Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дополнение к силлабусу.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
315.39 Кб
Скачать

4 Сабақ

Тыңдаңыз

Шәкәрім 1858 жылы Семейге қарасты Шыңғыстауда дүниеге келеді. Қазақ халқының ұлы ақыны Абайдың үлкен ағасы Құдайберді осы Шәкәрімнің әкесі еді. Парасатты, мейірбан, кең пейіл Құдайбердіні Абай ерекше жақсы көрген, сыйлаған. Алайда Шәкәрім алты жасқа толғанда, әкесі қайтыс болады. Кішкентайынан ерекше зейінді, алғыр Шәкәрімді Абай өз қамқорлығына алады. Абайдың тағылымы Шәкәрімнің азамат болып қалыптасуына, ақын болып қанаттануына үлкен ықпал етеді.

Арнайы оқу орындарын бітірмесе де, Абайдың басшылығымен және өз бетінше іздену нәтижесінде Шәкәрім сол замандағы қазақ арасы ғана емес, бүкіл Түркістан өлкесіндегі ең ғұлама адамдардың бірі болып шығады. Түрік, араб, парсы тілдерімен қатар, орыс тілін де жетік біледі, классикалық шығыс поэзиясын, орыс және Еуропа әдебиетін терең түсініп оқиды. Бұлармен ғана шектелмей, философия мен дін тарихына қатысты еңбектерді де қадағалап отырады. Шәкәрімнің ақын ретінде араласпайтын, үн қоспайтын құбылысы жоқ. Ол халықты өнер-білімге, адал еңбекке, ғылымды меңгеруге шақырады. Ақынның ойынша, бақыт – күресте, адамның шын мақсаты – бас бостандығы, ел еркіндігі. Ақын:

Жасымнан жетік білдім түрік тілін

Сол тілге аударылған барлық білім.

Ерінбей еңбек еттім, еңбек жанды,

Жарқырап қараңғыдан туып күнім.

Адаспайсың, ақылды, арлыға ерсең,

Жолай көрме жылмайы сопы көрсең.

Тапқыр, адал, ақ ниет адамдардың

Алданбайсың, артынан ере берсең

- деп жырлайды.

Шәкірім Құдайбердіұлы артына інжу-маржан сөз өнерін қалдырған біртуар ақын.

5 Сабақ

Тыңдаңыз

Шіркін, туған жер, көркем табиғат! Сенің қадір-қасиетіңді бәріміз Мұқағалиша түсініп, Мұқағалиша сезіне алсақ қой...

Ақынның көзі не нәрсеге түспесін, одан тек сұлулық пен үйлесімділікті ғана көреді. Ақын үшін олардың бәрінде де жан бар. Кәдімгі ақыл-ой иесі адам сияқты қабылдайды. Мұқағали өлеңдерінде ауылға көктем келгенде, асқар ала таулардан асып, «мұз бөрікті аяз ата» кетіп бара жатады. Түн келгенде көк аспанды жамылып, Жер-Ана тәтті ұйқыға кетеді. Ақын оған «түн тыныш өтіп, аман-есен оянсын» дей отыра «Қайырлы түн» тілейді. Міне, таң да атты. Жомарт жері, өзендері, көлдері, орманы, биік таулары - бәрі де аман-сау. «Қайырлы таң!» дейді ақын қуанып.

Ақынға туған жердің құсы да қымбат. «Қарлығашым, келдің бе, қаршығадан саумысың» деп оның да тілеуін тілейді. Таудан аққан, ойлы жерден тесіп шыққан бұлақтар неге теңізге құймайды? Ақын көзімен қарасақ, олар «туған даласын шөл етуге қимайды» екен, «бар қуатын өзінің топырағына сыйлайды».

Мұқағали Мақатаев өзін табиғаттан, табиғатты өзінен бөлек деп санамайды. Ақын үшін бұл екеуі тең дәрежелі, егіз, бірінсіз бірінің күні жоқ. Егіздердің бірінің киімін бірі ауыстырып кие беретіні секілді, бұлардың да жандарын айырбастап, бірі адам, бірі қайың боп сөйлесетіні де сондықтан.

Жапырақ-жүрек жас қайың!

Жанымды айырбастайын.

Сен адам бола бастасаң,

Мен қайың бола бастайын.

Келісесің бе, жас қайың? – деп тілдесіп, сырласып алады да,

Өмірге өмір жалғасып,

Анамыз-Жерге жармасып,

Бірде адам, бірде қайың боп,

Сүрейік өмір алмасып, - деп адамзаттың мәңгілік арманынан хабар береді.

(Өтен Ахмет)