Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дебиторлық берешектің есебі ж о с п а р.doc
Скачиваний:
19
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
191.49 Кб
Скачать

1.2 Дебиторлық берешекті беру-сату

Дебиторлық берешекті беру-сату мәміле жасау кезінде тараптардың қарым-қатынасы туындайтын міндеттемелерді орындауға бағытталған. Қызмет көрсету, тауарлар сату кезінде тараптардың бірі – дер кезінде ақы төленеді деп ойлайды. Егер мәміле бойынша ақы алдын – ала төленген болса, одан әрі қиындық туындамайды. Егер сатып алушы көзделген мерзімде есеп айырыспай, соның себебінен сатушыда дебиторлық борыш сомасының туындауына әкеп соқтырса, қиындықтар туындайды. Одан кейін сатушының сатып алушыдан борышты акцептсіз өндіріп алуы мүмкін болмайды, өйткені өзара есеп айырысудың негізгі нысаны акцепттік тәртіппен, яғни сатып алушының келісімі бойынша көзделген.

Дебиторлық берешектің ауқымына байланысты кәсіпорында айналымнан қаржыларды оқшауландыру, ақшалай қаражат айналымдылығы мерзімдерінің баяулауы және дебиторлық борышты қайтару мерзімінің ұзақтығы пайда болады.

Тауар запастарымен салыстырғанда дебиторлық берешек – бұл ақшалай қаражаттың (ақы төлеу) келіп түсуі жолындағы бір қадам алға басу. Алайда «Қысқа қадам» сияқты болып көрінетін осы соңғы қадам көбінесе бола бермейді. Іс жүзінде пайда болған дебиторлық берешектен кейін 90 күн өткеннен соң сатушы күдіктенеді де, белгілі бір іс-қимылдар жасай бастайды, бірақ олар әрдайым ойдағыдай аяқтала бермейді.

Берешектің нақтылығын және дебитордың бар екендігін растау жөніндегі іс- қимылдың бірі есепті күнге салыстырып тексеру актісін жасау болып табылады, бірақ бұл әрекет ақшалай қаражатты қайтаруға кепіл бола алмайды. Міндеттемелерді орындамау жағдайларының жиілеп кетуіне байланысты «Векселдік айналым туралы» ҚР заңдарында міндеттемедегі талаптан қайту ретіндегі шарт нысаны – цессия көзделген. Анағұрлым кең тараған нысан факторингілік компанияның дебиторлық берешегін сату болып табылады.

Факторингілік компаниябұл белгілі бір сыйақыға кәсіпорынның дебиторлық берешекті сатып алатын, содан кейін тікелей тауар (жұмыстар, қызметтер) сатып алушылардың борыштарды жинайтын қаржы компаниялары немесе банктер. Факторинг кезіндегі негізгі рәсімдерді сызба түрінде беруге болады:

Сатып алушы- компания

тауар, қызмет

Сатушы-

компания

несие шартын

сұрайды

Несие шартындағы факторингілік компания

төлем жасайды

алдын-ала қолма қол

ақша төлейді

1–сызба

Факторинг кезіндегі негізгі рәсімдердің сызбасы

Яғни факторинг – бұл төлемнің көп бөлігін, берешектің толық өтелу кепілдігін дереу алу, шоттарды жүргізу жөніндегі шығындарды кеміту мақсатымен тауар сатушы тауар мәмілелері бойынша қысқа мерзімді талаптарды қайта табыстайтын қаржыландыру жүйесі.

Әлбетте, өз қызметтеріне факторингілік компаниялар несие мен комиссия үшін проценттер өндіріп алады. Бұл орайда дебиторлық борыш кері талап қою құқығымен не кері талап қою құқығынсыз сатылуы мүмкін.

Кері талап қою (регресс) – бұл мынадай жағдайда дебиторлық берешекті жинау жөнінде құқық беретін тұлғадан төлемдерді алуға арналған дебиторлық берешекті жинау жөніндегі құқық ауысатын тұлғаның құқығы (факторингілік компанияның құқығы):

  1. Дебиторлар берешекті белгіленген уақытта өтемесе;

  2. Мерзімінен бұрын төлесе;

  3. Аударылған дебиторлық берешектің қолайсыз болуы салдарынан туындаған түзетулер енгізсе.

Витулаева Т. «Дебиторлық борышты беру-сату»

Бухгалтер бюллетені – 2001 – №46 – 9 -11 бетке дейін. 9 – бет.

Тұлғаларды өзгерту үшін ҚР Азаматтық кодексінің 339-бабының міндеттемесінде кредитордың құқықтарын басқа тұлғаға ауыстырудың негіздері мен тәртібі көзделген. Кредитордың құқықтарын басқа тұлғаға ауыстыру үшін, егер заң актілері мен шартта өзгеше көзделмесе, қарызгердің келісімі талап етілмейді. Кредитор құқықтарының басқа тұлғаға ауысуы туралы ережелер кері қойылатын талаптарға қолданылмайды.

Дебиторлық борышты кері талап қою құқығынсыз сатқан кезде сатып алушы ақшалай қаражатты жинау жөніндегі тәуекелді өз мойнына алады және қарыз бойынша кез-келген зиянды қабылдайды. Бұл жағдайда алуға шоттар беру – бұл нысаны бойынша да, мазмұны бойынша да дебиторлық берешекті түпкілікті сату.

Дебиторлық берешекті үшінші тарапқа қолма-қол ақшаға айырбастау арқылы беру әдістері:

Қамтамасыз етілген алыс-беріс

дебиторлық берешекті сату

кері талап қою құқығынсыз

нысаны бойынша

меншік құқығын беру

2–сызба

Дебиторлық берешекті үшінші тарапқа қолма-қол ақшаға айырбастау арқылы беру әдістері

Кері талап қою құқығымен дебиторлық берешекті сатқан кезде:

● дебитор берешекті өтемеген жағдайда, сатушы сатып алушыға ақы төлеуге кепілдік береді;

● тараптардың әрқайсысы осы операция кезінде операция жасалғаннан кейін өзі бақылайтын активтер мен міндеттемелерді мойындайды және немесе өтелмеген активтер мен міндеттемелерді бұдан әрі мойындамайды;

Витулаева Т. «Дебиторлық борышты беру-сату»

Бухгалтер бюллетені – 2001 – №46 – 9 -11 бетке дейін. 10 – бет.

● таза түсімдер айқындалады – бұл, пайда болған міндеттемелерді қоспағанда, сату нәтижесінде алынған ақшалай қаражаттар немесе басқа активтер;

● нәтижесінде сатудан болған зиян анықталады.

Сатушыда дебиторлақ берешек сомасын сатуға қатысты тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу-сату жөніндегі операцияларды жасау кезінде есепте қолданылатын есептеу әдісі сатуды түсіну және сату ретінде толық көлемінде қолданылмайды, ол ақшалай қаражаттың қозғалысымен шектеледі. Ең жақсы дегенде сатушы толық соманың қайтарылуына үміттенеді, бірақ дебиторлық берешекті сатуда әр түрлі себептер мен мақсаттарға тап болады:

● ақшалай қаражаттың жеткіліксіздігі;

● меншік құқығын қорғау;

● несиеге қол жеткізе алмау;

● заңды несиелік шектеулер;

● қарызды қамсыздандыру.

Сатып алушыда дебиторлық берешекті сатып алу болашақта аударылған қаржыларды, сондай-ақ сатып алған кездегі айырманы қайтарып алуға үміттеніп, ақшаның жылыстауын білдіреді. Бірақ сатып алу кезінде активтердің пайда болуына әкеп тіремейді және дебиторлық берешекті талап ету құқығын тану ақшалай қаражаттың нақты жылысу сомасымен жүргізіледі.