Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЗЖ Жалпы физика.doc
Скачиваний:
203
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
3.76 Mб
Скачать

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті

Жалпы физика курсы бойынша зертханалық жұмыстар Астана 2014

Л.Н: Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетiнiң жалпы және теориялық физика кафедрасының 28.08.2014 жылғы отырысында қаралып мақұлданған

Дайындағандар: Алтеев Ж., Азимханова А.М.,Сагидуллаева Ж.М.,Балабеков Қ.Н.

Жалпы физика курсы бойынша зертханалық жұмыстар. Оқу-әдістемелік құралы. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті. Астана, 2014. – 67 бет.

Оқу-әдістемелік құралында бағдарламаға сәйкес жалпы физика курсынан 14 зертханалық жұмыстың әдістемелік нұсқаулары қазақ тілінде берілген. Нұсқауларда жұмыстың теориясынан қысқаша мәлімет, қондырғылардағы жұмыстың орындалу тәртібі, есептеу формулалары, жұмысты тапсыруға арналған сұрақтар тізімі келтірілген. Оқу-әдістемелік құралы жоғары оқу орындарының жаратылыстану және техникалық бағытындағы студенттеріне арналған.

Мазмұны

1.Пәннің жалпы сипаттамасы……..................………….......................................................5

2. Өлшеу қателіктері……............………...……………………………………….................5

3. № 1 Зертханалық жұмыс. Заттардың тығыздығын анықтау……….….........................12

4. № 2 Зертханалық жұмыс. Баллистикалық маятник көмегімен оқтың ұшу

жылдамдығын анықтау…………………………………………………..............................15

5. № 3 Зертханалық жұмыс. Обербек маятнигінің көмегімен қатты дене айналмалы қозғалыс динамикасының негізгі заңын зерттеу………………….....................................18

6. № 4 Зертханалық жұмыс. Маховиктік дөңгелек.............................................................21

7. № 5 Зертханалық жұмыс. Маятниктер тербелісі………….............................................23

8. № 6 Зертханалық жұмыс. Ауа молекуласының жылу өткізгіштік

коэффициентін анықтау………………...…………............................................................ 28

9. № 7 Зертханалық жұмыс. Қатты денені қыздыру және балқыту кезіндегі

энтропияның өзгеруін анықтау……………………………………………………….…....32

10. №8 Зертханалық жұмыс. Қатты дененің сызықтық ұлғаю

коэффициентін анықтау……………………………………………………….…................38

11. № 9 Зертханалық жұмыс. Резистивтік сымның кедергісін анықтау………..……....40

12. № 10 Зертханалық жұмыс. Жердің магнит өрісі индукция векторының

горизонталь құраушысын анықтау……………….………..................................................45

13. № 11 Зертханалық жұмыс.Микроскоп көмегімен шынының сыну

көрсеткішін анықтау….…………….…….............................................................................49

14. № 12 Зертханалық жұмыс. Жұқа линзаның фокус аралығын анықтау……………...55

15. № 13 Зертханалық жұмыс. Дифракциялық тордың көмегімен жарық

толқынының ұзындығын анықтау …………………….…..................................................59

16. № 14 Зертханалық жұмыс. Ішкі фотоэффектіні оқып үйрену..………………………64

17. Әдебиеттер……………...…………………………………………….…....................68 пәннің жалпы сипаттамасы

1.Пәнді меңгерудің мақсаты мен міндеттері.

Мақсаты:

1.Физикалық қондырғылардың көмегімен физикалық тәжірибелер жүргізудің және өлшеу нәтижелерін өңдеудің машықтығын қалыптастыру.

2.Алынған білімдерін жалпы кәсіби пәндерді, сонымен бірге оқыту бағытындағы арнайы пәндерді меңгеруге қолдану.

Міндеттері:

1.Физиканың әмбебап заңдарын білудің нәтижесінде физикалық құбылыстар мен процестерді зерттеу әдістерін қоюды және өткізуді үйрету.

2.Әр түрлі физикалық процестер мен құбылыстарды оқып үйренуде заманауи қондырғылар мен әр түрлі есептеуіш құралдарын қолдануды үйрету.

3.Тәжірибе нәтижелерін қарапайым математикалық есептеулермен бірге компьютерлік техниканың және автоматтандырылған жүйелерді қолдана отырып өңдеуді үйрету.