Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2-сем практ 1-7 апта.doc
Скачиваний:
22
Добавлен:
13.02.2016
Размер:
146.94 Кб
Скачать

1. Мәтінді мәнерлеп оқыңыз.

2. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Денсаулықты сақтау жөніндегі көптеген мәліметтер бізге қалай жеткен?

2. Адам денсаулығы неге тәуелді болады екен ?

3. Салауаттанудың даму тарихы қандай ?

3. Курстасыңызбен денсаулықты сақтау жөніндегі ілімнің даму тарихы жайлы сұхбаттасыңыз.

ІІІ. Мәтінмен жұмыс

Нашақорлық - бұл есірткі заттарды (гашиш, марихуана, героин және басқа) қолдану салдарынан пайда болатын ауру. Нашақорлық, яғни наркомания ежелгі гректің “нарко” деген сөзінен шыққан, ол “қозғалыссыздық”, ал “мания” “ессіздік” деген мағынаны білдіреді. Есірткі заттарға апиын (опий), кокаин және басқалар жатады. Апиынға құмарлық- адамзат тарихындағы ең ежелгісі. Неғұрлым көп тарағаны кенеп шөп немесе қара сора (конопля), гашиш, анаша, марихуана препараттарын қолдану.

Есірткіге қарсы күрес XX ғасырдың басында халықаралық сипат алып, арнайы құжаттармен бекітілді. 1946 жылдан бақылау Біріккен Ұлттар   Ұйымының құзырына көшті.

Нашақорлыққа көбінесе жасөспірімдер шалдығады, алайда осы кезенде ересектер арасында да ескірткіге әуестенетіндер көбейіп келеді.

Опиатты есірткілерді (морфин, героин, кодеин, метадон) және басқалары ең алдымен ине шаншу арқылы колданады. Сондықтан оларды қолдану кезінде ең қауіпті аурулар — СПИД, сифилис жөне гепатит жұқтыру мүмкіндігі күрт жоғарылайды. Нашақорлардың көбісі осы үш аурумен ауырады.

Есірткі бизнесі қоғамның жас буынын қыршыннан қияды. Есірткіге үйір болған адамның ол дерттен арылуы өте қиынға түседі.

Нашаны пайдалану кезінде жасанды сезім бой көтереді. Ар-ұят, намыс секілді құндылықтардан айырылады. Ол үшін бәрі де сұлу, әдемі сияқты болып көрінеді. Ал шындығында ол адамның жүйке, тыныс алу, жүрек-қантамыр жүйесіне, ішкі секрет бездеріне, мінез-құлқына, жалпы ағзасына үлкен әсер етеді.

Есірткіге үйрену бірнеше күннің ішінде болады Есірткі адамды психикалық, физикалық тұрғыда құл етеді. Нашақор оның бір мысқалы үшін кез-келген қылмысқа баруға әзір.

Есірткіні немесе ессіздендіретін дәрілік препараттарды дәрігердің рұқсатынсыз қолдану заң бойынша қылмыс деп танылған. Нашаға жататын өсімдіктерді өсіру, тарату, сату да - қылмыс. Нашақорлық – адамды өлімге айдайтын қысқа жол.

  1. Мәтін мазмұнымен танысыңыз, сөздікті пайдаланыңыз.

  2. Мәтінге ат қойыңыз.

  3. Мәтін мазмұны бойынша досыңызбен сұхбаттасыңыз.

  4. Сұрақтарға жауап беріңіз.

«Нашақорлық» сөзінің мағынасы қандай?

Нашақорлыққа кімдер шалдығады?

Есірткіге құмарлықтың себебі неде деп ойлайсыз?

Бүгінгі жастарды нашақорлықтан сақтандырудың қандай жолдары бар?

1.8 Қазақ тіліне аударыңыз, сын есімнің шырайларын үлгі бойынша жазыңыз..

Үлгі: короткий – қысқа, қысқа+лау, тым қысқа

Теплый, желтый, зеленый, грязный, ровный, красный, холодный, горячий, открытый, длинный, веселый, белый, сильный, большой, узкий, широкий, маленький, низкий, высокий, короткий, вкусный, красивый, хороший, тонкий, толстый, черный, мягкий, дорогой, дешевый, сладкий, далекий, близкий, быстрый, медленный.

1.9 Мына сөйлемдегі жақшаның ішіндегі сөздерді аударып, салыстырмалы, күшейтпелі шырай түрінде қолданыңыз.

Менің тақырыбым сенікінен (сложный). Асқардың әкесі (очень умный). Сенің досың (не терпеливый) екен. Мына сағат (дорогой). (Слишком короткий) көйлек кимеші! Нанның (мягкий) кесегін әперші!

1.10 Келесі сұрақтарға сын есімнің салыстырмалы, күшейтпелі шырай түріндегі жауаптарды беріңіз:

- Сіз бос уақытыңызда спортпен айналысасыз ба? (аз)

- Бұл спорттың түрі сізге ауыр емес пе? ( ауыр)

- Бүгінгі ауа-райы қандай? (жылы)

- Қандай түсті спорттық кәстөм киесіз? (қызыл)

- Балалар спортпен айналысса, денсаулықтары қалай болады? (мықты)

- Қыста тауға қандай қар жауып қалады? (ақ)

- Суға шомылғаннан кейін қандай сезімде боласыз? (сергек)

3.5 Бекіту жаттығулары.

3.5.1 Өзгелік етіс тұлғасында тұрған сөздерді мәтіннен теріп жазыңыз.

Кеше бізде қазақ тілі сабағы болды. Оқытушымыз өте білімді адам. Ол бізді қазақша сөйлетеді. Кеше бізді жаңа тақырыппен таныстырды. Бұл – «Денсаулық – зор байлық» атты тақырып. Оқытушы тақырып бойынша жаңа сөздерді үйретті, сөздердің мағынасын түсіндірді. Сабақта бізге көп жұмыс істетті: мәтінді оқытты, мәтінге сұрақтар қойғызды, сұрақтарға жауап бергізді, жаттығуларды орындатты. Сергейге мәтінді қазақша оқытып, орыс тіліне аудартты. Машаға тақтаға сөйлемдерді жазғызып, синтаксистік талдау жасатты. жаңа тақырып бойынша біз көп мәлімет алдық.

Оқытушымыз дыбыстарды, сөздерді, сөйлемдерді дұрыс айтуымызға көп көңіл бөледі. Кеше қателерімізді өзімізге тапқызып, түзетті, сөздерді, сөйлемдерді қайтадан айтқызды. Сабақтың аяғында үй тапсырмасын берді. Сабағымызды әдеттегідей өте қызықты өткізді.

3.5.2 Келесі сөйлемдерді аударыңыздар.

1. Книга сдана в библиотеку. 2. Статья «Молдежь против наркотиков» была написана вовремя. 3. Мы с ним увиделись на конференции. Мы долго разговаривали. 5. Мы помогли родителям. 6. Гости попросили меня сыграть на домбре. 7. Попроси написать реферат на тему «Здоровый образ жизни». 8. Ты заставил меня ждать три часа.

2.6 Мәтінді оқыңыз, аударыңыз, сұрақтар дайындап, сол бойынша өзара пікірлесіңіздер.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]