Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2-сем практ 1-7 апта.doc
Скачиваний:
22
Добавлен:
13.02.2016
Размер:
146.94 Кб
Скачать

(Білім туралы). Салт етістік, сабақты етістік.

І. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына арнаған соңғы жолдауымен танысыңыз.

ІІ. Жолдаудан білім беру жүйесіне қатысты мәліметтерді теріп жазыңыз (конспект).

ІІІ. Топпен талқылаңыздар: 1. Жолдаудағы мектепке дейінгі білім беру мәселелері; 2. Жолдаудағы орта білім беруге қатысты мәселелер; 3. Жолдаудағы жоғары білім беруге қатысты мәселелер.

ІҮ. Берілген етістіктермен сөз тіркестерін құрастырыңыз. Салт немесе сабақты екендігін анықтаңыз. 1. ал, бер, көр, оқы, тыңда, қара, сұра, таны, біл, айт, сал, жар, тап; 2. кел, кет, отыр, жат, қайт, қаш, жөнел, ұйықта, шарша, тұр, асық..

БІЛІМ ДЕ БӘСЕКЕГЕ ТҮСЕДІ. САЛТ ЕТІСТІК. САБАҚТЫ ЕТІСТІК.

І. Салт етістіктерді бөлек, сабақты етістіктерді бөлек теріп жазыңыз:

Әлия кеше театрға барды. Нағашы ағам ауылдан бүгін келді. Нағыз махаббатты мен кинодан ғана көрдім, кітаптан ғана оқыдым. Айдар кеше сабақта болды. Әйгерім үй тапсырмасын жазды. Дидар «Абай жолы» романын оқыды. Жолаушы автобусты тоқтатты. Әжем сүтті пісірді, анам шаңды сүртті, мен сабақ қарадым. Мұғалім борды үстелге қойды, оқушы тақтаны сүртті. Студент емтиханды беске тапсырды.

Білім де бәсекеге түседі.

ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды бағыттау мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Себебі ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды. Жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі білім беру бүгінгі күннің басты талабы.

Тәуелсіз мемлекетімізге еңбекқор, өз кәсібін терең түсінетін, өзінің білімі мен іскерлігін жан-жақты қолдана білетін мамандар қажет. Қазір халыққа білім беру реформасы ғылыми негізге сүйенген пәнді оқытудың жоғары деңгейімен қамтамасыз етуді міндеттеп отыр. Соның ішінде дүниежүзілік ғылым мен мәдениеттің алтын қорына өлшеусіз үлес қосқан әл-Фараби бабамыздың педагогикалық мұрасы да телегей-теңіз мол дүние. Данышпан ойшыл: «Адам деген ардақты атты лайықты алып жүруден артық бақыттылық жоқ. Әлемде жаман мен жақсыны адамның ақылы ғана ажыратады» деген болатын.

Білімді болу деген сөз – белгісіз нәрсені ашу қабілетіне ие болу деген сөз, білімді адам көп нәрсені біледі және және қабілеті, дарыны арқылы басқа белгісіз нәрселерді өз бетінше аша алады.

Сонымен қатар ғұламалар болашақ жастардың білімді болуы өзінің сана-сезіміне, зейініне, дара қасиеттеріне, ақыл-ойына, жауапкершілігіне байланысты екенін дәлелдеген.

Біздің елімізге мемлекетімізді көркейтіп, өркендететін жас мамандар керек. Сол үшін біз түрлі ғылымды меңгеріп, оны өз болашағымызға, мемлекетіміздің көркеюіне пайдалануымыз керек («Егемен Қазақстан» газеті, 2008 ж.).

І. Сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Білім қалай бәсекеге түседі?

2. Ұлттық кадрлар қандай болуы керек?

3. Білімді болу деген не?

4. Жас мамандар қандай болуы қажет?

ІІ. Мына сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіріңіз: ғылымды бағыттау, басты нышан, халықтың болашағы, білім беру, басты талап, білім беру реформасы, ғылым мен мәдениет, алтын қор, білімді болу, қабілет, ғұламалар, дарын, зейін, ақыл-ой, жауапкершілік.

ІІІ. Мәтіннен түсінгеніңізді әңгімелеп беріңіз.

4 апта

Лексикалық тақырып: Қазақстандағы жоғары оқу орындары. Шығыстағы білім ордасы – ШҚМУ. С.Аманжолов – ғалым, түркітанушы. Модаль сөздер. Негізгі және туынды үстеу. Үстеудің мағыналық түрлері.

Мәтінмен жұмыс

2010 жылғы Қазақстанның үздік жоғары оқу орындарының рейтингі

Қазіргі кезде әлемнің көптеген елдерінде білім беру қызметінің сапасын анықтайтын рейтингтер өткізіліп жүр. Рейтингтер елдегі жоғары білім беру сапасын жақсартуға көмектеседі. Бұл рейтинг қандай жоғары оқу орындарының әлемдік білім кеңістігінде бәсекеге қабілетті екендігін, ал қандай жоғары оқу орындарына білім үрдісін ұйымдастырудағы жағдайды толтыру қажеттігін көрсетеді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі және Ұлттық аккредиттеу орталығы 2006 жылдан бастап, еліміздің жоғары оқу орындарын саралау рәсімін өткізіп жүр. Оқу орындарын саралау жүйесі талапкерлерге, олардың ата-аналарына, жалпы қоғамға жоғары оқу орындарының (жоо) қызметі, олардың ерекшеліктері, көрсететін қызметінің сапасы, инновациялық әдістемелер мен технологияларды енгізуі, материалдық-техникалық және ақпараттық базасының жағдайы, халықаралық бағдарламаларды дамытуы, түлектерінің еңбек нарығындағы қажеттілігі, даму мүмкіндіктері жайында ақпаратттар береді. Сонымен қатар, қазақстандық дипломдардың танымалдығын, олардың әлемдік еңбек нарығындағы қажеттілігін қамтамасыз ету болып табылады.

Биылғы жылы үздік қазақстандық жоғары оқу орындарының бас рейтингінде елдің 62 ЖОО-ы қарастырылды. «Алдыңғы қатарлы гуманитарлық-экономикалық жоғары оқу орны» номинациясы бойынша ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы бірінші орынды иеленді. Тиісті номинациялар бойынша Қазақстан-Британ техникалық университеті, Қарағанды мемлекеттік медицина университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы және Қазақ ұлттық өнер университеті үздік деп танылды.  Сондай-ақ Қазақстанның алдыңғы қатарлы техникалық, гуманитарлық-экономикалық, медициналық, педагогикалық жоғары оқу орындарының және өнер оқу орындарының рейтингі шығарылды. 

мәтінге арналған сөздік

әлемдік білім кеңістігі - всемирное образовательное пространство

білім беру- образование

сапа - качество

бәсекеге қабілетті - конкуретноспособный

білім үрдісін ұйымдастыру –организация образовательного процесса

саралау жүйесі – система экспертизы

қоғам -общество

қызмет сапасы –качество работы

инновациялық әдістемелер – инновационные методики

енгізу - внедрять

ақпараттық базасы – информационная база

еңбек нарығы – трудовой рынок

даму мүмкіндіктері – возможности развития

қамтамасыз ету - обеспечивать

алдыңғы қатарлы – ведущий

Грамматикалық тапсырма: 1-ә, 290 бет 14-жат, 273 бет 1-жат; 2-жат; 277бет 23-жат Ш.Бектуров, А.Бектурова « Қазақ тілі для начинающих» Алматы «Рауан» 1994;

5 апта

Лексикалық тақырып: Біздің факультет. Ұлағатты ұстаз. Бүгінгі маман келбеті.Үстеудің мағыналық түрлері. Сын есім. Қыстырма сөздер.

Мәтінмен жұмыс

Филология факультеті.

Филология факультеті университеттің №9 ғимаратында Крылов көшесінде орналасқан. Факультетте көптеген мамандарды даярлайды. Қазіргі кезде факультетте студенттер - 8 мамандық бойынша білім алады: «Шет тілі: Екі шет тілі (ағылшын тілі)», «Шет тілі: Екі шет тілі (неміс тілі)» «Орыс тілі мен әдебиеті», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Журналистика», «Аударма ісі», «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті»,«Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті»,Магистратура. 2008 жылдан бастап факультет деканы - ф. ғ.к., доцент Оразалин Слямбек Қалибекұлы. Оқу және оқу-әдістемелік жұмыстар бойынша декан орынбасары - Бейсембинова Әсел Сайдуғалиқызы.Тәрбие жұмыстар бойынша декан орынбасары - Жакупова Раушан Мәдениетқызы.- Қашықтықтан оқыту бөлімінің әдіскері - Әмірова Ғалия Хасенқызы. Деканат хатшысы - Есімбаева Салтанат Едылханқызы.

  Факультет жаңа материалдық-техникалық базамен жабдықтылған. Электрондық кітапхана (№9, 102дәрісхана). Кітапхана қазіргі заманға сай компьютермен жабдықталған, факультет оқытушылары мен студенттері еркін кіріп шыға алады. Компьютерлер ішкі Интранетке қосылған. Теле-радио зертханасы - (№9 ғимарат, 001дәрісхана.) 2007 жылы факультет бойынша жаңа теле-радио зертханасы ашылды, бұл зертхана журналистика мамандарын сапалы дайындауға мүмкіндік береді. ЖІК кабинеті - (№9 ғимарат, 002дәрісхана.). Филологиялық факультетінің жастар ісімен айналысатын комитет (төрайымы– Кушерова Регина). Арнайы бөлінген аудиторияда, ЖІК студент мүшелері өздерінің отырыстарын өткізеді, әр түрлі жиындарға дайындалады, факультет және университет көлемінде.іс- шараларға дайындалады. Ф.Т. Гришко атындағы тренажер залы.,Қ. Қайсенов атындағы спорт залы - (№9 ғимарат, ауд. 308) бар.2007 жылы факультетте тренажер залы мен спорт залы ашылды, Ф.Т. Гришко есімі берілген тарих-филологиялық факультетін басқарған және ҰОС ардагері, жазушы Қ. Қайсенов есімі берілді. Спорт залы мен тренажер залы қазіргі заманға сай жабдықталған. С.Аманжолов атындағы кабинет - (№9 ғимарат, 308дәрісхана). Біздің университетімізге С.Аманжоловтың есімі берілуіне байланысты кабинетте ғалымның шығармашылығы, өмірбаяны көрсетілген. Компьютерлік сынып - (№9 ғимарат, 301дәрісхана). Мұнда тек қана ақпараттану сабағы ғана емес сонымен қатар басқа да пәндер АКТ-ны пайдалануға байланысты жұмыстарын жасайды. Сонымен қатар студенттер ҰБТ-ға байланысты білімдерін тест арқылы тексереді

2. Төменде берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, «Бүгінгі маман келбеті» туралы шағын мәтін құрастырыңыз.

Қоғам, Қазақстанның болашағы, жоғары, қарқынды дамуы, жан-жақты, қойылып отырған талаптар, жаңа технологиялар, жылдам, сауатты, маман болу, өзін-өзі дамыту, дамып келе жатыр, ең алдымен, күш-жігер, талап етеді, көреміз, меңгеру керек..

Грамматикалық тапсырма: 1-ә,274 бет 6-жат 276 бет 16-жат,188 бет 10-жат Ш.Бектуров, А.Бектурова « Қазақ тілі для начинающих» Алматы «Рауан» 1994;

6 апта

Лексикалық тақырып: Мамандық түрлері. Мамандығым – мақтанышым. Мамандықтың қызмет ету саласы. Қыстырма сөздер. Жіктік жалғауы. Модаль сөздер.

1. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып сөйлем құрастырыңыз:

Маман, мамандық таңдау, ұнайды, мақсат, арман, болашақта, жас кезінен, өзінің, жетік білу, әсіресе, болғым келеді, білікті маман, түлектер, үлес қосу, іздену, бәсекеге қабілетті болу.

  1. басшы – руководитель

  2. аудармашы, тілмаш – переводчик

  3. бағдарламашы – программист

  4. хатшы – секретарь

  5. кітапханашы – библиотекарь

  6. заңгер – юрист

  7. зергер – ювелир

  8. жүргізуші – ведущий, водитель

  9. іскер – бизнесмен

  10. кәсіпкер – предприниматель

  11. құрылысшы – строитель

  12. қызметкер – служащий, сотрудник

  13. мұғалім, оқытушы – учитель, преподаватель

  14. аспаз – повар

  15. сарапшы – эксперт

  16. сәулетші – архитектор

  17. тілші – корреспондент

  18. ұшқыш – летчик

  19. шаштаразшы – парикмахер

  20. шебер – мастер

  21. бапкер – тренер

  22. ұстаз – наставник

  23. тыңдаушы – слушатель

  24. орынбасар – заместитель

  25. есепші –бухгалтер

  26. әртіс-артист

  27. елші –посол

  28. наубайшы – пекарь

3. Жоғарыда берілген мамандықтың біреуін таңдап жіктеңіз және сол мамандық туралы әңгімелеңіз.

Меніңше, менің ойымша, өйткені, сондықтан.

А. Құнанбаев «Ғылым таппай мақтанба»

Ғылым таппай мақтанба

Орын таппай баптанба,

Ойнап босқа күлуге

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол.

Адам болам десеңіз,

Тілегің, өмірің алдында,

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек бекер мал шашпақ,

Бес дұшпаның білсеңіз.

Талап, еңбек терең ой,

Қанағат рақым ойлап қой...

7-апта

1.Салауатты өмір салты. Сын есімнің шырайлары.

2. Денсаулық –зор байлық. Етіс категориясы.

3.Нашақорлық – ғасыр індеті. Етіс категориясы.

І. Мәтінмен жұмыс

Салауатты өмір салты денсаулық кепілі

Салауатты деген сөздің негізгі мағынасы –– парасатты, байыпты, ақылды, ойлы, білімді, зерделі және сабырлы деген ұғымды білдіреді.

Өмір салты дегеніміз––әрбір жеке адамнан бастап бүкіл қоғамның қалай еңбек етіп, қалай тұрмыс құрып, бос уақытында демалатыны, қысқасы, олардың қалыптасқан өмір тіршілігі!

Салауатты өмір салты – денсаулық кепілі екендігін ерте кезден ғалымдар жазған. Рим дәрігері Авл Корнелий Цельс «Медицина туралы» деген үлкен еңбек жариялады, ол көптеген тілдерге аударылып, бірнеше рет басылып шыққан. «Еңбектенбеу кәріліктің келуін тездетеді, еңбек болса, біздің жастығымызды ұзартады. Суық су айықтырады, ауруды алдын - алуға көмектеседі, денені нығайтып, рух сергектігін сақтайды... Жаттығу ретінде доп ойнау, жүгіру, серуендеуге де болады... » деп жазды К.Цельс.

Итальяндық дәрігер әрі жазушы А.Де Вилланов (б.э.д. 1311-1235 жж.) соңына «Салерндік денсаулық кодексін» қалдырған, онда ол IX-X ғасырлардағы салерндік мектептің салауатты өмір сүруінің басты ережелерін негіздеп берді.

Қазақстанда Х.Қ.Сәтпаев, Л.З.Тель, А.А.Ақанов, Т.К.Мұстафина, Ш.Ж.Жанәділов, А.Әділханов, Н.Иманғалиев сияқты ғалымдар салауаттануды дамытуды жалғастыруда. Олар салауатты өмір салтын ұстануға, организмді шынықтыруға, дене жаттығуларына, гигиена ережелерін сақтауға және түрлі аурулардың алдын - алуға үлкен мән береді.

Сау кезімде теңдесі жоқ табиғат сыйы денсаулықтың бағасы мен қадірін білмейтініміз өкінішті-ақ. Табиғаттың бірлігін, жаратылыстың жасампаздығын, тіршілік заңын тану-жоғарғы сана. Сондықтан жерден - нәр, ауадан- дауа, судан- күш іздейміз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]