Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
BiznesZhosparBalalarFutbolKlubynAshu.docx
Скачиваний:
33
Добавлен:
13.02.2016
Размер:
575.9 Кб
Скачать

5. Техникалық жоспарлау

5.1 Техникалық процесс

Футболда техника дегенді спортшының доппен жұмыс істеуін және дұрыс қимылдауы деп түсінеді. Доппен жұмыс істеу техникасы жас футболшыларды одан әрі оқыту тұғырнамасы болып табылады. Егер баланың мектептегі оқумен салыстырсақ доппен жұмыс істеу де қалыпты жазу және оқу үшін қажетті әліпбиді зерделеумен бірдей болады.

Футболшылар ең алдымен ойынды құрайтын жекелеген әдістер мен олардың үндестігін үйренулері қажет. Осы футбол «әліпбиін» игеру онымен айналысушының жеке ынтасында және өзін қалыптастыруда маңызды рөл атқаратыны белгілі.

Жаңа футбол клубында дайындалу схемасы мынадай. Жаттығуда (бастауыш топтар) топтың бір бөлігі алғашқы 30 минутта дене үйлесімін жаттықтырумен, қалған уақытта - техникалық әдістерді жетілдірумен айналысады. Жаттығудың екінші жартысында олар жаттығулардың орнын ауыстырады. Ересектер тобының да схемасы осындай. Олар 30 минут қақпаға доп салумен, басқалары - ойын жағдайларын қалыптастырумен айналысады. Екінші 30 минутта олар орын ауыстыруда. Әрбір жаттығу 1 сағатқа есептелген. Қатысушылардың бәрі жастары бойынша топқа бөленген – 7 жасқа дейін, 8-11 жастағылар, және 12-14 жастағылар. Әрбір жаттығу кезінде балалар төрт түрлі жаттығу топтарын жасайды:

1) қимылды дамыту;

2) техникалық әдістерді пысықтау;

3) қақпаға доп салу;

4) ойын жағдайларын қалыптастыру.

Барлық апталық циклда әрбір жас тобы әр жаттығу түрлерін бірнеше рет жасайды. Әрбір топпен бір жаттықтырушы және оның көмекшісі жұмыс істейді. Негізінен бұлар бұрынғы спортшылар. .

5.2 Ғимараттар мен құрылыстар

Клуб мектептің жалға алынған спорт залында орналасады. Сондай-ақ балалар футбол алаңдары да жалға алынады. Кәсіпорынның жоспарында офис сатып алу қарастырылған..

5.3 Жабдық және инвентарь (техника)

Жобаны іске асыру нәтижесінде жалпы құны 262 мың теңге тұратын спорт құралын шығаратын әлемдік өндіруші болып табылатын Nike компаниясының 30 жаттығу футбол добы сатып алынады. Бағасы sport.wikimart.ru сайтының деректері негізінде алынды.

5.4 Коммуникациялық инфрақұрылым

Жобада қажетті коммуникациялық, атап айтқанда электр-, жылу- және сумен жабдықтау инфрақұрылымдары бар орын-жайды жалдау қарастырылған.

6. Ұйымдастыру, басқару және құрам

Кәсіпорынға директор жалпы басшылық жасайды.

Кәсіпорынның ұйымдастыру құрылымы төменде көрсетілген түрлерден тұрады (3-сурет).

3-сурет – Ұйымдастыру құрылымы

Құрамды басқарудың келтірілген құрылымын жүйелікке жатқызуға болады. Ол директордың кәсіпорын жұмысын жедел басқаруына және жағдайдан хабардар болуына мүмкіндік береді

7. Жобаны іске асыру

7.1 Іске асыру жоспары

Осы жобаны іске асыру 2012 жылғы қаңтардан 2012 жылғы сәуірге дейінгі кезеңді қамтиды деп болжануда.

6-кесте – Жобаны іске асырудың күнтізбелік жоспары

І с-шралар/ай

2 012

1

2

3

4

Маркетингтік зерттеу жүргізу және ТЭН әзірлеу

 

 

 

 

Қаржыландыру мәселесін шешу

 

 

 

 

Кредит алу

 

 

 

 

Автоға алдын ала ақы төлеу

 

 

 

 

Автоны жеткізу

 

 

 

 

Құрамды іздестіру

 

 

 

 

Келісім шарттар жасасу

 

 

 

 

Жұмысты бастау

 

 

 

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]