Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЗЖ Жалпы физика.doc
Скачиваний:
203
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
3.76 Mб
Скачать

2. Жұмыстың орындалу тәртібі.

1. Тангенс-гальванометрдің орамдар жазықтығын Жердің магнит меридианы бойынша орындалу керек.

2. Контурды ток көзіне қосады. Контурдағы ток шамасын реостат R- дің көмегімен өзгерте отырып қажетті мәніне I1 жеткізеді және осыған сәйкес магнит стрелкасының бұрылу бұрышы φ1 жазып алады.

  1. 1-кесте

I, [мА]

φ1

φ2

tg

[мк·Тл]

1.

2.

3.

4.

5.

3. Контурдағы ток I1 бағытын кері бағытқа өзгерту арқылы магнит стрелкасының бұрылу бұрышы φ2 жазып алады. Осы екі бұрыштың φ1 және φ2 берілген ток мәні I1 үшін орта шамасы: алынады.

4. Ток күшінің бес түрлі мәні үшін тәжірибеде қайталанады. (6) формуланың көмегімен есептелінеді. Өлшеу нәтижелеріне матеметикалық өңдеу жасалынып, жұмыс нәтижесі 1 - ші кестеге толтырылады. n=400, r =13см. Соңғы нәтиже мына түрде жазылады:

3. Бақылау сұрақтары.

1. Магнит өрісінің жалпы қасиеттері. Магнит өрісінің индукциясы оның СИ бойынша өлшем бірліктері?

2. Био-Савар-Лаплас заңы. Шексіз ұзын түзу токтың магнит өрісінің индукция формуласын қорытып шығару?

3. Био-Савар-Лаплас заңын дөңгелек центірінде, дөңгелек өсіндегі токтың магнит өрісінің индукция формуласын қорытып шығару?

4. Жердің магнит өрісі?

5. Жұмыстың орындалу реті?

6. анықтау формуласын қорытып шығару?

11 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС

Микроскоптың көмегімен шынының сыну көрсеткішін анықтау

Жұмыс мақсаты: микроскоптың көмегімен шынының сыну көрсеткішін анықтау.

Құрал-жабдықтар: дөңгелек индикаторы бар микроскоп, микрометр, екі жақ бетінде де штихтары бар шыны пластинка.

Теориядан қысқаша мәлімет

Әртүрлі оптикалық құралдардың ішінде көзді қаруландыруға арналған құралдар кең қолданыс табуда. Мұндай құралдарға көзілдірік, лупа, дүрбі, микроскопты жатқызуға болады.

Заттарды визуалды бақылауға арналған оптикалық құралдардың маңызды сипаттамасы болып көрінетін ұлғайту саналады.

Көрінетін ұлғайту көру бұрыштары арқылы анықталады. Оптикалық оське перпендикуляр орналасқан затты немесе оның бейнесін көруге болатын бұрышты көру бұрышы деп атайды.

Оптикалық құралдың Г көрінетін ұлғайтуы деп затты құрал арқылы бақылағандағы көру бұрышының тангенсінің көзден ең жақсы көрінетінқашықтықта (лупа мен микроскоптың ұлғайтуын есептегенде; сур.1) немесе құрал арқылы қарағандағы қашықтықта (бақылағыш дүрбілер үшін) орналасатын затты қаруланбаған көз арқылы бақылағандағыкөру бұрышының тангенсіне қатынасын айтады.

Осылайша

. (1)

Ең алдымен лупа арқылы берілетін бұрыштық ұлғаюды анықтайық. Сәулелердің жолы 2-ші суретте көрсетілген.

Сурет 1

Сурет 2

У1

Lж.к.

АВ заты Ғ фокалдық жазықтықта орналассын. Заттың бір нүктесінен шығатын сәулелер(мысалы 1 және 2) лупадан кейін параллель жүреді. Заттың бейнесін көз торында алу үшін көз шексіздікке аккомодацияланады. Көздің аккомодациясы деп көзден әртүрлі қашықтықтарда орналасқан затты анық көруге бейімделуді айтады. Заттың фокус пен линза арасында да орналасуы мүмкін (А2В2); бұл жағдайда көз торындағы бейне көз аккомодациясы кезінде көзден көруге ең ыңғайлы қашықтықта Lж.к. орналасқан АВ жалған бейне болып келеді.

Онда келесіні аламыз:

(2) (3)

және бұрыштық ұлғаю

, (4)

яғни Г бұрыштық ұлғаю берілген жағдайда көлденең ұлғаюға тең.

Көз лупаның артқы фокусының жанында орналасқан, сондықтан . Бұл жағдайда:

; (5)

f – метрмен өлшегендегі фокустық арақашықтық, Lж.к.=0,25м.