Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дополнение к силлабусу.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
315.39 Кб
Скачать

21 Сабақ

Тыңдаңыз

– Атың кім? Кәсібің не?

– Есімім – Сүлейке. Кәсібім – бала оқыту. Әлемді шарлап жүріп, жиған-терген ілімімді шәкірттеріме беремін. Менің өмірімнің мәні – шәкірттерім десем, артық айтқаным емес.

– Сен сонда «мәнді өмір сүру» дегенді «білім беру» деп түсінесің бе?

– Хан ием, мәнді өмір сүру дегенді әр адам әртүрлі түсінеді. Жұрттың көпшілігі өмірдің мәні ақшада, байлықта деп ойлайды. Сол үшін жанталасады, дүние жинайды. Байлық құралған сайын, одан да бай бола түсуді ойлап, түн ұйқысы қашады, мінезі өзгереді. Енді бірі өмірдің мәні – атақ деп ойлап, тату-тәтті тұрып жатқан отбасын құрбандыққа шалып жібереді. Атын шығару үшін ештеңеден қашпайды. Бірақ атақтың өзі уақытша екенін білгенінде, бәрі де кеш болады. Билікке ұмтылатындар да сол сияқты. Билік те бүгін бар, ертең жоқ. Менің өмірден түсінгенім мынау – өмірдің мәні – жақсылық істеуде. Жақсылық жасай білген адам ғана алаңсыз, рахат өмір сүре алады. Олардың жүзі жарқын, ары таза болады. Жақсылықтың арқасында өмір мәнді және сәнді болады.

(Ә.Файзуллаұлы)

22- сабақ

Тыңдаңыз

Балам, биыл мектеп бітіресің, сондықтан сабақтан келген соң, бұрынғыдай үй шаруасына көмектеспей-ақ қой.

Неге олай дейсің, анашым?

Мен үшін сенің мектеп бітіру кезінде емтихандарыңды сәтті тапсырғаның маңызды болып тұр. Үй шаруасына өзім де үлгеріп жүрмін.

Жарайды, анашым, мен алдағы дүйсенбіден бастап қосымша сабаққа қатыссам ба деп отырмын. Бізді ұстаздарымыз тест тапсыруға дайындайды. Қосымша сабақ аптасына бес рет болады.

Ұстаздарыңның айтқандарын есте сақтап қалуға тырыс, балам. Емтиханыңды сәтті тапсырсаң, өзің қалаған мамандыққа қиналмай түсесің.

23- сабақ

Тыңдаңыз:

– Мағрипа апай, сіз еліміз тәуелсіздік алған алғашқы жылдардың өзінде Германияда жұмыс істеп келіпсіз. Ол қалай болып еді?

–1993 жылы Германия мемлекеті Гете институтының шет елдерде неміс тілінен сабақ беретін мұғалімдеріне арналған оқу грантын жеңіп алып, сонда жұмыс істедім. «Қарқара-93» атты халықаралық көрмеде тұңғыш рет елбасымен кездестім. Бұл көрме Алматыда өтіп, оған жүздеген ел өздерінің ең жаңа өнімдерін әкелді. Істеріне жауапты, тәртіпті, жаңашыл елдің жобасында менің құжаттарым сақталып қалған екен. Халықаралық көрме алдында Германиядан телефон соғып, маған Алматыда өтетін көрмеде аудармашы болуыма ұсыныс жасады. Мен келісімімді бердім. Германия елінен келген алдыңғы қатарлы бизнес өкілдері үшін немісше, орысша және қазақша таза сөйлейтін адам болғанын қалаған олар маған өз өнімдері туралы деректер беріп, дайындалуды тапсырды.

Көрме ашылған күні елбасы Германия елінен келген қонақтардың өнімдерін асықпай аралап көрді. Мен қазақшадан немісшеге, немісшеден орысшаға аударма жасап, қызмет еттім.

– Сіздің отбасылық суреттеріңіздің арасындағы елбасымен түскен суретіңіз сол көрмеден қалған естелік болды ғой, шамасы?

– Иә, неміс елінен келген іскер адамдар мен бизнес өкілдері Нұрсұлтан Назарбаевтың неміс елі павильондарын аралап, сөйлескендеріне риза болып, көптеген суреттерге түсірді. Сол кездің бір дана суретін мен отбасылық фотоальбомда сақтап келемін. Аудармашылық қызметім арқылы екі елдің арасында елші секілді болғанымды ойласам, жүрегім қуанышқа толады.

24- сабақ

Тыңдаңыз:

- Бауыржан аға, қазіргі мектептегі мұғалімдер жайы, білім алушылардың тәрбесіндегі олардың рөлі жиі сөз болып жүр. Ұстаздық қызметтің маңызы қаншалықты деп ойлайсыз?

- Алаштың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынов «Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі де сондай болады» деген. Алаш демекші, азаттық үшін алысқан сол арыстарымыздың дені мұғалімдер еді. Бәрі де ұстаздықты ұлы міндет деп санады. Елдің санасын ағартуды көздеп, қажымай-талмай бала оқытты. Ұлы ұстаздардың қолынан ұлағатты шәкірттер тәлім алып шықты. Қазақтың атақты ақын-жазушыларының көпшілігі еңбек жолын ұстаздықтан бастады.

Математика пәнінің мұғалімдері калькуляторы жоқ заманда есепшот пен санағышты пайдаланып-ақ ғаламат математиктерді тәрбиелеп шығарды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері кез-келген оқушыға шығарманы шырайын шығарып жазуға үйретті. Мектеп көрген баланың бәрінің тілі түзу шықты. Шетінен тыныс белгілеріне жетік болды. Жастайынан өлең- жырларды жаттап өсті. Қай салада жұмыс істесе де, рухани өресі биік екенін көрсетті. Ыбырай Алтынсариннің «Дүниедегі ең қымбатты адам – халық мұғалімі, оқытушы – мектептің шешуші күші» деген тұжырымы сол кездегі нағыз өмірлік өлшемге сай болды.

Қазір ел нағыз мұғалімді сағынады. Мектепте ер мұғалімдер азайып кетті. Әлемді жаулаған интернет иірімінен баланы нағыз мұғалім ғана құтқара алады. Ол беделді болса, бүкіл шәкірт оның сөзіне имандай сенеді. Атақты педагог Василий Сухомлинский «Мұғалім мамандығы дегеніміз, бұл – адамтану» депті. Шәкіртіне жаны жақын, тіпті онымен сырласа алатын ұстаздардың мәртебесін көтеру керек.

- Ұл балалардың мұғалімдік мамандықты таңдай бермеуінің себебі неде?

- Менің ойымша, мектептердің көбінде әйел адамдар сабақ беретіндіктен, ұл балалар өздері еліктейтін, ұқсауға тырысатын ер жігіттерді көре алмайды. Олардың ойынша, мұғалімдік – әйел затына тән мамандық екен деген ой қалыптаса бастайды. Сабақ беретін ер-азаматтар көп болса дене шынықтыру, технология, ара-тұра математика пәндерін жүргізетіндер болып шығады. Балалар сондықтан да мұғалімдерге емес, өздері сүйіп тыңдайтын әншілерге, әртістерге еліктей бастады. Біздің қоғамда ұстаз еңбегі жоғары бағаланып жатса, одан біздің ұтарымыз анық, соны осы бастан қолға алуға тиіспіз.

25- сабақ

Мәтінді тыңдаңыз

Ұлыс – мекен, аймақ, әкімшілік мағынасын беретін көне түркі сөзі. Ұлыс бірнеше мағынада айтылады. 6 ғасырда Ұлыс мекен, қала мағынасында қолданылған. Ұлыстар аймаққа, хотанға бөлінді. Бұларды старшындар басқарды. Ал бірнеше Ұлыстың нояны тайшыға бағынды. Бұл халықтар отырықшы тіршілікке көшкенде де Ұлыстық әкімшілік сақталды. Орталык Азия халықтарында Ұлыс негізінен аймақ мағынасында қолданылды. Мысалы, ноғай ұлысы, он сан ноғай ұлысы. “Ұлыстың ұлы күні” дегенде Ұлыс “аймақтың, елдің” деген мағына берген, яғни сол елге тиесілі ең қасиетті мейрамды білдіреді.

Би–дәстүрлі қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік жүйесіндегі демократиялық биліктің иесі. Зерттеуші ғалымдардың, әсіресе, В.В. Бартольдтың пікірінше, “би” сөзі шамамен 14 – ғасырларда ежелгі түркі тіліндегі “бек” атауының бір нұсқасы ретінде пайда болып, басқарушы, ел билеуші мағынасын білдірген. Кейіннен бастапқы семантикалық-тілдік реңкінен ажырап, көбінесе, дау-жанжалды шешіп, кесімді төрелік айтушы, әділ үкім шығарушы адамды бейнелеу үшін қолданылған. 17 ғасырда өмір сүрген Махмұд ибн Уәлидің “Бахр әл-асрар фи манақиб әл-ахйар” атты еңбегінде “жоғарғы мәртебелі әмірлер мен елге сыйлы, пендеуи тірліктен азат адамдардың” барлығы би аталғанын жазады. Ал қазақ халқының дәстүрлі түсінігінде бұл атау төрт түрлі мағынада:ел билеушісі; сот, төреші; батагөй, шешен; бітістіруші дипломат яғни елші ретінде ұғынылған.

Билік– қазақ халқының дәстүрлі санасында “ел басқару”, “өкім ету” сөздерімен мәндес ұғымды білдіреді. Қазіргі құқықтану, саясаттану ілімдерінде де ол “өкімет” атауының синонимі ретінде қолданылып жүр. Мәселен, саясаттану ілімінде билік экономиялық, идеологиялық, ұйымдастырушылық-құқықтық тетіктер арқылы, сондай-ақ, беделдің, дәстүрдің, зорлықтың жәрдемімен адамдардың, әлеуметтік топтар мен жіктердің мінез-құлқына, іс-әрекетіне ықпал етуге қабілетті әлеуметтік қарым-қатынастардың пішімі.(Ғаламтордан)

26-сабақ

Қара жерге халық ие

Дәулетқали деген төре жер қорып елдің түйесін жайғызбаған соң, Тұрлан келіп:

- Түйені неге қайырасың? – дейді.

- Түйеңді қайырмай, мұнда сенің бақтырып қойған жерің бар ма еді? – дейді Дәулетқали.

- Атаңа нәлет, ақсүйек! Төренің елі деген елді қайдан көрдің, жерді қайдан көрдің? – деп жатып сабайды.

“Төре тұқымына тіл тигізіпті” деген хабар Орынбордағы. Әлен ханға жетеді. Хан қаһарланып, Тұрланды өлтірмек болып 300 кісімен Асаудың аулына келіп, Тұрланды шақыртып алдырады. Тұрлан келіп:

- Әлең, соқыр! Мені неге шақырдың? – дейді. Сонда хан қылышын қынабынан суырып алып, төрт сардар биіне қарап:

- Мынаның төресін беріңдер! – депті. Сардардың бәрі жаза кесуге Тұрланнан, “кешірім” деуге ханнан қорқып Айтуар шешенге қарапты. Сонда Айтуар шешен орнынан ұшып тұрып:

Ай, хан! Бұрынғыдан қалған сөз жоқ па еді, “қара қазаққа хан ие, қара жерге халық ие” деген қайда? Хандығыңды бер де жерді ал, хандығыңды қимасаң, қара жерде нең бар? – депті. Сонда халық қаһарынан қаймыққан хан:

- Бас тақсыр! Төреңе құлдық! – деп отыра кеткен екен. (Шешендік сөздер)

27-сабақ

ХАН ТАБЫЛАР, ҚАРАШЫ ТАБЫЛА БЕРМЕС

Төртқара Бәймен бидің заманында Жансүгір деген бай болыпты. Екеуі Темірастаудағы бір қопаға даулы болыпты. Сол кезде Арыстан деген правитель екен, соған айтыса барыпты. Жансүгір бай правительге параға тоғыз ақ нар беріпті, правитель пара берген байға төрелік бұйырып, жерді соған беруге билік істепті. Бәймен Жансүгірдің параға тоғыз ақ нар бергенін біліп қалып, правительге келіп былай депті: «Иә, төрем, сіз төрелікті аққа бермейді екенсіз, қараға береді екенсіз. Қараға да бермейді екенсіз, параға береді екенсіз. Мен ел жыйсам да Жансүгірдей мал жимаған екенмін, мал жыйсам да нар жимаған екенмін, нар жыйсам да ақ жыймаған екенмін. Жарайды, маған қайда барсам да сіздей хан табылар. Сізге бірақ мендей қарашы табыла қоймас, сізге жолдастыққа мал керек болса, оны көрерсіз, ер керек болса оны көрерсіз»,— депті де өкпелеп Қазалыға көшіп кетіпті.

Күндерден-күндер, жылдардан-жылдар өткенде правитель Бәймен бидің қадірі өтіп, бидің кеңесін сағынып, артынан әдейі атпен адам жіберіп, тартуға атпен шапан беріп, сәлем айтыпты. Есеншағалдың құмын алып бермек болып зорға шақыртып алыпты. Келгенсін правитель Бәйменге: «Биеке, ғафу ете гөр, қадірің өтті, кісіге мал серік емес, ел серік екен, елде қадіріңді білетін ер серік екен. Мен адасқан екенмін, нарға қызыққаным надандығым екен, арды ойламағаным ақмақтығым екен, малдан ел қымбат екен, елде ер қымбат екен, ерден ар қымбат екен»,— депті. (Шешендік сөздер).

28-сабақ.

Туған халқын жанындай жақсы көріп, табиғат молынан берген қабілет-дарынын, ақыл-білімін, күш-жігерін соған қызмет етуге арнаған қазақтың сайыпқыран перзенттерінің бірегейі Нәзір Төреқұлов еді.

Ол Ресей отаршылдығының Түркістан халықтарына қаншалықты қасірет алып келетіндігі туралы ойларын Ташкентте, Мәскеуде шығып тұратын басылымдарда жариялаған мақалалары мен биік мінберлерде жасаған баяндамаларында бүкпесіз айтқан. Патшалық Ресей Түркістанды шикізат өндіретін ел ретінде санап, оның мәдени өркендеуіне мүдделі болмағанын, қайта халықтың өсіп-өркендеуін тежеп, кедергі келтіріп отырғанын тұңғыш рет айтып, ашық әшкерелеген.

Н.Төреқұлов ХХ ғасыр басындағы ұлы өзгерістер кезеңінде тарих толқынымен сахнаға шыққан күрескер, мемлекет және қоғам қайраткері. 20-шы жылдары Т. Рысқұлов, С.Қожанов, М.Шоқай, М.Тынышпаев секілді ірі тұлғалар Ташкентте шоғырланғанын, Нәзір солардың қалауымен жас Түркістан Республикасының бірінші хатшысы болып сайланғанын ескерсек көп мәселеге көз жеткізуге болады.

Одан кейін де Түркістан Республикасы Орталық Атқару комитетінің, Оқу-ағарту халық комиссариятын басқарды. Партия тарихы институтын өз қолымен ұйымдастырып, оның органы “Түркістанның қызыл жылнамасы” журналын шығарды. Ташкентте тұңғыш қазақ жоғары оқу орныны ашты.

Н.Төреқұлов – қарымы үлкен қаламгер. Жастай жалындап өлең жазған ол аласапыран уақытта Торғайға барып “Қазақ мұңы” газетін шығарса, Ташкентте “Темірқазық” журналын ұйымдастырып шығарып тұрды. Бұл орайда оны жалынды публицист ретінде танимыз.

Н.Төреқұлов қазақ, өзбек, тәжік тілдерін “ана тілім” деп білген, татар, башқұрт, қырғыз, әзірбайжан тілдерінде оқыған, ағылшын тілін білген, аз уақытта араб тілін меңгерген полиглот ғалым.

1926 жылы Бакуде өткен түркологиялық конгрессте алфавит жайында баяндама жасайды. Онда латын әліпбиін қолдады. Қазақ, өзбек, тәжік тілдерінде оқулық жазды. Өмірінің соңында түркі тілдерін салыстыра морфологиялық зерттеу жүргізді. “Түрік халықтары кіндік баспасы” бас редакторы кезінде 12 тілде кітап ұйымдастырып, басып шығарып отырды.

Н.Төреқұлов–Қазақстандағы алғашқы баспагерлердің бірі. Ұлт республикасында баспа ісін ұйымдастырушы болған ол Мәскеуде 1922-28 жылдары “Күншығыс халықтары Орталық баспасында” бас редактор болып істеді. Түркі халықтары мақал–мәтелдерін, жұмбақтарын кітап етіп бастырыды. Қазақ–Бөкейханов. Жұмабаев, өзбек–Аблани, башқұрт Вилданов секілді түркі халықтары ардақтыларын шығармашылық іске тартты.

Қызыл империя саясатының бел ортасында жүріп, “Ислам және коммунизм” атты мақаласында ислам діні мешеу қараңғылықта қалдырады деген қағиданы өмірден тәжрибелер келтіре отырып теріске шығарды. Мұсылман халықтарының жағдайларын жақсарту мақсатында 1929 жылы бүкіл Түркістан Республикасының көлемінде демалыс күнін жұмаға ауыстыру, ораза, құрбан айт сынды мұсылман халықтарының мерекелерін демалыс деп жариялауы өз кеудесін оққа тосқанмен бірдей еді.

Өзінің қысқа өмірін Н.Төреқұлов толығымен ұлтына, оның болашағына арнады. Сол бір аласапыран заманда одақтық деңгейде басшылық қызмет атқарды. 1928 жылы небары 36 жасында ол Хиджаздағы (Сауд Арабиясы) КСРО-ның өкілетті уәкілі болып тағайындалды. Ол кезде мұндай жауапты қызметке жас адамның тағайындалуы дипломатиялық тәжірибеде өте сирек кездесетін. Араға екі жыл салып Н. Төреқұлов КСРО-дағы тұңғыш қазақ елшісі атанды. Әлемді тек мұнайымен ғана емес, рухани байлығымен аузына қаратқан Сауд Арабиясына КСРО-ның елшісі болу қарапайым қызметке тағайындалу емес еді. Өзінің білім дәрежесі, тәжірибесі, мұсылман елдері өркениетін жақсы білетіндігі жағынан Н.Төреқұлов өз замандастарынан оқ бойы озық тұрды. Ол алып империяның өкілі ретінде шетелде 8 жыл бойы қайраткерлік көрсетті.

Н.Төреқұловтың КСРО дипломатиясы мен саяси тарихындағы алар орны ерекше екендігіне қарамастан Кеңес одағының солақай саясатының нәтижесінде кеңестік жендеттердің қолынан мерт болды.

Ұлт рухын ұлықтаған халқымыздың асыл азаматын кейінгі ұрпақ жадында мәңгі сақтағаны абзал.

(Егемен Қазақстан 2007 ж. 14 сәуір.)