Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мухамеджанова Марал фольклор.docx
Скачиваний:
81
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
73.27 Кб
Скачать

Асау көк

Бұл ойынды әртүрлі бас қосуларда үлкен-кіші, кәрі жас түгел ойнай береді. Мұнда алдымен бір жуан арқанды жерден 40-50 сантиметрдей биіктікте жалаң керіп, әрбір ойнаушы 50-60 сантиметрдей ұзындықтағы бір таяқты алып, керген арқанның үстіне малдасын құрып отырып, қолындағы таяғымен біраз жер тіреп орнығып алғанша тұрады да, онан соң:

  • Әне, кетті асау көк,

Міне кетті асау көк.

Үйретпесек болмайды,

Жылқымызда асау көп,-

деп өзі малдас құрып отырған арқанның астынан қолындағы таяғын оңнан-солға, солдан-оңға қарай алма-кезек өткізіп отырады. Соңында, арқанның астынан таяқты жығылмай отырып кім көп өткізіп алса, сол жеңімпаз болады. Ал алғашында жығылып қалғандар ән айтып, би белеп өнер көрсетіп береді. Бұл ойын балаларды қауіп- қатерден тайсалмайтын батыл да батыр азамат болып есеюге баулып, айла – тәсілдерін молайтып, бәсекелік қуаттарын арттырады. Өмірге деген құштарлығы мен үміткерлік сезімдерін оятып, зейін- зерделерін ашады.

Сырық – сырық

Бұл ойынды көбінде естияр өрендер мен бозбалалар бас қосқанда ойнайды. Ойын алдында арбаның үстіне адамды емін-еркін көтеретіндей бір мықты сырық орнатады, онан соң, арбаны бір атқа жегіп, оны бір адам майданды айналдыра, тоқтаусыз қуалап айдап отырады (кейде оны ойыншы өзі атқарады). Міне, осы ойыншы сырыққа өрмелеп шығып шыр көбелек айналып, төбесімен шаншылып зырлап бара жатқан арбаның үстіндегі сырықта сан алуан ойын көрсетіп, небір қиын, күрделі әрекеттер жасап, көрермендерін таңғалдырып, таңдай қақтырады. Міне, бұл ертеде «Сырық-сырық» немесе «Сырық ойыны» деп аталған. Бұл ойын адамды жүректілікке, ерлікке, қайсарлыққа баулып, шеберлігін арттырады. Денелерін шыңдап, шынықтырып, көңіл-күйлерін көтеріп, рухтарын тасқындатады. Ауылдың көпті көрген қарияларының бірі Ибрагимов Марат атай маған мына төмендегі аңыз-әңгімені айтып берген болатын.

«... Жаман болса басқа салар бәлесі бар»

Ел ақсақалдары жиналып отырған алқалы топта талқыға түскен сөздің ыңғайына қарай бір кісі:

  • «Қазақта ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар, баласы бардың панасы бар», - деген бар емес пе? Сонда бұрынғылар осыны білмей айтқан ба?- деп, «кім не дер екен?» дегендей айнала көз тастапты.

Сонда Шортанбай:

  • Дұрыс айтасың, бабаларымыз еш нәрсені де бұра айтпаған, бірақ өзіміз тура мағынасында түсінбейміз. Әйтпесе ол былай айтылар еді:

Ағасы бардың жағасы бар;

Жақсы болса жағасы бар,

Жаман болса кейінгі інісіне табасы бар.

Інісі бардың тынысы бар;

Жақсы болса тынысы бар,

Жаман болса төтенше жұмысы бар.

Баласы бардың панасы бар;

Жақсы болса панасы бар

Жанам болса басқа салар пәлесі бар – деген екен.

Бөкен қарттың сөзі

Дүниеге жарасады күн мен ай.

Бұл заман тұра бермес бұрынғыдай,

Мысалы дүниені мен айтайын.

Теңеледі бір заманда жарлы мен бай.

Өзгеріп одан кейін заман болар.

Жолына шариғаттың күмән болар,

Қызығы кәрі-жастан ұят кетіп,

Тәртіпсіз ары жойылып, тәмам болар

Үлгісіз ата-ана болар.

Еркекті әйел билеп дана болар.

Бірде асып-сасып көкігендер.

Таусылып құлазыған дала болар.

Күншілер көрінгенге қуғын салып,

Ақыры күнәсызға жала болар.

Үлгілі, өнегелі салтты құрып,

Қаптаған айналасы қала болар.

Сары жайлау, Сары арқалы жер тартылып,

Өрісі жоқ жырық-жырық дала болар

Сары қымыз сапырулы қолдан кетіп,

Сарғайған ішетұғын шайы болар.

Ұлы арсыз, қызы ұятсыз болып өсіп.

Бала емес, бәле баққан жайы болар.

Ақыр заман адамы көп білем деп ғалым болар.

Надандығы халыққа мәлім болып,

Шариғат пен кадисте жұмысы жоқ.

Құранды қате оқып, күнә болар.

Оқыған ғұламалар таусылған соң,

Ақыры сол наданды молда қылар.

Әр ұлттың өзіне тән ерекшелігі бар. Қандай халықтың болмасын, салт-дәстүрлері сол халықтың мінез-құлқын, қасиеттерін таныта алады. Мысалы қазақтарға тән бауырмалдық, ақжарқындық, қонақжайлық. Жалпы салт-дәстүрдің ұрпақ тәрбиесіндегі мәні зор деп білемін. Осы фольклорлық жұмысты орындағаныма қатты қуанамын. Қарап отырсам ауылда болып жатқан көптеген өзгерістерді білмейді екенмін. Осы жұмыс арқылы өз білімімді толықтырып, ауылымды қыр-сырынан таныдым. Халық ауыз әдебиетінің осыншама үлгілерінің менің ауылымда сақталғанына қатты қуанамын. Маған қол ұшын беріп, бар білгендерін айтқан ауылдың қарт адамдарына алғысым шексіз. Ауыл қарттарының барлық кіші балаларды жинап алып, оларға бұрынғы заманның аңыз-әңгімелерін айтып жүргенінің өзі үлкен жетістік. Өз немерелеріне осындай жырларды айту, қазақ салтының жойылып кетпеуіне үлкен үлесін тигізеді. Бұл жастарға үлкен өнеге ретінде көріну керек. Демек, қазақтың салтын әрі қарай дамыту – қазіргі жастардың мойнына ілінген үлкен парыз.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

М. ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СЕВЕРО-КАЗАХСТАНСКИЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ

УНИВЕРСИТЕТ ИМ. М. КОЗЫБАЕВА

Тіл және Әдебиет Институты

(факультет)

Қазақ филологиясы

(кафедра)

ЕСЕП

Фольклорлық практика бойынша

мамандық қазақ тілі мен әдебиеті 050117(5В011700) шифр

Мұхамеджанова Марал Назарқызы

(студенттің аты-жөні)

Құлыбекова Жанар Сейілбекқызы

(практика түрі бойынша жетекші)

03.06.2013 - 08.06.2013

(практиканың мерзімі)

Петропавл қ.

2013 ж.

ЕСЕП

Мен Мұхамеджанова Марал Назарқызы фольклорлық практиканы 03.06.2013 - 08.06.2013 ж. аралығында Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданының Жекекөл ауылында өткіздім. Мен практика өту кезінде қазақ халқымыздың ауыз әдебиеті түрлерінің көптеген үлгілерін жинастырдым. Біздің өлкемізде халық ауыз әдебиетінің бірнеше көне, сонымен бірге жаңа нұсқалары да қолданылуда.

Ауылымызда тұрмыс салт жырлары, салттан тыс фольклор, шағын жанр түрлері т.б. кездеседі. Осы үлгідегі біршама жаңа мәліметтер мен мағлұматтарды, мен көбінесе ауылдағы жасы үлкен қариялармен жасы келген ауыл тұрғындарынан сұрастырып, жинадым. Біздің ауылда осы жанр түрлерінен көбінесе, беташар, жар – жар, тойбастар үлгілері, сонымен бірге ертегі, аңыз- әңгіме, мақал –мәтел, жұмбақ жасыру, жаңылтпаш айту дәстүрлері сақталып, молынан орын алуда.

Шыны керек, мен туып өскен ауыл – жандары өлең мен әнге, күйге жақын. Менің ойымша, халық ауыз әдебиеті түрлерін ұмытпай, осылай әрі қарай да дамытып, зерттеп, оны жинастыра білсек, халқымыздың мол қазынасы одан әрі қарайда толықтырылып, жанданар еді.

Фольклорлық практиканың қорытындысы

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Студент М.Н.Мұхамеджанованың жұмысы

/аты-жөнi/

______________бағаланады.

/бағасы/

Кафедра меңгерушiсi ____________

/қолы/

Жетекшiсi ____________

/қолы/

Күні_________2013 ж.