Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дебиторлық берешектің есебі ж о с п а р.doc
Скачиваний:
19
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
191.49 Кб
Скачать

Қорытынды

Қорыта келгенде дебиторлық берешек тақырыбы мен үшін өте қызықты. Бұл тақырып қазіргі нарықтық экономика кезінде өте керекті болып табылады. Қарыз алушы кәсіпорындар мен ұйымдар тауарлар мен қызметтерді тікелей қолма-қол ақшаға емес, қарызға алады. Сондай кезде әрбір кәсіпорын мен ұйым дебиторлың берешек шотын ашады. Ондағы бөлімдерді аша алмауы мүмкін. Бірақ та кішігірім кәсіпорындар осы бөлімдегі күдікті қарыздар бойынша резервтер, еншілес серіктестіктердің дебиторлық борышы шоттарын ашпайды. Себебі қор құру үшін кәсіпорында қор құруға пайдадан ақша бөліну керек. Егер кәсіпорынның пайдасы өте үлкен болмаса, онда ол кәсіпорынның бухгалтерлік есебінде көп есептер болмайды. Және де үлкен кәсіпорындар мен ұйымдардың ғана серіктестіктері болады. Ал егер серіктестіктері болса онда ол міндетті түрде осы бөлімшені ашады. Жалпы бұл тақырыпты үлкен дамыған фирма немесе кәсіпорынның нысанында ғана қарастыруға болады.

Біздің елімізде жүргізіліп отырған бухгалтерлік есеп жұмысы толығымен халықаралық қаржылық есеп беру талаптарына сай орындалады. Міне осыларды ескере отырып бұрын есепші деп саналып келген бухгалтер маманы кәсіпорынның қаржылық жағдайын анықтап, бағалап, есептеп отырумен қатар кәсіпорынның алдағы уақыттағы экономикалық әл-ауқатын дамыту жолдарын жоспарлай білуі қажет. Кез келген кәсіпорынның бухгалтерінің мойнына үлкен жауапкершілік ілінеді. Жалпы бухгалтер, бухгалтерлік еаептің теориясын және практикасын үйлестіріп тиянақты жұмыс істеуі керек. Бухгалтерлік есептің барлық қағидаларын естен шығармағаны жөн. Сондықтан да кез келген елдің бухгалтер мамандарын барынша білімді етіп даярлау, сол елдегі ұйымдардың экономикалық жағынан толық дамуына кепілдік береді.

Жалпы бухгалтерлік есеп өте қызықты да, өте қиын пән. Мұнда кішкентай қателіктің өзі артынан үлкен қайшылықтарға апарып соғады. Бухгалтер кәсіпорынның пайдасын, шығынын қарастырып, бағалап, талдай отыра кәсіпорын немесе фирманың болашағына болжамдар жасап, соларды бастықпен және де басқа жұмыскерлермен келісе отырып іске асырады. Бұл өте жауапты іс, себебі егер бухгалтер дұрыс болжамдар жасамаса ол кәсіпорынға үлкен жағымсыз жағдайлар туғызып, тіпті кейде кәсіпорынның банкротқа ұшырап жабылуына апарады.

Мен, курстық жұмысымда осы бухгалтерлік есептің бір бөлімі дебиторлық борыш тақырыбын қарастырдым. Бұл өте қызықты тақырып, бұл тақырыпты толығымен талдап қарастыру үшін үлкен кәсіпорынды алу керек. Осы кәсіпорында бөлімнің барлық шоттары болса тіпті толық талдауға мүмкіндік болар еді. Мен өзімнің болашақ диссертациялық жұмысымды осы тақырыпта жазып, толық ашып қарастырғым келеді. Сонда толық қарастырып жазамын.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Қаржы есебі: Оқу құралы. / Жалпы редакциясын басқарған.

Талмағанбетов Т.А. – Алматы: Дәуір, 1998,– 480 бет.

Омаров А.Ш., Әлімбекова Б.А., Рабатов О.Ж., Байболтаева Н.Ә.

217 – 236 беттер қолданылды.

  1. Радостовец Р.К., Радостовец В.В., Ғабдулин Т.Ғ., Шмидт О.И.

Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп: өңделіп және толықтырылып 3-ші рет басылуы. – Алматы : Қазақстан аудит орталығы, 2002, – 656 бет.

246 – 277 беттер қолданылды.

  1. Қаржылық есеп: Оқу құралы. / Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З.Н., Құдайбергенов Н.А., Жантаева А.Ә. – Алматы: Экономика,

2001, – 330 бет. 108 – 129 беттер қолданылды.

4. Витулаева Т. «Дебиторлық борышты беру-сату». Бухгалтер бюллетені –

2001 – № 46 – 9 -11 бетке дейін.

5. «Бухгалтерлік есеп туралы Заң» № 329-ІІ, 24.06.2002 жыл.

11.06.2004 жылы ҚР Президентінің .№ 562- ІІ Жарлығымен

«Бухгалтерлік есеп туралы Заңына» өзгертулер мен қосымшалар

енгізілді.

6. Хегай И.В. «Күмәнді борыш бойынша резерв есебі». Бухгалтер бюллетені

– 1998 – № 41 – 10 -12 бетке дейін.

7. «Вексель операцияларының бухгалтерлік есебі». Бухгалтер бюллетені –

2001 – №22 мамыр – 3 -7 бетке дейін.

8. Назаров В.Л. Бухгалтерский учет хозяйствующих субъектов: Учебник /

Под ред. Н.К. Мамырова – Изд. 2-е, перераб. и доп. - Алматы:

Экономика, 2004. – 308 с. 83-91 стр.

9. Кондраков Н.П. Бухгалтерский учет и финансовый анализ для

менеджеров: Учеб.пособие – М.: Дело 2003. – 304 с.

10. Нидлз Б. и др. Принципы бухгалтерского учета / Б. Нидлз, Х.Андерсон,

Д.Колдуэлл: пер. С англ. / Под ред. Я.В.Соколова, - 2-е изд., стереотип.

- М.: Финансы и статистика, 2002 – 496 с. 137-156 стр.

11. Радостовец В.К., Радостовец В.В., Шмидт О.И. Бухгалтерский учет на

предприятии: Изд. 3-е, доп. И перераб. – Алматы: Центразит. – Казахстан,

2002, 277-305 стр.

25