немесе күрделігі әртүрілі дәрежедегі автоматтандырылған басқару жүйесін жасау және қолдану саласында қарастырылуы мүмкін.

(9, 10 - класс), “Бағдарламалау тілдері”.

- Сонымен келесі кезең, оқу - өндірістік комбинаттары негізінде мамандандыруға байланысты.

- Одан кейінгі кезең, жалпы білімдік бағдардың дамуымен сипатталады.

Қазіргі заманда адам көпміндетті компьютерді пайдалану арқылы атқарады. Кез-келген міндетті орындау алгоритмнің болуын, яғни нәтиже алуға жеткізетін әрекеттердің алдын ала жазылып қоюын қажет етеді. Алгоритмнің негізінде бағдарлама түзіледі, яғни есеп шешуінің алгоритмі оны компьютерде орындауға жарамды түрде жазылады. Осыдан барып компьютердің көмегімен есепті шешу үрдісінің мәні алгоритмді құру екені көрінеді. Алгоритмдік алдын ала жазбаларды құрастыру үрдісі алгоритмдеу деп аталады. «Алгоритм» сөзі IX ғасырдағы Орта Азияның ұлы математигі Әл-Хорезми атының латынша жазылу –algoritmi қалпынан шыққан. Қазіргі кезде «алгоритм» ұғымы тек математикалық есеп шешу әдісімен шектелмейді. Оның мағынасы әлдеқайда кең. Әрбір компьютер алдын ала берілген алгоритмнен, яғни жоспарлы жұмыс істейді. Алгоритмді реттелген амалдар жиыны, кезекпен орындалатын операциялар тізімі деп ұғынған жөн. Оның көптеген анықтамасы бар. Соның бірі: алгоритм-берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі түріне келтіру. Кез-келген есепті қарапайым амалдарды тізбектей орындау арқылы шығаруға болады. Алгоритмді компьютерде орындау үшін оны бағдарлама түрінде жазып шығу керек.

Алгоритмдерді компьютерде орындау үшін оларды алдын ала жазып алу керек, яғни ол белгілі бір заңдылықпен өңделуі тиіс. Жалпы жағдайда, алгоритм жазудың келесі түрлері қабылданған:

  1. табиғи тілдегі жазылуы;

  2. белгілі бір түйінді сөздер-терминдер (псевдокодтар-жалған кодтар) арқылы қысқаша тізбекті түрде жазу, мұны қарапайым алгоритмдік тіл деп те айтады.

  3. Графиктік жолмен (блок-схема арқылы) жазу;

  4. Бағдарламалау тілдеріндегі жазылуы.

Бірақ табиғи тілде жазылған алгоритм компьютерде орындалмайды, өйткені бұл жағдайда дәлдік, нақтылық сақталмайды. Ал алгоритмді екінші көрсетілген жолмен жазу, қарапайым алгоритмдік тіл деп аталып, қолданылып жүр. Мұны олардың ағылшын тіліне негізделіп жасалған бағдарламалау тілдеріне жақындығымен түсіндіруге болады. Алгоритмдерді графиктік жолмен жазу, кейіннен оны бағдарламалау тіліндегі бағдарламаға айналдыру жұмысы мемлекеттік стандартпен бекітіліп, ақпарат өңдеу жұмысында қолданылады.

Кесте 2. Алгоритм блок-схемаларының арнайы белгілері.

Іс-әрекеттің аталуы

Блок пішімі

Атқаратын жұмысы

Үрдіс

Таңдау

Модификация

Құжат

Енгізу, шығару

Бастау, аяқтау

Математикалық өрнектерді есептеу

Есеп шығару жолын таңдау

Цикл (қайталау) басы

Нәтижені шығару, қағазға басу

Мәліметтерді енгізу, (шығару)

Алгоритмдердің басталуы, аяқталуы

Паскаль тілі өзінің қарапайымдылығының және тиімділігінің арқасында дүние жүзіне тез таралды. Қазіргі кезде барлық дербес компьютерлер осы тілде жұмыс істей алады. Паскаль тілінде жазылған бағдарламаның дұрыстығын компьютерде тексеру және жіберілген қатені түзету оңай.

Паскаль тілін 1970 жылы Швейцария ғалымы Н. Вирт бағдарламалау әдістерін оқыту мақсатында арнайы жасаған .

Қазіргі кезде Паскаль тілі кез-келген күрделі есептерді шығара алатын, кең таралған стандартты оқу тіліне айналды. Сондықтан жалпы білім беретін мектептерде бағдарламалауды оқытуда осы Паскаль тілі таңдалып алынған .

Мектеп курсында жаңа бағдарлама бойынша 2005-2006 оқу жылынан бастап 9-сыныптың информатика пәніне Паскаль тілі бағдарламасын оқыту енгізілді.

Күнтізбелік жоспар бойынша 9-сыныпта Паскаль тілін оқытуға (алгоритмдерді қоса есептегенде) бар-жоғы 24-26 сағат ғана бөлінген. Сондықтан оқушылардың материалды толық меңгеруге сағаттардың аздығы, игеретін материалдардың тығыздығы өте үлкен әсер етіп отыр.

Мұғалімдерге арналған қосымша әдістемелік оқулық, ал оқушыларға арналған есептер мен жаттығулар жинағы бар, бірақ есептер деңгейлерге бөлінбеген, шығару жолдары көрсетілмеген.. Сол себепті қазіргі жаңа педагогикалық технологиялардың бірі–профессор Ж. Қараевтың «Саралап-деңгейлеп оқыту технологиясын» тиімді пайдалану керек.

Арифметикалық операцияларды және санның типтерін ажырата білу бағдарламаны құруда маңызы зор. Төмендегіде келтірілген мысал оған дәлел болады:

Дұрыс дұрыс емес

1) Var 1) Var

a, b: integer; a, b: integer;

r: integer; r: integer;

s: integer; r:= a/b; {бөлуге болмайды}

r:=adivb; s:=a*b;

2) Var 2) Var

a: integer; b, c: real a: integer; b, c: real

c:=a+b a:=b+c {сол жағында едәуір кең тип тұруы керек}.

Паскаль тілі бағдарламасын оқыту әдістемесі үшін келесі шешу жолдар ұсынылады:

1) Алгоритмдерді бағдарламалаумен қатар өткізу (паралель жүргізу);

2) Паскаль тіліндегі операторларды жатқа білуі және оларды есте сақтау үшін электронды түрдегі тест тапсырмасын беру керек;

3) Уақытты ұту үшін дайын бағдарламаны өңдесе жеткілікті;

4) Сабақ жоспарында жаңа педагогикалық технологиялардың элементтерін тиімді қолдану;

5) Паскаль тілі бағдарламасын оқытуға арналған электрондық оқулық жасау;

6) Ақпараттық технологияларды пайдалану (Интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін ұтымды пайдалану).

Өзін - өзі бақылауға арналған тапсырмалар:

Қорғауға берілген реферат тақырыптары:

  1. Сызықтық алгоритмдерді бағдарламалау.

  2. Тармақталу алгоритмдерді бағдарламалау.

  3. Циклдік алгоритмдерді бағдарламалау.

Негізгі әдебиеттер /1,4/,

Қосымша әдебиеттер/2,3,5-6,20/.

Дәріс -13.

Дәріс тақырыбы: Компьютерлік сауаттылық, білімділік және мәдениет.

Дәрістің мақсаты: Оқушының сапалы білімнің 3 сипаттамасын қарастыру.

Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:

1. Компьютерлік сауаттылықпен білімділік.

2. Ақпараттық мәдениет.

Дәрістің тезисі Әдеттегі сауаттылық пен компьютерлік сауаттылықты салыстырып, компьютерлік сауаттылықты - ЭЕМ көмегімен санау, жазу, оқу, сурет салу, ақпаратты іздеу қабілеттері деп айта аламыз. Жоғары, қалыптасқан сауаттылықтың белгісі бұл - өз бетімен және ЭЕМ-ді қолдана отырып тиімді жұмыс істеу. Бұл оқушыларды оқытудағы ең бірінші сипаттамасы болып табылады.

Компьютерлік сауаттылықтың артықшылығы молайып, қолдану аясы кеңейіп, ол жүйелік сауаттылыққа дейін жетті. Басқа да, біршама нақтылы категория - компьютерлік білімділік сияқты оқудың екінші сипаттамасы керек. Информатиканың контекстінен алынған негізгі белгілері білімді адамның қарапайым ойларынан шығады. Оған жататындар:

- негізгі, мүмкін компьютерлік емес мамандықпен байланысты компьютерлік әдебиетті жиі оқу;

- кең білімділік, көптеген бағдарламалар және компьютерлер арасында бағдарлау, олардың мүмкіндіктерін білу;

- нақты жұмысқа қолайлы бағдарламалық жүйені (БЖ) таңдай білу;

- нақты бағдарламалық жүйенің сапасына баға беру қабілеті;

- өзінің бағдарламалық жүйе кітапханасының бар болуы және оның уақытылы кеңейтілуі;

- жақсы көретін және жақсы көрмейтін бағдарламалық жүйесі болуы;

- ЭЕМ-ді қолданғандағы артықшылықтар мен шектеулерді түсіну.

Мектеп мұндай білімді қамтамасыз ете алмайтыны анық, бірақ оның негізін салып, қажеттігін қалыптастыруы керек:

Оқушының сапалы білімнің үшінші сипаттамасы - ақпараттық мәдениет. Ол мүмкін жалпы даму деңгейінің жеке ойлау сипаттамасындағы байланысты қарасытырады. Біз осыдан өте белсенді мәдениет түрін бар болу мүмкіндігін көреміз. Бұл ең әуелі контекстік жалпы адамдық құндылықта компьютерді қолдану әдебі. Адамның қалыпты іс-әрекетін ғасырлар бойы, бақылайтын өсиеттер стилінде де нақты айтуға болады:

- Біреудің ақпаратын кездейсоқ немесе әдейі «құртып алма» ( осыдан вирустық шығармашылық пен жағымсыздық туындайды);

- Біреудің бағдарламасын немесе деректерін «ұрлама», мұндағы мәселе- көшірілген ақпарат иесінен зат ретінде бөлінбейді, ал ақпарат жалпы жағдайда мүлдем тауар болып саналмайды. Мұндағы мәдениеттің минималды талабы - біреудің еңбегінен өзіңе пайда түсірмеу және тегін алынғанда автордың келісімімен тегін тарату керек. Автордың келісімінсіз көшіру және тіпті көшіруден қорғауды бұзу өзінің меншігіне иемдену болып табылады. Қорғауды бұзудың абстрактілігі істің мәнін өзгертпейді.

- Компьютерлік фонатизмнен «хакерліктен», бағдарламалар мен тілдерден шектен тыс «тоқтап қалудан» нақты өмірді компьютерлік ортада тарылтуға тырысудан бас тартуды білдіретін «өзіңе табынушыны жаратпа». Дүниетанымның шеңберінде – бұл барлығын біреуден мәңгілікке түсіндіруге тырысудың алдын алу, бұл жағдайда компьютердің метофорасы арқылы түсіндіру болып табылады;

- «Жалған куәгер болма» яғни нашар білетін бағдарламалар мен мәліметтерді талқылама;

- «Жақыныңды өзіңдей жақсы көр»: достарыңа кеңеспен мысалдармен көмектес, жалпы жадта артық орын алма, көшірмелер мен ескірген файлдарды өшір, жұмыс істеп біткен соң, жадты қалпына келтір.

Ақпараттық мәдениетте эстетикалық мазмұн да бар – информатикадағы қысқа, түсінікті, қызықты, тез, әмбебап алгоритмді көре білу, бағалай білу және құра білу, қорытындыны (қағаз және экран бетінде) әдемі безендіріп, графикалар және түстерді тиімді қолдана білу.

Ақпараттық мәдениеттің бөлігі болып өзіндік пән табылады. Ол мәтіндік алгоритмнің құрылымданған жазбасы, бағдарламалық өнімге түсініктеме беру, өзі және басқалар үшін, барлық құрылған жүйені көрсетіп, өзінің мәліметін ішкі жадқа сақтауды ұйымдастыру, ЭЕМ мен жұмыс істеу кезіндегі жақсы әдет қалыптастыру болып табылады.

Енді көріп тұрғанымыздай, практикалық білімнің мақсаты компьютерлік сауаттылықты қалыптастыру, жалпы білім және ақылдың дамуының мақсаты комьпютерлік біліммен байланысты, ал тәрбиелеу мақсаты ақпараттық мәдениетті қалыптастыру. ЭЕМ мен жұмыс істеу меңгеру деңгейі, сауаттылық, білімділік және мәдениет арасында бірмәнді байланыс жоқ. Мүмкін бағдарлама құра алмайтын қолданушының бәрі білімді, ал қиялшыл бағдарламалаушы - өзінің сүйікті Си тілінен басқа ештеңе білмейді деп айтайық. Бұл көзқарастан вирус таратушы бәрінен де сауатты, мүмкін тіпті білімді, бірақ әрине онда мәдениет жоқ.

Сонымен, егер информатиканың біліктілік деңгейі өссе, мәдениет деңгейінің өсуіне қосылмайды, ақырында мүмкін компьютерлік желінің өсу беталысы ескіріп барлығы негатипті болуы мүмкін. Сондықтан қосымша білім де зиянды болуы мүмкін.

Сол себептен, компьютерді оқытудағы аталған үш мақсат педагогтің бағытталған талпыныстарын талап етеді және ол жай ғана автоматты түрде материалды игеруге қол жеткізілмейді. Түсініктісі мұғалім мысалынан басқа, тәрбиелеудің әсершіл тәсілі жоқ.

Өзін - өзі бақылауға арналған тапсырмалар:

Қорғауға берілген реферат тақырыптары:

  1. Компьютерлік сауаттылыққа арналған оқу-әдістемелік құралдар.

  2. Ақпараттық мәдениет негіздері.

  3. Компьютердің пайдасы мен зияны.

Негізгі әдебиеттер /5-6/,

Қосымша әдебиеттер/4,20,21/.

Дәріс - 14.

Дәріс тақырыбы: Мектептің жоғарғы буынында информатиканы саралап оқыту.

Дәрістің мақсаты: Мектептің жоғарғы буынында информатиканы оқытудың екі бағытын қарастыру.

Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:

1. Жаратылыстану-математикалық бағытындағы информатиканың оқытылуы.

2. Қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы информатиканың оқытылуы.

3. Оқу бағдарламасын келтіру.

Дәрістің тезисі:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 18.10.2005 ж. № 672 бұйрығымен бекітілген

  1. Орта жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математикалық бағытындағы 10-11-сыныптарына арналған бағдарлама

Авторлар:

Ермеков Нұрмұхамбет Тұрлынұлы,

Мұхамбетжанова Сәуле Талапеденқызы,

Стифутина Нина Федоровна.

  1. Орта жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-11-сыныптарына арналған бағдарлама

Авторлар:

Ермеков Нұрмұхамбет Тұрлынұлы,

Мұхамбетжанова Сәуле Талапеденқызы,

Стифутина Нина Федоровна.

10-11 сыныптарда информатиканы оқытудың оқу бағдарламасы Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттарын жүзеге асыру бағытында және мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сәйкес жасақталды.

Негізгі мақсаты – оқушыларға ақпаратты өндеу, беру және қолдану процестері туралы білімді меңгерту және оқу процесінде компьютерлік технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастыру.

Оқытудың мазмұны шығармашылық жеке тұлғасын қалыптастыруға, логикалық-құрылымдық ойлау қабілетін дамытуға, яғни оны қызмет субъектісі ретінде қалыптастыруға және компьютерлік технологияның мүмкіндіктерін өздерінің кәсіби дайындық деңгейлеріне еркін пайдалана білуге бағытталған.

Информатиканың мамандыққа баулу курсы ретінде оқытуда оқушылардың жаңа ақпараттық технологияның көмегімен қолданбалы программалық құралдарды жасақтау, ақпараттық-логикалық модельдерді құру, деректер қорын өңдеуді, Web-беттерінің дизайнын құру мен ақпараттық технологиямен жұмыс жасауды меңгерту сияқты мәселелер қамтылады.

Оқу бағдарламасының мазмұнына визуальды программалау әдістері, қолданбалы программалық құралдар мен мультимедиялық электрондық оқулықтарды жасақтаудағы программалаудың мүмкіндіктері, деректер қорын өңдеу тәсілдері, Web-беттерінің дизайнын құру алгоритмі және ақпараттық технологияның қолданылуы сияқты тақырыптар енген.

Тақырыптық жоспарлауда мамандыққа баулудың түрлі бағыттары қарастырылған, атап айтқанда: компьютерлік дизайн, программалау әдістері, ақпараттық жүйелер және Web-дизайн.

Бағдарлама құрылымы мынадай бөліктерден тұрады:

  • оқу материалының мазмұны мен құрылымы;

  • тақырыптық жоспарлау үлгісі;

  • оқушының дайындығына қойылатын талаптар.

Курс аптасына 2 сағаттан жалпы 68 сағатқа есептелген.

Жаратылыстану-математикалық бағыт

Оқу материалының мазмұны мен құрылымы

Жаңа программамен қамтамасыз ету. Компьютер. Операциялық жүйенің қосымша мүмкіндіктері. Қондыру, конфигурация, операциялық жүйенің және басқа да программалық өнімдердің параметрлерін реттеу.

Программалаудың құрылымдық, модульдық, объектілі-бағдарлы, визуалды әдістері. Программалау жүйелері.

Визуалды программалау жүйесі: формалары, басқару элементтері, модулдері және кластары, мәліметтер типтері, сұхбат терезелер, қосымша жөндеу, компиляция және қосымшаларды тарату.

Компьютерлік графика. Негізгі графикалық процедуралар және функциялар, тұрақтылар, айнымалылар. Анимация, мультипликация. Дыбыстық әсірелеу, дыбыстық файл ашу. Мультимедиялық программалар жасау технологиясы. Программа құру.

Презентация. Презентация компоненттері. Презентация құралдары. Бейнені сканирлеу және өндеу. Шаблондар мен дизайн. Мастер. Слайд. Рәсімдеу. Баспаға беру, баптау және демонстрация. Презентация жасау.

Үлкен көлемді ақпараттарды өндеу. Ақпараттарды жүйелеу, сақтау және іздестіру. Ақпараттық – логикалық модельдер. Ақпараттық – логикалық модельдер жасау технологиясы. Мәліметтер модельдері, реляциялық модель. Мәліметтер базасымен жұмыс: мәліметтер базасының құрылымы, мәліметтер базасының кестесін құру. Сұраныстармен, формалармен, есептермен жұмыс. Оқу мәліметтері базасын құру.

Ақпараттық жүйелер: мәліметтер банкі, білім базалары, жасанды интеллект жүйелері, эксперттік жүйелер.

Internet торабы: ақпараттарды қарау және іздестіру. Іздестіру жүйелері.

Web-программалау. Web-парақтарын ашу және дизайн.

Оқу материалдарының тақырыптық жоспарлау үлгісі

Тақырыбы

Сағат

саны

Жаңа программалық құралдармен қамтамасыз ету

2

Программалау әдістері

2

Визуальдыпрограммалау жүйесі

20

Компьютерлікграфика

5

Презентация

5

Үлкен көлемді ақпараттарды өндеу

17

Ақпараттық жүйелер

3

Internet желісі

5

Web-программалау

9

Барлығы

68

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]