Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дополнение к силлабусу.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
315.39 Кб
Скачать

6 Сабақ

Тыңдаңыз.

Кітабымен жүрегіңді жылытқан жазушының бәрін де жақсы көресің. Бірақ солардың ішінде өз көңіліңе өте ұнап, өзгелерден ыстық боп танылғандары болады. Оны көрмесең де білесің, танымасаң да танитын сияқтанасың. Айта берсең ол сенің ең жақын адамың, тіпті туысың тәрізді болып тұрады. Алыстағы ағайыныңның анда-санда жазар сәлем хатын сағына күтетіңдей, жақсы көрер жазушының жаңа шығармасын аңсай тосасың. Оның не жазып жатқаны жөнінде газет бетінен екі-үш жол ғана хабар оқысаң, көңіліңе оның өзі де едәуір медеу боп қалады.

Ал енді ол кітап дүкенге келіп түскенде, сенің қуанышыңда шек болмайды. Баспахана бояуының исі аңқыған ол кітаптың сыртын үйіңе жеткенше әлденеше рет сипап та қоясың, тезірек отырып, оқуға асығасың. Ал оны оқи отырып, жаның рақаттанады, жүрегің оттай алаулайды... Өкпеңді толтыра терең-терең тыныс алып, ғашығымен кездескен жандай аса бір ләззатты ыстық күй кешесің... Сен ол кезде жазушының кім екенін мүлде ұмытасың. Сенің көз алдыңа сол кітаптағы оқиға ғана, соның кейіпкерлері ғана тұрады. Жақсы кейіпкер жаныңа қанат бітіріп, сені жақсылыққа, адалдыққа, әділдікке, адамгершілікке талпынтады. Сүйген асыңның бойға қан боп тарап, тіршілігіңе қуат берері тәрізді, сүйікті кітап кейіпкерлері де өмір бойы сенің жадыңда жүреді, жүрегіңе лүпіл, жаныңа жылу береді. Оқушы ретінде менің де жан-тәніммен жақсы көрер, өзгелерден ерекше бағалар кітаптарым бар. (Ә.Нұршайықов)

7 Сабақ

Тыңдаңыз:

Күн түс ауған соң, Біржан Құнанбайдың үлкен ауылынан аттанған еді. Кеше Әмір қонаққа шақырып кеткен. Бүгін бұл қонақтар сонда болмақ.

Біржанға дәл жүрер кезінде Ұлжан өз үйінен, өз алдынан дәм татқызып отырып, оң сапар тіледі. Сонымен қатар, Айғыз, Нұрғанымдарға әкелгізіп, тоғыз-тоғыз сый ұсынды. Біржанның өзіне өз қолынан үлкен күміс тайтұяқ сыйлады. Қасындағы бар жолдасына қоржын тола манат, мақпал сәлем-сауқат берілді.

– Ауылыма келіп, мұндағы үлкен аға, кіші ініні өнеріңе қарық қылып барасың. Қайда жүрсең, жолың болсын. Өнерің, қадірің ассын, шырағым. Біздің апа, жеңге боп саған ұсынған жол-жорамыз осы. Ырзалықпен аттан!.. – деді.

Бұл үйге Біржан үлкен алғыс айтып:

– Ұл-қызыңның игілігін көр, жақсы ана. Ауылыңда, еліңде көрген сый-құрметім қайда жүрсем де есте болар. Құдай ырза, мен ырза! – деп, Ұлжан, Айғыздардың қолдарын қос қолымен, кішілік құрметпен тұтып, қош айтысып шықты.

Абайдың сыйы – Біржанның өзіне тартқан сары жорға ат, сонан соңғы бар жолдасына жетектеткен және бірнеше жуан тұғыр екен.

Сондайлық қос-қосармен Біржандар Пұшантайға, Әмірдің қонағына жөнелгенде, Абай, Ербол, Әйгерім де бірге аттанды. Әйгерімді қалдырмай бірге ала кел деп Абайға көп тапсырған Үмітей мен Әмірдің тілегі бар-ды. Соны ескеріп, Абай Әйгерімнің тартынғанына, ұялғанына болмай ертіп алған. Осы топ сол күні кешке Құнанбайдың үлкен әйелі Күнкенің ауылында, Әмір тіккізген үйде болды.

Бұл соңғы түнде де ән мол айтылып еді. Бірақ еттен кейін таңға шейін созылған Біржан, Абай мәжілісі де ұзақ болды.

Жаз бойы Біржанды тыңдап, ән қадірін, әннің қасиетін азамат өнерінің бар зор биігі деп бағалаған Абай, күйден толқынған көңілінен естілмеген бір сыр жырын шығарған еді.

Құлақтан кіріп бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй!...-

деп басталатын өлеңін осы мәжілісте оқып берді. Біржан Абайды өз ішінен ойшыл, кемел жас көретін. Мынау өлең оның саналы ақын өнерін де шын өзгеше етіп танытты.

Жаз бойы Біржаннан Абай барлық орта жүз: Арғын, Найман, Керей, Уақтағы күйші, әншіні, ақын-ақылгөйді көп естіп, көп ұғынып еді.

(М.Әуезов. «Абай жолы»)