Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мухамеджанова Марал фольклор.docx
Скачиваний:
81
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
73.27 Кб
Скачать

Ұзатқан қыздың қоштасуы

Базардан келген кеселер,

Шай самаурын еселер.

«Қызым- қызым» деуші едің,

Қош, аман бол, шешелер!

Алтыннан барды білегім,

Осылай ма еді тілегім.

Қиямет –қайым болғанда,

Қосылар ма еді сүйегім.

Базардан келген белдемше,

Көруші едім өзгеше,

Қайын сіңлім деуші едің,

Қош, аман бол жеңеше!

Базардан келген орамал,

Шай қорғасын оралар.

Күліп – ойнап жүріскен,

Қош, аман бол, ағалар!

Теріс бата (қарғыс) – ел жұртты шулатып, бейуаз халықты жылатқан, ата жолынан тайып, салт-дәстүрді бұзған бұзақы, сатқын, қанішерлер, ата-анасына тіл және қол тигізген азғын, ата баба аруағын қорлап, отанын сатқан опасыздарға алақанды теріс қаратып тұрып айтылатын лағынет, қарғыс:

Құдай сені қор қылсын,

Дұшпаныңды зор қылсын!

Жетейін дегенде жер қылсын,

Еңбегіңді сор қылсын,

Басқан жеріңді шөл қылсын,

Көз жасыңды көл қылсын.

«Алғыс», «Амандасу», «Көрісу», «Аңсау» үлгілері жоқ, яғни өлең түрінде кездеспейді деуге болады, бірақ қара сөз түрінде көптеп кездеседі. Мысалы қарғысты мен Бағила апайдың аузынан естіп, жазып алдым. «Жолың болмасын», «Бақытты болма», «Ісің оңға баспай қалсын», «Тұқымың құрығыр» тағы сол сияқты көптеген қарғыстар бар. Қарғыстан сақ болғанымыз жөн. «Бәдік», «Арбау», «Жалбарыну», «Бақсы сарыны», «Дуалау», «Бал ашу», «Түс жору», «Ұшықтау», «Үшкіру», «Аластау» жын шақыруға қатысты өлеңдер сақталынбаған. Ал бақсылыққа келетін болсақ, біздің елде Құтыкенова Күләй апай бақсылықпен айналысқан. Ол кісі жын шайтанды біздің ауылдан алыс жерлерге қамшысымен қуған деген әңгіме бар екенін, маған Бопыл апа айтқан болатын.

Атқа мінгізу салты

Баланы тұңғыш атқа мінгізу – қазақ тәлім-тәрбиесіндегі мән-мағынасы терең, тәрбиелік қуаты күшті салттарының бірі. Баланы атқа мінгізуден бұрын әр отбасы алдын ала балаларына ашамай, кішкене ер-тұрман әзірлеп, мінетін тай-құнандарын жуасытып, баласы өз тізгінін өзі алып жүретіндей болғанда, сәтті бір күні ел-жұрт, бауыр туыстарын шақырып «ашамай тойын»жасап атқа міңгізеді. Бұл салт жайлы менің әжем Мухамеджанова Тыныштық айтып берді.

Тартып міндің ат жалын,

Сәтті болсын шапқаның.

Тәтті болсын татқаның,

Дүбірлетіп далаңды

Бақ- дәулеттің тат бәрін.

Түс жору- қазақ халқының ертеден келе жатқан әдет- ғұрыптарының бірі. Түс жору – адамдарды рухани тазалық және тән тазалығына дағдыландырып, оларды болашаққа деген сенімге, үміткерлікке баулиды. Жекекөл ауылында бұл әдет – ғұрып сақталған екен. Ол жайлы маған Жиенмурзина Шолпан апай айтып берді. Ол кісі түс жори алады. Апайдың айтуы бойынша түсті қамтыған түрлі сырлы мәселелерді шешуге және оның сырын ашуға құлшындырып, адамдарды тапқырлыққа, жасампаздыққа, ізденгіштікке жетелейді. Ел ішінде жануарлар туралы ертегілер, аңыздар соның ішінде біздің ауылдың тарихы сақталынған екен. Ол аңызды мен Майлыбаев Өмірзақ ағадан естідім. Сол кезде маған ата ауылдың барлық қырлары мен сырлары жайлы айтып өтті. Сегіз серінің де «Әйкен- ай» атты өлеңін айтып берді. Кейін бұл ән халық әні болып айтылып жүріпті. Атаның айтуы бойынша бұл ұзақ оқиға екен. Бұл әннің бірнеше нұсқасы бар. Соның бірі – мынау:

Әйкен-ай

  1. Құранды ерді көріп, атқа салдым,

Әйкенжан деп атыңды хатқа салдым.

Аулыңа әдейілеп келген шақта

Қалайша бері жүрмей, тұрып қалдың?

Қайырмасы:

Әйкен – ай!

Кел, ойнайық, кел, кел- ай.

  1. Есімде түскенінде шаш өргенің

Алыста көңілімді сан бөлгенім.

Көп айдың көрмегелі жүзі болды

Жүрмісің, аман-есен көз көргенім?

Қайырмасы:

  1. Домбыраңды, Әйкен қыз, қолыңа алшы,

Біз келгенше сызылтып әнге салшы.

«Сал- серілер келді!» - деп,шат көңілмен

Қалқатай, аттан бізді түсіріп алшы.

Қайырмасы:

  1. Қолаң шашың жібектей тарағанда

Ой түсірдің жігітке қарағанда.

Жерден алтын тапқандай қуанамын

Әткеншекте тербеліп ойнағанда.

Қайырмасы:

Осы өңірде эпостық жырдың көне түрі жоқ. Бұрын болғанмен де халық жадында сақталмаған, ұмытылып кеткен. Біздің өңірде бұрын қолданған, және қазір де қолданып келе жатқан музыкалық аспаптың түрі киелі – домбыра. Ауылда күйші болмаған, ал Сегіз серінің төртінші ұрпағы Биғожин Қаратай атай Қожаберген жырау туралы маған айтып берді. Қожаберген жыраудың атақты, халыққа белгілі күйлері: «Күлдірмамай», «Дабыл», «Аңырақай», «Бозайғыр», «Сұлама» сияқты күйлері белгілі. Осы күйлердің баршасын Қожаберген жырау өзі шығарған. Әрине, ол кісінің күйлері өмірмен, халықпен тығыз байланысты. Ауылда мақал-мәтел, нақыл сөздерді шебер қолданатын, шешен сөйлейтін қарттар жетерлік. Менің әжемнің айтуы бойынша ауылда көбіне үлкендер, орта жастағы ауыл тұрғындары болсын әр түрлі тақырыпта мынадай мақалдарды айтады екен:

Жанұя, туыстық қатынастар туралы.

  1. Тәрбие – тәлімнен.

  2. Өнегелі отаудың қрісі кең.

  3. Келіні тәләмнен.

  4. Келіні жақсының керегесі алтын.

  5. Сүйіктің жоқта дүние суық.

  6. Баталы сөз – балаға азық.

  7. Көсеуің ұзын болса- қолың күймес.

  8. Өз өлтірмес, жат жарылқамас.

  9. Қара наннан қалаш жақсы,

Жаман ағайыннан алаш жақсы.

  1. Ағайынның ұрысы – торқаның жыртысы.

  2. Түбі бірге түтпейді.

Адалдық , адамгершілік, достық, ізгілік, ынтымақ туралы.

  1. Адалдық – ардың ісі.

  2. Адалдық жүрген жерде, адамдық жүреді.

  3. Асылдың бірі – адалдық.

  4. Дос, досқа зиянкер емес,

Зиянкер болса, дос емес.

  1. Дос басқа қарар,

Дұшпан аяққа қарар.

  1. Дос сыртыңнан мақтар,

Дұшпан көзіңе мақтар.

  1. Дос сүйгеннің түсіне қарама.

  2. Қырық атан ұстама,

Қырық тамыр ұста.

  1. Дос айырған боқ жейді.

  2. Дос көтерер көңілді,

Мал көтерер өлімді.

Салт дәстүр, әдет ғұрып туралы

  1. Қолыңмен істегенді,

Мойныңмен көтер.

2. Жігіттің бар жұрты нағашысы

3. Ас иесімен тәтті

4. Ел елдің заңы басқа,

Иті қара қасқа.

5.Жаңылмас жақ болмас,

Сүрінбес тұяқ болмас .

Ел халық туралы.

  1. Көп ел- сарқылмас көл.

  2. Көптен қоян қашып құтылмас.

  3. Ісі барда, елің бар.

  4. Елің панаң,

Жерің анаң.

  1. Ел қариясы- ел қазынасы.

  2. Ерден аспақ бар,

Елден аспақ жоқ.

  1. Құралай бастаған киік оңбайды,

Көш басшысы жоқ ел оңбайды.

  1. Елді сөкпе, кенді төкпе.

  2. Елде түлкі аштан өлмес.

  3. Ел аралаған – сыншы,

Тоғай аралаған – үйші.

  1. Көшкен елдің көмегі болса, еру елдің еңбегі бар.

Бұл, әрине, бұрыннан ата-бабаларымыз қолданып келе жатқан мақалдардың кішкене бөлігі. Ал жұмбаққа келетін болсақ, жұмбақтың түр-түрін маған Абдилдина Мәриям апайайтып берді.

Жұмбақтар

  1. Апан-апан ескі шапан,

Иір қобыз , жарық жұлдыз.

(Түйе)

  1. Шым – шытыр, шидай қотыр.

(Керегенің көгі)

  1. Тұла бойы тысқары,

Екі қолы ішкері.

(Белбеу)

  1. Төрт қарны бар,

Бір аузы бар.

(Үй)

  1. Бауыздасаң қан орнына су ағар

(Қауын)

  1. Әкесі баласын көтеріп,

Баласы бөркін көтеріп тұр.

(Кереге, уық, шаңырақ)

  1. Асты пішақ, үсті істік,

Өзіне лайықтап киім пішкен

Секіріп-секіріп түскен.

(Ешкі)

  1. Жамаулары болса да білінбейді,

Жансызға оңдай нәрсе ілінбейді.

(Ала тай)

  1. Жаралған бұл дүниеде екі қақпақ,

Мезгілімен ашылып, жаңа жаппақ.

Болғанда бірі қара, екіншісі –

Күмістей жарқыраған сүттен де аппақ. (Күн, түн)

  1. Ауылдан ерте тұрып, кетер сыртқа,

Көп жанға жалғыз нәрсе болды тұтқа.

Сол жерден аз жұмысын бітіріп ап

Қайтады қуанышпен бір уақытта.

(Жaйылған қой, қозы)

  1. Топырақ желді мініп, желді айдады,

Болғанда түске жақын көлге айдады.

Тамшыны жерден тамған керек қылып,

Топырақ өз-өзінен айқайлайды.

(Жел – жылқы, тамшы - қымыз)

  1. Жамандық қып, шапқылап жарсаң басын,

Жақсылық қып аямас сенен асын.

Күні-түні сонда да тепкілейсің,

Айтпайсың оған тәуір жарылқасын.

(Жер)

  1. Қырдан қырайман көрдім,

Судан сүлейман көрдім,

Қайырылып тұрған таз көрдім,

Тұзсыз піскен ас көрдім. (Дермен, балық, қауын)

  1. Кішкене ұлым бар,

Кірген шыққан сүйеді.

(Кесе)