Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЗЖ Жалпы физика.doc
Скачиваний:
203
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
3.76 Mб
Скачать

2. Токты дәл анықтау бойынша техникалық әдіс арқылы актив кедергіні өлшеу.

Бұл схемада вольтметр тек , кедергідегі кернеуді ғана емес, оның амперметрдегі түсін де ескереді. Амперметрдің ішкі кедергісі және кедергі өзара тізбектей жалғанғандықтан, ток күші тізбектің барлық бөліктерінде бірдей, ал ток көзінің ЭҚК тізбектің бөліктеріндегі кернеулер түсуінің қосындысына тең болады.

2-сурет

Оның кедергілерді тізбектей жалғау заңын пайдалана отырып, былай деп жаза аламыз:

Берілген схема үшін вольтметр көрсетуін амперметр көрсетуіне бөліп, қорытқы кедергіні шығарып аламыз.

осыдан (3)

(2) формуланы пайдалана отырып резистивті сымның меншікті кедергісін анықтайтын мына формуланы шығарып аламыз:

(4)

3. Кернеуді дәл анықтау бойынша техникалық әдіспен актив кедергіні өлшеу.

Кедергіні 3 суреттегі схема бойынша өлшегенде, амперметр тек кедергідегі токты ғана емес, сонымен қатар вольтметр арқылы өтетін токты да өлшейді. Бұл жағдайда кедергісі мен вольтметрдің ішкі кедергісі өзара параллель жалғанған.

3-сурет

Өткізгіштерді параллель жалғағанда: кедергілердің , ұштарындағы кернеулер өзара тең, ал тарамдалуға дейінгі және тарамдалғаннан кейінгі ток токтар қосындысына тең.

Сондықтан, Ом заңы бойынша кедергілерді параллель жалғағанда, жалпы кедергі мынаған тең болады:

Тізбектің бір бөлігі үшін Ом заңын пайдаланып

бұдан

шығарып алуға болады. Осы әдіске байланысты меншікті кедергі:

4. Құралдың механикалық құрамы және жұмыс істеу принципі.

Құралдың жалпы көрінісі /өзі/ алдарыңда, оның табанында /1/ қозғалмалы реттеу тетігі бар, солардың көмегімен құралды тегіс етіп орналастыруға болады. Табанға метрлік шкаласы /3/ бар колонна /2/ бекітілген. Колоннада екі қозғалмайтын /4/ және бір қозғалмалы /5/ кронштейндер бекітілген, бесінші кронштейнді /қозғалмалы/ колонна бойында кез келген жерде бекітуге болады. Жоғарғы және төменгі кронштейндер арасында резистивті сым /6/ тартылған, ол винттер көмегімен кубиктерге /7/ бекітілген. Түйіспелі қысқыш арқылы қозғалмалы кронштейн де резистивті сыммен жақсы гальваникалық байланыс қамтамасыз етіледі. Қозғалмалы кронштейнде жасалған сызық /белгі/ метрлік шкаладан /3/ өлшенетін резистивті сымның ұзындығын анықтауды жеңілдетеді.

Төменгі, жоғарғы және орталық резистивті сымның жылжымалы контактілері құралдың орталық корпусында орналасқан оның өлшеуіш бөліктеріне төменгі кедергілер сымдар арқылы жеткізіліп, винттердің көмегімен табанға /1/ бекітілген.

5. Лабораториялық жұмыстың жұмыс істеу принципі.

Ток көзі - ток көзін қосқыш кнопканы /клавишті/ басқанда керекті кернеу қосылады, оны неон шамының жанғанынан байқауға болады.

W3-(MOSTEK) - жұмыс түрін аударып қосқыш:

Егер ауыстырып қосқыш клавиші шығарылып тұрса, құрал сыртқы тұрақты ток көпірімен қосылғаны.

Егер ауыстырып қосқыш клавиші батырылып тұрса, резистивті сымның актив кедергісі техникалық әдіспен өлшенеді.

W2- түсіндірілген схемаларды ауыстырып қосқыш:

Егер ол шығарылған болса онда ток дәл өлшенеді де, ал батырылған болса, кернеу дәл өлшенеді.

P1(REG, PRAДU)- токты өзгертетін потенциометр.

Z11, Z12, Z13 - () - сыртқы тұрақты ток көпірін қосудың лабораториялық қысқыштары.

Z17 - жерлестіру қысқышы /құралдың артында/.