Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2-сем практ 1-7 апта.doc
Скачиваний:
22
Добавлен:
13.02.2016
Размер:
146.94 Кб
Скачать

Тілдер туралы мағлұмат

Дүние жүзінде бес жарым мыңдай тіл бар деседі. Тіл саны бұдан көп болуы да, сәл аз болуы да мүмкін. Сондықтан дүниеде қанша тіл бар дегенді әзірше дәл айту қиын. Өйткені Африканы, Азияны, Американы, Австралия мен Океанияны мекендеуші толып жатқан жергілікті халық тілі әлі де жете зерттелген жоқ.

Жер шарында көптеген мемлекет бар. Әрбір мемлекет ішінде неше түрлі халық болуы мүмкін. Әр халықтың өз тілі болады. Олар өз ана тілінде де, ана тілімен қатар сол мемлекет ішінде көп тараған бірді-екілі басқа тілдерде де сөйлеуі мүмкін.

Тіл саны мемлекет халқының аз-көптігіне де байланысты емес. Мәселен, Жаңа Гвинеяның екі миллиондай ғана адамы бар. Ал солар төрт жүзге тарта тілде сөйлейді. Бұл елде бір деревня тұрғындары екінші деревня тұрғындарының тілін шала-шарпы ғана түсінеді де, деревня аралары қашықтаған сайын, бір бірінің тілін мүлдем түсінбейтін көрінеді.

Әр мемлекетте неғұрлым көбірек тараған тілдер болады; кейбірінің өз ішінде мемлекеттік ресми бір тілі болады; бір тіл бірнеше мемлекетке ортақ болуы да мүмкін; сонымен қатар дүние жүзіне көбірек тараған халықаралық тілдер болады. Жер шарындағы адамзат осындай тілдер арқылы сөйлесіп, түсініседі, қарым-қатынас жасайды.

Дүние жүзінде көбірек тараған тілдер – орыс, қытай, ағылшын, испан, француз, неміс, араб, португал, жапон, итальян тілдері. Жер шары халқының алпыс пайыздан астамы осы тілдерде сөйлейді. Орыс, ағылшын, испан, француз, қытай тілдері халықаралық тілдер ретінде қолданылады.

ҚАЗАҚ ТІЛІ – КӨНЕ ТІЛ.

1. Жақшаны ашып, сөз тіркесін құрастырыңыз. Орысшаға аударыңыз.

Қалың (киім, жұрт, қамыс, бет); суық (су, сөз, хабар, өң); қоңыр (сиыр, жіп, дауыс, салқын, күз, жел, аю, тарту); қара (қарындаш,сөз, жүрек, тер, дауыл, су, көлеңке); сары (май, уайым, уыз, бауыр, балақ, аяқ); жуан (жіп, кісі, ауыл, сіңір); жылы (су, сөз, киім, өң); бет (арам (шөп, тамақ, тер, ойлы, ас); адал (ас, адам, жүрек, кәсіп, құс, ойлы, тілек, сөз, дос, бала).

ІІ. Төмендегі сөздерді аударып, тура және ауыспалы мәнде сөз тіркестерін құрастырыңыз.

Сильный, длинный, высокий, глубокий, глухой, сладкий, низкий, мягкий, железный, золотой, нежный, вольный, свежий, короткий, холодный.

ІІІ. Төмендегі сөздерді аударып, оларға қарама-қарсы мәнді сөздерді табыңыз. Свежий, высокий, яркий, ясный, честный, умный, старый, чужой.

ІҮ. Төмендегі сөздерге қарама-қарсы мәнді сөздерді табыңыз, сөз тіркесін құрастырыңыз.Биік, ұзын, көк, қара, жіңішке, кедей, алыс, ұзақ, мұздай, салқын, жаман.

ҚАЗАҚ ТІЛІ – КӨНЕ ТІЛ.

Қазақ тілі – қыпшақ тілдер тобындағы ең бай және көркем тіл. Қазақ тілі – түркі тілдері тобына жататын көне тілдердің бірі. Қазақ тілі түркі тілінің «Қыпшақ-ноғайлы тілдері» деп аталатын тобына жатады.

Қазақ халқы өзінің сан ғасырлық тарихы бойында басқа түркі халықтарымен қонысы, саяси-шаруашылық жағдайы жағынан да тығыз байланыста болып келгені сияқты, оның тілі де сол халықтар тілімен өте жақын қарым-қатынаста болды. Бұл жағдайлар көне замандардан басталатын жазу түрлерінің, жазба нұсқалардың түркі халықтарының барлығына да ортақтығын, оларды қалыптастыруға, дамытуға олардың барлығының да, солардың ішінде біздің бабаларымыздың да, шама-шарықтарынша өз үлестерін қосқандығын байқатады. Сондықтан да олар қазіргі түркі халықтарының, солардың ішінде қазақ халқының да жазу тарихының, жазба нұсқалары тарихының бір кезеңі, көне замандық белгісі ретінде танылады. Осыған орай қазақ тілі де «түркі тілдері» деп аталатын топқа қосылады. Типологиялық белгілері жағынан да басқа түркі тілдері сияқты қазақ тілі де жалғамалы (агглютинативті) тіл деп есептеледі.

Түркі тілдерінің туыстастығы олардың лексикалық мағынасынан, дыбыстық жүйесінен, грамматикалық құрылысынан нақты байқалады. Сонымен қатар түркі тілдерінің әрқайсысына тән фонетикалық, лексикалық, грамматикалық өзгешеліктер де болады. Ондай өзгешеліктерді қазақ тілін басқа туыстас тілдермен салыстыра отырып та байқауға болады. (А.Салқынбай, Е.Абақан. «Лингвистикалық түсіндірме сөздік». Алматы, «Сөздік-Словарь», 1998 ж.).

І. Сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Қазақ тілі қандай тіл?

2. Қазақ тілі қандай тілдер тобына жатады?

3. Түркі тілдерінің туыстастығы неден байқалады?

4. Жалғамалы тіл дегенді қалай түсінесіз?

ІІ. Мәтіндегі қарамен жазылған сөздердің синонимдерін табыңыз. Оларды қатыстырып сөйлем құрастырыңыз.

ІІІ. Мәтіннен түсінгеніңізді әңгімелеп беріңіз.

2-апта

ТІЛ – ТАТУЛЫҚ ТІРЕГІ

Кез-келген мемлекеттің өз құндылықтары, асқақ арманы, идеялары болады. Ұлттық идеяның құрамдас бөлшегі ретінде мемлекеттік тілді қарастыруға болады. Өйткені, тіл – ұлттың тірегі. Тілдерді дамыту – еліміздің мемлекеттік саясаттың ең маңызды бағыттарының бірі. Осы ретте, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде де тіл мәселелері, әсіресе, мемлекеттік тіл мәселесі күн тәртібінен түскен жоқ.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Патриотизммен тығыз байланысты мемлекеттік маңыздағы мәселе – мемлекеттік тіл мәселесі. Мемлекеттік тіл – бұл Отан бастау алатын Ту, Елтаңба, Әнұран секілді нышан» - деп айтқан болатын. Сондықтан университетте студенттердің бойында тіл арқылы қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыруға бағытталған «Тілтаным» үйірмесі, «Қазақ тілі» апталығы, «Шәкәрім оқулары», «Тіл мерекелері» сияқты іс-шаралар өткізіледі.

Тапсырма

Сөздерді мағынасына қарай тіркестіріңіз, олармен сөйлем құраңыз.

Тілдік

тобы

Ұлттың

қамқорлық

мемлекеттік

сөйлесу

Халықтың

ғасырға

Ғасырдан

мәлімет

өз тілінде

сақталған

Қазақ тілінде

Тіл саясаты

Қазақ тіліне

қажеттілік

Түркі тілдер

мұрасы

ІІ.Мәтіннен түсінгеніңізді айтып беріңіз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]