Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2-сем практ 1-7 апта.doc
Скачиваний:
22
Добавлен:
13.02.2016
Размер:
146.94 Кб
Скачать

Ә.Қайдаров – түркітанушы-ғалым

І. Мәтінді мағыналық бөліктерге бөліңіз. Әрбір бөліктегі негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді табыңыз.

ІІ. Мәтінге сұрақты жоспар құрыңыз.

ІІІ. Мәтінді қазақша қысқаша мазмұндаңыз.

Қайдар Әбдуәли Туғанбайұлы 1924 жылы 13 желтоқсанда Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданындағы Талдыбұлақ ауылында қызметкер отбасында дүниеге келген. Қазақ және ұйғыр тіл білімдерінің көрнекті маманы, белгілі түркітанушы, Қазақстан Республикасы ұлттық ғылым академиясының академигі (1983), Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1982), Шоқан Уәлиханов атындағы І дәрежелі сыйлықтың иегері (1971), Түркияның «Dil Kurumu» лингвистикалық қоғамының құрметті (академик) мүшесі (1989), Башқұртстан ұлттық ғылым академиясының құрметті академигі (1991), Халықаралық Қазақ тілі қоғамының құрметті президенті (2004), ҚР БҒМ А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, Ұлы Отан соғысының ардагері, филология ғылымдарының докторы, профессор Қайдар Әбдуәли Туғанбайұлы өзінің саналы ғұмырының кейінгі жарты ғасырынан астам уақытын тіл білімі саласында үзбей қызмет етіп келеді.

Академик Ә.Қайдардың ғылыми шығармашылығының өзекті бір саласын оның мемлекеттік тіл пробемасына, тіл заңына, тіл экологиясына байланысты көптеген көкейтесті мәселелері құрайды

Ғалым еліміздің рухани-мәдени, саяси-әлеуметтік, қоғамдық өміріне де белсене араласты.

Академик Ә.Қайдар тіл білімі бойынша ғылыми кадрлар дайындауға да ерекше көңіл бөліп келе жатқан ғалым. Оның ғылыми жетекшілігімен филология ғылымдары бойынша қорғаған 15 доктор мен 70 кандидат Қазақстанның түкпір-түкпірінде, сондай-ақ одан тыс мемлекеттерде (Москвада, Уфада, Абаканда, Нүкісте, Ташкентте, Нальчикте, Кемеровада, Бішкекте, МХР, ҚХР т.б.) жемісті еңбек етіп жүргені белгілі.

Қазақстан Республикасы ұлттық ғылым академиясының академигі, профессор Ә.Т.Қайдардың ғылыми-педагогтік қызметі, ғылымды дамытудағы, ғылым кадрларын даярлаудағы еңбектері үкімет тарапынан жоғары бағаланып, «Халық достығы» ордені, «Отан» ордені, «Құрмет нышаны» (Түркия ордені) «Ана тілінің айбары» алтын белгісімен және 12 медаль, көптеген құрмет грамоталарымен марапатталды.

3-апта

І. Мәтінді мәтінді мағыналық бөліктерге бөліңіз. Әрбір бөліктегі негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді табыңыз.

ІІ. Мәтінге сұрақты жоспар құрыңыз.

ІІІ. Мәтінді аудрып, қысқаша мазмұндаңыз.

Қазақстандағы білім беру жүйесі.

Қазақстан Республикасында оқу жүйесі қалыптастырылған заң негізінде жүзеге асырылады. Білім берудің алғашқы баспалдағы жеті жастан басталып, бала бастауыш мектепке барады. Арнайы мектепке барудан бұрын бала мектепке дейінгі тәрбие мен білімнің алғашқы әліппесін балабақшадан алады. Бастауыш мектеп бірінші – төртінші сыныптар аралығын қамтиды. Орта білім 5-сыныптан басталады. Яғни 5-сыныптан бастап балалар әдебиет, тарих, жаратылыстану, жағрафия, химия, физика сияқты жаңа пәндерді оқиды. Мемлекеттік емтиханды оқушылар тоғызыншы және он бірінші сыныптарда тапсырады. Кейбір оқушылар өз қалауынша 9-сыныптан кейін кәсіптік-техникалық лйцейлкрде оқуын жалғастыра алады. Қазақстанда мемлекеттік негізгі типтік мектептен басқа орта типтік мектептер де бар. Сонымен қатар жеке бір пәнді, мысалы, шет тілін, физиканы, математиканы т.б. пәндерді әрі тереңдетіп, әрі жеделдетіп оқытатын арнаулы орта мектептер де бар.

Қазіргі уақытта заман талабына сай мамандандырылған музыкалық, балет, көркемсурет, спорт мектептері де бар. Мұндай мектептерде аса дарынды балалардың болашағына жол ашады.

Орта білім алу біздің мемлекетімізде тегін және міндетті. Елімізде жаңа типті орта мектептер – гимназия, колледж, лицейлер де көп. Бірақ олардағы білім алу жүйесі ақылы.

Қазақстанда жоғары білім беру жүйесі де кең ауқымды. Жоғары білім беру жүйесінің аясында институт, жоғары білім беру мектептері, университет және академиялар жұмыс істейді. Бұл оқу орындарына түсу үшін талапкер арнайы міндетті сынақтан (тестіден) өтуі керек. Білім министрлігі бөлген арнайы гранттар мен кредиттерді конкурс (байқау) бойынша сынақтан ең жоғарғы балл жинаған талапкерлер иемденеді. Олар жоғарғы оқу орнында тегін оқиды. Басқа жағдайларда талапкер оқуы – ақылы. Жоғары оқу жүйесі бүгінгі таңда батыс елінің жоғары білім беру үлгісімен оқытады. Бұл үлгі бойынша студент төрт жыл оқып бакалавр, қосымша екі жыл оқып магистр дәрежесін алады.

І. Төмендегі сөздерді қатыстырып, мақсатты және болжалды келер шақта сөйлем құрастырыңыз: оқу жүйесі, бастауыш мектеп, мектепке дейінгі тәрбие, әліппе, балабақша, мемлекеттік емтихан, сынып, тереңдетіп оқыту, аса дарынды балалар, талапкер, жеделдетіп оқыту.

ІІ. Мәтіндегі ауыспалы осы шақта тұрған етістіктерді тауып, болымсызға айналдырыңыз.

ІІІ. Берілген мақалдарды талдаңыз, жаттап алыңыз.

  1. Білімнен асар байлық жоқ.

  2. Білекті бірді жығар, Білімді мыңды жығар.

  3. Ұсталардан зат қалар, Оқығаннан хат қалар.

  4. Сиынар пірің көп болғанша, Алған білімің көп болсын.

ҚР-СЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]